ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ҰЛТЖАНДЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ НОБАЙЫ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ҰЛТЖАНДЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ НОБАЙЫ

Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі жалпы білім беретін қазақ
мектептерінің оқушыларын ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу [1] және жаңа
формация мұғалімін даярлау [2] міндеттерін шешуді қойып отыр. Сондықтан
еліміздегі мұғалім мамандықтарын даярлайтын оқу орындарының алдында Жаңа
формация мұғалімі – ол рухани – адамгершілігі жоғары, азаматтық
жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты дамыған, шығармашыл
тұлға, рефлекцияға қабілеті басым, экологиялық білімді, өзін-өзі дамыту
және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары
деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және
біліктіліктің басқада түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман [2]
даярлау міндеті тұр.
Біздің қосарымыз құзырлығы жоғары ондай мұғалім ұлтжанды болу керек.
Сонда оны жаңаша жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалім деген ұғыммен сипаттауға
болады. Сонымен, жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалім даярлаудың мазмұны және
оның нобайын жасау қажет. Ондай мұғалімді дайындаудың нобайы қазақ
педагогика ғылымында әлі шешімін таппаған көкейкесті проблема.
Біздіңше, жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалім деп өз пәнін және оның
әдістемесін жан-жақты меңгерген, қазақ этнофилософиясы, этнопсихологиясы,
этнопедагогикасы және этнопедагогика тарихы білімдерімен қаруланған,
оқушыларға ұлттық тәрбие беру іскерліктері мен дағдылары қалыптасқан
мұғалімді айтуға болады.
Болашақ мұғалімдерді жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалім етіп дайындаудың
негізі – Қазақ этнопедагогикасы және Қазақ этнопеда-гогикасының тарихы
атты оқу пәндері. Өйткені Қазақ этнопедагогикасы – жалпы педагогика
ғылымының құрамдас бөлігі, оның саласы, ол қазақ этнофилософиясының,
этномәдениетінің, этнографиясының, этнос теориясының, фольклористикасының,
этнопсихологиясының және этнопедагогика тарихының тоқайласуы аясында
қалыптасқан, біртұтас жүйелі этнопедагогикалық білім беретін дербес оқу
пәні, ал оның өз пәні – қазақтың ұлттық тәрбие үрдісі [3].
Этнопедагогикалық бiлiм – этнопедагогика ғылымының теориялық негiздерi.
Этнопедагогикалық iскерлiк – этнопедагогикалық бiлiмдердi практикада
қолдану қабiлетiне ие болу. Этнопедагогикалық дағды – ұлттық тәрбие беруге
қажеттi этнопедагогикалық iскерлiктердiң қалыптасуы.
Болашақ мұғалiмдерге этнопедагогикалық бiлiм берудiң мiндетi – оларды
ұлтжанды ұстаз етiп даярлау, яғни олардың ұлттық санасы мен ұлттық
дүниетанымын өз халқының тiлiне, тарихына, мәдениетi мен салт-дәстүрлерiне
бiртұтас етiп қалыптастыру.
Болашақ мұғалiмдерге этнопедагогикалық бiлiм мазмұны арнайы оқу
бағдарламалары бойынша жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың әртүрлi
формалары мен әдiстерi арқылы жүзеге асырылады.
Этнопедагогикалық бiлiм берудiң аудиториялық формаларына: лекциялар,
семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар, арнайы курстар, арнайы
семинарлар мен факультативтер жатады. Ал аудиториядан тыс формаларына:
экскурсиялар, рефераттар, конференциялар, диспуттар, конкурстар,
олимпиадалар, курстық және дипломдық жұмыстар т.б. жатады.
Этнопедагогикалық бiлiм беру әдiстерiне: әңгiмелеу, әңгiмелесу,
түсiндiру, пiкiрлесу, көрсету, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап т.б. жатады.
Этнопедагогикалық бiлiм беру құралдары: ұлттық тiл, ұлттық әдет-ғұрыптар
мен салт-дәстүрлер, ауызекi халық шығармашылығы, халық тарихы, ұлттық
сәндiк-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, ұлттық өнер т.б.
Этнопедагогикалық бiлiм берудiң нәтижесiнде болашақ мұғалiмдердiң
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлығы қалыптасады, яғни олар ұлтжанды
ұстаз болып шығады.
Біз 1992 жылдап бастап бұрынғы Жамбыл, қазіргі Тараз мемлекеттік
педагогикалық институтында жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Бейіндік мектеп мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілік нобайы
Жаңа тұрпатты мұғалімнің біліктілік сипаты педагогикалық мамандықтар бойынша МЖМББС-ның мазмұндық негізі
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Білім берудің құрылымы
Қазіргі қоғам және ондағы мұғалім
Оқыту процесіндегі қазіргі сабақты ұйымдастыру
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерінің базалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
Балаларына әкеңнің киімін аттама
Пәндер