Жаңғақ жеген жан суықтамайды



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жаңғақ жеген жан суықтамайды
Қазан айының соңына қарай пісіп-жетіле бастайтын жемістің бірі –
грек жаңғағы. Тұқымы Грекиядан әкелінгендіктен осылай аталып кеткен
жаңғақтың денсаулыққа пайдасы мол екенін білесіз бе?
Мысалы, кептіріліп, ұнтақталған жаңғақ дәнінің бір қасығын жарты литр
суға салып, 1-2 минут қайнатып, бір тәулік тұндырып, күніне 30 грамнан үш
рет үзіліссіз 2-3 ай ішіп жүрген адам қант диабетінен айығатын көрінеді.
Жаңғақ бүйректі қуаттандырып, өкпені тазалап, ішекті дымқылдандырады және
дене әлсіздігіне, бел сыздап ауырғанда, бас айналып, құлақ шыңылдағанда
да пайдалы. Ол үшін жаңғақ дәнінен 600 грамм, қара бұршақтан 300 грамм
талқандап, балға араластырып, күніне 2 реттен ішеді.
Қазіргідей күн суыта бастаған кезде балалардың тамағы жыбырлап,
жөтелетіні бар. Осындайда жаңғақтан дәрі жасап жіберсеңіз жақсы. 500
грамм ұнтақталған грек жаңғағының дәні мен 300 грамм бал, 100 грамм алоэ
және 4 лимонның шырынын сығу керек. Осыларды жақсылап араластырып, күніне
үш рет тамақтан жарты сағат бұрын балаға шай қасықпен беріп тұрсаңыз
жөтелді қуады, бронхиттің бетін қайтарады. Сонымен қоса ағзаны жаулаған
суықтан да арылады.
Негізі жаңғақ дәнінің құрамында 55-77% май, 18-21% белок, 5-6%
көмірсутегі, В1 витамині мен А провитамині бар. Одан бөлек 1500-1200
микрограмм С витамині болады. Жаңғақтың суықтаудан болатын кеселдерді
келмеске қуатыны осы витаминдерінің арқасында.
Жаңғақ ми қызметін күшейтетін қасиетке ие. Күнде таңертең ашқарынға 1-2
дана жаңғақ жеп жүрген адам алғыр, зейінді болады деседі. Грек жаңғағының
майын қабынуға қарсы, атеросклероз бен жүректің ишемиялық ауруларына,
тіпті қатерлі ісікке қарсы қолдануға болады. Ағзаны қалпына келтіруден
алдына жан салмайтын бұл майды көптеген операциялар мен дерттерден
кейін қолданса, тіпті керемет. Терідегі алуан түрлі жара, күйік,
тартылып, қабықтанбай жүрген үлкен жаралар мен терінің жарылуы кезінде де
жаңғақты езіп, майын жағуға болады. Ал ұнтақталған дәнін балмен теңдей
мөлшерде араластырып, күніне 3-4 рет, 25-30 грамнан жеп жүрсе балалардың
иммунитетін көтеріп, күш-қуат береді. Ол жүкті әйелдерге, қаны аз
адамдарға да өте пайдалы. Бұл қоспаны гипертония, анемия, атеросклероз,
бауыр, бүйрек, асқазан, жүрек-қан тамырлары ауруларына, сондай-ақ еңбек
пен ақыл-ой қабілетін арттыруға да қолдануға болады.
Негізі жаңғақтың өзі ғана емес, жапырағы, жас тамыры, тіпті дән арасын
бөліп тұрған жұқа қабырғасы да денсаулықты түзеуде таптырмас тұнба бола
алады. Дегенмен осының бәрі де балмен араластырып жегенге жетпейді.
Ендеше жаңғақ жеп жүріңіз...

Грек жаңғағының тұқымы
Грек жаңғағы′ (лат. Júglans régia) — жаңғақ тұқымдасына жатады.

Мінездеме

Жаңғақ ағашытың жемістері

Грек жаңғақтың бұтақпен жапырақтар
Ағаштың орташа биіктігі—25—30 метрге дейін жетеді. Максималды — 50 метр
болу мүмкін. Ұшар басының диаметрі 1,5—2 метрлік үлкен шар тәрізді
дөңгелектеніп келеді. Грек жаңғағы 200—300 жылға дейін өмір сүреді. Бұл
жаңғақтың отаны — кейбір авторлардың дерегіне сүйенсек, Кіші Азия, оның
ішінде — Иран. Осы жерден ол Грекия, Италия және Батыс Еуропа елдеріне
таралған. Грек жаңғағын диқаншылықпен айналысатын халықтар жоғары
бағалаған. Біздің елге (әсіресе Орта Азия, Күнгей Кавказда көп) бұрын осы
жаңғақ тұқымдары Грекиядан әкелінетін де, оның аты содан қалыптасқан. Түйе
жаңғағы волох елдерінің (румын, молдаван) құрметіне волош деп те аталған.
Ал қазақ жерінде де бұл жаңғақтық ана тілімізде түйе жаңғақ деген аты бар.
Демек, біздің Республикада да ол кең тарап, шаруашылығымыз бен тұрмыс-
салтымызға молынан енген өсімдік түрі болып табылады. Республикамыздағы
Піскем және Өгем өзендерінің жағаларында, Дарваз, Гиссар және Қара теңіз
(Памир — Алтайда) жоталарының баурайларынан бастап, 900—2000 м биіктікке
дейін осы жаңғақтық 2 түрі өседі. Грек жаңғағы 10 жылдан кейін мол өнім
бере бастайды. Жаңғағының сыртқы түрі — шар тәрізді. Түрі мен диаметрі бір
ағаттық өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына байланысты
қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни ыртқы
қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның қатты қауыз
жапқан ішкі дәні төртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ сақтау
үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт
қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай
алынады, содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек.
Ұнтақталған, кесілген және майдалап үгітілген грек жаңғағының піскен
жемістерін алма, қант қызылшашы және балдыр көкке (сельдерей) қосып, түрлі
салат жасайды. Сондай-ақ оны ерік қосылған қышқылтым сорпаға, жұмыртқа
қосылған әр түрлі сұйық асқа және баклажан, жаңғақ тұздығы (соусы) мен
пудингке (ұн немесе күрішке жұмыртқа, сүт, жұзім т.б. раластырып жасалған
тағам) үстемелен қос ады. Жайғақты шикі күйінде де жеуге болады. Қаймақ,
тосап 'жасарда қолданылатын май алынады. Конфет, торт, печенье, халва,
начинка, кондитер өнімінің басқа түрлерін даярлауда пайдаланылады.
Кавказдықтар бал қосып гозинаки, шабдалымен араластырып, алманы жұзім
шырыны сіңген жіпке тізіп, чурчхелы деген дәмді тағам жасайды. Грек жаңғағы
ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жаңғақ тұқымдастардан асып түседі,
бұл орайда ол бидай нанынан 3 есе, сиыр сүттен 10 есе асып, сары майға
жақындайды. Халықтық медиңинада грек аңғағының діңінен, жапырағы мен тамыр
қабықтарынан алынған шырын (сөл), майы емдік-диеталық мақсатта
пайдаланылады. Мысалы, рахит, сары аурулармен ауырған балаларды оның
жапырақ, жаңғақтарының қайнатылдысымен емдейді. Тұнбасына дәке батырып,
жараның бетіне басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты
жағады. Асқазан-ішек ауруларын емдейді. Грек жаңғағын тағамға қосып,
медиңинада пайдаланумен бірге, оның шаруашылықтық та маңызы зор. Жапырағы
мен ядросы хош иісті эфир майына, А, В, Р витаминдеріне және каротин,
белоктік заттарға бай, ядро ұясы аскарбин қышқылын (С витамин) бөледі.[1]

Жалпы түрі Қабығы Бүршіктері


Аталық гүл Аналық гүл Піспеген жемісПіскен жеміс

Күтім және өсіру

Ағаш жылы жерде өседі тек-ғана -25 — -30 градус көтере алмайды. Грек
жаңғағы — ол күннің жарықты жақсы көреді. Осы ағаш күн жаққа жерге егеді.
Грек жаңғағы су жақсы көреді, бірақ су ақрын құяды. Мамыр айында гүлдейді,
ал қыркүйекте жеміс піседі.

Орта Азия - грек жаңғағы мен кәдімгі пістенің шығу орталығы болып табылады.
Орта Азияның жаңғақты ормандарын дүниежүзілік маңызы бар інжу-маржан деп
атауға болады. Олар Батыс Тянь-Шань, Памир-Алтай және Копетдаг жоталарының
беткейлерінде тарала отырып, беткейлерді судың шайып және жуып кетуінен
қорғап, іргелес жатқан аумақтардың микроклиматын жақсартуға ықпал етеді.
Оңтүстік Қазақстанда - таралу аймағының солтүстік шекарасында орналасқан
жаңғақжемісті ағаш тұқымдастары суыққа төзімді формаларын бөлу үшін бағалы
гендік қор болып қана қоймай, осы аймақта бұл түрлерді сақтау орманның
биологиялық қауымдастығын байытады.
Грек жаңғағы мен кәдімгі пістені пайдалану әр уақытта алуан түрлі кешенді
болған. Бір жағынан бұл Орта Азия тауларында басты орман құраушы
тұқымдастар, бағалы сүректің, жаңғақ ағашының безін (кап) алудың көздері,
ал, кәдімгі пістеден жоғары сапалы ағаш көмірін және ағаш отынын алуға
болады. Екінші жағынан, бұл дүниежүзілік әйгілі орны бар -жаңғақ жемісін
беретін өте бағалы жаңғақ жемісті ағаш тұқымдастары болып табылады.
Грек жаңғағының латынша атауын Ханымдық жаңғақ деп аударуға болады.
Шындығында оның тамаша жемісі - жаңғағының өзін айтпағанда, бұл құдыретті,
сән-салтанатты, әдемі сымбатты ағаш. Оңтүстік Қырғызстандағы дүние
жүзіндегі жалғыз бірегей табиғи жаңғақжемісті орман алқабы оның Орта
Азиядан шыққандығының көрнекті айғағы болады. Ал, Орта Азияның басқа
республикаларында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған түрде әр
жерде топ-топ болып өседі.
Грек жаңғағын - комбинат ағаш деуге болады. Ерте замандардан адам оның
жемістерін, сүрегін, діңі мен тамырының қабықтарын, жапырағын, діңіндегі
безін (кап) пайдаланып келеді. Жалпы тағамдық жеміс өнімдердің арасында
жаңғақтың дәні құнарлылығы мен қоректілігі бойынша жетекші орындардың бірін
алады.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Бақшелпек
орманшылығындағы солтүстік беткейлер мен Өгем өзенінің жайылмасында табиғи
түрде өсетін Қазақстандағы жалғыз грек жаңғақты тау ормандарының құндылығы
өте үлкен. Мұнда жасы 90-нан 150 жылға дейін, ағаштардың орташа биіктігі 14-
тен 21 метрге дейін, ал орташа диаметрлері 32 см-ден 52 см-ге дейінгі
жаңғақ ағаштары кездеседі.
Бұл табиғи алқаптардағы жаңғақ жемістерінің құрылымы, қабығының мөлшері,
қалыңцығы және оның түсі, дәнінің шығымының пайызы бойынша қатты өзгереді.
Мұнда шаруашылық жағынан өте бағалы, жұқа қабықты және дәнінің шығымы 45
пайыздан жоғары жаңғақтың формалары кездеседі.
В.И. Мичурин грек жаңғағын болашақтың наны деп әділдікпен атаған. Грек
жаңғағы дәнінің құрамы мен олардың құнарлылығын салыстырмалы талдау
жасағанда орта есеппен 17% - ақуыз, майлар - 54% көмірсулар 16%,
құнарлылығы 1кг-ға 8500 ккал болса, тиісінше сиыр сүтінде 3,4; 3,7; 4,6; %
және 670 ккал, бидай нанында: 8,1; 0,9; 47 % және 2340 ккал болып отыр.
Сонымен қатар жаңғақ дәнінде В, В1, С дәрумендері, амин қышқылдары, тері
илейтін бояу заттары, пектиндік және хош исті заттар, пентозандар мен
ферменттер бар. Орташа майлылығы 60% және дәнінің шығымы 45% болғанда, 100
кг жаңғақтан алынатын 27 кг жаңғақ азықтық майынан басқа, жоғары сапалы
бояуларды, лактарды, баспаханалық сияларды, тушьтарды, сабынның жақсы
сорттарын дайындауда, ал халықтық медицинада ішек құртын түсіретін дәрі
ретінде диабетте, несеп-жыныстық, көз, асқазан, ауруларында қолданылады.
Одан өте құнды - қызғылт түсті, хош иісті, қазтамақты, шегіргүлді және
басқа эфир майлары алынады. Микроскопта иммерсиялық майларды алмастырушы
ретінде пайдаланылады. Жемісінің қабығы көмірдің белсенді жоғарғы
сорттарын, тегістейтін және егеулейтін тастарды, линолеумді, динамитті,
тыңайтқыштарды дайындау үшін пайдаланылады. Майын сығудан алынатын жаңғақ
күнжарасы халуа дайындауға тамаша шикізат болып табылады әрі құс пен малдың
азығына жарайды.
Жаңғақ жемісінің сүттей пісе бастаған кезеңінде тек жоғары дәруменді
итмұрындарға ғана жол бере отырып, лимондар, апельсиндер, мандариндермен
салыстырғанда С дәрумені 40-50 есе көп болады. Сондықтан пісіп жетілмеген
жемістері шараптарды дәрумендендіру үшін, жоғары дәруменді тосаптар және
басқа да дәрумендердің концентраттарын дайындауға пайдаланылады.
Құрамында 4-5% С, В1 және Р, А дәрумендері, 3-4% тері илейтін заттар,
каротин, юглон, гиперзия, инулин, инозит, минералдық тұздар бар жасыл
жапырақтарының бағалылығы да аз емес.
Шығыс елдері соңғы жылдары тағам рационында кәдімгі пістенің жемістерін
пайдалануға маңызды көңіл аударып келеді. Атап айтқанда, көрші Орта және
Таяу Шығыс елдерінде (Иран, Түркия т.б.) кәдімгі пістенің жемістері
дүниежүзілік нарықта экспортқа шығарылатын негізгі өнімдері болып табылады.
Шындығында пісте жаңғақтары деп аталатын пістенің жемістері өте бағалы
тағамдық өнімдер болып табылады. Онда орташа есеппен алғанда 60%-ке дейін
тағамдық май, 20% ақуыз, 3-8% қант және көптеген мөлшерде микроэлементтер
бар және құнарлылығы жағынан қанттан, крахмалдан, майдан екі есе асып
түседі.
Зәйтүн майының сапасынан кем емес, пісте майының сүйкімді дәмі бар. Ол
азықтық тағам дайындауда және медицинада да қолданылады. Кәдімгі пісте тері
илейтін заттарды, танидтер алу үшін шикізат көзі болып табылады. Сондықтан
бұл ағаш тұқымдасын да грек жаңғағы сияқты комбинат, көп салалы өнімдер
беретін ағаш деп атайды.
Әбу Әли Ибн Сина пістеге дәрілік зат ретінде үлкен маңыз берген.
Пісте бауыр, асқазан және сыртқы жараларды емдеуге ұсынылған, ас қорытуды
жақсартады. Ұшақ құрылысында металмен қапталған беттердің сыртын қаптауда
таптырмайтын, бағалы лактар өндірісі үшін пайдалануға болатын пісте
шайырының зор маңызы ертеден белгілі.
Әрине, кәдімгі пістеге, оның биологиясының, морфологиясының,
фитоценологиясының, географиясының ерекшеліктеріне, сол сияқты табиғи пісте
ормандарында ұтымды шаруашылық жүргізу мәселелеріне көптеген жарияланымдар
арналған. Оның ішінде В.И. Запрягаеваның, К.П. Поповтың, С.М. Аблаевтың,
Г.М. Чернованың жұмыстары бар. Кәдімгі пісте Қазақстанның Қызыл Кітабына
енгізілген, оның табиғи алқаптары тек Оңтүстік Қазақстанның Боралдай,
Машаттау, Дәубаба жоталарында сирек және кездейсоқ түрде кездеседі.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Г.М Чернованың
басшылығымен біздің ұлттық парк аумағының Көкбұлақ шатқалындағы өсіп тұрған
кәдімгі пісте ағаштарының су режимі, өсу мен даму ерекшеліктері жөнінде
зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда ұлттық парк аумағында кәдімгі
пістенің аз көлемдегі контейнерде өсірілген жабық тамырлы көшеттерімен
өсіру технологиясын енгізу қолға алынды. Пісте дақылдары егілген алаңдардың
көлемін ұлғайту, олар өнім бере бастағаннан соң, оның бағалы гендік қорын
байытуға жол ашады. Жалпы Қазақстанның оңтүстігінде, біздің табиғи ұлттық
парктің аумағында жаңғақ шаруашылығын дамыту бұл аймақтың орман
қауымдастығын байытуда, экологиясын жақсартуда өте маңызды болады.
 

Жаңғақ жемісінің шипасы

Жаныңды жасартып, тәніңді сауықтырады Той дастарханында, қонақ шақырғанда
жеміс-жидек, тәттілермен бірге неше түрлі жаңғақтарды да үстелге қояды.
Алайда, жаңғақты күнделікті тағаммен қоса жеп, пайдаланса, оның шипалық
қасиеті мол. Ендігі әңгіме сол жөнінде.
Жаңғақтың жалпы
сипаты
Жаңғақ (Jyglans) - жаңғақ тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш.
Кейбір мәліметтер бойынша дүние жүзінде жаңғақтың қырыққа жуық түрі бар.
Қазақстанда жаңғақтың екі түрі кездеседі.Олар: грек жаңғағы және қара
жаңғақ. Жаңғақтың жабайы түрлері Орталық Азияда, Қытайда, Жапонияда өседі.
Ағаштары өте биік (20-30 метр), дінінің жуандығы 1,5-2 метр.
Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі – дәні. Грек жаңғағы ағашының
сүресі жиһаз дайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы медицинада, парфюмерияда
пайдаланылады.
Жаңғақтың кең тараған түрлері
Бұлар Арахис: грек жаңғағы (волош. түйе жаңғағы); Маньчжур жаңғағы; Физалис
жаңғағы, Жебіршөп жаңғағы; Базельник жаңғағы; Талшын жаңғағы; Кешью
жаңғағы; Самырсын жаңғағы; Орман жаңғағы; Бадам; Пісте; Су жаңғағы.
Арахис. Ол жер жаңғағы, қытай жаңғағы деген де атауға ие. Бұршақ тұқымдас
бір жылдық өсімдік. Шыққан жері Бразилия саналады. ТМД елдерінде Орталық
Азияда, Закавказьеде, Украинада, Молдавияда, Краснодар өлкесінде өсіріледі.
Қазақстанның оңтүстік өңі-рінде мәдени өсімдік ретінде қолдан өсіріліп
келеді.
Жаңғағының биіктігі – 25-40 сантиметр, жапырағының ұзындығы – 3-11
сантиметр, сырты түкті, гүлінің түсі сары. Жемісін шикілей де, пісілей де
түрлі тағам дайындауға қолданады. Дәні ақшыл, қа-бығы қызыл қоңыр. Қуырып
барып аршиды. Қуырылған арахисты пирожный, балмұз-дақ дайындауда да
пайдаланады. Құрамында май, белок, органикалық қышқылдар, глицирин,
сапонин, глюкоза, Е дәрумені бар. Медицинада арахис майын бадам майымен
бірдей пайдаланып жүр.
Бадам (миндаль). Раушан гүлділер тұқымдасынан. Биіктігі 4-8, кейде 10-12
метрге жетеді. Оны ағаш деп те, бұта өсімдігі деп те жатады. Дүние жүзінде
оның белгілі 40 түрі бар. Қырымда, Закавказьеде, Молдавияда, Орта Азияда –
16, Қазақстанда – 5 түрі өсіріледі. Олар: шегіршін жапырақты бадам
(қатынжаңғақ), бадамша тікенекті бадам, ит-бадам (Петуников бадамы),
далалық бадам (ешкі сабақ), Ледебур бадамы, кәдімгі бадам, қысқа сабақты
бадам. Қабығынан арылту үшін қауызынан тазар-тылған дәнді қайнаған суға 1
минут салып, қабығын сыдырады.
Дәмді бадамды шикі күйінде десерт ретінде, қуырып та жейді. Оны тұздық,
печенье, пирожный, марципан (бадам қамырынан пісірілетін тәтті нан), тағы
да басқа тағамды пісіргенде қосады. Бадам ядросының құрамында май 60 (50-
60), белок 16,5 – 35 пайыз мөлшерінде және де көмірсутегі (крахмал, қант,
клетчатка) минералды заттар, эмульсия бар. Эмульсиядан синиль қышқылы,
бадам сүті алынып, бадам майы медицинада, парфюмерияда қолданылады. Бадам
майы құрғамайды. Бадам сүтінен оршад – ерекше емдік сусын әзірлейді.
Кәдімгі бадам. Қазақстан тауларының оңтүстік беткей-інде 800-1600 метрге
дейінгі биікте (Алтай, Тянь-Шань), Ертіс бойында өсетіні белгі-лі. Қолдан
отырғызған сорт-тарының тұқымы дәмді болады. Майы мен күнжарасын тағамға,
жемісінің қауашағын отқа жағып, күлінен сабын жасайтын сахар дайындайды.
Базельник жаңғағы. Ерін-ді гүлділер тұқымдасынан. Жар тылай бұта өсімдігі
болып есеп теледі. Биіктігі 70-100 сантиметрдей. Қазақстанның оңтү-стігінде
жабайы түрі кездеседі. Жемісі төрт жаңғақты,дөңгелек, қара қоңыр түсті.
Гүлінде, жапырағында, сабақтарында эфир майы бар, медицинада базельниктен
жасалған дәрімен тіс ауруын емдейді.
Грек жаңғағы. Жаңғақ тұқымдас. Биіктігі 20-30 метр. Ол 200-300 жылға дейін
өседі. Отаны – Кіші Азия, оның ішінде – Иран. Бұрын жаңғақ тұқымы Грециядан
әкелінгендіктен, ол грек жаңғағы деп аталып кеткен. 12 сағат тұзды суға
салып қойса, қауызы оңай алынады. Дәнінің құрамында 55-77 пайыз май, 18-21
пайыз белок, 5-6 пайыз көмірсутегі, В1 дәрумені, А провитамині бар. Піскен
дәнінде 30-85 мг, толығымен піспеген дәндерінде 1500-1200мг, кейде 3000 мг-
ға дейін С дәрумені болады. Дәнін тағамда пайдаланып, жемісінен жаңғақ майы
алынады.
Грек жаңғағының сорттары жетеу: ірі жемісті, өндірістік маңызы жоқ; жұқа
қабықты – дәні майлы, өнімі аз; сал быраған сырға тәрізді - өнімі мол;
бадам сияқты; кеш гүлдейтін; қатты қабықты - дәні қабығынан өте нәшар
ажыратылады; шырышты. Шырышты сорт шырышты сүректерімен бағалы, одан
көркем, құнды бұйымдар жасайды.
Жатаған самырсын жаң ғағы. Қылқан жапырақтылар тұқымдасынан. Бір жерде
бірнешеуі өсетін жемісі бүрлі. Құрамында жоғары сапалы, бағалы май
болғандықтан, жатаған самырсын жаңғағы құнды саналады. Қылқанын жинап,
қайнатып, тұнбасын сусын ретінде пайдаланып келеді.
Жебіршөп жаңғағы (тас
шөп). Ерінді гүлділер тұқым-дасына жатады. Жартылай бұта ағаш өсімдігі
саналады. Әзірге оның 35 түрі белгілі. Көбі Қазақстанда.
Жебіршөптің жаңғағы – бағалы дәрілік өсімдік. Гүлі мен бірге шөбі де
пайдаланылады. Құрамында эфир майы, шырыш, ащы заттар, пигмент, шайыр,
минералдық тұз бен органикалық қышқылдар бар. Медицинада одан жүйке
қабынуын, радикулитті емдей-тін дәрі-дәрмек жасайды.
Майда жаңғақ (фундук, орман жаңғағының бір түрі). Жемісі жаңғағынан ірі.
Шикілей және қуырып жейді. Үй кулинариясында да қолданылады.
Орман жаңғағы (лещина). Қайың тұқымдас. Жаңғақ тұқымының 72 пайызы тез
кебетін түссіз май, оның құрамында белок, қант, А, В, Е дәрумендері бар.
Халуа, торт, печенье, вафли жасауға оның майын пайдаланады.
Пісте (фисташка). Анакардия тұқымдасына жатады. Құрамында 61 пайыз май, 24
пайызға дейін белок, 2,5-4 пайыз қант, 3-4 пайыз клетчатка, 3 пайыз күл
кездеседі.
Су жаңғағы (чилим). Суда өседі, бір жылдық өсімдік.
Талшын жаңғағы (каштан). Оны тағамға жасаң күйінде қолданады.
Физалис жаңғағы. Жапы-рағы жүрек пішіндес. Бүлдірген дәмдес, хош иісті
жемісін жасаң түрінде пайдаланады.
Жаңғақтың ем болатын
сырқаты
* Қаназдықта, әлсіздікте, жүрек-қан тамырлары жүйе-сінің көптеген
ауруларында, бауыр мен өт қабынғанда, қант диабетінде, тері ауруында,
теміреткіде, қан – жел ауруында, дәрумендер аздығында.
Бұл сырқаттарды емдеуге грек жаңғағының дәнін жеуге кеңес берілуінің
себебі, оның құрамында темір мен басқа да микроэлементтер көп.
* Зат алмасуды жақсарту үшін және дәрумендер жетіспе-генде жаңғақ ағашының
тұнба-сы мен қайнатпасын ішеді.
Жаңғақ ағашының жапыра-қтарын маусым айында жинап алып күнге кептіреді де
қайнатып тұнба жасайды, май алады.
* Ағзаның әлсіздігінде, ми-дың атеросклерозында, мешел ауруында, асқазан
мен ішектің қабынуында, зат алмасудың бұзылуынан тері ауруларында оған
қарсы (созылмалы экзема, буын ісігі) жаңғақтың тұнбасы пайдалы.
* Баспа және қызыл иек болғанда жаңғақ ағашының тұнбасымен тамақты, ауызды
шаяды.
Тұнбаны дайындау: 1 ас қасық ұсақталған құрғақ жапырақты немесе жасыл
қабықшаны 1 стақан қайнаған суға салып, 15-20 минут баяу қайнатады, сосын
сүзгіден өткізеді, суытады. Күніне 3-4 рет оны ас қасықпен ішеді.
* Қант диабетімен ауыр-ғанда. Оны емдеу үшін жапы-рақ тұнбасы қажет.
Жапырақ тұнбасын дайындау: 1 стақан үгітілген жапыраққа 3 стақан қайнаған
су құйып, бетін жауып, 20-30 минут қояды, содан кейін тұнбаны қайнатып,
тағы да ыдыста 6 сағат мөлшерінде ұстайды. Күніне 3-4 рет тамақтан соң 30-
40 минут өткенде жарты стақаннан ішеді.
* Жараны емдеуде. Оған жаңғақ ағашы жапырағының майлы тұнбасы қажет.
Майлы тұнбаны дайындау: 80 грамм кептірілген таза жаңғақ жапырағын немесе
жасыл қабықшасын 300 грамм тұщытылған өсімдік (зәйтүн) майына салып, бөлме
температурасындай жылылықта күнара араластырып отыра 15-20 күн қояды. Содан
кейін сүзіп алады. Күйікті, жарақатты осы жаңғақ майымен майлайды.
* Сыздауық шыққанда, жарақатта. Оны емдеп жазу үшін жаңадан үгітілген жапы-
рақтарды оған басады. Сонда сыздауық, жарақат жазылады.
* Лимфа түйіні ауырғанында. Бұл сырқатты емдеуде жаңғақ ағашының жас
жапырақтары мен қабықшаларын араластырып ванна қабылдайды.
Жас жапырақ ваннасын дайындау: Жас жапырақты немесе оның кептірілген түрін
алады, ыдысқа салып үстіне суық су құйып, жақсылап жабады да 45 минут
қайнатады. Оны ваннадағы суға қосып шомылады. Толық ванна үшін 1 кг,
жартылай ванна үшін 0,5 кг, отыратын немесе аяқты малатын суға 250 гр
жаңғақ жапырағын немесе қабығын салады. Қайнатындыны жылы су толтырылған
ваннаға құяды, оған түседі.
* Жақсы холестериннің тапшылығында.
Холестерин де әртүрлі. Оны
жаман және жақсы деп
екіге бөледі. Жақсы холес териннің тапшылығы жыныс-тық құмарлықтың
жоғалуына соқтырады. Мұны болдырмас үшін күнделікті дәмде міндетті түрде
жаңғақ пен пісте болуға тиіс.
* Бүйрек ауруларында, қан тамырларының варикозды кеңеюінде, жүрек
ауруларында, метеоризм және диареяға қарсы, қан аздығында.
Бұл сырқаттарға орман жаңғағы өте пайдалы. Алайда күніне 8-10 орман
жаңғағынан артық жеуге болмайды.
* Невралгияда, белсіздікте, шыжыңда (зәр жіберіп қою), қуық асты безінің
ауруында.
Мұны емдеп жазуда орман жаңғағының жапырақтары мен ағаш қабығының тұнбасы
өте шипалы. Ол былай жасалады.
Орман жаңғағының тұн-басын дайындау: 1 ас қасық орман жаңғағының жапырағы
мен қабығының үстіне 1 стақан қайнап тұрған су құяды, бір сағат тұндырады,
күніне 3 мезгіл астың алдында 20 минут бұрын 13 стақаннан ішеді.
* Ағзадан ауыр металдар-дың тұздарын және радионук-лидтерді сыртқа шығару
үшін шала піскен бадам жаңғағының дәндерін жейді.
* Несеп – тас ауруына піскен бадамды ұнтақтап жеу пайдалы.
* Ұйқысыздықта, анемияды, бронхиалды демікпеде бадам дәніне бал араластырып
жейді.
* Шаршап – шалдығуды басатын, өмірлік тонусты арттырып, мидың қызметін
белсенді етіп, қан құрамын жақсартатын жаңғақ – пісте. Алайда оны мөлшерден
көп жеуге болмайды.
* Созылмалы дімкәстікте, қалжырауда, шаршағыштықта оны басатын, бас ауруын
қойдырып, көңіл-күйді жақ-сартатын жаңғақ – арахис.
* Қатты жөтел тигенде. Оған жаңғақ, бал, аюбадам қайнатпасы ем болады.
Қайнатпа дайындау: Қа-бығы бар 4 грек жаңғағы, 1 ас қасық аюбадам гүлдері,
1 ас қасық бал қажет. Бәрін араластырады, үстіне 0,5 литр су құйып, бір
қайнатып алады. Қайнатпаны сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет 1 ас қасықтан
ішіп отырады.
* Теңге қотыр (псориаз), шиқан (фурункулез) шыққан-да, терінің созылмалы
ауруларында. Осы сырқатқа жаңғақ ваннасы ем.
Жаңғақ ваннасын дайындау: 400 грамм грек жаңғағының жапырақтарын ыдысқа
салады, үстіне 3 литр қайнаған ыстық су құяды да 5 минут қайнатады. Ал
жаңғақ қабығын 30-40 минут қайнату керек. Содан соң оттан алып 30 минут
тұндырады. Қайнатпаны сүзіп алып, температурасы 37-39 градустық ваннаға
құяды. Ваннаны күнделікті 15-20 минуттан сауыққанша қабылдайды.
* Жүрек айнығанда, геморройда жаңғақ жеу пайдалы.
* Көкжөтелге жебіршөп жаң ғағының сығындысы шипалы.
* Жатырға суық тигенде. Оған мынандай халық емі бар.
Жаңғақ жапырағымен емдеу: жаңғақ ағашының 10 дана көк жапырағын суға шайып,
таза су құйылған ыды сқа салады. Үстінен екі жұмыр тқаны жуып салып, таза
піскенше қайнатады. Сосын осы жұмыртқаны ыстықтай жейді. Бұл емді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоколадтың адам өміріне пайдасы мен зияны
Тәні саудың - жаны сау. Дұрыс тамақтану
Қожанасыр (хикаялар)
Бірқалыпты дұрыс тамақтану -денсаулықтың басты кепілі
Сүтті шоколад
Жүзім сорттары
Ағаш құрылыс материалдары
Дұрыс тамақтану дәстүрі
Пайдалы өсімдіктер
Жүзім
Пәндер