Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда білім сапасын бағалаудың басым бағыттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда білім сапасын бағалаудың басым бағыттары

Қазақстан мектептерінің 12 жылдық білім беруге көшу оқытудың ииновациялық-ақпараттық және қарым-қатынастық технологиялары мен оқушылардың оқу нәтижелерін бағалаудың жаңа жүйесін оқыту үдерісіне енгізумен тікелей байланысты болады. Бұл өз тұрғысында 12 жылдық мектепте білім беруге қабілетті жаңа тұрпатты мұғалім даярлау жұмысының сапасын арттыру мәселесінің өзектілігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2010 жылдың қаңтарындағы халыққа Жолдауында «Жоғары білім берудің сапасы ең жоғарғы халықаралық талаптарға жауап бере алатындай болуы тиіс» және « . . . 2020 жылға қарай ұлттық инновациялық жүйе толық қалыптасып, патенттер мен жаңа технологиялар түрінде оқу үдерісіне енгізілуі керек», - деген еді.

Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде білім сапасын бағалаудың халықаралық деңгейіне көтерілу қажеттігі «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасында Болон үдерісінің негізінде халықаралық аккредитациядан өтуге дайындықты күшейтуді күн тәртібіне қойылған болатын[1] .

Бұл талаптың негізгі мақсаты - жоғары оқу орны түлектері мен мектеп мұғалімдерінің кәсіби қызметке даярлық сапасын анықтауда халықаралық бағалау бағдарламаларын пайлану мүмкіндіктерін көрсету қажеттігі айтылған еді. Өйткені бүгінгі таңда елімізде ҰБТ нәтижелері бойынша көптеген оқушылардың төмен нәтижелер көрсетуі орта мектепте білім беру сапасының төмендігін, пән мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарының жеткіліксіздігін байқатады. Анықталынып отырылған мәселенің орын алуының басты себебі білім сапасын бағалау критерийлерінің орта мектеп деңгейінде жеткіліксіз қолданбауынан және түрлі бағдарламалардың қатар қолданылу мүмкіндік-терінің ескерілмеуінен деп табылып отыр.

Білім сапасын бағалаудың әлемдік және отандық тәжірибелерін салыстыра отырып, жалпы орта білім беру саласындағы түрлі олқылықтарға ұшыраудың басты себебін былай түсіндіруге болады:

- білім беру жүйесіндегі тұрпайылық пен қаталдық, сонымен бірге білімнің мазмұны барлық адамға бірдей делінгенімен, оқушылардың нақты қажетін қанағаттандыра алмауы;

- оқушыға сезімдік серпіліс туғызбай, олардың дара ерекшеліктері ескерілмей, құр сөзге құрылған формалар мен әдістемелер таңдаудағы бірыңғайлық кемшілікке ұрындыруы;

- оқытудағы нақты мақсатты дәл айқындай білмеу және оның нәтижесін тиімді түрде бақылай алмаушылықтан әр түрлі қателіктерге орын берілуі;

- білім мен тәрбие беру жүйесінің бірлігі принципіне жалаң, жалпылама сөз деңгейінде немқұрайлылықпен қарау.

Мұның бәрі мұғалімнің дидактикалық, психологиялық әлсіздігін және әдістемелік жағынан білім деңгейінің нашарлығын, ізденісінің жетпейтіндігін көрсетумен қатар, оқыту жұмысындағы сәтсіздіктің себебін жете түсінбейтіндігін көрсетеді. Бұл кемшіліктерді жою үшін алдымен білім беру қызметінің сапасын бағалау критерийлерін әлемдік тәжірибе негізінде жан-жақты зерттеп, қайта даярлау, қазақстандық білім беру жүйесінің талаптарына бейімдеу қажет. Қазіргі педагогикалық ғылыми зерттеулердегі, дидактикалық тұжырымдамалардағы сұрыптап көрсетіліп отырған басты тәсіл мынаған келіп саяды: білімді бағалау ерекшеліктері мен ұйымдастыру формалары туралы қазіргі уақытта еліміздегі білімді бағалаудың дәстүрлі түрлерімен қоса альтернативті түрлерін қолдану қолға алына бастады. Дәстүрлі формада білім сапасын бағалау жеткілікті нәтижелер бере алмауда деп саналып отыр. Оқушылардың оның ішінде бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасының тиімділігі төмен деп саналған. Халықаралық білім сапасын тексеру комиссияның шешімі бойынша берілген білімнің пайдалы әсер коэффициенті төмен. Оны көтеру үшін жаңа бағалау формаларына көшу керектігін күн тәртібіне қойылған.

Халықаралық бағалау бағдарламаларының ішінде PISA бағдарламасы оқушыларының білім деңгейлерін жетістік шкаласы бойынша көрсететін және оқушылардың жас ерекшелігі мен дара ерекшелігін есепке алатын сындарлы жүйені қакмтамасыз етеді деп саналады. РІSA бағдарламаның мақсаты - оқушылар өздерінің алған жалпы міндетті білімі, білігі мен дағдылары арқылы қоғамда толық қызмет ете алатынын бағалау. Оқу жетістіктерін бағалаудан басқа оқушылардың білімге деген қызығушылығы зерттеледі және зерттеулердің нәтижелері халықаралық салыстырмалы көрсеткіштер ретінде мектеппен және оқушылардың отбасымен байланысты қалып-тасатын білім жетістіктері деңгейіне әсер еткен жеке факторларды ашуға мүмкіндік береді.

Сондықтан, PISA бағдарламасы әр саланың жетістік шкаласы бойынша тиімді көзқарас дәрежесін, шкала бойынша түрлі дәрежені көрсету, ептілікті көрсетуге рұқсат ету, тест тапсырмасын калибрлік мазмұнда дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді деп саналады. Мұнда әрбір шкала әр саланың сауаттылық дәрежесін беруді дұрыс анықтау арқылы адамның сол саладағы құзырлы әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

PISA бағдарламасы оқушының өз бетімен «мектеп» дағдылары мен «өмір» дағдыларының арасындағы айырмашылықты сезінуі мен пайымдауын (рефлексия) қамтамасыз етеді. Көптеген мектептерде әрқашан жастарды өмірге дайындауға тырысады, бұл өте маңызды. Мектеп оқу бағдарламасы дәстүрлі мазмұнда құрастырылады, яғни дайын әдістеме мен деректер негізімен беріледі. Туындаған жағдайды шешуде және өз идеясын жүзеге асыруда, өмір жағдайын түсінуде қабілеттілік дәрежесіне басты назар аударылады. Дағды мен пайымдау деңгейін анықтауға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді, осы білімді қабылдауға рұқсат етеді, мектептегі білім мазмұнының баламалығын шектемейді. Қысқасы, оқушы білімін бағалауға қойылатын талаптар күшейеді. Міне, осы жерде бұрынғы жұмыс істеу тәсіліне, бағдарламаларға үйреніп қалған оқытушылар «бұл өзгерістерге даяр ма?», «келешекте оқытушы өзіне қандай талаптар қоюы керек?» деген сұрақтар туындайды. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын пайдалану, кредиттік жүйеге көшу, 12 жылдық оқыту жүйесіне көшуге дайындық, халықаралық ИСО-9001:2000 стандарттарына сәйкес білім мазмұнын анықтау, TIMS, PISA бағдарламалар бойынша білім сапасын бағалаудың жаңа жүйелерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеу т. б. мәселелер қолға алынуда. Бұл мәселе бойынша Қазақстанда көптеген педагог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардың нәтижелерін оқу тәрбие процесінде еңгізуде. Атап айтқанда Ж. Қараев, Қ. Жанпейісова, М. Жадрина, Ж. Қобдикова, т. б. ғалымдар білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі түрлерімен қоса білім беру мазмұнын дифференциациялау арқылы комплексті сатылап бағалау жүйесін еңгізу қажеттігін қолдайды. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының педагог ғалымдары білім нәтижесін бағалаудың соңғы нәтижеге бағдарлануын сапалы бағалау жүйесі ретінде оқу тәрбие үдерісіне енгізу қажеттігін (М. Жадрина, Н. Оразақынова, т. б. ) өз зерттеулерінде жан-жақты қарастырды[2] .

Сонымен бірге, елімізде білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі жүйесіне көшу, оның дидактикалық шарттарын анықтау бағыттары зерттеу жұмыстарының бар екендігін атап көрсеткен жөн. Осындай көзқараста Республикалық біліктіліктілік арттыру және білім мазмұны институтының ғалымдары (Ж. Кобдикова, Г. Жайтапова, т. б. ) білім сапасын бағалаудың әдістемелік жүйесін жетілдіру қажеттігін, ол үшін жаңа педагогикалық негізінде оқу-тәрбие процесін технологизациялауға көшу, жаңак бағалау критерийлерін дайындаудың халықаралық жүйелерін қатар пайдалану қажеттігін күн тәртібіне қояды.

12 жылдық мектепте білім беру мазмұнын мен оқыту әдістерін жаңартуға қойылатын талаптар жаңа формация педагогына қойылатын білім беру парадигмалары негізінде құрылуы тиіс. Сондықтан елімізде «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасында 2015 жылға дейін оқушылардың білімін бағалау жүйесін модернизациялау мен оқу үдерісіне енгізу қажеттігі жоспарланған.

Сол себепті бүгінгі күні қазақстандық педагогтар білім сапасын бағалаудың ИСО - 9001: 2000 стандартына сәйкес TIMS, PISO тағы басқа бағалау жүйелерін енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл үдеріске Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары да өз үлестерін қосуда (К. Бұзаубақова, Н. Кушеров, А. Ботамқұлова, М. Қасымов) . Ұлттық Білім Академиясының ғалымдарымен бірлесе отырып көп деңгейлі оқыту мен көп деңгейлі бағалау жүйесінің тиімділігін көрсететін білім сапасын бағалаудың жаңа үлгілерін сынақтардан өткізуде. Баламалы үлгі ретінде М. Жадрина, Ж. Қараев, Ж. Кобдикова, А. Жайтапова, т. б. ғалымдар ұсынған көп деңгейлі бағалау үш өлшемдік жүйесі негізінде таңдап алынып, Тараз қаласының мектептерінде баламалы бағалау жүйелері ретінде қолданылуда[3] .

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін білімді бағалаудың жаңа жүйелері мен бағдарламаларына қатысты даярлау мақсатында «Халықаралық білімді бағалау бағдарламалары және оны отандық бағалау жүйесімен салыстыру» атты элективті курс ұйымдастырылған. 2 кредиттік осы курста PISA бағдарламасы бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың білімін жаңаша бағалауының үш өлшемдік білімдік критерийлеріне сәйкес мазмұн беріледі.

Бұл мазмұнда бастауыш сыныптарда білім берудің үш білімдік саласын қамтитын функциональды білім мен дағдыларды бөліп көрсетіледі, балалардың өмір сүру ортасы мен қоғамдық шараларға белсене қатысуының құзырлылық шегі айқындалады. Тапсырманы орындау қабілетін жетілдіру сол үдеріске белсене қатысуды талап ету арқылы шешімді қабылдау үдерісіне қатысу қабілеттілігінің қалыптасу дәрежесін көрсетеді.

Осы жіктеуді қолдану үшін, үш өлшемдік көзқарасқа сәйкес әдістемелік қызмет түрлері жазылады. Олар мынадай түрде беріледі:

  • мамандану саласы бойынша білімнің мазмұны мен құрылымын анықтау;

- түрлі үдерістер мен танылатын дағдылардың қалыптасуына белсене қатысуын талап ету және орындалу шамасы қадағалау;

- жағдай және контекстке қатысты білім мен дағдының ауысуын қамтамасыз ету.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби-құзырлылық дағдыларын бағалау қатарында идея немесе мәселені көре алу алдыңғы қатарда тұрады, ол тапсырмалардың түрлі деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет. Дегенмен осы үш өлшемнің жалпы құрылыс шеңберінде әр саланың өз өлшемі анықталады, оқу сауаттылығының ғылыми мен математикалықтың сауаттылықтардан айырмашылығы айқындалуы тиіс. Бұл жүйеге сәйкес біріншіден өзіндік әрекет ету дағдылары маңызды болады, оқу жоспарына сын тұрғысынан қарау қайшылығы туындайды, себебі білім мазмұны ашық «мазмұнды» болмайды. Оқушының негізгі оқу әрекетінің түрлеріне пайымдау әрекеті қосылады, сондықтан болашақ мұғалім рефлексия теориясын жақсы меңгеруі тиіс. Сол себепті біздің «Халықаралық білімді бағалау бағдарламалары және оны отандық бағалау жүйесімен салыстыру» атты элективті курста үш өлшемді бағалау жүйесінің психологиялық ықпалының күшті болатыны айтылады.

PISA бағдарламасына сәйкес білім мазмұнының ауыспалы көлемінің үш бағыты негізге алынады. Олар мәтіндік түсініктерден тұрады: сұрақтар - білімгерлер үшін тапсырма мазмұнында беріледі; жауапты форматтар - тапсырма бойынша өз біліктерін тексеруін сұранатын білімгерлердің қабілет дәрежесін анықтайды; білімгерлердің жауабының бағалануын кезекпен баяндайды анықтайтын белгілер үшін ережелерді әзірлеу.

Талапта және үздіксіз мәтінде пайда болатын толық түсінік жүйесі өзара байланысқан келесі бес аспекті тұрғысынан өлшенетін PISA бағдарламасының оқу бағасының критерийлерін құрайды:

- жалпы кең түсінік жасау;

  • бұрынғы түсініктерді реттеу;
  • интерпретацияны дамыту;
  • мәтін мазмұнындағы бейнені анықтау;
  • мәтін форматындағы бейнені сипаттау.

Осы аспектілердің барлығы мәтіннің мазмұнын құрайды. Барлық білімгерлер жете білушілік деңгейін көрсете алады деп күтіледі. Бұл бес аспект өзара байланысты болғандықтан әрқайсысы басқасының сәтті бітуін күтпей көп ептілікті қажет етеді, сондықтан мұны білімгердің кәсіби даму деңгейінің бір сатысы деп есептейді. Сұрақтар талданып, ақпараттар түгел жиналысымен, әрине бұл бағалау толық деп саналады.

Бұл бес аспект бойынша білімгерлер өз әрекеттерінің берілген білімдік мазмұнды қаншалықты бейнелей алатындарын көрсетеді, осы аспектілердің PISA үшін өлшенген айырмашылықтарын көрсетеді, олар төмендегі төрт мінездеменің көрінісі арқылы ерекшеленеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа формация мұғалімін кәсіби дайындау моделі
Жаңа тұрпатты мұғалімді даярлаудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру жүйелеріндегі инновациялық үдерістеріне салыстырма-лы педагогикалық талдау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Білім берудің құрылымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ
Жаңа тұрпатты ұстаз жаңарған қоғамға қажет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz