Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке
даярлаудың педагогикалық негіздері

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді
реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу,
парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке
дайындау мәселесінің өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері
қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен
қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік
саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу
мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде. Елбасының 2010
жылғы жолдауындағы: Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға
жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемінің жетекші университеттерінің
рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық
жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар,
патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтежелерін беруге тиіс-
деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың бірі
–Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық
етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді
көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы да айырықша
мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи
оқиға десе болады.
Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен,
мұғалімге байланысты. Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі,
адамгершілік және ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде
шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілі, денсаулығы мен рухани
байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.
Бүгінгі күнгі Қазақстанның педагогикалық білім беру жүйесі дүниедегі
алдыңғы қатарлардан бірі болып саналады. Ол кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру
процесінің технологиялық бағыттылығымен мықты, оның негізгі мазмұны дайын
білімді, дайын ұйғарымдарды меңгеру болып табылады.
Мұғалімді дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-маманның бойында жеке
тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда,
оның негізі педагогикалық оқу орнында қаланады.
Зерттеудің өзектілігі қоғам жаңаруының динамикалық үрдістері
жағдайындағы педагогикалық теория мен тәжірибені дамыту қажеттілігімен
анықталып, оған төмендегі жағдайлар себепші болған.
Біріншіден, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу деңгейінің
түбегейлі мәні бар. Педагогикалық мамандарды дайындау процесінің әлеуметтік
маңызының ұлғаюы мұғалімдердің кәсіби дайындығы жүйесін реформалаудың өзара
байланысты процестері мен олардың жоғары оқу орнындағы дайындығына деген
талаптардың өсуіне тәуелділігі себеп болды.
Екіншіден, әр түрлі оқу-тәрбиелік жағдайлардағы педагогикалық іс-
әрекеттің ерекшеліктеріне ие болған, білім берудің мақсатына жетудің қандай
да бір тәсілінің тиімділігін анықтайтын себеп-салдарлық байланыстың жалпы
заңдылықтарын түсінетін мұғалімнің белсенді шығармашылық жеке тұлғасының
рөлінің өсуі.
Үшіншіден, мұғалімнің кәсіби жете білушілігі рөлінің, оның кәсіби білім
деңгейінің, тәжірибесі мен жеке-дара қабілетінің, оның өзінше білім алуға
және өзін өзі жетілдіруге, өз ісіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен
қарауға деген уәждемелік ұмтылысының өсуі.
Төртіншіден, жаңа педагогикалық түсініктерді енгізу, олардың мәнін
анықтау, педагогикада белгілі басқа да түсініктермен қатынасын айқандау
арқылы педагогиканың түсініктемелік аппаратын дамыту маңыздылығы.
Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке
дайындаудың жүйесін құру қажеттілігі.
Соңғы жылдары ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге жасаған
талдау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының болашақ
мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының (Р.Ж. Ержанова,
К.К. Жампейісова, А.В. Иващенко,А.П.Сейтешев, А.Г.Казмагамбетов,
Г.Ж.Меңлібекова, М.С.Молдабекова, А.А. Бейсенбаева, А.А. Қалыбекова,
Л.К. Керимов, Р.Г. Лемберг, Б.И. Мұқанова, , В.В. Трифонов, Г.А. Уманов,
Г.Т. Хайруллин, Н.Д. Хмель, В.К. Шабельников, Э.И. Шнибекова, Н.Н. Хан,
А.Ж.Қайдарова және т.б.) кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерде байланыстырыла
отырып, қарастырылғанын көрсетеді. Жеке тұлғаның қазақ этнопедагогикасы
негізінде жан-жақты дамуының (К.Б. Жарықбаев, Р.К. Толеубекова,
Ә.Н. Көшербаева)ең маңызды жақтарын қарастырған.
Бірқатар зерттеулерде мұғалімнің кәсіби дайындығының заңдылықтары (Ф.Н.
Гоноболин, Н.В. Кузьмина, Л.И. Рувинский, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков
және т.б.); педагогикалық іс-әрекет мәні, және құрылымы (С.И.
Архангельский, Д.М. Гришин, К.М. Левитан, Н.А. Половникова, Т.С. Полякова
және т.б.); жалпы педагогикалық біліктердің қалыптасу әдістемесі (О.А.
Абдуллина, С.И. Кисельгорф, И.Т. Огородников, Л.Ф. Спирин, И.Я. Томин, Н.М.
Яковлева және т.б.); мұғалімді дайындауда жаңа тәсілдемелер іздеу (З.М.
Большакова, А.А. Вербицкий, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, М.М. Поташник,
Л.Ф. Спирин, В.А. Черкасов, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.).
Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке
дайындау мәселесін О.А. Абдуллина, В.И. Андреев, Э.Ф. Зеер, Н.В. Кухарев,
Е.В. Ткаченко, А.В. Усова және т.б. шешкен. Мұғалімнің педагогикалық
шеберлігін зерттеуге (И.Я. Зязюн, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, Н.Н.
Тарасович, Г.И. Хозяинов және т.б.) және педагогикалық техниканы
жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген (Ю.П. Азаров, А.А. Кан-Калик, Л.И.
Рувинский және т.б.).
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді сараптау кәсіби-педагогикалық
дайындықтың педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінде қалыптастыруға
қажетті мынадай ең маңызды жақтарын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:
педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі компоненттері (Ф.Н. Гоноболин, Н.В.
Кузьмина, В.А. Сластенин және т.б.); зерттеу біліктері мен дағдылары (О.А.
Абдуллина, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.); оқу процесінде тәрбие
міндеттерін шешуге даярлық (Н.Ф. Белокур, С.Е. Матушкин, П.И. Чернецов және
т.б.); шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке даярлық (К.А. Абульханова-
Славская, Ю.П. Азаров, А.А. Вербицкий, В.А. Кан-Калик, Ю.И. Кулюткин, Н.В.
Кухарев, Г.С. Сухобская және т.б.); педагогикалық сараптама, өз
педагогикалық іс-әрекетінің рефлексиясын жасау қабілеттілігі (Ю. А.
Конаржевский, Г.Н. Сериков, В.А. Черкасов, Т.И. Шамова және т.б.).
Педагогика теориясындағы мәселенің жай-күйін сараптау оның зерттеу
аумағындағы білімдерді жүйелеуге және оларды кәсіби-педагогикалық іс-
әрекетке дайындаудың негізін тану процесін әрдайым байытып отыру деп
қарастыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарға орай, педагогикалық жоғары оқу орнында кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың мұғалім-шебер дайындығын
қарқындандыруды, мұғалім жеке тұлғасының үздіксіз кәсіби-әдістемелік
тұрғыдан өзін өзі жетілдіруді іске асыруды қамтамасыз ететін теориялық
негізінің жоқтығы зерттеу мәселесі болып отыр. Негізгі қарама-қайшылық
педагогикалық жоғары оқу орнын бітірушінің кәсіби шеберлігін көтеру
қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуінде.
Айтып кеткен пікірлеріміз бізді мынадай қарама-қайшылықтарға әкеледі:
-дамып жатқан білім беру жүйесі, оның түсініктемелік-терминологиялық
қамтамасыз етілуі мен кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін зерттеудің
жеткіліксіздігі (мақсаты, құру принциптері мен мазмұны) арасында;
-студенттерді жоғары оқу орындарында оқытудан бастап, кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетке дайындау қажеттілігі мен оның теориялық
негіздерінің жасалуының жеткіліксіздігі арасында;
-болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетіне деген талаптар
мен оның қалыптасуы әдістерінің жете қарастырылмауы арасында.
Аталған қарама-қайшылықтар өзара байлынысты және олардын шешімін
болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетке даярлығын жүйеге
келтіру арқылы, сондай-ақ білім беру мекемелерінің сұранысы мен
мемлекетіміздегі бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты
қарасатыруға болады.
Сонымен,жоғары оқу орнында бастауыш мектеп мұғалімің кәсіби іс-әрекетке
даярлау жүйесі мен оның компонеттерінің өзара әркетін, құрылымдық
принциптері мен жүзеге асыру жолдарын іздестіру зерттеу проблемасын
айқындауда және тақырыпты: Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп
мұғалімін кәсіби іс-әрекетке даярлаудын педагогикалық негіздері - деп
тандауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі – жоғары оқу орныңда болашақ бастауыш мектеп
мұғалімін кәсіби даярлау жүйесі.
Зерттеу пәні – жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп
мұғалімдерін кәсіби-іс-әрекетке даярлау үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп
мұғалімдерін кәсіби-іс-әрекетке даярлаудың негіздерін әдіснамалық-
теориялық, тұрғыда дамыту және осы даярлық үрдісін оқу-әдістемелік
кешенмен қамтамассыздандыру.
Зерттеудін болжамы. Егер, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-
іс-әрекетке даярлау үрдісі мынадай қағидалар арқылы: жаһандану жағдайында
болашақ маман даярлығын, оның алдағы кәсіби іс-әрекетін жүйелейтін
компененті мен шығармашыл дүниетанымын қалыптастыратын құралы ретінде
қарастыру; жаһандану жағдайындағы кәсіби іс-әрекетке даярлықтың тиімді
жүйесін концептуалды модель негізінде жүзеге асыру; кәсіби даярлықта
кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудың әдістері мен
құралдарының мазмұндық-функционалдық мүмкіндіктерін анықтау; болашақ
маманды кәсіби оқыту технологиясын студенттердің болжамдық кәсіби
педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыруда қолданатын ерекше инновациялық
технологиялық тапсырмаларды пайдалануға негіздеу – жүзеге асырылса, бұл
олардың кәсіби педагогикалық іс-әрекетке даярлық үрдісінің тиімділігін
арттырады, өйткені бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби-іс-әрекетке
даярлығы күрделі жүйе болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет ұғымының мәнін зерттеудің
теориялық негізі тұрғысында қарастыру.
2. Жаһандану, жаһандық білім беру жағдайындағы бастауыш мектептің даму
тенденцияларын анықтау.
3. Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-
әрекетінің концептуалдық моделін жасау.
4. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-
әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдарын жүзеге асыру
5. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық іс-
әрекетке дайындаудың әдістемесін негіздеу.
6. Зерттеу барысында алынған тұжырымдардын тиімділігін тәжірибелі-
эксперимент жұмысы арқылы тексеру.
Жетекші идея: Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін
кәсіби іс-әрекетке даярлаудын педагогикалық негіздерін теориялық және
эксперименталдық тұрғыда дамыту болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін,
біліктілігі мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: теория мен практиканың
бірлігі туралы философиялық идеялар, қоғамдық даму құбылыстарын
зерделеудегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны мен ерекшеліктері
анықтауға мүмкіндік береді.; кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті дамитын ашық
жүйе ретінде қарастыруға және оның даму көздерін айқындауға мүмкіндік
беретін жүйелік тұрғысынан келу; кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны
мен ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін педагогика мен білім берудің
түсініктемелік-терминологиялық жүйесіне теориялық тұрғыдан келу; кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттің білімі мен біліктерін игеру үшін студенттердің
кәсіби-білім беру бағдарламаларын таңдауының негізі ретінде жеке тұлғалық-
іс-әрекеттік тұрғыдан келу. Аталған әдіснамалық тәсілдемелердің өзара
байланысы теория мен тәжірибе арасындағы тығыз байланыстың салдары, бұл
зерттеудің негізгі теориялық нәтижелерін айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеудін көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардын,
әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың енбектері; ҚР Үкіметінің
ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің
білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік
кешендері ( стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу
құралдары және т.б); педагогтардын ғылыми жетістіктері мен озық
тәжірибелері; автордын педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: Алға қойған міндеттерді шешу үшін және бастапқы
жорамалдарды тексеру үшін табиғаты жағынан зерттелініп отырған құбылысқа
жақын зерттеу әдістері мен әдістемелердің жиынтығы пайдаланған:
педагогикалық білім беру жүйесінің даму бағытын айқындауға мүмкіндік
беретін отандық және шет елдік әдебиеттердің әдіснамалық және теориялық
сараптамасы; кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының концептуалды
моделін жасауға жүйелілік тұрғыдан келу; студенттердегі кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттің білігі мен дағдыларының жай-күйі мен дамуын
тексеру үшін қолданылатын бақылау, сауалнама, тесттер; анықтау және
қалыптастыру экспериментерінен тұратын эмпирикалық әдістер.
Тәжірибелік-эксперименталды және теориялық әдістер әр түрлі
педагогикалық эксперименттерді, олардың сараптамасын жүргізуге және
нәтижелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
1. Зерттеудің теориялық негізі тұрғысында Кәсіби-педагогикалық іс-
әрекет ұғымының мәні нақтыланды.
2. Жаһандану, жаһандық білім беру жағдайындағы кәзіргі бастауыш
мектептің даму тенденциялары анықталды.
3. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының концептуалды
моделі жасалды, оның жүйені құрастырушы факторы кәсіби-педагогикалық іс-
әрекеттің білігі мен дағдыларының жеке тұлғалық бағытта қалыптасуын
қамтамасыз ететін табиғилық идеясы болып табылады. Кәсіби-педагогикалық іс-
әрекет жүйесі эвристикалық-алгоритмдік моделі арқылы ұсынылады, ол
қызметтік, мазмұндық, операциялық және жеке тұлғалық компоненттерден
тұрады.
4. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-
әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдары әдіснамалық тұрғыдан
негізделді (оқыту мазмұнының іргелілігі, беріктілігі және тәжірибеге
бағдарлылығы, оқыту және оқу үрдісін ұйымдастыру формаларының мазмұнға
және жетекші әдіске барабарлығы, студенттер жетістіктерін бағалаудын
рейтингтік жүйесі).
5. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық іс-
әрекетке даярлау әдістемесі жасалды және оқу-әдістемелік кешенмен
қамтамасыздандарылды.
6. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық іс-
әрекетке даярлау үрдісінде алынған ғылыми тұжырымдардын тиімділігі
тәжірибелі-эксперимент арқылы дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәні болашақ мұғалімдердің шығармашылық кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуын қамтамасыз ететін оқу құралдарын,
әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық материалдар жасау және оларды
енгізумен анықталады. Аталған материалдар тек педагогикалық қана емес,
басқа да оқытушылар дайындайтын жоғары оқу орындарында, педагогикалық
училищелер мен колледждерде, білім жетілдіру институттарында да қолданыла
алады.
Зерттеудің нәтижелері педагогикалық оқу орындарында енгізіліп, зерттеу
тақырыбы бойынша 33 еңбек жарияланды.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
- кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті педагогиканың түсініктемелік-
терминологиялық жүйесінің көп деңгейлі және көп жақты сипаты бар маңызды
бөлшегі ретінде анықтау; кәсіби-педагогикалық іс-әрекет педагогтың
балаларға білім беру және олардың дамуы үшін жағдай жасау арқылы оларға
әлеуметтік-мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған кәсіби шығармашылық іс-
әрекетінің ерекше түрі болып табылады;
- қызметтік, мазмұндық, операциялық және жеке тұлғалық
компонеттердің бірлігінен тұратын эвристикалық-алгоритмдік модель түріндегі
педагогикалық жүйе ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-
әрекетке дайындаудың концептуалды моделі. Моделдің жүйе құрушы факторы
табиғилык идеясы болып табылады, бұл идея іс-әрекеттің білігі мен
дағдыларының жеке тұлғалық бағытта қалыптасуын қамтамасыз етіп, педагогтың
жеке тұлғасының дамуына ықпал етеді.
- кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті әдістемелік қамтамасыз ету, оның
құрамында: эвристикалық және алгоритмдік әдістердің көмегімен болашақ
мұғалімнің жеке тұлғасын дамытуды белсендіруге бағытталған жоғары оқу
орындарының бастауыш білім беру факультеттері студенттерінің кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеті негіздері бойынша арнайы курс, дидактикалық курс
пен студенттердің педагогикалық тәжірибесіндегі арнайы бөлімдер бар.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Алға қойылған міндеттерге сәйкес зерттеу
үш негізгі кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2003-2004) қарастырылып отырған проблеманың зерттелу
деңгейі анықталды, Отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми- теориялық,
әдістемелік еңбектеріне және философия, психология, педагогика ғылымындағы
зерттеу проблемасына қатысты іргелі ғылыми зерттеулерді талдау мен жоғары
және жалпы білім беретін мектептегі оқыту тәжірибесінің жай-күйі,
жетістіктері мен қайшылықтары сараланды, тақырып бойынша ғылыми аппарат
құрылды, ғылыми мақалалар даярланып басылым көрді, тақырып аясында
материалдар жиналды.
Екінші кезеңде (2005-2006) тақырып бойынша материалдар жинау жалғасын
тапты, тұжырымдама жасалды, тәжірибелік-эксперименттің анықтау және
қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет
ұғымының мәні анықталды, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті қалыптастыруға
методологиялық тұрғыдан келу қарастырылды.
Үшінші кезеңде (2007-2009) тақырып бойынша жинақталған материалдар
сұрыпталып жүйеге келтірілді, тәжірибелік-эксперимент жалғасын тауып,
зерттеу нәтижелері өңдеуден өтті, зерттеу жұмысы қорытындыланып, ғылыми
ұсыныстар даярланды, әдебиеттер жүйеленіп диссертация талап бойынша
рәсімделді.
Зерттеу базасы: Семей мемлекеттік педагогикалық институты,Қазақ
гуманитарлық- инновациялық заң университеті.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбының
теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми
аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдаланумен, зерттеу
нәтижелерін практикаға ендірумен, алынған деректердің дәлелділігімен,
тәжірибелі-эксперимент барысында пайдаланған ұсыныстардың тиімділігімен,
ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс
тәжірибесімен қамтамасыздандырылады.
Зерттеу нәтижесін сынақтан өткізу және практикаға ендіру:
Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қағидалары халықаралық ғылыми-
практикалық (Семей 2007-2009,Өскемен 2009, Алматы 2007, 2008, 2009, 2010,
Өзбекстан 2008, 2009, Башкурстан 2009), жоғары оқу орындары профессор-
оқытушыларының ғылыми-теориялық конференцияларында, семинарларында сонымен
қатар Шығыс Қазақстан облыстық, аймақтық, қалалық білім беру
басқармаларында баяндалды. Ақпараттық-сараптамалық материалдар, мерзімді
ғылыми-педагогикалық басылымдарда және жинақтарда басылым көрді.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты,
нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы,
әдіснамалық негізі, жетекші идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық
мәнділігі, зерттеу кезеңдері, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер
нәтижелерінің сынақтан өтуі мен дәйектілігі баяндалады.
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби ісәрекетінің әдіснамалық
аспектілері атты бірінші бөлімде жоғарғы оқу орындарында болашақ бастауыш
мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс- әрекетке сай дайындап
шығару кәсіби іс- әрекеттің мәні мен мазмұны және әдіснамалық тұғырлары
мен ұстанымдары баяндалып, болашақ мұғалімдерді кәсіби педагогикалық іс-
әрекеттің қалыптасуы оның оқу- шығармашылығы қызметі кезінде жаңашыл
бағыттары ашып көрсетіледі.
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке
даярлау жүйесі атты екінші бөлімде болашақ мұғалімдерді кәсіби
педагогикалық іс- әрекеттің қазіргі білім беру жүйесіндегі мәні, мазмұны,
өзіндік ерекшеліктері сипатталып, моделі өлшемдері, көрсеткіштері,
психологиялық- педагогикалық шарттары ұсынылады, болашақ бастауыш мектеп
мұғалімінің кәсіби педагогикалық іс- әрекетке даярлау жүйесін
қамтамасыздандыратын кешеннің мазмұны қарастырылады.
Болашақ мұғалымдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлаудың
әдістемесі атты үшінші бөлімде болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерің
кәсби педагогикалық іс- әрекетке даярлауда оқу процесінде және оқудан
тыс жұмыстарда пайдалануға даярлау әдістері мен формалары беріледі,
тәжірибелі-эксперимент жұмысының ұйымдастырылуы және нәтежилері
сипатталады, болашақ мұғалімдерді кәсіби педагогикалық іс- әрекетке
даярлаудың перспективасы беріледі.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары,
тұжырымдамалық, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жаһандану дәуірінде қазіргі заман бастауыш білім беру стратегиясы
көбінесе 6-9 жастағы балаларда интеллектуалды даму мен ой өрісі кеңдігінің
жалпы деңгейін қамтамасыз ететін ойлаудың құралдары мен тәсілдерін
қалыптастыруға деген бағыттылығымен анықталады. Болашақ маманның жеке
тұлғасының дамуына арнайы түрде бағытталған оқыту жүйесін ұйымдастыру
дегенді білдіреді. Мұндай жүйені құру бастауыш білім мазмұнын әрбір балаға
мәдениеттің сан қилы даласында жеке-дара бейімділігі мен ынталарын
молынан ашумен бірге кеңінен бағыт-бағдар табу мүмкіндігін қамтамасыз
ететіндей қайта құруды талап етеді.
Жаһандану термині ең алғаш дүние жүзілік экономиканың ұлтаралық
мәселелерін сараптау үшін енгізілген болатын. Іс-әркеттің әр түрлі
өрісіндегі халықаралық қатынастардың дамуына байланысты бұл термин білім
беру өрісіне де қатысты қолданыла бастады. Жаһандану ұғымын түсіндіруге әр
түрлі тұрғыдан келуге болады.
1. Я. Такердің пікірінше, жаһандық білім беру - әрбір студенттерге
күрделі әрі өзара тәуелді жаһандық қоғамда өз отаны, өз елі үшін
жауапкершілік сезімі бар азамат болу үшін қажетті білім, білік
және көзқарастар жүйесін беретін процесс .
2. В. Лысенконың пайымдауынша, жаһандық білім беру адамға әлемге
кіруге, заманға сай өмірдің мәдени, әлеуметтік, экономикалық және
басқа да деңгейлеріндегі өзара байланыс жүйесіне үйлесімді енуге
көмектесетін маңызды негіздердің бірі болып табылады, оның
міндеті әлемді тану мүмкіндігін кеңейту, өз елінің басқа елдермен
өзара әрекеттестік механизмдерін, оның әлемдік қоғамдастықтағы
алатын орнын түсінуге және әлемге басқа халықтар көзімен қарауды
үйренуге ықпал ету болып табылады.
3. В. Кукушкиннің пікірі бойынша, жаһандық білім беру – заманға сай
педагогикалық теория мен тәжірибенің даму бағыттарының бірі, ол
аумалы-төкпелі әлем, өршіп бара жатқан жаһандық дағдарыс
жағдайында адамды өмірге дайындау қажеттілігіне
негізделеді.Автордың ойынша, жаһандық білім берудің бағыт-нысаны
мыналар:
- адамды, оның құқықтарын, еркіндігі мен идеалдарын өзектендіру,
қоғамдастықта өмір сүру мен өзара әрекеттестік шарттары;
- жастарда сақталған нигилизм мен сенімсіздікті, білім беруге деген
қызығушылығының төмендеуін жою;
- ақпараттық төңкеріс, білімнің жылдам жинақталуы, ескіруі мен
жаңаруы, білім беру тәжірибесіне ғылым мен техниканың тың
жаңалықтарын енгізу уақытының қысқаруы жағдайында білімді іріктеу
мен жеткізудің тиімді әдістері мен технологияларын іздестіру;
- сауатсыздықты жоюдың сапалы жаңа кезеңін игеру, өйткені,
сауаттылық көрсеткіштерінің өзгеруі – оқи және жаза білумен қоса
түсіне білуді талап ету әлемнің барлық елдерінде қызметтік
сауатсыз адамдар санының тез өсуіне әкелді;
- еңбек күшін толыққанды пайдалану шарттарының бірі ретінде тиімді
жұмыс істейтін үздіксіз білім беру жүйесін құру.
В.С. Кукушиннің айтуынша, жаһандық білім берудің мақсаты келесі
мәселелерді жеңу болып табылады:
- әлемді бір-біріне қарсы топтарға бөлу, әр түрлі жерлерде қарулы
конфликтілерге әкелетін әлеуметтік, ұлттық және басқа да антагонизмдер;
- экологиялық апат қаупін төндіретін адам мен табиғат арасындағы
алаауыздық;
- адам санасы мен жанының екіжартылығы.
Мұндай мақсаттар адамның тірі қалуының, әр түрлі қауымдар мен бір қауым
мүшелерінің әрекеттестігінің, жеке мәдениеттер жиынтығы ретінде өркениеттің
дамуының басты мәселелеріне негізделген интеграцияланған оқуды талап етеді.
Жаһандық білім беру отандық және әлемдік педагогикадағы жетістіктердің еш
нәрсесін ауыстырып, жоққа шығармайды. Жаһандық білім берудің кемшіліктері
жоқ емес, ол тек қазіргі жағдайларда адамның өмірге бейімделуінің мүмкін
нұсқаларының бірі ғана. Ол кез-келген жақсы білімнің объективті қажетті
қосымшасы болуы мүмкін деуге болады.
Бүгінгі күні жаһандық білім беру педагогикалық теория мен тәжірибенің
дамуының болашақ бағыттарының бірі болып табылады, бұл бағыт студенттерді
көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелері толып
жатқан күрделі әрі тез өзгеретін қазіргі әлемге бейімделу дайындығын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның өзін өзі айқындау мен оның әлемдік
қауымдастықтың теңдей мүшесі болуының тиімділігі оның білімділігінің
деңгейімен анықталады, мұндағы білімділік дегенді білімді игеру деп қана
емес, сондай-ақ, дүниетанымының, руханилігінің қалыптасуы, кросс-мәдени
сауатының өсуі деп түсінеміз. Мәдениетті жеткізудің дәстүрлі формаларының
мүмкіндігін төмендететін әлеуметтік-мәдени өзгерістердің перманенттік
сипаты ғылыми-техникалық төңкеріс дәуірінде қоғамның адамгершілік
потенциалының қажет етілмеуі. Қойылған мақсатқа жету ақиқатты қабылдаудың
оқушылар санасында әлемнің концептуалды, біртұтас бейнесінің қалыптасуына
ықпал ететін түбегейлі басқа жүйесін құру жағдайында жүзеге асады. Оқыту
процесінің жаһандық болашағын қамтамасыз ететін мәдени әмбебаптылықты
айқындау мен қабылдау жаңа педагогикалық ойдың негізін құрайтын гуманизация
мен білім беруді гуманитарлау идеяларымен тығыз байланысты.
Жаһандану жағдайында мұғалім дайындығының міндеттерін шешуге
психологиялық-педаогогикалық циклдың арнайы курстары жүйесі көмектеседі.).
Арнайы курстың негізгі мақсаты болашақ мұғалімнің жаһандану ұғымы туралы
білімін қалыптастыру, жаһандық білім беру ерекшеліктерімен, бастауыш мектеп
мұғалімдерінде жаһанадық кәсіби іс- әрекетті қалыптастырудың формалары және
әдістерімен таныстыру болып табылады.Осылайша, заманға сай мұғалімнің
кәсіби қасиеттерін қалыптастыру процесінде біз Болашақ бастауыш сынып
мұғалімінің жаһандық кәсіби іс- әрекетін қалыптастыру арнайы курсы
жасалып, оқытылды (1-кесте)

1-кесте - Арнайы курс бағдарламасының мазмұны

№ Сабақ тақырыбы Сабақ формасы Сағат саны
1 Жаһандану мен оның білім беру лекция 2
жүйесіне ықпалы
2 Жаһандық кәсіби іс- әрекет лекция 6
педагогикалық мәселе ретінде
3 Жаһандық білім беру лекция 2
концепциялары
4 Бастауыш сынып мұғалімін лекция 2
Қазақстан мен шетелде дайындау
5 Жаһандық білім беру жеке семинар 2
тұлғаның заманға сай түрін
қалыптастырудың тәсілдемесі
ретінде
6 Көпмәдени білім беру семинар 2
педагогикалық мәселе ретінде
және оның жаһандық білім
берумен байланысы
7 Заманға сай XXI ғасыр семинар 2
мұғалімінің портреті

Арнайы курс мазмұнын іріктеуде аксиологиялық тұрғысынан келу
жүргізілді, ол гуманитарлық (мәдениеттану, психологиялық-педагогикалық)
және тәжірибелік блоктың пәндері саласындағы білімдердің, әлемдегі
этникалық процестер мен қатынастардың тарихы мәселелер интеграциясының
әдіснамалық негізі болып табылады. Арнайы курс мазмұнын интеграциялайтын
мағыналық өзегі ретінде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жаһандық кәсіби
іс- әрекетін қалыптастыру мәселелерін қарастырумен байланысты педагогикалық
проблемалар бөлініп қарастырылды.
Болашақ мұғалімнің педагогика бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы рефераттық
және курстық жұмыстардың, соның ішінде жаһандық білім беру проблематикасы
бар кең тақырыптары бойынша жүргізілді. Тәжірибелі оқытушылар қатарынан
шыққан ғылыми жетекшілер студенттердің зерттеу ізденістерін бағыттап,
олардың ғылыми конференцияларға қатысуын ұйымдастырды. Мысалы, Тоқажанова
Т.К. өзінің Бастауыш сынып оқушыларының жаһандық кәсіби іс- әрекетінің
қалыптасуының ерекшелігі тақырыбы бойынша бітірушінің мамандық жұмысында
бастауыш сынып оқушыларында жаһандық кәсіьи іс- әрекетінің қалыптасуының
педагогикалық жағдайларын қарастырды. Зерттеу жұмысында оқушылардың
бейнелеу пәнінде жаһандық кәсіьи іс- әрекеттің қалыптасуына аса көңіл
бөлінген. Т.К.Тоқажанова жасаған сынағы жаһандық кәсіби іс- әрекетті ерте
жастан бастап қалыптастырып, жүйелі түрде өткізіп тұру қажет деген
қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

1-сурет - Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жаһандық кәсіби іс- әрекетін
қалыптастырудың моделі (1-модель)

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке дайындау жүйесінің жасалуының негізгі
идеялары қағидалары:
- дүниетанымдық, білімдік және кәсіби бағытты анықтайтын
педагогикалық мәдениетті қалыптастыру;
- тұлғалық білімді жүзеге асыруда ойлау компоненттерін
дамыту;
- білім жүйесін, бүтін әрекетті, шығармашылық тұлғаның
табиғи бағытын басынан қалыптастыруға танымның жалпыдан
дараға бағытталған дедукция ұстанымы мүмкіндік береді;
- біртұтастық, даму, сәйкестік және сақтау ұстанымы ойдың
бір-бірімен байланысты, жалпыдан дараға және керісінше,
екі үрдістің қозғалысын қамтамасыз етеді;
- кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті игеру механизмі
танымның бастапқыда жабық құрылымын кейініректе оны
маңыздырақ элементтер арқылы құрылымдар мен жаңа
пайымдауларды құруды болжайды;
- педагогтің қалыптасу барысының тұтастағы дифференциалды
білім беру барысында пәнаралық байланыстар және теория
мен тәжірибенің бірлігі арқылы ойды жүзеге асыруда болады.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің қалыптасу барысы төменде
көрсетілген ұстанымдардың ара байланысы арқылы тиімді жүзеге асады.
Педагогикалық басқару іс- әрекеті келесі мәселелерді атқаруы қажет:
кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының бүтін қызметі, даму
құрылымы бар, ал білім алушы жеке тұлға осы тұрғыда кәсіби-педагогикалық іс-
әрекеттің түрлі деңгейлерінде (іс-әрекет деңгейі, әрекет деңгейі, операция
деңгейі) өзін-өзі басқару сипатын алады.
Педагогикалық жүйе ақпараттылық қасиетке ие. Білімнің құрылымдық
элементтерінің негізінде жүзеге асатын ақпараттың жалпылау үрдісі оқу
ақпаратының тежелуінің негізгі құралы болып табылады. Әрекеттің нсаналы
ұстанымы (Л.В. Усова, Л.Я.Зорина, В.Ф. Шаталов), білім элементтері мен
игеру жүйесін студенттердің меңгеруі берілген алгоритмдік және эвристикалық
ұйғарымдардың негізінде жүзеге асырылады.
Білім беруде әрекеттік тәсіл және студенттердің білімін жүйелендіру
білім ақпаратының мазмұны мен құрылымын қарастыруға мүмкіндік берді. Бұл
білімнің екі жүйесінен тұрады: пәндік қызмет және оқу қызметі.
Педагогикалық білім білімнің екі (мазмұндық және операциалы) түріне саяды.
Мазмұндық педагогикалық білім деп педагогикалық деректер, педагогикалық
ұғымдар (педагогикалық құбылыстар, үрдістер, олардың сипаттары мен
көлемдері), педагогикалық заңдылықтар мен теорияларды түсінеміз.
Операциялық педагогикалық білімге кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің
құрылымдық білім (әрекет және интеллектуальды операция), ғылыми танымның
әдіс тәсілдері, ойлаудың түрлері мен деңгейлері эвристикалық және
алгоритмдік құралдар жатады.
Көрсетілген ұстанымдар болашақ мұғалімдерде кәсіби-педагогикалық іс-
әрекеттің қалыптасуын жан- жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Ұстанымның
кейбір ерекшеліктері – диалектикалық тұтастығы және теория мен практиканың
үйлесуіне тоқталайық. Аталмыш ұстаным оқу-шығармашылық іс-әрекеттің ұтымды
іске асуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта бұл тұтастық үздіксіз
педагогикалық тәжірибені (ҮПТ) ұйымдастыру құралдарымен жүзеге асады.
Дегенмен, ҮПТ ұйымдастыру сараптамасы бойынша бірінші курс студенттері
ҮПТіні тәжірибелік іс-әрекет ретінде қабылдамайды. Студенттер, тек жоғарғы
курстарда мектеп оқу тәжірибесінде болып, сыныптарда мұғалім болып жұмыс
істеп былай дейді: Ақырында мектепте болдық қой!. Студенттердің бірінші
оқу тәжірбиесінен кейінгі есептерін сараптау осындай дәлелдемелер негізі
болып табылады:
1. Оқу-шығармашылық іс-әрекетті педагогикалық басқару барысында
оқушылардың саналы және санадан тыс психикалық барысына үнемі
ынталандырып және әсер етіп отыру керек.
2. Интуицияны ынталандыру барысында эвристикалық ұйғарымдарды кеңінен
пайдалану.
3. Оқушылардың логикасын стимулдауда, дамытуда логикалық операцияларды
қолдануға бағыттау.
Педагогикалық іс- әрекеттің заңдылықтарын педагогика білімі құрайды.
Бірақ, педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары ұғымын ғалымдар әр түрлі
қарастырады. В.В.Краевский педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық қызметтің
ерекше бір түрі ретінде қарастырады, ал оның заңдылықтары жеке
субъектілердің мақсатына қарамастан пайда болатын қажетті байланыстардың
мәнін ашады. Педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтарын анықтауда, бұл тәсіл,
айқындалған заңдылықтардың түсіндірілмелі-теориялық қызметін жүзеге
асырады.
Педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары бойынша білім конструктивті-
техникалық (нормативті) қызметін атқарады. Бұл жағдайда педагогикалық
қызмет және педагогикалық қызметті басқарудағы ұстанымдар мен талаптар
заңдылықтардың мазмұны болып табылады.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінде педагогикалық іс-
әрекетті қалыптастыруды басқарудың дидактикалық заңдылықтарының жиынтығы
арқылы түйін анықталады.
- кәсіби-педагогикалық іс-әрекет нақты педагогикалық
мәселелерді шеше алуда жүзеге асқанымен, мұғалімнің
кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуы бүтін
ретінде жүзеге асады;
- кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің функциональды
үлгісі оны нақты мақсат қойғанда дара педагогикалық
қабілет құрылымына айналатын пайымдалған құрылым
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
- ортақ пен дара арасындағы сәйкестік ұстанымы нақты
педагогикалық іс-әрекетті ерекшелік арқылы ортақтың
ішіндегі дара ретінде қарастыруға мүмкіндік береді;
- педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің
кәсіби-педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыру
сәйкестік ұстанымын жүзеге асыруға құрылған бір-
бірімен байланысты эвристика және алгоритм жүйесімен
басқарылады. Сана қызметін алгоритм тұрғысынан
алғанда мәселені шешудің ұтымды жолын қарастыруда
жаңа эвристиканы туындатады.
Білім беру жеке мәселелерді шешу жолдарын меңгеруден басталмайды,
керісінше мәселенің белгілі бір түрін шешуде жалпы тәсілдерімен басталады.
Іс- әрекеттің нақты бір түрлерінің мазмұнын меңгеруге, нақты бір
кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын құрастыра алуды қалыптастыруға,
фундаментальды теориялық түсініктердің (іс-әрекет, оның құрылымы, мазмұны)
мазмұнын ұғынуға бұл тәсілдер мүмкіндік береді.
Аталмыш ұғымдар дамушы білім берудің мазмұнының жетекші компонентін
құрайтын әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін дербес
құрудың негізі және алғышарты болып табылады. В.В.Давыдов өз зертеу
жұмыстарында, мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін құрастыруды игеру білім
беруде тұлғаны дамытуға мүмкіндік беретін қажетті жағдай болып табылады.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы бастапқыда оқу зерттеу қызметі
болып, кейініректе, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке айналады.
Мұғалімдік тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші
орнына қою, олай болса, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін
іздеудегі мүше болып табылады. Ал, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні,
тек орынды тәсіл арқылы анықталады. Бұл кезеңде кәсіби-педагогикалық іс-
әрекеттің негізге алынатын көп салалы қызметтерін табу жүзеге асырылады.
Дәл осы тұста іс-әрекеттің қалыптасу кәсібилігі көрініс береді. Кейініректе
кәсібилік нақты кәсіби-педагогикалық қызметке айналу тәсілін іздестіру
барысында қалыптасады. Бұл нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің, яғни ең
маңызды қызметтің мазмұнын жобалауда, қызметтің мазмұнын оның операциялық
құрылымын ерекшелеу арқылы жете түсіну барысында жүзеге асыруға болады. Ең
маңызды деп, іс-әрекеттің мақсаттылығына қарай есептеуге болады. Сонымен
қатар, іс-әрекеттің мәнін ашу механизмін ерекшелеу үшін қажет. Ол
операцияның, мазмұнның негізделген сараптамасымен қоса, ал кейініректе оның
пайымдалған құрылымын құрастыруымен бірге ескерліуі тиіс.
Теориямыздың нәтижесі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нақты
түрлерінің мазмұны мен құрылымы кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің
функциональды моделін бейнелеу болып табылатынын дәлелдеу.
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби-педагогикалық
іс- әрекетті меңгеруінің қажеттілігі бүтінді мүшеленбейтін ретінде тану, ал
оның шешілуі әр түрлі болып жүзеге асатынындығында.
Педагогикалық шеберліктің нақты түрлерінің ауқымды түрлілігін
педагогикалық теория ерекшелейді. Көптеген ғалымдардың әр түрлі негіздер
бойынша жасалған классификациялары бар. Дегенмен, бұл жұмыстарды бағалауда
тек қана бір қорытынды жасалады, ол: мұғалімді даярлау нақты педагогикалық
іскерлікті қалыптастыру арқылы болады. Аталмыш идея педагогика теориясында
түбегейлі қарастырылған. Нақты педагогикалық шеберлік белгілі жағдаяттарда
қалыптасады. Бұл жерде ескере кететін бір жайт, бұл іс-әрекеттің ұтымды
қалыптасу жүйесі әр ғалымда әр түрлі мазмұнда беріледі. Сондықтан,
көрсетілген педагогикалық шарттар жүйесіне негіздеме жоқ. Ал педагогикалық
зерттеулер ережеге сәйкес, ерекшелінген педагогикалық шарттарының
тиімділігін зерттеуге құрылады. Дегенмен, белгіленген педагогикалық
шарттардың жиынтығын таңдау, зерттеу көлемінде қалып отыр.
Соңғы жылдардағы зерттеулерде пайымдалған, жалпыланған тәсілді табу,
метаұстанымдарды, метабілімдерді т.б. белгілеу жасалынған. Бірақ, осындай
талпыныс, тек мәселе қою деңгейінде қалып отыр және қиын байқалады.
Іс - әрекеттің құрылымын құрастыруда аналитикалық-синтетикалық тәсілді
қолдану арқылы жоғарыда көрсетілген мәселені шешуге болады деп есептейміз.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің қалыптасу теориясын тұжырымдауға
сәйкестік принципі мүмкіндік береді. Осы жерде іс-әрекеттік тәсіл іске
асырылады, онсыз болмайды, өйткені кәсіби іс-әрекет қалыптасады. Жүйелі-
құрылымдық сараптау мен сараптамалы-синтетикалық тәсіл зерттеудің құралы
болып табылады.
Болашақ мұғалімдердің қалыптасу барысында іс-әрекеттік тәсіл кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетті бізге келесі мүмкіндіктерді береді:
- кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті, оның негізгі
қызметін, мазмұнын және құрылымын белгілеу тұрғысынан
қарастыру.
Іс- әрекет психологиялық категория ретінде оның мотивін құрайды. Олай
болса, әр қызмет белгілі мақсаттарға сәйкес келеді, ал операция белгілі
орындау тәсілі арқылы жүзеге асады.
Құрылым, бұл жағдайда, әр түрлі элементтермен ұсынылуы мүмкін. Іс-
әрекет пен операцияның мазмұнын белгідеуде сәйкестің принципінің негізінде
функциональдық тәсілді таптық. Академик В.М. Глушкова, психолог Г.А.Балл
және дидактик Н.Н. Түлкібаеваның зерттеу жұмыстары біздің тәсіліміздің
негізі болып табылады. Біздің алдымызда кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің
әрекетті функциональды түрде белгілеуге мүмкіндік беретін құрылымын табу
мәселесі қойылды. Өйткені әр әрекет нақты қызмет атқарады және белгілі
мақсатқа, операцияға сәйкес келеді, мақсатқа жету тәсіліне функциональды
бағыт беріп отырады. Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің мазмұндық құрылымы
мазмұнды суреттелген жеке педагогикалық іскерліктің ерекшелігін
белгілеумен, одан әрі ортақты кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің
пайымдалған, жалпыланған құрылымына көшіруге мүмкіндік береді. Бұл
жағдайда, әр қызметтің мақсатын қалыптастырудағы ерекшелігін белгілеуде
ғана нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті суреттеу орындалады. Ал
танылған нақты кәсіби-педагогикалық қызметтің құрылымы әр іс-әрекеттің
ортақ мақсаттарын белгілеуде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің пайымдалған,
яғни жалпыланған функциональды моделіне айналады.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыру үрдісі алдымен оқу-
зерттеу, содан соң кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке айнала отырып, жүзеге
асырылады. Мұғалім тұлғасының қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті
зерттеуші позициясына қояды, соған байланысты, студент кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттің мәнін іздеуге қатысушы болады да, оның мәні тұтас әдіс
тұрғысынан ғана анықталады. Осы кезеңде педагогикалық қызметтің мәнін
қабылдай отырып, педагогикалық іс-әрекеттің алуан түрлі негізгі
функцияларын бөліп көрсету жүзеге асырылады. Кәсібилік оның нақты
түрлерінде жалпыланған кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің өзгеру әдістерін
іздеу үрдісінде одан әрі қалыптасады. Бұл құбылысты оның операциялық
құрылымын бөліп көрсету арқылы, ең маңызды қызмет, нақты кәсіби-
педагогикалық іс-әрекет мазмұнын түсінуді жобалауда жүзеге асыруға болады.
Ең маңыздысы мақсатқа сай болуға байланысты қызметті жатқызуға болады. Бұл
жағдайда іс-әрекет мәнінің ашылу механизмін түбегейлі мазмұндық
сараптамасымен, операциялармен, содан соң оның жалпы құрылымын жаңа
деңгейде құруды бөліп көрсету қажет.
Білімді меңгеру және дамуды сөз еткенде біз әрекет, операция
түсініктеріне, яғни іс-әрекетті сипаттайтын категорияларға сүйенеміз.
Қазіргі психология мен педагогика адам өзінің белсенді іс-әрекеті барысында
дамиды деген ой нық орын алған. Ал белсенді іс-әрекеттің мақсаты және
түрткілері болуы керек, алайда іс-әрекеттің дамуы үшін тағы бір шарт қажет.
Ол қандай да бір қиындықтар туғызатын күрделі болуы керек, ал ол
қиындықтарды жеңу үшін танымдық күш пен тәжірибе іске қосылулары қажет.
Басқаша айтқанда, игерілетін жаңа әрекеттер мен операциялар адамның
дамуының ең жақын аймағында болуы керек. Сонда ғана іс-әрекетті орындау
арқылы жеке тұлға жаңа білімді, бейнелерді, түсініктерді меңгереді, немесе
өзіндегі барды жақсартады, осылайша жеке тұлғаның дамуы орын алады.
Нақты білімді қалыптастыруға бағытталған немесе қоғамдық пайдалы
істерге айнала отырып, педагогикалық мақсат нақтылана түседі, пәндік
сипатқа ие болып, танымдық, дамытушылы және тәрбиелік міндеттер формасында
көрініс табады.
Міндетті субъективті қабылдау жағдайларды ескере отырып нақтыланған іс-
әрекет мақсаты болып табылады. Студенттердің қабылдаған міндеті түрткімен
байланысады, олардың санасында жеке тұлғалық мәнге ие болып, осындай
қасиетімен дамытушылық іс-әрекеттің келесі кезеңінің қозғаушысы болады.
Іс-әрекет теориясының психологиялық концепциясы оқу пәнінің мақсаты мен
міндеттерін анықтаудың педагогикалық білігінің мәні мен мазмұнын зерттеу
үшін қажетті ғылыми алғышарты болды.
Бірнеше диссертациялық еңбектерде мақсатты айқындау іс-әрекеті өрбуінің
логикасы, оның әр түрлі құрылымдары қарастырылады. Мұндай еңбектердің бірі
Т.Н. Шайденкованың зерттеуі, онда бастауыш мектеп мұғалімі нені білуі
қажет? деген сұрақтың жауабы берілген. Тәжірибелік дидактикалық біліктерді
қарастыра отырып, автор оның мазмұндық және операциялық аспектілерін
бөледі. Мазмұндық аспект психологиялық-дидактикалық білім арқылы
сипатталса, операциялық аспектісінде қорытындылары әр түрлі педагогикалық
әрекеттердің күрделі құрылымы бар, Т.Н. Шайденкова жекелеген педагогикалық
іс-әрекеттің моделі студенттердің бойындағы тәжірибелік дидактикалық
біліктердің қалыптасуының теориялық негізін қалайды деп атап көрсетеді, бұл
модель пән бойынша дидактикалық және психологиялық білімнің құрамы мен
әрекет мақсатын анықтайды. Автор дидактикалық біліктің, соның ішінде
меңгеру мақсатын қою білігінің құрамын анықтады.
О.П. Морозованың да диссертациялық зерттеуі осыған ұқсас ойлармен
қызықтырады. Ол педагогикалық жоғары оқу орнын бітірушінің мақсатты
айқындау білігінің дамуына ықпал ететін шарттар мен әдіс-тәсілдерді
зерттейді. Автор мақсатты айқындау іс-әрекетіннің құрылысын зерттей отырып,
оның мынадай бөліктерін көрсетеді: уәждемелік, гностикалық, сараптамалық,
операциялық.Мақсатты айқындау іс-әрекетіндегі операциялардың реті мынадай:
қойылған мақсатты айқындау және ұғыну → мақсат мәнін өзекті ету →
педагогикалық жүйенің жай-күйінің сараптамасы → нақты жағдайлардағы
мақсатты анықтау → мақсатқа жетудің әдіс-тәсілдерін таңдау → педагогикалық
мақсаттың оқушылар іс-әрекетінің мақсатына айналуы.
Кейбір қызықты тұжырымдарды да қарастыруды жөн көрдік: О.П. Морозова
педагогикалық жоғары оқу орнын бітірушілердің бойында мақсат пен оған
жетудің әдіс-тәсілдері туралы түсініктерінің белгілі бір тұрақтылығын,
дамытушылық мақсатты анықтау білігінің қалыптаспағанын, кейбір
мұғалімдердің педагогикалық мақсатты оқушылар іс-әрекетінің мақсатына
айналдыра алмайтынын ашып көрсеткен.
Мұндай тұжырымдар мұғалімнің мақсатты анықтау білігінің қалыптасу
деңгейі жеткіліксіз, студенттердің іс-әрекеттің моделдерін игеруі, оқу
пәндерінің мақсатын анықтаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет деген біздің
ойымыздың дұрыстығын дәлелдейді.
Н.Ф. Белокур біліктерді жіктеуде дидактикалық біліктердің мынадай
жүйелерін көрсетеді: конструктивті, орындаушылық және сараптамалық.
Біліктердің бірінші жүйесіне оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау
білігі жатады, ол мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: 1. Оқу тақырыбы
мазмұнының дидактикалық сараптамасы, оның дамытпалы мүмкіндіктерін
айқындау. 2. Оқу тақырыбының оқу пәнінің оқу-тәрбие міндеттері жүйесіндегі
рөлі мен орнын көру. 3. Дәріс алушылардың оқу-тәрбие іс-әрекеті процесінің
қиындықтары мен күрделілігінің оңтайлы ара қатынасын анықтау. 4. Әлеуметтік
ойлардың, педагогикалық іс-әрекеттің, дидактикалық принциптердің сабақтың
мақсаты мен міндеттерінде пайымдауы.
Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтау білігінің құрылысын біз
пайымдағанымыздай, бұл ойлар әрекеттің мазмұндық жағын да, операциялық
жағын да аша алмайды; біріншіден, жеке құрамдас бөліктері арасында
логикалық байланыс жоқ, екіншіден, ұсынылған операциялардың қызметтері
көрінбейді және олардың мазмұнының нақты тұжырымдамасы берілмеген. Біздің
қарастырып отырған оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың
педагогикалық білігін түсіну, болашақ мұғалімдерде мұндай біліктің
қалыптасу процесін күшейтудің шарттарын анықтау, оқу пәнінің мақсаты мен
міндеттерін анықтаудағы әрекеттің бағыт-бағдар негізін (ӘБН) мұндай
процесті абстрактілік-нақтылықтың әр түрлі деңгейінде суреттей алатын
модель ретінде көрсетуге мүмкіндік берді. Оның негізгі элементтері –
педагогикалық іс-әрекеттің кейбір қырлары: әрекеттер мен операциялар. Мұнда
операцияларды қызметтік ретінде (әрекетте бағыт-бағдар табу, оны іске
асыруды жоспарлау, жүзеге асыру мен өзін өзі бақылауға көшетін жалпы
бақылау) және мазмұндық ретінде қарастыруға болады.
Мақсат пен міндеттерді анықтаудағы әрекеттің бағыт-бағдар негізі 6-
кестеде берілген.
Мұғалімнің мақсат пен міндеттерді анықтау процесін ұғынбауын әрекеттің
бағыт-бағдар негізінің (ӘБН) жоқтығымен түсіндіруге болады. Педагогикалық
біліктің дамуындағы әрекеттің бағыт-бағдар негізінің (ӘБН) құрылысын
анықтау үшін кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылысын айқындауға
негізделеміз. Сондықтан, педагогикалық әрекетті сипаттауда, оның құрылысы
мен мазмұнын анықтау кезінде, біздің пайымымыз бойынша, психологиялық
(әрекеттер мен операциялар) және педагогикалық-технологиялық (іс-әрекетті
орындау механизмі) құрылымдарды бөліп қарастыру қажет. Психологиялық
құрылымды айқындауда кейбір авторлар іс-әрекеттің ең жақын элементтерін
әрекет деп атайды. А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, К.К. Платонов осылайша
ойлайды. Басқалар болса, іс-әрекет дегенді процесс деп түсініп, оның
кезеңдерін ең жақын элементтер деп қарастырады (Л.М. Фридман, Г.А. Балл, Д.
Пойа, В.М. Глушков және т.б.).
Жүйе ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің дамуының табиғатқа
ұқсас бағыттылығын іске асыра отырып, біз дамудағы дифференциация идеясына
сүйенеміз. Сондықтан, оның іске асыруын біз алдымен қызметтік тұрғысынан
қарастырамыз, мұнда біз іс-әрекеттің негізгі қызметтерінің бірізділігін
көрсету арқылы мақсаттар жүйесін жасауға мүмкіндік беретін әрекеттерді
айқындаймыз.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті сипаттауда оны дамитын жүйе екенін
ескеру қажет. Сондықтан, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің (жеке
әрекеттердің) қызметтері іс-әрекет нысанын түрлендіру және осы процесті
басқару болып табылады, яғни оның екіжақты сипаты бар: нысанды түрлендіру
және оны басқару.
Нысанды түрлендіру екі түрлі іс-әрекет арқылы жүзеге асады: нысанның
алғашқы жай-күйін айқындау және жаңа күйге түсіру. Басқару өзінің мәні
бойынша және қызметтерінің көптігінен көп қырлы болып келеді. Басқарудың
көптеген қызметтерінің ішінде біз мыналарын қарастырамыз: түрлену процесін
жоспарлау қызметі және түрлендіру іс-әрекеті мен түрлену процесінің
нәтижесін бақылау мен сараптау қызметі.

2-кесте - Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қызметтік моделі

№ Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті Қызмет түрі
жүзеге асыратын қызметтік әрекеттер
1 Іс-әрекет нысанымен танысу Түрлендіру
2 Іс-әрекет түрін анықтау процесін жоспарлау Басқару
3 Іс-әрекет түрін анықтау процесін жүзеге асыру Түрлендіру
4 Іс-әрекеттің таңдалған түрінің қойылған міндеттерге Басқару
жету үшін жеткіліктілігін және барабар болуын
сараптау

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке қызметтік тұрғысынан қарау бізге
кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қызметтік моделін жасауға мүмкіндік берді
(2-кесте).
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке қалыптастырушылық тұрғысынан қарау
оған мазмұндық тұрғыдан келу дегенді білдіреді, бұл қызметтік әрекеттерді
жүзеге асырудағы мазмұндық операцияларды бөліп қарастыруға мүмкіндік
береді. Біз кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нақты бір түрінің мазмұндық
моделін жасадық (3-кесте).

3-кесте - Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетінің мазмұндық моделі

№ Қызметтік әрекеттер Мазмұндық операциялар
I Іс-әрекет Оқу пәнінің түрін анықтау
нысанымен танысу Нақты оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін ұсынудың
тәсілін айқындау
Бұл іс-әрекеттің негізгі сипаттамаларын айқындау
Іс-әрекет мазмұнын сипаттаудың дұрыстығын бағалау
II Оқу пәнінің мақсаты Іс-әрекетті сипаттауда бастапқы деректерді анықтау
мен міндеттерін Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтау
анықтаудың процесін іске асырудың тәсілін анықтау
кәсіби-педагогикалық Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың
іс-әрекетін жоспарлауіріктелген тәсілін іс-әрекет жопарына айналдыру
Жасалған жоспардың жеткіліктілігін бағалау
IIIОқу пәнінің мақсаты Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың
мен міндеттерін шарттарын нақтылау
анықтауды жүзеге Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтау
асыру процесінің оңтайлы құралдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен тексеру
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Пәндер