ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ пәні бойынша


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА» факультеті
«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» кафедрасы
«Бекітемін»
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ
Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі
Вице-президенті, профессор
С. Қ. Тұртабаев
«___» 2012ж.
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ»
пәні бойынша
Мамандық аты, шифры: 5В0511900-Ағылшын, қытай
5В0511900-Ағылшын, түрік
5В0511900-Ағылшын, араб
Оқу формасы: Күндізгі
Курс: 1
Тобы: ФАҚ-111, 112
ФАА-111, ФАТ-111, 112
Лекция:
Практикалық
15
-
15
-
Лектордың аты-жөні: аға оқытушы Ұ. Саурбаева
Тел. және E-mail 8 702 585 36 36, ulman_2011 @mail. r
СӨЖ қабылдау күндері, уақыты: 14. 25-15. 15
Оку-әдістемелік кешен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі « . . . » . . . 20_ жылғы № . . . бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жұмыс оқу жоспары және пәннің оқу бағдарламасы (20 . . . жыл) негізінде дайындалған.
ОӘК құрастырған, аға оқытушы Ұ. Саурбаева,
ОӘК кафедраның № «__» 2012 ж. мәжілісінде қаралды.
Кафедра меңгерушісі, п. ғ. д., доцент Ж. З. Торыбаева
ОӘК факультеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінің мәжілісінде қаралып, бекітілді.
Хаттама № __«___» 2012ж
Оқу-әдістемелік Кеңес төрайымы, п. ғ. к., доцент м. а. Ү. Мелдебекова
Кіріспе
Пән туралы қысқаша сипаттама: Жас ерекшелік психологиясы курсын оқу барысында оның зерттейтін пәнін, әдістерін, психикалық дамуын, жеке адамның өмір тіршілігінде қалыптасу заңдылықтарын танып біледі. Сонымен қатар студенттер жалпы және кәсіптік білім беретін мектеп оқушыларының жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін біліп, олардың азаматтық қасиеттерінің кемелдену жолындағы психикалық жағдайларымен танысады. Студенттер ересек мектеп жасындағы оқушылар мен балаң жастық кезеңде оларды мамандық таңдауға баурып, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық заңдылықтарды білетін болады.
Бұл курсты оқып үйрену нәтижесінде студенттер оқушы жастардың оқып білім алуы мен тәрбиесінің неғұрлым тиімді болу жолындағы психологиялық сипаттарымен танысады. Мұғалімнің мамандық білімін көтеру және оның ұстаздық қызметіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық мәселелері сөз болады. Сонымен бірге студенттердің болашақ ұстаздық мамандығының өзіндік сыр-сипаты, творчестволық іс-әрекеті және жастарды тәрбиелеудің қоғам алдында жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отырудың психологиялық мәселелерін қамтиды.
Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімдерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру.
Пәннің міндеттері:
- жалпы және кәсіптік білім беретін мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу процесінде олардың бойындағы икемділігін, өзіндік қабілетін барынша дамытып, қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануға баулу;
- жекелеген оқушылардың сабақ үлгермеу себептерін анықтап, олардың мінез-құлқындағы
жағымсыз қылықтарын түзетіп отырудың тиімді жолдары мен пайдалы әдістерін іздестіру;
- жалпы тәрбие ісінің жемісті болуын қамтамасыз ету;
- болашақ ұздаздардың психология және педагогика саласындағы білімін кеңейтіп, оны үнемі
дамытып отыру;
Пререквизиттер:
Пәнді оқыту үшін студенттер келесі курстарды меңгеруі қажет: психология психодиагностика, жас ерекшелігі физиологиясы.
Постреквизиттер:
Пәнді меңгеру нәтижесінде алған білім “Басқару психологиясы”, “Педагогикалық психология”, “Әлеуметтік психология”, “Практикалық психология” курстарын игеру үшін қажет.
Қысқартылған сөздер:
СӨЖ- студенттің орындайтын өзіндік жұмысы
ОБСӨЖ - оқытушы басшылығымен орындалатын СӨЖ.
2. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
3. Курстық құрылым
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
1. Жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы.
2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
3. Педалогияға сын.
4. С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
5. А. С. Макаренко және педагогикалық психология.
6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теорияары.
Қазіргі жас ерекшелігі психологиясы пәнінің бала жөнінідегі ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен маңызы.
Бала психикасын онтогенезде қалыптасуын тусінудегі А. В. Выгодский теориясының маңызы.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
1. Психикалық даму туралы ұғым.
2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
3. Психикалық даму және оқыту.
4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
Нәрестелік және бөбек жасындағы баланың психикалық дамуы.
1. Баланың ана құрсағында нерв системасының дамуы және биогенетикалық зэаңдылық.
2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
Ерте сәбилік шақтағы балалардың психологиялық ерекшеліктері.
1. Ерте сәбилік шақтың аса маңызы жетістіктері
2. Сәбилік шақтағы бала тілінің дамуы
3 . Ерте сәбилік баланың ақыл- ойының дамуы
4. . Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі.
5. Үш жас дағдарысы
Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
1. Мектепке дейінгі баланың жалпы сипатамасы
2. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
3. Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
5. Мектеп жасына дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
1. Жеке адамның эмоциялық-ерік сферасы мен қасиеттерінің қалыптасуы.
2. Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
3. Мектепке кіруге дайындық.
Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
1. Кіші оқушының психологиялық сипаты.
2. Кіші оқушының анатомиялық-физиологиялық дамуы.
3. Кіші оқушының ойын әрекеттері.
4. Кіші оқушының таным процестері.
5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешетін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінің құрылысы.
1. Бастауыш мектеп шағындағы жаңа
құрылымдар
2. Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы.
3. Бастауыш мектеп оқушыларының эмоциялары және олардың жетілуі.
1. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдары
2. Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие беруде ұжымның атқаратын ролі
Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
1. Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
2. Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
3. Жеткіншектің «Мен» деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
4. Жеткіншектің жолдастарымен қарым-қатынасы.
5. Жеткіншектің оқуы мен таным процестерінің дамуы.
Қиын балалар. Олардың мінез-құлқын түзету мүмкіндіктері.
Жеткіншектің оқуы мен таным процестерінің дамуы
Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
Баланың жас өспірімдік психологиясы.
1. Ересек жасының жалпы сипаты.
2. Ересектің азаматтылығы және «Мен» дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
5. Ересектің мамандықты таңдауы.
6. Жас өспірімдік - әлеуметтік психологиялық құбылыс.
7. Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері
Мектеп оқушыларының іс-әрекетінің жетекші типтері.
Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
Жас ерекшелік психологиясы
Пән туралы қысқаша сипаттама: Жас ерекшелік психологиясы курсын оқу барысында оның зерттейтін пәнін, әдістерін, психикалық дамуын, жеке адамның өмір тіршілігінде қалыптасу заңдылықтарын танып біледі. Сонымен қатар студенттер жалпы және кәсіптік білім беретін мектеп оқушыларының жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін біліп, олардың азаматтық қасиеттерінің кемелдену жолындағы психикалық жағдайларымен танысады. Студенттер ересек мектеп жасындағы оқушылар мен балаң жастық кезеңде оларды мамандық таңдауға баурып, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық заңдылықтарды білетін болады.
Бұл курсты оқып үйрену нәтижесінде студенттер оқушы жастардың оқып білім алуы мен тәрбиесінің неғұрлым тиімді болу жолындағы психологиялық сипаттарымен танысады. Мұғалімнің мамандық білімін көтеру және оның ұстаздық қызметіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық мәселелері сөз болады. Сонымен бірге студенттердің болашақ ұстаздық мамандығының өзіндік сыр-сипаты, творчестволық іс-әрекеті және жастарды тәрбиелеудің қоғам алдында жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отырудың психологиялық мәселелерін қамтиды.
Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімдерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру.
Пәннің міндеттері:
- жалпы және кәсіптік білім беретін мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу процесінде олардың бойындағы икемділігін, өзіндік қабілетін барынша дамытып, қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануға баулу;
- жекелеген оқушылардың сабақ үлгермеу себептерін анықтап, олардың мінез-құлқындағы
жағымсыз қылықтарын түзетіп отырудың тиімді жолдары мен пайдалы әдістерін іздестіру;
- жалпы тәрбие ісінің жемісті болуын қамтамасыз ету;
- болашақ ұздаздардың психология және педагогика саласындағы білімін кеңейтіп, оны үнемі
дамытып отыру;
1-2 лекция
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның
тарихи даму кезеңдері.
- Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- Педалогияға сын.
- А. С. Макаренко және педагогикалық психология.
- Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның
пайда болуы және алғашқы дамуы.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның өмірге келуі ХІХ ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның “Адам - тәрбие тақырыбы” деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептейді. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченов те атап көрсетті.
Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперменттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизиологиялық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмолцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б. ), оны жас ерекшелігі және педагогикалық психологияда қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Психофизиология заңдарын немесе қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогі және психологы П. Ф. Каптеревтің “Педагогикалық психологиясы” (1877), америка психологы У. Джемстің “психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме” (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.
Педагогиканы жалпы психологиямен байланыстырып, осы қосындыдан жаңа педагогикалық психология көруге тырысудың сәтсіздігінің тағы бір себебі жалпы психологияның А. П. Нечаев бағдар алуға тырысқан теориялық негіздері сипаты жағынан идеалистік болғандығынан еді. Педагогикалық психологияның негізсіздігі жұрттың бәріне айқын болды.
Педагогикалық психологияны құрудың алғашқы тәжірибелері нәтижесінде жасалынатын аса маңызды қорытынды мынада ппсихологияны педагогикалық практикамен жақындастыру тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзінде эксперименттік зерттеу жолында ғана мүмкін. Эксперименттік деректер психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сырттан әкеліп қосылмай, олардың өз зерттеулерінің нәтижесінде алынуы қажет. Бұл мақсат үшін педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының маңызды теориялық әрі методологиялық міндеттерінің дұрыс шешімдерін табу қажет болады. Бұл жерде оқыту процесіне қатысы бар психикалық дамудың қайнар көздері деген проблема алдыңғы орынға шықты.
2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы
биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көдері мен заңдылықтары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты проблема. Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынас және ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың шешілуіне байланысты.
ХХ ғасырдың басында жас ерекшелігі және педагогикалық психология саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әртүрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық және әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.
Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған “туа біткен ерекшеліктерді” мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылдардың пікірінше, даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен айқындалады, ал орта - бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.
Психикалық дамуда биологияшылдарға тән тұқым қуалаушылық факторларды артық бағалауы, олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға еруі толық айқындап бейнеледі. Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз ХІХ ғасырда Геккель тұжырымдаған белгілі эволюция заңын (онтогенез филогенездің қысқара қайталануы) жас ерекшелігі психологиясы саласына ауыстыру әрекеті. Құрсақтағы тіршілігі кезеңде адам ұрығы бір клеткалы жанды заттан адамға дейінгі бүкіл даму сатысын қайталайтыны тәрізді, бала адамзат тарихының негізгі кезеңдерін жаңғыртып шығады. Биологиялық күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады.
Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ол сыртқы фактор ретінде қайсыбір тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады деген идея жатқызылды. Биогенетикалық заңнан кертартпа педагогикалық қорытындылар шығарылды. Бала дамуының табиғи барысына араласу жәберуге болмайтын қателік ретінде қаралды. Биогенетизм “еркін тәрбиелеу” деген педагогикалық теорияның психологиялық негізіне айналды.
Педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың да қателігі аз болған жоқ. Айырмашылығы бар сяқты болып көрінгенімен бұл теориялар көп жағынан жақындасып жатады. Бұл бағытты жақтаушылардың пікірі бойынша бала дауының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті: қоршаған орта қандай болса, адамның түптеп келгендегі жеке басы, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары (бұл әуел бастан және мүлдем тікелей ортада беріледі) сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып танып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер тәрізді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсіресе таным, жеке адам белсенділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік орта жағдайында көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалыптасатыны, ал неліктен түрлі ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының маңызы мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып келеді. Даму мәселесіне механистік қатынас, жеке адамның өз белсенділігін, оның қалыптасуының диалектикалық қайшылықтарын елемеу - педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың анық идеялық-теориялық ақаулары осылар.
Биогенетиктер де, социогенетиктер де баланың психикалық дамуының қайнар көздері мен механизмдері жөніндегі дұрыс түсінік бере алмайды. Бұл міндетті жүзеге асыруға педология деп аталған арнайы пәннің де қабілеті жетпеді.
3. Педалогияға сын.
Педологияның мазмұнын бала дамуының психологиялық, физиологиялық, биологиялық концепцияларының жай жиынтығы құрастырды. Психологияға эволюциялық идеялардың енуіне байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған (Батыста - С. Холл, Э. Мейман, В. Прейер, Россияда - И. В. Бехтерев, А. П. Ничаев, Г. И. Россолимо) 20 жылдары және 30 жылдардың басындағы педология балалар туралы маркстік ғылымның жеке-дара ролін атқаруға талаптана бастайды. Ол балалық шақ педагогикасы мен физиологиясын ығыстырып, баланы зерттеу құқығын өзі иемденуге кірісті. Педология - даму үстіндегі адамды зерттейтін әртүрлі ғылыми пәндердің зерттеу нәтижелерін қамтитын комплексті ғылым ретінде жарыққа шықты. Сөз жоқ, баланы комплексті синтезді зерттеу, даму проблнмасын зерттеу жұмысының өзіне ұсыну сияқты, психологиялық және педагогикалық ойлардың құнды жетістігі болған болар еді. Бірақ ғылыми синтез алудың сәті түспеді. Педология психологияның, анатомияның, физиологияның және педагогиканың деректеріне алдын ала талдау жасай алмады. Өйткені ол синтездің негізіне даму процесін тікелей анықтамайды делінген “екі фактор” (орта және тұқым қуалаушылық) әсерін есептеу жатады деген механистік түсінікте болды. Даму үстіндегі адамның сапалық ерекшеліктерін биологиялық сипаттамамен араластырып, баланың жеке өзін зерттеуді ортаны зерттеумен алмастырып, педология антипсихологизм көрсетті. Педологтар диалектикалық-материалистік қайта құрылуына байланысты болып жатқан өзгерістерін түсінбей психологияны “субъект жөніндегі ғылым” деп есептеді. Педагогикаға да педология өшпенділікпен қарап, “эмпирика” деп кемсітті.
Алайда педологияның сыналуы педологияға қандай да болмасын бір қатысы болып, бірақ сонымен бірге педагогика мен психологияны творчестволықпен дамытып жүрген совет ғылымдарының жағымды істерін де көбіне теріске шығарды. Педагогтардың қатал да көп жағдайда әділ сыналуы жасқа қарай дамудың бүкіл проблемасына теріс көзқарас та туғызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz