Тынық мұқиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық мемлекет


Жапония
Тынық мұқиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық мемлекет. Жапонияны, әдетте «Күншығыс елі» деп атайды. Елдің негізгі бөлігін Жапон топаралының аралдары құрайды. Олардың ең ірілері-Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға жуық ұсақ аралдар енеді. Жапония аралдары Азияның шығыс бөлігін бойлай, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қаоай ұзындығы 3000 км-ден астам доға түрінде созылып жатыр.
Жапония жерінің аумағын Батыс Еуропаның барынша ірі елдерімен және АҚШ-тың үлкен щтаттарымен салыстыруға болады. Елі аумағы Азия жағалауларынан Шығыс Қытай, Жапон және Охот теңіздері арқылы бөлінген. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29 751км. Аралдың алып жатқан орны елдің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарының сипатын, шаруашылық мамандануын және өзіндік экономикалық, мәдени келбетін анықтап берді.
Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер 3 ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, 4 ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы 4 ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжәрибесін қабылдады. Ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты негізінен оңтустікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.
Х1Х ғасырдың соңына қарай Жапония жедел капиталистік даму жолына түсті. Ел дайын өнімді сыртқа көптеп сату арқылы ғана жергілікті отын мен шикізат тапшылығының орнвн толтыра алатын. Бұл ірі өнеркәсіп орындарының жағалауларда шоғырлануына тікелей ықпал етті. Жапонияның сыртқы саясатының өзі ел эканомикасының сыртқы нарыққа бағдарлануымен тығыз байланыста болды. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында көршілес елдерге қатысты басқыншылық саясат жүргізген Жапония ендігі жерде көптеген елдермен тығыз экономикалық байланыстар орнатты. Соның нәтижиесінде Жапония дүние жүзігіндегі аса ірі экономикалық және саяси орталыққа айналып, өз айналасындағы елдермен ынтымақтастығы нығая түсті.
Жапония - конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция негізінде анықталған. Мемлекет басшысы император болып есептеледі, іс жүзінде мемлекетті премьер-министор басқарады. Унитарлық мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағыннан 47 префектураға бөлінеді.
Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Аумағының аралдық сипаты, Шығыс Азия жағалауларына жақындығы, байлық бағытта ұзаққа созылып жатуы, жер бедерінің күрделілігі және елдің жеке бөліктерінің климат айырмашылығы Жапонияның табиғат жағдайларының өзіндік бет-бейнесі қалыптастырады.
Жер бедері негізінен, таулы сипатта; ел аумағының ¾ бөлігін құрлысы күрделі, онша биік емес таулар мен қыратта алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі - Фудзияма тауы 3776 метр. Тау шыңдарының көпшілігі жанар тау болып табылады, олардың жалпы саны 150, сөнбегені-15. Құрылымы жағыннан тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуге енетін Жапония жеріндегі жылына 1/5 мыңға жуық жерсілкіну оқиғалары болады, әсіресе ел астанасы орналасқан Токио шығанағы сейсмикалық жағыннан қауіпті аудандар қатарына жатады. Жазықтар мен ойпаттар негізінен теңіз жағалауы және өзен аңғарлары бойымен жеңішке алап түрінде созыла орналасқан. Жағалық ойпаттар аса қолайлы қойнаулар мен шығанақтарға ұласады.
Тау беткейлерінің тік жартасты болып келуі, қарқынды сесмйкалық әрекет, вулканизм көптеген таулы аудандардың шаруашылық игерілуін қиындаттады. Жапония жағалауларына жақын орналасқан терең сулы шұңғымалар аумағында жиі байқалатын су асты сілкінулері нәтижиесінде апатты алып толқындар-цунами пайда болады. Биіктігі он метрге дейін жететін цунами әрекетінне әсіресе Хонсю және Хоккайдо аралдарының солтүстік-шығысы көбірек зардап шегеді. Елдің жер қоры Нидерландтағы тәрізді теңізден жаулап алынған жерлер есебінен толығуда; қазіргі кезде жасанды алаптарда тіпті ірі кәсіпорындар мен әуежайлар салына бастады.
Жапонияның климат жағдайлары жалпы алғанда адамдардың өмір сүруімен шаруашылық әрекетіне қолайлы болып табылады. Жалпы алғанда ел аумағын үш климаттық белдеу қоңыржай субтропиктік және тропиктік белдеулер қиып өтеді. Жапония климатын қалыптастыруда муссондардың маңызы зор. Бұған қоса Жапон аралдары тынық мұхиттың батысында пайда болатын тайфундардың жолында орналасқан жаз айларында өтетін тайфундар тоқтаусыз нөсер жаңбырлар әкеліп, егістер мен елді мекендер су астында қалады.
Оңтүстік-шығыс жағалаулар бойымен өтетін Куросио жылы ағысы климатты жұмсатуға ықпал етеді. Жапонияның олрталық бөлігінде меридиян бойымен созылып орналасқан тау тізбектері теңізбен құрлық арасындағы ауа алмасуына аздапта болса кедергі келтіреді. Соның нәтижесінде құрлықтық ауа массаларынның жолында жатқан батыс беткейлерде шығысқа қарағанда қыс әлдеқайда суық құрғақ болады. Субтропиктік және тропиктік белдеулер ауыл шаруашылығына өте қолайлы, бұл белдеулерде көптеген дақылдардан жылына екі рет өнім жинауға мүмкіндік береді.
Жер бедері мен климатының ерекшеліктеріне орай Жапония өзендері қысқа және мол сулы болып келеді. Ең ірі өзені - Хонсаю аралындағы Синано өзені. Өзендер су энергиясына бай келеді, сонымен қатар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажеттерге кеңіне пайдаланылады.
Жапон аралдардың 2/3 бөлігін ормандармен бұталар алып жатыр. Хоккайдо арлында негізіне қылқан жапырақты ормандар басым болса, Хонсю аралында емен шамшат және үйеңкіден тұратын жалпақ жапырақты ормандар, ал оңтүстіктегі аралдарда мәңгі жасыл ормандар тараған. Жапония жағалауларындағы балықтың 600 астам түрі, былқылдақ денелілердің 1200-ге жуық түрі мекендейді, олардың көпшілігінің кәсіптік маңызы зор. Жер тапшылығына қарамастан Жапония жерінің он төрт пайызға жуығын қорғалатын аумақтар алып жатыр, мұнда 400 -ге жуық табиғи саябақтар жұмыс істейді.
Халқы. Қазіргі кезде Жапония халқының саны жөнінен (128, 0 млн адам 2004 жылы) Дүние жүзінде оныншы орын алады. Сонғы жүз отыз жылда ел халқының саны 3. 5 есеге өсті. 1875 жылы Жапонияда бар болғаны 35 млн адам тұрған. Қазіргі кезде туу көрсеткіші төмен 9 пайыз, халықтың табиғи өсуі жылына 0. 6 пайыз ғана. Әлеуметтік -экономикалық ақуалдың жақсаруына байланысты адамның өмір жасының орташа ұзақтығыда артуы. Мысалы, бұл көрсеткіш боиынша Жапон әйелдері бірінші орын алады (85, 3 жас) .
Туу көрсеткішінің күрт төмендеуі, жасы ұлғайғандар санының артуы, елде Батыс Еуропа елдеріндегі сияқты « ұлттың қартаюы» проблемасын тудырады.
Халықтың ұлттық құрамы біркелкілігімен сиппатталады:ел халқының 99, 3 пайызын жапондар құрайды. Саны аз басұа ұлттар қатарында корейлер мен қытайлардың, айындардың үлесі біршама.
Жапон аралдарының байырғы тұрғындары деп есептелінетін айындардың ұрпақтары Хоккайдо мен солтүстіктегі ұсақ аралдарда тұрады. Жапондар арасындағы кең тараған діндер - буддизм мен синтоизм. Ұлттық дін болып саналатын синтоизмнің жапон ұлтының өзіндік келбетінің қалыптасуына ықпалы зор болды. Қазіргі кезде Жапонияда сан алуан діндер мен діниағымдардың өкілдерін кездестіруге болады, соған қарамастан елде дін негізіндегі келіспеушіліктер мүлде байқалмайды.
Экономикалық белсенді халықтың жалпы халық санындағы үлесі өте жоғары, ЭБХ Жапония халқының 54% құрайды. Олардың 60 % астамы қызмет көрсету саласында, 22 % өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсепте жұмыс істейтіндер саны жыл сайын азайып келеді. Жапония да салыстырмалы түрде жұмыссыздардың үлесі онша жоғары болмағанымен, бұл көрсеткіштің артуы мүлде байқалмайды.
Жапон аралдары - дүние жүзіндегі халықтың ең тығыз қоныстанған аймақтарының бірі; ел аумағында орташа тығыздық 1 км 2 341 адам шамасында болады. Әсіресе Тынық мұхит жағалауындағы жазықтарда халық өте тығыз орналасқан. Мұнда ел хақының 2/3 бөлігі шоғырланған.
Қазіргі кезде Жапония халқының 79% қалаларда тұрады, елде халық саны миллионнан асатын 11 ірі қала бар. Елдегі аса ірі қала агломерацияларының тұтасуының дүние жүзіндегі ең алып мегаплоис - Токайдо қалыптасқан. Токайдоның аумағында 60 миллионнан астам адам тұрады, бұл ел халқының 48% жуығын құрайды. Токайда мегаполисіне Токио, Иокогама, Осака, Нагоя тәрізді ірі қалалар енеді. Соңғы жылдары халықтың ірі қалаларда шоғырлану қарқыны бәсеңдеді, бұл субурбандалумен тығыз байланысты.
Екінші дүниежүзілік соғыстан әлсіреп шыққан Жапония экономикасы соғыстан соңғы жылдары қарқынды өрлеу кезеңін басынан кешірді. Шикізатпен қамтамасыз ететін және тауарларын сатып алатын отарларынан айырылғпн Жапония алдында әскери мақсатқа маманданған шаруашылығын бейбіт өмірге лайықтап қайта құру міндеті тұрды.
Соғыс басында өндіріс орындаының 40 % жуығы қирап, ауыл шаруашылығы тұралап қалды. Жеңіске жеткен америкалықтардан озың техникасы мен едәуір сапалы тауарларын көрген жапондар оларда қалмай, керісінше басып-озу мақсатын алға қойды. Ендігі жерде ұлттық ғылыми-техникалық даму концепциясы негізінде жаңа экономикалық даму үлгісіне көшу жүзеге асырылды. Шикізат тапшылығы жағдайында арзан шикізатты сатып алып, қымбат дайын өнімду сату, яғни экспортқа бағдарланған экономиканы құру бірден-бір дұрсы жол деп табылды.
Жапон экономикасы XX ғасырдың 50-жылдарының ортасында қалпына келді. Бұл қаржылық тұрақтану және шарушалақ құрылымын толығымен қайта құру жағдайфнда жүрді. Әсіресе өнеркәсіптің жаңа салаларын дамытуға көп көңіл бөлді, олардың күрделі өнімдері бәсекелестік төмен жағдайда неғұрлым қымбат бағамен экспортқа шығарыла бастады.
Сонымен Жапон экономикасының XX ғасырдың 50-70 жылдары жоғарғы қарқынмен дамуына ішкі және сыртқы экономикалық жағдайдың қолайлы үйлесуі басты ықпал етті. Атап айқанда: 1) елде мамандану деңгейі жоғары әрі көнбіс, салыстырмалы түрде арзан жұмыс күшінің болуы 2) аталған кезеңде дүниежүзілік нарықта шикізат пен отын бағасынаң арзан болуы 3) шетелдердің ең соңғы ғылыми-техникалық жетістіктерін сатып алып, жергілікті жағдайда тиімді түрде бейімдеу 4) әскери шығындардың өте төмен болуы 5) қаржылық қорды экономиканы дамытуға жұмылдыру 6) мемлекет тарапынан экономиканы реттеудің күшті жүйесінің қалыптасуы.
XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап дүниежүзілік нарықта шикізат пен отын бағасының күрт өсуі энергия мен шикізатты көп қажет ететін салалардың үлесін азайтып, ғылымды көп қажет ететін өндірісті ұлғайтуға себепші болды. Өндірістік және өндірістік мес салалардың барлығын дерлік қамтыған электрондардыру, кешенді автоматтандыру, робот техникасын енгізу мүлде жаңа материалдар мен ең соңғы технологияларды пайдаланумен қатар жүреді. Елдің экономикалық қуатының артуы қаржының жинақталуымен, халықаралық есептеулерге иенаның кеңінен пайдаланыла бастауы жапондық өнеркәсіп қаржы топтарының нығаюымен қатар жүреді.
Жапония дүние жүзіндегі АҚШ-тан кейінгі екінші өнеркәсіп алыбы болуымен қатар, аса маңызды қаржылық орталыққа айналып, постиндустриялық даму кезеңіне өтті. 1990 жылдары елдегі қызмет көрсету саласының жиынтық ішкі өнімдегі үлесі 60% шамасында болды. Экономикадығы сапалық құрылымдық өзгерістер елдің сыртқы экономикалық байланыстарының сипатына және дүниежүзілік экономикалық кеңістіктегі орнына тікелей ықпал етті. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі аса жоғары дамыған елдердің “жетілігіне” енетін Жапония, АҚШ, Батыс Еуропа елдерінің, Қытайдың экономикалық бәсекелесіне айналды. 2003 жылы ЖІӨ көлемі 4 трлн 245 млрд АҚШ долларын құрады.
Жапон экономикасының қозғаушы күші болған өнеркәсіп постиндустриялық кезеңде де өзінің маңызын жлғатқан жоқ. Өнеркәсеп өнімінің көлемі жөнінен Жапония XX ғасырдың 70 жылдарынан бері дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Қазіргі кезде өнеркәсіптің жиынтық ішкі өнімдегі үлесі 38 % шамасында, елдегі жұмыспен қамтылғандардың 1/3 өнеркәсепте жұмыс істейді. Қазіргі кезде Жапонияда өнеркәсепте қатысты ғылыми жобалар мен бағдарламаларға көп қаржы бөлінеді. Елде 20-ға жуық технополистер жасалу үстінде, ғылыми қалаларында университеттер, ғылыми-зерттеу мекемелері және ғылымға негіздерген өндіріс орналасады.
Жапон өнеркәсібінде жалпы саны 800 мың шамасындағы кәіпорындар жұмыс істейді, олардың арасында ірі өнеркәсептік-қаржылық топтардың құрамына енетін бірлестіктердің маңызы зор.
Жапония аса ірі өнеркәсіптік-қаржылық топтары
Мицубиси
Тойота
Мацусита
Хитачи
Ниппон Стил
Ниссан
Фудзи
Сумитомо
Тошиба
Дайити
Хонда
Сони
7
2
2
2
5
3
4
6
1
6
1
1
1
105, 1
84, 0
66, 0
65, 1
59, 1
57, 0
52, 9
43, 8
37, 5
33, 4
33, 4
31, 5
124, 6
77, 6
84, 3
81, 3
78, 1
67, 9
62, 1
56, 0
49, 3
39, 3
26, 4
39, 7
272, 2
116, 2
280, 0
341, 0
99, 8
155, 1
226, 3
120, 5
173, 0
104, 3
90, 9
126, 0
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz