Жаңаевропалық ғылымның қалыптасуының алғы тарихы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
4 Лекция. Тақырыбы: Жаңаевропалық ғылымның қалыптасуының алғы тарихы.

1. Қазіргі замандағы ғылым.
2. Ғылыми іс-қызметтің ерекше мамандыққа айналуы.
3. Ғылым және адамзат тарихындағы технологиялық төңкерістер.
4. Ғылымның дамуының негізгі дәуірлері.

Қолөнердің дамуынан мануфактураның шығуы, түрлі елдер арасында сауда-
саттықтың өсуі және т.б. бәрі жаңа өңдіріс құрал-саймаңдарын талап етті, ал
құрал-саймандарды ғылыми білім мен тәжірибеге негізделген техника ғана
жасай алады. Міне сондықтан да Қайта өрлеу дәуірінен бастап жаңа құралдар
мен аспаптар өндіруге бағытталған ғылыми-зерттеуді өрістету қажеттігі туды.
Ал мұндай жаңалықтарды ортағасырлық ғылымдардың көпшілігі айналысқан таза
схоластикалық пайымдаудың көмегімен емес, табиғатты тәжірибе жүзінде мұқият
зерттеу арқылы ғана жасауға болады. Мұны түсінген жеке-дара ғалымдар және
мектептер орта ғасырдың аяғына қарай Батыс Европаның түрлі елдерінде шыға
бастады. Олар діни схоластикаға қарсы күресіп, табиғаттың өзін тікелей
зерттеуге шақырды. Жаңа дәуірдің талаптары ең алдымен жаңа географиялық
жаңалықтар ашуға алып келді: XV ғ. аяғында Васко де Гама Индияға жаңа теңіз
жолын ашты, ал Христофор Колумб Американы ашты. Соғыс ісінде порох,
зеңбірек, мылтық ойлап табылды. Ғылым мен оқу-ағарту ісінің өрістеуі үшін
XV ғ. кітап басып шығарудың ашылуы зор рөл атқарды.
Жаңа тарихи дәуір жаңа ғылымды тудыра бастады: ғылым міндеттерінің жаңа
ұғымы, ғылымның жаңа идеалы және дүние танымға деген жаңа көзқарас туды.
Догматизм мен схоластика біртіндеп ғылымнан қуыла бастады. Бірақ бұл дәуір
әлі феодализм мен капитализмге өту дәуірі еді, сондықтан бұл дәуірдің озат
ойлы ғалымдарының дүниеге көзқарасында ескі мен жаңа идеялар ұштасып жатты.
Сондай ғалымдардың бірі Оксфорд мектебінен шыққан ортағасырлық философ әрі
табиғат зерттеуші Роджер Бэкон еді (1214-1292). Ол схоластикалық
философияның үстемдігіне және ол үстемдік алдында тізе бүгушілерге қарсы
күресті. Р.Бэкон саясатта қала қолөнершілерінің идеологиясын қолдап,
феодалдардың идеологиясы мен теологияның үстемдігін аямай сынағаны үшін
Оксфорд университетінде оқытушылықтан қуылып, біраз уақыт монастырь
түрмесіне де қамалды.
Философия мен ғылымда ол Аристотельдің жолын қуды. Өзі мойындайтын
танымның үш тәсілінің (пайымдау, бедел және тәжірибе) ішінде тәжірибені
ақиқат білімге жетудің ең сенімді көзі деп санады. Сондықтан ол
"эксперименттік ғылым дерексіз ғылымдардың қожасы" деп атады. Ал математика
басқа ғылымдардың есігін "ашатын кілті" деп санады.
Роджер Бэкон ғылым тарихына табиғатты бақылау және эксперимент арқылы
зерттеудің белсенді күрескері ретінде енді. Ол табиғатты тәжірибе жүзінде
зерттеуге үгіттеп қана қойған жоқ, сондай-ақ өздігінше ғылыми зерттеумен де
айналысты. Ол кейінгі ғылыми зерттеулерге тақырып болған, бір қатар
гипотезалар мен жорамалдар айтты. Ол сондай-ақ кейбір приборлар мен
механизмдерді ойлап тапты. Алайда замандастары оны алхимик деп біледі.
Бірақ ол металдарды алтынға айналдырумен айналысқан жоқ, бір қатар жаңа
химиялық реакцияларды ашты.
Сонымен, Р.Бэконның сіңірген тарихи еңбегі нақты жаңалықтар ашуыңда ғана
емес, негізінен, табиғатты тәжірибе жүзіңде зерттеу принципін табаңды түрде
қорғап, негіздеуінде және оны рационалдық ойлаумен бірлікте қарауында. Міне
сондықтан да оны XV ғасырдағы қайта өрлеу дәуірінің ғылыми-философиялық
идеяларының бастапқы жаршыларының қатарына қосуға болады.
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы мен ғылымының негізгі өкілдері
Н.Кузанский (1401—1464), Н.Коперник (1473-1543), Дж.Бруно (1548-1600),
Г.Галилей (1564-1642) және т.б.
Бұл дәуірде жаңа мөдениет-гуманизм пайда болды. Мысалы, католик
шіркеуінің көрнекті өкілі, Германияның кардиналы Н.Кузанский өзінің
"Знающее незнания" ("Білмеуді білуші"), "06 ученом незнании" ("Білмеудің
оқымыстысы туралы") деген еңбектерінде жаратылыстану ғылымдарын білудің,
рационалдық білімнің пайдасы туралы айтады, адамның дүниетану іс-әрекетіне
теологияның араласпауын талап етеді. Дүниені жаратқан құдай, бірақ дүние
шексіз, материалдық және қарама-қарсылықтар арқылы қозғалады дей отырып,
Кузанский адамды аса жоғары бағалайды. Бірақ құдай адамның барлық өміріне,
табиғат құбылыстарының бөріне іштей қатысады дейді, Қүдай Әлемнің орталығы
және оның шегі. Құдай — бүтін дүние, ал Әлем оның бөлігі. Ақиқат әрдайым
процесс (догма емес), таным процесі, Құдайды танып білуге қарай жүретін
қозғалыс дейді. Сөйтіп, Ол құдай арқылы іске асса да, адамның дүниетану
қабілетінің шексіздігін атап көрсетіп, адамды ақыл-ойының жасампаздығы
жағынан құдайға ұқсатады, құдайды табиғатқа теңей отырып, пантеизмді
жақтайды.
Поляк ғалымы Н.Коперниктің гелиоцентрлік теориясы дүниеге материалистік
көзқарастың айтарлықтай тереңдей түсуіне көмектесті. Әлемнің қозғалмай, бір
орында тұратын орталығы Жер, ал Күн, Ай және жүлдыздар жерді айналып ұшып
жүреді деген Аристотель, Птолемейдің геоцентрлік теориясын, оны солай құдай
жаратқан деп өз пайдасына икемдеп алған діни көзқарастың жалғаңдығын
дәлелдеп берген поляк ғалымы Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымдағы
ірі революциялық төңкеріс болды. Коперниктің гелиоцентрлік ілімі бойынша,
Жер, біріншіден, өз осі арқылы айналып қозғалады, соның нәтижесінде түн мен
күн ауысып отырады, екіншіден, Жер Күнді айнала қозғалады, өйткені Күн
әлемнің орталығы деді. Сөйтіп, Коперник аристотельдік физика мен
космологиялық принципті бұзып, сонымен бірге әлемнің шегі бар деген
түсініктің жалғаңдығын дәлелдеді: Коперниктің теориясы Н.Кузанскийдің Әлем
өлшеуге болмайтын шексіз деген пікірін дәлелдеді.
Қайта өрлеу дәуірінің қажеті тудырған алыптардың бірі итальяндық ғалым
Джордано Бруно Коперниктің гелиоцентрлік теориясын одан әрі тереңде
дамытты. Ол философиялық танымның мақсаты құдай емес, табиғатты танып білу
деп есептеді. Сонымен қатар ол табиғаттың шексіздігін және әлемдік дүниенің
шексіз көптігі жайында идеялар айтты, яғни Коперник айтқандай, Күн дүниенің
орталығы емес екенін, өйткені Күн өзінің планеталарымен бірге шексіз
галактиканың (жұлдыздар дүниесінің) бір бөлігі ғана екенін дәлелдеді.
Бруно сонымен бірге пантеизм идеясын әрі қарай дамытты. Н.Кузанскийдің
құдайды табиғатпен теңестіретін пантеистік теориясын әрі қарай тереңдете
түсіп, ортағасырлық теизм теориясына қарсы дәйекті пантеистік ілім жасады -
оның пантеизмі табиғатгың материалистік ұғымына апаратын теория еді.
Сондықтан да ол езінің ғылыми-пантеистік ілімінен бас тартпағаны үшін
шіркеудің инквизиция сотының құрбаны болып кетті.
Табиғатты эксперименттік тұрғыдан зерттеудің алғашқы әрекеттері XIII—XIV
ғасырларда Париж бен Падуя университеттерінде жасалғанымен, бірақ Оксфорд
университетінің табиғатты тәжірибелік жолмен зерттеуге шақыруының іске
аспағаны сияқты, олар да экспериментті шын мәніңдегі жаратылыстану-ғылыми
әдіске айналдыра алмады. Бұл әдісті қолданудың негізін салған Галилей
болды. Классикалық механиканың негізі болған эксперименттік-теориялық
жаратылыстанудың бастамасын салған Г.Галилейдің ғылыми-философиялық
қызметі, сондай-ақ, Европада философиялық ойдың дамуының жаңа кезеңінің
бастамасы саналатын механистік және метафизикалық материализмнің іргетасын
қалады. Галилейдің сіңірген ерекше еңбегі табиғатты зерттеуге тәжірибелік
экспериментті қолдануында ғана емес, оны математикалық әдіспен біріктіре
қолдануында болды. Осыған байланысты оның "табиғаттың кітабы математика
тілінде жазылған" деген сөздері қанатты сөздерге айналды десе де болады.
Галилей ашқан астрономиялық жаңалықтар, ең алдымен Юпитердің спутнигін
ашуы, Коперниктің гелиоцентрлік теориясының іс жүзіндегі дәлелдемесі болды.
Таным процесінде ол екі тәсілді: анализді (талдауды) және одан кейін
жүретін синтезді (біріктіруді) бірге пайдалану қажет деп тапты. Ақиқат
білім — синтездеу мен анализдеудің, сезімдік пен абстракциялықтың
бірлігінің нәтижесі. Сондықтан табиғатты танып білуде адам тек өзінің ақыл-
ойын ғана басшылыққа алуы тиіс, оған дін араласпауы керек, өйткені ғылымның
объектісі — табиғат пен адам, ал діннің қарастыратыны — "дінге бой ұсыну
және тіл алғыштық", діни адамгершілік нормалары.
Сонымен, қайта өрлеу дәуірінің озат ойшылдарының ғылым үшін сіңірген
басты еңбегі сол, олардың еңбектерінде ғылым табиғатқа қарай, шындық
дүниеге қарай бет бұрды. Қайта өрлеу дәуірінің ғылыми дүние танымы жалпы
алғанда екі негізгі бағытта дамыды: табиғатты эмпириялық жолмен танып білу
және математикалық жаратылыстану жолымен.
XVII—XIX ғасырлар философия мен ғылым тарихында жаңа заман деп те
аталады. Қайта өрлеу дәуірінде басталған феодалдық қоғамның ыдырауы XVII
ғасырда одан әрі терендей түсті. XVI ғасырлардың аяғы мен XVII ғасырдың
басында Нидерландияда буржуазиялық революция болды, ал XVII ғ. орта кезінен
бастап, европалық елдердің ішіндегі өнеркәсібі ең дамыған ел Англияда
революция өріс алды. Бұл революцияларды әзірлеген қолөнерлік еңбектің
мануфактуралық өндіріспен ауысуының нәтижесінде еңбек өнімділігінің тез
өсуі, өндіргіш күштердің артуы т.б. болды. Сөйтіп, жаңа буржуазиялық
қоғамның дамуы тек экономиканы, саясат пен әлеуметтік қатынастарды ғана
өзгертіп қойған жоқ, адамдардың санасын да өзгертті. Қоғамдық сананың
өзгерунің аса маңызды бір факторы ғылым, оның ішінде эксперименттік-
математикалық жаратылыстану болды. Эксперименттік-математикалық
жаратылыстанудың тууы XVI ғасырда қайта өрлеу дәуірінде басталғанымен,
бірақ жаңа ғылым ретінде қалыптасуы XVII ғасырда жүзеге асты.
Жаңа заманда ғылымның дамуы, қоғамдағы басқа әлеуметтік өзгерістер
сияқты, дін мен шіркеудің ықпалын әлсіретті және философияда да жаңа
көзқарас тудырды. Егер орта ғасырда философия дін туралы ілім - теологияның
одақтасы болса, ол енді негізінен ғылымға сүйенетін болды. Сондықтан XVII
ғ. философиясының алдында тұрған проблемаларды түсіну үшін, біріншіден,
жаңа ғылым-эксперименттік-математикалық жаратылыстанудың ерекшелігін және,
екіншіден, осыған байланысты философияда да ғылым жетекші рөл
атқаратындықтан ғылыми таным теориясының проблемалары бірінші орынға ие
болғанын білу керек.
Г.Галилейдің (1564—1642) жарты өмірі қайта өрлеу дәуірінде өтсе, қалған
жартысы жаңа заманда өтіпті. Солай болғаңдықтан оны екі дәуірді
байланыстырушы, яғни қайта ерлеу дәуірін аяқтаушы және жаңа заман ғылымын
бастаушы ретіңдеде бағалауға болады: 1583жылы ол маятниктің тербіліс заңың,
ал 1590 ж. дененің еркін құлау заңын т.б. ашса, қалған жаңалықтарын XVII ғ.
ашты. Ең бастысы, жаңа ғылым — механиканың негіздерін тұжырымдағанда
эксперимент әдісін бірінші болып қолданды және оны математикамен бірлікте
қолданды.
Ол өзінің жаңа әдісінің табиғатты зерттеудегі артықшылығын антик заманы
мен Орта ғасыр ғылымында кең тараған аристотельдік физиканың ең жетік
қозғалыс шеңбер бойымен қозғалу деген, ал қозғалыстың өзі ұдайы сыртқы
күштің әсерін қажет етеді деген түсініктерінің дұрыс еместігін көрсету
арқылы дәлелдеді. Алғаш қарағанда, шынында да, егер сыртқы күш әсер етпесе,
онда қозғалыс бірден тоқтап қалатын сияқты көрінеді. Алайда, бұл түсінік
дұрыс емес екенін Галилей дәлелдеп көрсетті. Бұл үшін ол қозғалысты ойша
қиялдап: егер үйкеліс күшін азайтса, онда қозғалушы дененің жүретін жолы
ұзағырақ болатыны, ал ауаның кедергісі азайса, онда ол жол одан да ұзара
түсетінін шын эскперимент көрсетті. Ал енді дененің қозғалысына сыртқы
күштердің ешқайсысы әсер етпеді деп ойша елестетсек, онда ол дене түзу
сызық бойымен шексіз ұзақ қозғалар еді деп ойша елестетуге болады. Ешқандай
сыртқы күш әсер етпеген жағдайдағы дененің бір келкі түзу қозғалу қасиеті
инерция деп аталды. Әрине мұңдай қасиетті ешқандай шын экспериментте көру
мүмкін емес. Сондықтан ол дерексіз (идеалданған), бірақ шындықта бар
қозғалысты дұрысырақ түсінуге көмектесетін ұғым болып табылады. Абстракция
және дерексіздендіру нақты шындықтан өзгеше екенін, сондықтан бір қатар
жағдайларда олардан бас тартуға болатынын Галилей әрине жақсы түсінді.
Жаратылыстануда Галилей негізін салған жаңа дәстүрдің маңызы сол, ол
эксперименттік әдісті жүйелі түрде қолданып қана қойған жоқ, сондай-ақ ойша
модельдер құру үшін абстракциялау мен дерексіздендіру әдістерін кеңінен
пайдаланды. Құбылыстар мен процестердің математикалық сипаттамасы дәл
сондай модельдер жасауға мүмкіңдік береді. Оларды жасаудың аса маңызды
құралы — ойша эксперимент жасау. Галилейден кейін ойша экспериментті
И.Ньютон, ал одан соң А.Эйнштейн кеңінен қолданды.
Эксперимент жүргізудің бақылаудан артықшылығы сол, эксперимент тәжірибе
жүргізудің жағдайларын дәл анықтап, оның нәтижесіне шешуші әсер ететін
маңызды факторларды белгілеп береді. Осының арқасында эксперименттің
барысып қадағалауға, сөйтіп нәтижелердің дәлірек болуына мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде жаңа идеялар мен теориялар алдымен ғылым шеңберінде туады
және тексерістен өтеді, тек содан кейін ғана өңдірістік практикада
қолданылады. Термодинамиканың және электр магнетизмінің теориялары мен
әдістері, атом қуатының жаңалықтары т.б. алдымен лабораториялардың ішінде
жасалды да тек содан кейін ғана өнеркәсіпте және басқа халық шаруашылығы
салаларында қолданылды.
Ғылым әрі қарай дамыған сайын қоғамның өндіргіш күштерін дамытудың мықты
факторына айналуда және ол жаңалықтардың өндіргіш күштерге айналу мерзімі
барған сайын қысқаруда. Математикалық (сандық) модельдерді пайдалану тек
жаратылыстану және техникалық ғылымдарда ғана етек алып отырған жоқ, олар
сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдарда да
қолданылуда.
Жаратылыстану мен математикада XVII ғ. жаңалықтардың ашылуы ғалымдардың
назарын табиғат құбылыстарын зерттеудің әдіс-тәсілдерін талдауға аударды.
Бұл проблемамен тек жаратылыс зерттеушілер ғана емес, философтар да
айналыса бастады. Сондай философтардың бірі Френсис Бэкон (1561-1626)
болды.
Қайта өрлеу дәуірінің өзінде-ақ ортағасырылық схоластикалық дүниетану
теориясы қатаң сынға алынған еді. Бұл сын XVII ғ. одан әрі күшеймесе,
әлсіреген жоқ. Ол сын орта ғасырларда басталған екі философиялық бағыт-
номинализм мен реализм арасыңдағы күрестің жалғасы ретінде эмпиризм мен
рационализм деген екі гносеологиялық әдістің арасында күрес XVII ғасырда
әрі қарай жалғасты. Ф.Бэкон философия мен логика тарихына эмпиризм әдісінің
негізін салушы ретінде енді.
Өз кезіндегі басқа ойшылдар сияқты Бэкон да философияның міндеті ғылыми
танымның жаңа әдісін жасау деп санап, ғылымның пәні мен мақсаты табиғатты
танып білу арқылы адамзатқа пайда келтіру деп санады. Барлық ғылымдардың
жалпы міндеті - адамның табиғатқа үстемдігін арттыру деді. Оның пікірінше,
ғылым өз жаңалықтарын кітаптардан іздемей, даладағы егістіктен,
шеберханадан, завод-фабрикалардың цехтарынан, қысқасы, табиғаттың өзінен
іздеуі тиіс. Практикалық пайда келтірмейтін ғылым керексіз әурешілік. Ал
табиғатты танып біліл, оны адамға қызмет жасаттыру үшін ғылыми зерттеу жеке
фактілерден жалпы қорытынды шығарумен айналысуы қажет. Мұңдай әдісті ол
индукциялық әдіс деп атады.
Антик заманы мен Орта ғасыр ғылымы Аристотель негізін қалаған дедукциялық
әдіске қана сүйенді. Ол әдіс бойынша, ақиқаттығы айқын жалпы пікірлерден
(аксиомалардан, қағидалардан) жекеше қорытынды шығару ғана ақиқат білім
береді деп есептелді, ал бұл әдіс, Бэконның пікірінше, табиғатты зерттеуге
жарамайды, өйткені кез келген таным, кез келген зерттеу тәжірибеге
негізделуі тиіс.
Иңдукциялық ойқорытындыны Аристотель де білді, бірақ ол оған онша
танымдық мән бермеді Бэкон сияқты. Дүниетанудың бірден-бір сенімді жолы
дедукциялық әдіс, өйткені ол жеке-дара нәрселер мен құбылыстардың бәріне
қатысы бар жалпы қағидаларға сүйенеді, ал индукция тек ықтимал ғана
қорытынды береді деп дәлелдеді. Кезінде Аристотельдің шәкірттері оның
логикалық ілімдерінің бәрін жинақтап, "Органон"("дүниетанудың" құралы деген
мағынада) жарыққа шығарған еді. Дедукциялық әдіске қарсы Ф.Бэкон "Жаңа
органон" деген атпен өзінің индукциялық әдісінің танымдық маңызын ашып
көрсетті.
Индукциялық ойқорытындының ең қарапайым түрі толымды индукция деп
аталады. Толымды индукцияда жалпы ұқсас белгілері бар зерттелуші
нәрселердің бәрі толық атап көрсетілуі тиіс, егер ол мүмкін болса.
Сондықтан бұл индукцияның қорытындысы, барлық жеке жағдайларды тізіп
көрсетудің нәтижесі болғандықтан, ақиқат болуы тиіс — бұл жағынан ол
дедукциялық қорытыңдыға ұқсас болып табылады. Бірақ ойлаудың, пайымдаудың
сипаты жағынан ол индукцияға жатады, өйткені ойқорытынды жеке, дара
фактілерді тізіп көрсетуден жалпы қорытыңдыға қарай жүреді.
Индукцияның ең көп тараған түрі толымсыз индукция деп аталады.
Индукцияның бұлай аталу себебі, біріншіден, зерттелуші заттар мен
құбылыстар тобының шексіз көптігіне байланысты олардың бәрін атап
көрсетудің мүмкін еместігінен болса, екіншіден, олардың бәрін келтіріп
жатудың қажетсіздігіне байланысты. Зерттелуші құбылыстардың белгілі бір
тобының ұқсас қасиеттері бар екендігін атап көрсету арқылы ол құбылыстардың
қалған бөлігіне де сол қасиеттер тән екендігі туралы қорытынды жасалады.
Бірақ мұндай қорытындысының сөзсіз ақиқаттығына толық сенуге болмайды,
өйткені қарастырылып отырған құбылыстардың зерттелмеген бөлігінің ішінде
қорытындыға қайшы келетін фактінің жоқ екендігіне ешкім кепілдік бере
алмайды. Мұның мысалы ретінде логика, философия оқулықтарында жиі
келтірілетін "Аққудың бәрі ақ түсті" деген индукциялық қорытындындының
Австралия материгі ашылғаннан кейін жалған болып шыққанын алсақ та
болады. Бұдан басқа да мысалдар аз емес. Демек, индукциялық қорытынды
дедукцияға қарағанда белгілі бір шамада ықтимал ақиқат болады. Мұның
объективтік себебін жоғарыда келтірдік. Сонымен бірге оның танымдық-
логикалық себебі де бар: дедукциялық ойқорытындының алғышарттары мен
қорытындысының арасындағы байланыс логикалық қажеттілік сипатта болса, ал
иңдукциялық ойқорытындыдағы ол байланыс ықпалдылық сипатта ғана болады.
Басқаша айтқанда, индукциялық ойқорытындының алғышарттары қорытындының
ақиқаттығын толық емес, белгілі бір шамада ғана қуаттайды. Бұл
ықтималдықтың деңгейін арттыру үшін Ф.Бэкон индукциялық қорытындыны
қуаттайтын жеке жағдайлардың ұқсастығымен қатар айырмашылықтарын, ұқсас
емес жақтарын да ескеру қажеттігін атап көрсетті. Осы мақсатпен ол ұқсастық
пен айырмашылық таблицасын жасап, индукциялық жалпылаудың тәсілдерін
жетілдірді; ол таблицаны зерттелетін құбылыстардың формасы деп атады.
XIX ғасырда ағылшындық логик Джон Стюарт Милль Бэконның ол формаларын
себептер деп атап, индукциялық ойқорытындының себептерді ашып көрсететін
бес әдісін тұжырымдады: ұқсастық әдісі, айырмашылық әдісі, ұқсастық пен
айырмашылықтың біріккен әдісі, бірге жүретін өзгерістер әдісі және
қалдықтар әдісі. Бұл әдістердің көмегімен жаратылыс зерттеушілер табиғаттың
кейбір заңдылықтарын ашты. Бірақ Ф.Бэкон мен Дж.С.Милль өздері тұжырымдаған
индукциялық ойқорытындының әдістерін асыра бағалап жіберді, өйткені Бэкон
мен Милльдің индукциялық әдістерінің көмегімен зерттелуші құбылыстардың ең
қарапайым эмпириялық зандарын ғана ашуға болатын еді.
Сол кездің өзінде-ақ Галилей, Кеплер сияқты т.б. табиғат зерттеушілер
дедукциялық және математикалық әдістерді қолданып зерттеуге болатын
гипотезалар мен теориялық модельдерді кеңінен қолдана бастады. Сондықтан
Ф.Бэконның индукциялық әдісінің ең басты кемшілігі табиғатты зерттеуде
дедукция мен математиканың рөлін жете бағаламағаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның шығу тегі туралы концепциялар
Адам - дене мен жанның бірлігі
Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде
Қазақ философиясы қалыптасуы
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
«Әлемдік әлеуметтану»
Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастаулары
Әлеуметтанудың даму тарихы
Психологияның даму тарихы туралы
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Пәндер