Жаһанданудың негізгі теориялары



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
5-дәріс тақырыбы: Жаһанданудың негізгі теориялары
Дәрістің жоспары:
1. Жаһандану ұғымы
2. Жаһандық мәселелердің әлеуметтанулық тұжырымдамалары
3. Әлемдік нарық және геосаяси құрылымдар
ﻗ. Аймақтық мәселелер
Дәрістің мақсаты:
Жаһандану ұғымы.

1. Жаһандану ұғымы. Жаһандану теориясын жазу мен талдамас бұрын
жаһандану термині мен жаһандану процесі арасында айқындылықтың жоқ
екендігін айта кетейік. Бұрын жаһандану ғылымда дүниежүзілік
тарихтыңорнығуы (К.Маркс), әлемдік жалпы адамзаттық өркениет (М.С.Горбачев,
Ю.А.Замошкин), әлем-жүйе (И,Валлерстайн) терминдерімен көрсетіледі.
Жаһанданудың қазіргі таңда кеңінен қарастырылуына қарамастан, бұл ұғымға
қатысты біржақтылық жоқ. Кейбір зерттеушілер жаһандануды ХХ ғ. соңғы
онжылдығындағы әлеуметтік өзгерістің жаңа түрі ретінде бейнелейді.
Басқалары жаһандануды адамзаттың бірлікке барар жолда жүріп өткен қадамдары
деп түсінеді. Үшіншілері, жаһандануды тұтас әлемді қалыптастырушы процестер
деп ұғынады. Келіспеушіліктер жаһандану процесі мен ұғымдарын түсінуде ғана
кездесіп отырған жоқ. Бүгінгі таңда неғұрлым пікірталас тудыратын мәселе –
жаһанданудың шегі, оның қоғамның мәдени және саяси жүйелеріне әсері болып
отыр. Осыған байланысты бірнеше пікір бар. Мысалы, саяси ғылым саласындағы
танымал американдық профессор Самуэль Хантингтонның пікірінше, экономика
мен ақпарат саласындағы жақындасу, мәдени алшақтықты шиеленістіріп,
жаһандық және жергілікті деңгейдегі қақтығыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Басқа ьір саясаттанушы И.Валлерстайн жаһандық және жергілікті мәдениеттер
арасындағы әмбебап пен жергілікті диалектика бар екендігіне назар аударады.
Бастыс ғылымында өзгеде сценарийлар кездеседі. Мысалы, У.Ганнерстің ойынша,
гомогенизация сценарийі (мәдени бірегейлендіру), жағдай сценарийі – бөтен,
ең алдымен бастыс мәдениетінің қалыптасуы, перифериялық сыбайластық
сйенарийі, яғни, батыстық емес аймақтарда батыс мәдениетінің құлдырауы және
оның сол жерде бұрмалануы, сұхбат және алмасу жолымен біртұтас мәдениеттің
пісіп жетілу сценарийі ықтимал. Алайда тұтас алғанда көп жағдайда
жаһандану деп біртұтас технологиялық, ақпараттық және қаржы нарығының
қалыптасуы айтылып жүр, онда ешқандай шекара жоқ және әлем біркелкі болады.
Кедергі болатын бір жайт – бұл жаһандық әлеуметтанудың зерттеу пәні
ие болуы мүмкін – жеке қоғамдар ма немесе жалпы адамзат қауымдастығы ма
деген мәселе.
2. Жаһандық мәселелердің әлеуметтанулық тұжырымдамалары. Әлеуметтануда
жаһандануды әрі феномен әрі ұғым ретінде қарастыру – батыстық қазіргі заман
қалған барлық әлемге әлгі бола ала ма деген тағы бір пайымдау тудырады.
Жаһандануды сынаушылар бұжан қазіргі батысты батыстық емес елдер мен
мәдениеттерге телу дегенді көреді. Үшінші әлем елдеріндегі жаңғыру процесін
сараптау көрсеткендей, жаһандану бүкіл әлем дамуының әмбебап және ортақ
үлгісі болып табылмайды. Ақырында жаһандану әлеуметтану әдістерін өзгерте
ме? Э.Тирикьяни сияқты қазіргі зерттеушілер әлеуметтанудағы классикалық
әлеуметтану парадигмаларын кейінгі классикалықпен немесе модернистікпен
алмастыру қажет деп тұжырымдайды.
Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті
А.Мартинеллидің пайымдауынша, жаһандық тәуелсіздік пен қоғамдардың, саясат
пен мәдениеттің сақталып отырған бөлінуі арасындағы қарама – қайшылық
шиеленісін өршітеді. Жаһандану басқарудың жаңа нысандарын талап етеді.
Мартинелли қазіргі заманғы жаһандану процесін реттеудің үш негізгі
перспективасын атайды: халықаралық мемлекеттік ұйымдардың либералды
интернационализмі олардың ынтымақтастық этносымен бірге; ұлтаралық
бірлестіктердің жаңа әлеуметтік қозғалысының түбегейлік республикалық рухы;
мультиазаматтықтың космополиттік жобасы.
Жаһандық әлемді қазіргі әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу
ерекшеліктерінің бірі – жаңғыру теориясынан (соңғы онжылдықтарда үстемдік
еткен) бас тарту, салыстырмалы интернационалдық саяси экономияның жаңа
мектебінің пайда болуы, өйткені ол салыстырмалы мүмкіндік береді.
Салыстырмалы – тарихи әдіс елдерді, ұлттарды және басқа субъектілерді
сараптауда ұқсас келеді. Жаһандық әлеуметтанудың алдында тұрған басты
мәселелер – жаһандық әлеуметтік қатынастар сахнасында кімдер негізгі
субъект болып табылады және осыған байланысты мемлекет пен оның
құрылымдарының рөлі қандай деген сұрақтарға жауап іздеуде.
Жаһандық әлеуметтану сараптамасының тағы бір пәні – әлемдік нарық пен
геосаяси құрылымдарды сараптау. Бұл жайт қазіргі әлеуметтану еңбектерінде
көбінесе жаһандық прлоцестерді тауар алмасуы мен айналуына әкеліп
тірегендігі үшін жиі сыналады. Жалпы жаһандық туралы пікірталастарды төрт
пайымдауға шоғырландыруға болады: аймақтық немесе өркениеттік; академиялық;
идеологиялық және жыныстық ерекшеліктер мәселесін қозғайтын пайымдау.
Аймақтық немесе өркениеттік пайымдауға, жаһандануға бапсты көңіл
бөлінбейтін пайымдаулар жатады. Бұл жерде мынадай мәселе көтерілііп отыр:
үшінші әлемнің көптеген елдерінде ең алдымен нақты өркениеттер мен
мәдениеттердің ерекшелігін ескеретін жеке бірегей тұжырымдама жасау
қажеттілігі белсенді түрде талқыланады. Жаһандану теорияшыларының өздеріосы
елдер ғалымдарының үшінші әлем елдерін сараптау мен бейнелеудің осы тектес
ұмтылыстарын жергілікті теориялар мен тұжырымдамалар деп белгілейді.
Сонымен, бірге жоғары дамыған елдер авторларының әлеуметтану
тұжырымдамаларында жаһандануға қарсы тұжырымдамалар жиі кездеседі. Мысалы,
француз интеллектуалдары мен Германияның кейбір әлеуметтану мектептері
жаһандануды француз және неміс қоғамдарына төніп тұрған қауіп деп
есептейді.

3. Лекцияның күнтізбелік – тақырыптық жоспары
№ Тақырыптар (жоспар) КредитӘдебиеттеОқыт
бағасыр реті, у
саны тарауы нәте
беті жесі
1 Әлеуметтанулық 1 Нег. Әд. Б1;
зерттеулердің қазіргі № 1,2 Б9;
заманға өрнектелуі
(дизайны) және логикалық
қисындық құрылымы
1. Әлеуметтанулық
зерттеулердің ұйымдастыру
2. Зерттеудің жұмыс
жоспары
3. Зерттеуді жүргізудің
технологияның қағидаттары
ﻗ. Зерттеу мақсаты мен
міндеттері
2 Әлеуметтанулық зерттеудің 1 Нег. Әд. Б1;
бағдарламасын жасақтау № 3 Б9;
1. Зерттеудің кезеңдері,
мақсаты, объектісі және
мәні
2. Ұжымдарды негіздеу
операциясы, кезеңдері,
анықтамасы
3. Болжам түзу
3 Іріктеу жиынтығы 1 Нег. Әд. Б1;
1. Сипатты есептеу № 4 Б9;
2. Квоталық және кездейсоқ
зерттеу әдістері
3. Іріктеу жиынтығы
элементтерінің құрылымы
ﻗ Зерттеу бағыттары 1 Нег. Әд. Б1;
1. Қоғамдық пікірді № 5,6 Б9;
зерттеу
2. Макроәлеуметтанулық
және макроэкономикалық
зерттеулер
3. Микроәлеуметтанулық
және микроэкономикалық
зерттеулер
5 Зерттеу түрлері 1 Нег. Әд. Б1;
1. Әлеуметтанулық және №5,6,7 Б9;
маркетингтік зерттеулер
2. Пилотаждық зерттеулер
3. Медиазерттеулер
6 Зерттеу түрлері 1 Нег. Әд. Б1;
1. Панельдік зерттеулер №5,6,7 Б9;
2. Маркетингтік-жарнамалық
зерттеулер
3. Социометриялық
зерттеулер
7 Зерттеу әдістері 1 Нег. Әд. Б1;
1. Сандық және сапалық №5,6,7 Б9;
әдістер
2. Ресмиленген сұрау
3. Сауалнамалардың
қатысуымен және кеңес
берумен сауалнаманы
жүргізу
ﻗ. Пошталық сұрау
8 Зерттеу әдістері 1 Нег. Әд. Б1;
1. Баспасөздік сұрау №5,6,7 Б9;
2. Жеке сұхбат (интервью)
3. Көшелік сұрау
ﻗ. Телефондық сұхбат
9 Зерттеу әдістері (бейресми1 Нег. Әд. Б1;
сұхбат) №5,6,7 Б9;
1. Бейресми сұхбат ұғымы
2. Корпоративтік сұхбат
3. Жартылай құрылымдық
сұхбат
ﻗ. Фокустық сұхбат
10 Зерттеу құралдарын 1 Нег. Әд. Б1;
құрастыру №2,5 Б9;
1. Ресмиленген сұрақнама
2. Мазмұндық сұрақтар
3. Бақылау сұрақтары
ﻗ. Қақпан сұрақтар
5. Сүзгі сұрақтар
6. Жабық сұрақтар
11 Фокус-топ 1 Нег. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану: мәні мен бастаулары
Жаһанданудың қазіргі заман теориялары
Жаһандану процесі және оның салдары
Жұмсақ регионализм - қатал регионализмге балама
ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары қоғамда пайда болған әртүрлі құбылыстар мен процестер
Жаһандану
Жаһандану мәселесі
Қаржы институттарының салық салудағы теориялық-әдістемелік аспектілері
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Экономикалық теория. Қазақстан Республикасының жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Пәндер