Жаңа формация мұғалімін кәсіби дайындау моделі


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Оқытушының кәсіби оқу-әдістемелік кешені
- Жаңа формация мұғалімін кәсіби дайындау моделі
- Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - нәтижелі білім берудің негізі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын орта білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жолдауда: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»- деп атап көрсетілген.
Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Оқу үдерісін белсенділендіру - берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т. б.
Жаңа тұрпатты мұғалімді жалпы кәсіби дайындау моделі - қоғамның әлеуметтік тапсырысын, мұғалімдерді дайындаудағы мемлекеттік стандарттың талаптарын, мұғалім дайындау мақсаттарын және студенттердің жалпы кәсіби іс-әрекеттерді меңгеру деңгейлерін қамтиды.
Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби - педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
Оқытушының кәсіби оқу-әдістемелік кешені
Жаңа формация мұғалімін кәсіби дайындау моделі.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді маман даярлаудың негізгі мақсаты - «оқушыларды бүгінгі қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.
Жаңа тұрпатты мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз - кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық, педагогикалық-психологиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мынадай қажеттіліктерге алып келеді, яғни:
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т. б. ) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.
Демек, жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық, педагогикалық-психологиялық мақсаттарын жүзегеасыруға бағытталған оқытудың жаңа технологияларын қолдану төмендегідей қажеттіліктерге алып келеді, яғни:
- Оқу жоспарларының мазмұнын және құрылымын талдау;
- Мазмұнды жобалау;
- Оқыту формаларын жобалау;
- Оқытудың әдістерін жобалау;
- Оқытудың құралдарын жобалау;
- Оқу үдерісін ұйымдастыру талаптарын тұжырымдау.
Оқытудың әдістемелік жүйесі мынадай белгілі бір кезеңдерден өтеді: әдістемелік жүйені жобалау; оқытудың әдістемелік жүйесін құрастыру; оқытудың әдістемелік жүйесін іске асыру; оқытудың әдістемелік жүйесін іске асыруды талдау; оқу пәні тудырған оқытудың әдістемелік жүйесін талдау; әдістемелік жүйені дамыту. Сонымен жаңа тұрпатты мұғалімін модельдеу проблемасын талдау, болашақ мұғалімдердің оқу үдерісіндегі іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымын талдау қазіргі заманғы жаңа формация мектептерінде жүмыс істеуге қабілетті болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұны мен тәсілдеріне өзіндік өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық бүгінгі күннің талабына сай іс-әрекетінің практикалық сұранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен төрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа тұрпатты мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді.
Жаңа тұрпатты мұғалім пәнді жақсы білумен қоса, стандарт талап етіп отырған құзыреттіліктерді жете меңгеруі тиіс, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру мәселесі де психологиялық - педагогикалық тұрғыда шешілуі керектігі де теориялық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл, жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлау. Жаңа тұрпатты мұғалімдер, педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар педагогикалық үрдіске жүйелі өзгерістер енгізеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары күрделеніп, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары және педагогикалық әсер етудің объектісі - оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы мұғалімнің педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарылатады. Оқу үрдісі жаңаруының басты шарты - кез келген педагогикалық жүйенің тұлғасы болып табылатын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру.
Педагог-мамандар белгілі бір пән мұғалімі ретінде ғана танылмай, ол қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушы, үлкенді-кішілі ұжым басқарушысы, оқу-тәрбие ісін жетілдіруші, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар тұлға деп қаралғаны жөн.
Осы тұрғыдан қарағанда педагог тек «бала жетектеуші» ғана емес, педагог-гуманистік сапа кешенін түзетін өнер иесі. Ал ондай сапаның болмауы кәсіби іс-әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай сапаларға педагогтің кері адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және әлеуметтік ойлау қабілеті, өмірге оң көзқарасы, адамдардың гуманистік қуатына сенімі жатады. Осы мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс.
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы - оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Қазіргі педагогтардың жұмыстарында мұғалімдерді кәсіби даярлау үрдісінің психологиялық-педагогикалық негіздері, педагогикалық мамандықтың мәні, ерекшеліктері, функциялары, мұғалім әрекетінің профессиограммасы зерттеледі.
Мұғалімдерге кәсіптік бағыт берудің теориялық негізін жасап, оның ерекшелігін айқындау үшін танысып, талдаған педагогикалық еңбектердің және жоғары білім беруге арналған оқу жоспарларының мазмұнын тұжырымдау барысында байқағанымыз, мұғалімдер дайындауға қойылатын талап негізінен мамандық бойынша оқытылатын пәндердің мазмұнын меңгеруге бағытталады. Әрбір жеке пәндердің әдістемесін меңгеру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады.
Сондықтан да маман даярлау мәселесіне кешенді қарау ұсынылады. Болашақ маман әр жеке пәннің әдістемесін ғана емес, бүкіл педагогикалық жүйенің мақсатын, міндетін, мазмұнын, негізін, түрін, оқытудың жаңа әдістерін және тәрбие жүйесін біртұтас қабылдап меңгеруге тиіс. Педагогикалық үрдісте мұғалімнің іс-әрекеті мен кәсіби шеберлігіне бағыт беру сабақтастықта жүзеге асатын жағдайда ғана болашақ мамандарды өз дәрежесінде дайындау жүзеге аспақ.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Көптеген шығарылымдарда педагогикалық шеберлікке берілетін анықтама бойынша мұғалім өз жағынан балаларды сүюге, тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғары деңгейде жаңалап отыруға тиіс. Педагог - өз ісінің шебері. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ғылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін тәжірибелік түрде талдай білетін, тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері және педагогикалық техникасы жатады.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі - маманның соңғы қол жеткізетін дайындық деңгейі. Ол өмірлік тәжірибелер негізінде қалыптасып жүзеге асырылатын үрдіс.
Мұғалім мамандарын дайындауда, ең алдымен қойылатын талап - мектеп бітірушінің мамандық түріне қызығушылығының, ынта-ықыласының болуы. Бұл әрі шарт ретінде қарастырылуы тиіс. Себебі, жоғары оқу орындарын бітірген болашақ педагогтар өз мамандық сапасы бойынша қызмет етпей басқа салаға ауысуы көптеп орын алады. Сол себепті де мектеп қабырғасынан бастап педагогикалық қызметке кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, кәсіптік жарамдылықты, үйлесімділікті анықтауға бағдарланған жұмыстардың ұйымдастырылуы үлкен мәселе.
Мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселелерін шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиіс. Мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау қажет:
- Бірінші мәселе - ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;
- Екінші мәселе - дидактикалық даярлығын арттыру.
Еліміздің жоғары оқу орындарында мұғалім-тәрбиешіні даярлау барысында бірнеше бағыт анық байқалады. Дәстүрлі педагогикада олардың ең негізгі бағыттары - әлеуметтік сұраныстың өсуіне сәйкес жеке тұлғалық мінез-құлықтары, қоғамдық тәрбие саласындағы мақсатты талаптардың өзгеруімен қатар тәрбиелік жұмысына қажетті дағдылар, мүмкіндіктер, білім ауқымын анықтау, мұғалім даярлаудың мінсіз нәтижесін ұсыну болып табылады. Мұғалімді даярлау мақсатына қызмет етіп, оның бағдарламасын айқындайтын өлшемдік бейнелерге мамандық моделін, кәсіби паспортын және біліктілік сипаттамаларын жатқызуға болады.
Педагогикалық қызметті, оның құрылымдарын, міндеттік бөлшектерін, жүйелік ұйымдастыру қағидаларын зерттеу мәселелерін қамтитын басқаша бағыт саласында маңызды теориялық және тәжірибелік мәліметтер де баршылық. Демек, бұл жерде ғылыми білімдерді теңестіру кезеңін көрсететін мәліметтердің жеткілікті көлемде жинақталғанын айтуға болады. Мұғалімнің еңбекке деген ықыласы, өмірлік көзқарасы, кәсіби бағыты сияқты жеке жинақылық сапалық мінезін зерттеу және іздестіруді сипаттайтын қарсы үрдістегі пікірлер де жоқ емес.
Педагогикалық ғылымның үздіксіз білім беру мәселелерінің ойысуы мұғалім-тәрбиеші қызметіне байланысты тақырыптарды жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік туғызды. Нәтижеде мұғалім даярлаудың әдістемелік мүмкіндіктері мен кәсіби мазмұнына баса назар аударатын оқытудың мақсатты тәсілі де дами түсті.
Болашақ мұғалім-тәрбиеші жұмысының мазмұндық және міндеттік қырларын нақтылау қажетті мәліметтерді таңдап алу негізінде жүргізіледі. Негізгі педагогикалық ережелерді ғылыми пайдалану дәрежесін арттыру, педагогикалық қызметті игерудің сапасын жетілдіру де осы мақсатқа қызмет етуге тиісті.
Дидактикалық дайындық - кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы.
Дидактикалық даярлықты қалай түсіну қажет? Бұл - күрделі ұғым. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына жататындар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен тәжірибесі бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынадай дидактикалық қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білу, оны мақсатты түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыру.
Мектептегі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мұғалім өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерді білуі міндетті. Оқыту үрдісінің басты құралы - оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың ғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді.
Мұғалімдердің дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту үрдісінің заңдылықтары туралы психологиялық тұжырымдармен, белгілі теориялармен қаруландыру қажет. Соңғы курстың студенттері мен мұғалімдер арнаулы пәндерден алған білімдер дағдыларының сапасы мен деңгейі психология, педагогика, әдістемелік пәндерге қарағанда жоғары екенін айтады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен әрекетінің дербес әдісінің құрылымдық негіздері оқытудың құрылымына қатысты толық және жүйелік жобаларды қамтиды.
Сондықтан, оқытудың және білім берудің келіскен және динамикалық мақсаттарын білім беру үрдісінің өзгеріп отыратын барлық талаптарына жауап беретіндей етіп өңдеу керек. Жаңа
үрдістің белсенділігі - мұғалімнің біліктілігін жоғарылату жүйесінде кәсіби шеберлігінің құрылуының қорытындысы болып табылады. ХХІ ғасыр білім беру жүйесінің нақты кешендерін ескере отырып, қазіргі заманғы мұғалім өзгермелі оқыту технологиясын тез арада жүзеге асыруға, балалармен инновациялық оқу үрдісін жылдам ұйымдастыруға қабілетті болуы қажет деген тұжырымдамаға келеміз.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - нәтижелі білім берудің негізі
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.
Білімін тұрақты көтеріп отыру - мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
«Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық - педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.
Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі бағ баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.
Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім - мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz