Жаңа тұрпатты мұғалім даярлау үрдісіне инновациялық мазмұн беру ерекшелігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа тұрпатты мұғалім даярлау үрдісіне инновациялық мазмұн беру

ерекшелігі

Қазақстан Республикасында кәсіби біліктілігі жоғары педагогикалық кадрлар даярлау саясаты білім беру жүйесін дамытудың басты мәселелерінің бірі болып табылады. Еліміздің халықаралық білім беру кеңістігіне толыққанды мүше болуын қамтамасыз ету үшін жас ұрпаққа сапалы білім беретін жаңа тұрпатты педагог даярлауды күн тәртібіне қоюды Елбасы Н. Ә. Назарбаев ерекше қадағалап отыр.

Елімізде жаңа тұрпатты мұғалім даярлау мәселесінің көтерілгеніне бірнеше уақыт өтсе де оның жүзеге асырылуында көптеген кедергілер кездесуде. Оның басты себебі жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың әдіснамалық (методологиялық) мазмұнының жетімсіздігінен болса, екінші себебі 12-жылдық білім беруге қабілетті мұғалімдерді даярлау қызметінің нормативті-әдістемелік құжаттармен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінен деп танылуды. Сол себепті болашақ педагог кадрларды дайындайтын педагогикалық жоғары оқу орындарында 12-жылдық білім беруге жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың білімдік мазмұнын әзірлеу, оған ғылыми-әдістемелік түрғыдан жетекшілік ететін ғылыми ұстанымдар мен практикалық шешімдер аса қажет.

Елімізде 12-жылдық білім беруге көшу 2015 жылдан басталатын болғандықтан, бүгіннен бастап сол мектептерде жұмыс атқаратын болашақ мұғалімдерді даярлауға тез жүмыла кіріскен жөн.

Осы түрғыдан Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 2004 жылдардан бері жаңа тұрпатты мұғалім даярлау ісінің біршама жолға қойылғанын және олардың негізінде даярланған ғылыми жұмыстардың нәтижесін педагогикалық қауымдастықтың талқысына ұсынуға болады деп есептейміз.

Жаңа тұрпатты мұғалім даярлау тұжырымдамасының (М. Н. Сарыбеков) талаптары бойынша кәсіби біліктілігі жоғары маманды құзырлы (компетентный) маман деп атау, яғни маманның кәсіби-білімдік біліктілігімен қатар тұлғалық сапасының жоғары деңгейді қамтамасыз етуі міндетті деп саналады. Сондықтан болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізіне қайта талдау жасаудың қажеттігі туындайды. Сондықтан біз, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының педагог-ғалымдарының Ресей педагогы В. А. Сластенин және қазақстандық педагог М. Н. Сарыбеков ұсынған болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісінің ерекшеліктерін талдау барысында төмендегідей мәселелерге басты назар аударудың қажеттігін көрсеттік.

Болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын қалыптастырудағы олардың өзін-өзі дамыту ұмтылыстарын төмендегідей мазмұнда қарастырылған: 1) Өзін-өзі тану мотивтері: тәжірибелік-зерттеу жүмыстарымен айналысуға талпыныс

өзінің педагогикалық еңбегінде жоғары нәтижеге жетуге мақсаттылығы; жоғары нәтижеге, табысқа жетудегі болашақ мұғалімнің өзіндік жауапкершілігінің артуы және т. б. ; 2) өз мүмкіндіктерін анықтау мотивтері: кәсіби іс-әрекеттің мақсатын түсінуге талпыныс; тәлімгерлердің, мектеп әкімшілігінің, инноватор мұғалімдердің пікіріне қүлақ асу; өзінің кәсіби-шығармашылық қызығушылық кеңістігін кеңейту, оны тереңдетуге ат салысу; инновациялық іс-әрекеттің артықшылығын мойындау; педагогикалық мамандықтың ашылмаған қыр-сырын меңгеруге қүлшыныс таныту; оқытудың тиімді инновациялық технологияларын меңгеруге талпыныс; тәжірибелік-зерттеушілік іс-әрекеттің ерекшіліктерін меңгеру және т. б. ; 3) инновациялық өзін-өзі басқару мотивтері: инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттарын анықтау басқару мәселелерін шешуге қатысты мәселелерді алдын-ала сезе алу қабілеттерін көре алуға талпыныс; тәжірибелік-зерттеу іс-әрекеттерін жоспарлай алу; инновациялық іс-әрекетке қатысты өзін-өзі бақылауға талпыныс; инновациялық іс-әрекетке өзіндік бақылаудың адекватты критерийлерін анықтау; өзінің іс-әрекетінің нәтижесін объективті бағалай алу; уақытты үтымды пайдаланудың тиімді жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру; жаңа ғасырдың ақпарат көздерін (Интернет, телекоммуникация желілері, т. б. ) шұғыл тиімді пайдалану; өзінің инновациялық қабілеттерін одан әрі дамыту, жаңа идеяларды табу, үсыну, жинау оны жүзеге асыруға ат салысу; инновациялық іс-әрекетке деген мақсаткершілікті арттыру, жүзеге асыруға үмтылу; өзінің еңбек жолын өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру инновациялық білім алуға бағыттау; 4) инновациялықты жүзеге асыру мотивтері: инновациялық іс-әрекеттегі ең басты, өзектісін назарда үстау; өзекті, көкейкесті, маңызды мәселелерді ажырата алу, оларды тиімді шешудің жолдарын анықтау; инновациялық іс-әрекеттің үлкен жетістіктеріне мақсатты түрде қол жеткізу; әрқашан кеңінен ойластырылған ұтымды жаңа шешім қабылдау; өзінің кәсіби біліктілігін үдайы жетілдіріп отыру; өзінің педагогикалық мәдениетін арттыру; шығармашылық іс-әрекетке инициатива таныту, басқа жағдайларға тәуелсіз, жеке, дара идеялар үсыну; өзінің ішкі сенімсіздіктерін жеңе алу шығармашылық бастаған ісін аяғына дейін жеткізу; тәжірибелік-зерттеу іс-әрекеттін жүргізу барысында жоғары оқу орны ғалымдарымен, инновациялық зерттеу орталықтары қызметкерлерімен тығыз байланыстар орнату; өзінің инновациялық іс-әрекетінің одан әрі зерттеушілік іс-әрекетке үласуына атсалысу; 5) өзін-өзі жетілдіру мотивтері: іс-әрекеттің тиімділігін педагогикалық үжымның, мектеп әкімшілігінің мойындауы қолдануы; инновациялық іс-әрекеттің нәтижелі болуына атсалысу, өзінің жіберген кемшіліктерін, сәтсіздіктерін талдау, оны жою жолдарын табу, кемшіліктерді болдырмау жолдарын іздестіру; инновациялық іс-әрекеттің қолжеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктерінің себебін ашу, тереңірек талдау, өзінің шығармашылық әлеуетін одан әрі жетілдіру; инновациялық іс-әрекетті нәтижелі жүзеге асыру үшін өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалану; инновациялық қабілеттерін одан әрі арттыру, өзінің әдіснамалық мәдениетін көтеру; өзінің педагогикалық шеберлігін шыңдау; оқытудың тиімді педагогикалық технологияларын меңгеру т. б.

Алайда, жоғарыда айтылған ғылыми тұжырымдар негізінде мұғалімнің кәсіби даярлығын қалыптастыру қызметінің мазмұнын анықтағанда В. А. Сластенин ұсынған нобайда (модельде) мұғалімді даярлау үдерісінің деңгейлік кезеңдері есепке алынбағаны айқындалды. Аталған нобай мазмұнында педагогикалық қызметтің когнитивті, аксиологиялық, әрекеттік және рефлексиялық компоненттері (құраушылары) арасындағы байланысты қамтамасыз етудің маңыздылығы назардан тыс қалып қояды. Ресей педагогтары Н. В. Кузьмина, Н. М. Борытко, Б. Т. Лихачев, М. В. Буланова-Топорковалар кәсіби педагогикалық қызметтің даярлық компоненттерін негізге ала отырып, мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуын анықтауға мүмкіндік беретін құрылым мен оның мазмұндық және бағалау көрсеткіштерін (критерийлерін) деңгейлер бойынша дайындауды айтқанымен оның нақты мазмүнын бере алмаған[1] .

М. Н. Сарыбековтың нобайында жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың құзырлылық қатынасын негізге ала отырып, мұғалімнің кәсіби қызметке даярлығын талдау нәтижелеріне сәйкес мұғалімнің жалпыпедагогикалық қызметі және кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік беретін өлшемдік көрсеткіштер (критерийлер) айқындалған[2] . Онда болашақ мұғалімнің дайындық деңгейлерінің қалыптасуын бағалау көрсеткіші оның қызметтік әрекетінің түріне байланысты түрлі сипатқа ие болатыны нақтыланған. Онда, егер біз, жалпыпедагогикалық іскерліктер мен дағдыларға психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және пәндік-білімдік мазмұнын меңгеруді жеткілікті деп жатқызатын болсақ, ол төменгі деңгейді, ал мамандыққа сезімдік-құндылықтың көзқарас пен жалпымәдени қатынасты қалыптастыру секілді әрекеттерді қалыптастыра алатын болсақ, кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына оқушының түлғалық сипатын қалыптастыруда рухани құндылықтарды қажетсінуді қалыптастыру; мамандық ерекшелігіне тән кәсіби, арнайы іскерліктері мен дағдыларды меңгертуге; білімдік мазмүнды практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыруға: күтілетін нәтижеге бағытталған әрекеттерді үйымдастыру іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға; оқу үрдісінде, сыныптан және мектептен тыс уақыттарда тәрбие жұмыстарын үйымдастыру іскерлігі мен дағдысын меңгертуге; өз әрекеті мен кәсіби қызметінің үйлесімділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ете алуға; әрекет жүйесінің тиімділігі мен қажеттілік дәрежесіне өзіндік талдау жасай алуына; өзін-өзі кәсіби деңгейде дамытуға ішкі түрткінің немесе ұмтылыстың түрақты динамикасының болуына; жоспарлы, мақсатты түрде өзінің кәсіби біліктілігін көтеруді қажетсінуі мен жүзеге асыра алуына толық жағдай жасау мүмкіндігіне ие болған жағдайда болашақ мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуының бастапқы деңгейіне өтуін сипаттауға мүмкіндік аламыз.

Мұғалімнің кәсіби қызметке дайындық деңгейлерінің орта деңгейі кәсіби-педагогикалық қызметтің әрекеттік құраушысының жеткілікті қалыптасуымен сәйкес келетіндігін, өйткені бүл деңгейде мұғалімдердің кәсіби іскерліктері мен дағдылары олардың арнайы оқыту әдістемесінің техникалық және тактикалық әрекеттерін толық меңгеруімен қалыптасады. Және олардың

осы деңгейдегі іскерліктері мен дағдыларына медициналық-биологиялық және техникалық-тактикалық әрекеттерді жеткілікті меңгеруі де жатады. Сол сияқты орта деңгейдің әрекеттік құраушысына мұғалімнің кәсіби қызметінің білімдік (когнитивті) және қүндылықтық (аксиологиялық) құраушыларын жүзеге асыра алу қабілетін де жатқызуға болатынына назар аударған жөн.

Мұғалімнің кәсіби қызметке даярлығының жоғары деңгейі оның педагогикалық қызметінің рефлексивті құраушысының жеткіліктілігіне байланысты болады. Яғни, мұғалімнің өзінің кәсіби қызметін өз бетінше талдауға, өз әрекетін реттеу алуға және кәсіби шеберлігін өз бетінше жетілдіруге қабілетінің болуы рефлексивті құраушысының қалыптасу критерийі бола алады. Бұл құраушы мұқғалімнің өз қызметін бақылап-бағалай алуына бағытталады. Демек, мұғалім өз әрекеті мен қызметінің білім беру субъектілерінің қалай бағалайтындығын, ішкі психикалық күйлер мен актілерді пайымдай алу қабілетін қалыптастырады, яғни ЖОО бітіруші болашақ мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары олардың кәсіби қызметке даярлығын қамтамасыз ететін басты факторларға жатуы тиіс.

Біз жүргізген зерттеу жүмыстарының нәтижелері мұғалімдердің өздерінің дербес жұмыс істеу стильдеріне жеткілікті назар аудармайтындарын, тек бағдарлама бойынша жүмыс жасаумен шектелудің қажеттігін мойындайтынын айқындап берді. Оның басты себептері олардың өздерінің тұлғалық құндылықтарын бағалай алу іскерліктерінің төмендігінен болып отырғаны анықталды. Яғни жаңа түрпатты құзырлы маман болудың басты талабы қүндылықтық(аксиологиялық) бағдардың төмендігін көрсетті. Бұл оларда тек құндылықтық бағдарының төмеңдігін көрсетіп ғана қоймайды, сонымен бірге оларда рефлексиялық әрекеттің жеткілікті дамымағанын білдіреді.

Жаңа тұрпатты мұғалім даярлау қызметіне инновациялық сипат берудің бір мысалын келтірейік. Болашақ мұғалімнің қүзырлы маман деңгейіне көтерілуі үшін ең алдымен олардың құндылықтық бағдарын күшейткен жөн. Осы түрғыдан мұғалімнің құндылықтық дайындығын күшейту үшін «Тұлғаның өзін-өзі бағалауы» әдістемесін қолдануды үсынамыз.

«Тұлғаның өзін-өзі бағалауы» әдістемесіне арналған бет.

Аты-жөні Жынысы Жасы

Жұмыс (оқу) орны Толтырылған күні

Нұсқау.

Төменде келтірілген тізімдегі тұлғалық сипаттардың мұғалімнің бойында көріну деңгейін бағалаймыз. Жауаптар шкаласында берілген бес жауаптың ішінен біреуін таңдап, оның қарсысына тиісті санды жазу ұсынылады.

Мүмкін болатын жауаптардың шкаласы:

  1. - өте төмен деңгейдегі сипат;
  2. - төмен деңгейдегі сипат;
  3. - орташа деңгейдегі сипат;
  4. - жоғары деңгейдегі сипат;
  5. - өте жоғары деңгейдегі сипат.

«Тұлғаның өзін-өзі бағалауына» мүмкіндік беретін сипаттардың тізімі

5 - өте жоғары деңгейдегі сипат.

«Тұлғаның өзін-өзі бағалауы» әдістемесінің бланкісі

Аты-жөні . . . Жынысы . . . Жасы . . .

Жұмыс (оқу) орны . . . Толтырылған күні . . .

Нұсқау.

Төменде келтірілген тізімдегі тұлғалық сипаттардың мұғалімнің бойында көріну деңгейін бағалаймыз. Жауаптар шкаласында берілген бес жауаптың ішінен біреуін таңдап, оның қарсысына тиісті санды жазу ұсынылады.

Мүмкін болатын жауаптардың шкаласы:

1 - өте төмен деңгейдегі сипат;

2 - төмен деңгейдегі сипат

3 - орташа деңгейдегі сипат;

4 - жоғары деңгейдегі сипат;

5 - өте жоғары деңгейдегі сипат.

«Тұлғаның өзін-өзі бағалауына » мүмкіндік беретін сипаттардың тізімі

Тұлғалық сипат
Мүмкін жауаптар
1
2
3
4
5
№: 1
Тұлғалық сипат: 2
Мүмкін жауаптар: 3
4
5
6
7
№: 1
Тұлғалық сипат: Белсенділік
Мүмкін жауаптар:
№: 2
Тұлғалық сипат: Тәрбиелілік (адамдарды сыйлау)
Мүмкін жауаптар:
№: 3
Тұлғалық сипат: Тілектестік
Мүмкін жауаптар:
№: 4
Тұлғалық сипат: Өмірге төзімділік
Мүмкін жауаптар:
№: 5
Тұлғалық сипат: Бастамашылдық (идеялар ұсыну)
Мүмкін жауаптар:
№: 6
Тұлғалық сипат: Шыншылдық, адал ниеттілік
Мүмкін жауаптар:
№: 7
Тұлғалық сипат: Табандылық
Мүмкін жауаптар:
№: 8
Тұлғалық сипат: Қарым-қатынасқа бейімділік
Мүмкін жауаптар:
№: 9
Тұлғалық сипат: Қайырымдылық (көмек беру)
Мүмкін жауаптар:
№: 10
Тұлғалық сипат: Оптимизм, өмірсүйгіштік
Мүмкін жауаптар:
№: 11
Тұлғалық сипат: Көнгіш мінез (икемді, әріптестікке және келісімне келеді)
Мүмкін жауаптар:
№: 12
Тұлғалық сипат: Парасаттылық (ақиқат жағдайды есепке алу)
Мүмкін жауаптар:
№: 13
Тұлғалық сипат: Өзін-өзі сынау (өзінің жақсылық жақтарын дағ кемшіліктерін де көре білу)
Мүмкін жауаптар:
№: 14
Тұлғалық сипат: Дербестік (өзіне сену)
Мүмкін жауаптар:
№: 15
Тұлғалық сипат: Ұстамдылық
Мүмкін жауаптар:
№: 16
Тұлғалық сипат: Жинақылық
Мүмкін жауаптар:
№: 17
Тұлғалық сипат: Шығармашылық
Мүмкін жауаптар:
№: 18
Тұлғалық сипат: Сенімділік
Мүмкін жауаптар:
№: 19
Тұлғалық сипат: Қызықты бір нәрсеге қызығушылық
Мүмкін жауаптар:
№: 20
Тұлғалық сипат: Салмақтылық
Мүмкін жауаптар:
№: 21
Тұлғалық сипат: Сұлулық сезімі
Мүмкін жауаптар:
№: 22
Тұлғалық сипат: Шаманы білу
Мүмкін жауаптар:
№: 23
Тұлғалық сипат: Үйлесімділік (өз-өзімен және сыртқы дүниемен)
Мүмкін жауаптар:
№: 24
Тұлғалық сипат: Тәуелсіз тұжырымдар жасау
Мүмкін жауаптар:
№:
Тұлғалық сипат: Орташа мәні
Мүмкін жауаптар:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Білім берудің құрылымы
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру – ұстаздық шеберлікті арттырудың алғышарты
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ 2007-2008 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫСЫНДА ӨТКІЗГЕН АШЫҚ САБАҚТАРЫН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Бастауыш білім берудің болашағы
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамуы
Жаңа білім беру жүйесіне көшуде жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлаудың ғылыми - теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz