Жапонияның саяси және экономикалық дамуы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жапонияның саяси және экономикалық дамуы (1960 ж. Ортасынан-1990 ж)
  2. 1980-90 жылдардағы экономиканың дамуы. Саяси жүйе және Жапонияның қоғамдық-саяси өміріндегі проблемалары.
  3. 1980-1990 жылдардағы сыртқы саясаты

ІІІ. Қортыныды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1960 ж. ортасында Жапониядағы ішкі саяси жағдай 1990 ж. басына дейін сақталды. Ең мықты саяси партия-либералды-демократиялық партия болды. Діни буддистік идеологияға негізделген Комэйта тобы 1964 ж., Демократиялық социализмнің партиясы 1976 ж. құрылды. Жапониядағы саяси өмірдің сипаты парламентте тәуелсіз депутаттар санын бірте-бірте ұлғайту болды. Сато үкіметі және ізбасарлары қорғаныс күшін күшейтті, 1966 ж. Жапонияның қарулы күшінің саны 247 мың адамды құрады. Қару-жарақтар экспорты күшейді. Негізгі сыртқы саяси жағдай сато кезінде АҚШ-пен әскери саяси одақтас күйінде қалды. Жапон үкіметі АҚШ-тың Вьетнамдағы агрессияның барынша қолдады.

1966 ж. Жапония жаңа саяси блок АЗ-ПАК мүшесіне айналды. Бұл блокқа Тайланд, Филиппин, Австрия, Жаңа Зеландия кірді. 1960 жылдар шамасында Жапонияның даму деңгейі жлғарылады. Экономикалық өсім жоғарылады. 1961-70 жылдары ұлттық өнімнің орташа жылдық өлшемі -11% құрады. Жапонияның капиталистік әлемде өнеркәсіптік өндіріс 1, 7% ғана құралса, 1970 ж. 10, 1 % жетті. Деседе жалақы мөлшері төменгі дәрежеде болды. Жапонияның өнеркәсіптерінде жұмысшылардың жалақы мөлшері 1969 ж. АҚШ-пен салыстырғанда 4 есе төмен, Англиямен салыстырғанда 40%-ға төмен болды. Инвестиция ұлғайды. Жапония 1950-70 жж. 2, 5 есе Англияны, Францияны, ГФР-ді, 4 есе АҚШ-ты басып озды. Машиналар мен түрлі құрылғылардың ойлап табылуы Жапонияың даму дәрежесін адам әрі ұлғайды.

1980 жылдары Жапония динамикалық күйде дамыған елде айналды. Капитализмнің негізгі күшінің басты орталығы болды. Ол алтын және валюта қорының көлемі бойынша бірінші орынды иеленді. Жапонияда жан басына шаққандағы кіріс жылына 18 мың долларды құрады, АҚШ-та-15, 5 мыңды құрады. Ауылшаруашылық керемет қарқынмен дамыды. 125 млн. Тұрғынды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті. Электроника, компьютер өндірісі, автоматизация, биотехнология дамыды. Қазіргі таңда Жапония әлемдік видеоаппаратураның 90 % өндіріп шығарды. Капиталистік әлемдегі бүкіл роботтың 2/3 бөлігін құрады. Индустриялық қоғамнан бірте-бірте информациялық қоғамға өте бастады. 1970ж. патенттері және лицензияны сатып алу, ғылыми және техникалық зерттеулерді қаржыландырумен салыстырғанда екінші жоспарға ығыстырылды. Бұл сферадағы ірі жетістіктер жоғары білім дәрежесіне сүйенеді. 1980 ж. ортасында жапондықтардың 90% толық орта білімді болды. Оның 40 % 25 жас және одан асқан жастар болды.

Дегенмен, 1991 ж. соңында 50 жылда көтерілген Жапония қиындықтарға ұшырады. Жапон ресми статистикасы бойынша, 1992 ж. елдің ұлттық өнімі қысқарды, өндірістің өнеркәсіптік азық-түліктері бұрынғы деңгейде қалды. Экспорт иеннің -суіне байланысты қысқарды, 1993 ж. жапондық өндіргіш күштің көрсеткіші минустық өсім көрсетті: жұмыссыздық, керісінше 3, 2 % дейін ұлғайды. Нәтижесінде Жапония үнемі социал-экономикалық дамудың жалпы мемлекеттік жоспарының мақсаты мен мәселерін қайта қаруына тұра келді. Тек 1995 ж. соңында экономикалық депрессия жағдайынан бірте-бірте шығу белгілері байқалды. Әйтсе де 1990 ж. соңында елдің экономикасы стагнацияның күрделі кезеңі бастан кешірген болатын. Ең ауыр әсер еткен процесс, 1997 ж. Азия Тынық мұқит аумағындағы елдің экономикалық дағдарысы болды.

Жапонияның саяси жүйесі елдің басшы ретіндегі императордың сақталуымен көппартиялы парламенттік демократиясы негізделген, 1993 ж. дейін 38 ж. шамасында өзгеріссіз үкіметті либералды-демократиялық партия реттеп, үстемдік етті, 1986 ж. либералды-демократиялық партияның жетістігі одан әрі ұлғайды. Дегенмен, 3 жылдан кейін ол парламенттегі жоғары палатаның көпшілік орнынан айырыла бастады. Ал жапон парламентінің төменгі палатасына сайлау 1993 ж. жазда өтті. Онда либералды-демократиялық партияның билігі құлдырап, орнын социалистік партия басты. Нәтижесінде Жапонияның саяси өмірінде тұрақсыз халге түсті. Ірі партиялар құлдырауға ұшырады. Либералды-демократиялық партия билікке қайта келді, дегенмен бұрынғыдай күшті бола алмады. 1998 ж. шілдеде қайта төменгі палатаға сайлау кезінде сәтсіздікке ұшырады. Оның лидері Рютаро Хасимото тезарада жеңілісті өзінің қателігі деп санап отставкаға кететінің мәлімдеді. Одан кейін билік Кэйдзо партиясының лидері Обутидің қолына түсті.

Жапонияның сыртқы саясатындағы доктрима негізі АҚШ-пен Одақтас болып қалды. АҚШ өзінің әскери базасын орналастыруды жалғастырды. әскери базасы енген ірі қала- Мисава қаласы болып табылады. 1987 ж. Жапонияның «жұлдызды соғыс» бағдарламасына қатысуы туралы келіс сөзі жасалды. 1975 ж. қарашасынан Жапония дамыған капиталистік елдердің жыл сайынғы кездесулерге міндетті түрде қатысып тұратын мүшесіне айналды.

1997 ж. күзде әскери минитрлер ен АҚШ пен Жапонияның сыртқы істер министрлері Вашингтонда жапон-американдық «қауіпсіздік келіссөзі» негізінде олардың әскери ынтымақтастығының негізгі бағыттары бойынша жаңа келісөзге қол қойды. Оның мақсаты қос мемлекеттің Азиаттық-тынық мұқит аумағындағы әскери қауымдастықты анықтау. 1996 ж сәуірде АҚШ Президенті Б. Клинтон және Жапонияның премьер-министрі Р. Хасимото кездесуінде декларацияға қол қойылды. Мұнда АҚШ-тың әскери базасында Жапония территориясында болды. АҚШ мен Жапония әскери ынтымақтастықты күшейту мәселесі қаралды. Онымен қоса жапон үкіметі монополиясындағы экономикалық экспансия үшін пайдалы мүмкіндіктерді қалыптастыруға тырысты.

Осы тұрғыда Жапония барлық назарын сыртқы экономикалық саясатына аударды «Азия зонасында еркін сауда» ұйымын құруға тырысты.

Бұған Жапониямен бірге Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг кірді. Сонымен қатар тез қарқынмен дамыған Тайланд және Малайзия да енді. 1996 ж. Жапонияның Азия елдеріндегі экспорты 192, 8 млрд. долларды құрады. Токио басты назарын Пекинге байланысты қайта қайта жақсартуды көздеді. Жапония Кытайды өзінің тауарларын тасымалдаудағы перспективаны рынок деп санады, оларды өз еліне тасымалдайтын шикізат мекені ретінде қарады. Екі ел арасындағы тауар қатынасы 60 есе ұлғайды, 1972 ж. 1, 1 млр. доллар болса, 1998 ж. 62, 4 млр. долларға ұлғаяды.

Ұсақ орташа кәсіпкерліктен, ірі жапон компанияларына айналды. Мәселен, ең ірі тұрмыстық электроника өндіруші «Макусито» компаниясы болып табылады. 1992 ж. Ол Азия елдерінде тек 4 кәсіпкерлік ашылды. 1994 ж. Қытайдың өзінде 11 кәсіпкерлік ашылды. Олардың саны 29-ға жетті. Қытай Халық Республикада телевизор өндіруші жапондық электро-техникалық компания «Хитахи» жұмыс істеді. Азиат тынық мұқит аймағындағы ықпал үшін екі ел сауда экономикасы саласы қатынасы алға шығұға ұмтылды. Елдер арасында бірқатар территориялық проблемалар қалды.

Жапония сыртқы саясатындағы басты мәселелердің бірі- Кеңес Одағымен қатынас маңызды болды. КСРО 1951 ж. Сан-Франциско келіссөзіне қол қоюдан бас тартты. Кейін жақтар дипломатиялық қатынасты қалпына келтіру келіссөзіне келісті. 1957 ж. сауда келіссөз жүргізілді. 1997 ж. күзде Красноярскде Ресей президенті Б. Н. Ельцин және премьер-министр Рютаро Хасимото кездесуі өтіп, 2000 ж. екі ел арасында бейбіт келісөз жасалуы тиіс еді. Дегенмен, бұл келіссөз аяқ асты қалды. Жапон-Ресей келіссөзі кезінде 1998 ж. сәуірде Б. Ельцин бейбіт келіссөз емес, Жапония мен Ресей арасында достық және ынтымақтастық келіссөзді жасауды ұсынды. Бұл Жапония тарапынан бұл ұсыныс қабылданбады.

Жапонияның Кеңес Одағымен соғысуы және Квантун әскерінің жеңілуіне байланысты Потсдам конференциясындағы капитуляция шарттарын сөзсіз қабылдады. Көп ұзамай Жапонияны одақтас державалардың атымен әрекет еткен американ әскері жаулап алды. Осы кезден бастап 1952 ж. Сан-Франциско бейбіт келіссөзінде күшіне енгенге дейін елдегі жоғарғы билік АҚШ-тың қолында болды.

Жапония байланысты одақтас державалар саясаты 1945 ж. 26 шілдедегі Потсдам декларациясында қалыптасты. Декларацияда Жапонияны мәңгілік милитраизмнен жою талабы, демократиялық тенденцияның қайта қалыптасуы және нығаюы жойылады, барлық кедергілерге тосқауыл қою сөздін ұстану, ойлау бостандығын қалыптастыру, сонымен қатар адамның құқығын құрметтеу мәселелері қамтылды. Онда жапон халқының қалауымен бейбіт үкіметтің негізін салу қаралды.

Дегенмен, АҚШ негізінен жапон империясы басшылық еткен ескі мемлекеттік аппараты сақталды. АҚШ барлық маңызды мемлекеттік функцияны өзіне еншіледі. Олар өз алдарына финанс, мемлекеттік бюджет, сыртқы сауданы өз қолына шоғырландырды. Сот және полициялық аппаратты бақылауда ұстап, заң шығарушы парламенттің билігін шектеді. Жапон үкіметі басқа елдермен байланыс орнату құқығынан айырылды. Сыртқы саясаттың барлық функциялары оккупацияланған биліктің қолында болды.

1945 ж. қыркүйектің өзінде ұлттық ұйымдар, әскер және жазалаушы органдар таратылды. Жұмысшыларға кәсіподақ құру құқығы берілді, демократия иесі қалыптастырылды, экономиканы демократиялауға жол берілді. Дзайба-цу таратылды, жер реформасы жүргізілді, помещиктер жер иелену жойылды. Синто діні мемлекеттен бөлініп тасталды. 1 қантар 1946 ж. император тақтан түсірілді. Қоғамдық және саяси қызметтерді тазалау нәтижесінде 200 мыңнан астам адам қызметіне босатылды. 28 басты әскери тұтқында халықаралық трибунал соты беріп жазаға тартылды. Түрмеден 3000 астам саяси тұтқындар босатылды. Жапония капитуляциясынан кейін Судзуки үкіметі отставкаға кетіп орнына императорлық отбасының мүшесі принц Сигасикуни басшылығымен үкіметі орналды. Ол екі Жапонияның ерекшелігін сақтап, одақтас державалардың шараларын түйістілу қажет еді деді.

Сонымен қатар соғыстан кейін алғаш рет парламентке сайлану жүргізілді. Оған қайта құрылған партияға қатысты. Сошыл қанат партиялары Жапонияның коммунистік партиясы және социалистік партиясы енді алдағы уақытта саяси аренада белгілі рөл ойнай бастады. Жапониядағы мемлекеттік құрылымды өзгертудегі маңызды позитивті шаралардың бірі -1946 ж. 3 қарашада қабылданған жаңа конституция болды. Ол күшіне 1949 ж. 3 мамырда енді. Ол абсолюттік монархияны жойды. Ресми түрде императорды саяси биліктен алыстатты, оны тек ұлт бірлігінің символы деп жариялады. Билік халықта деп мәлімдеді. Жаңа конституция бойынша ерлермен бірдей сайлау құқығына ие болған әйелдер ерлер сияқты азамат болып саналды. Жалпы сайлау құқығы жүргізілді, патриархалды отбасылық жүйесі жойылды, азамат құқықтары ресми түрде мәлімденді. Парламенттің жоғарғы палатасы сайланбалы болады және кеңестер палатасы деген атауға ие болды. Төмен палата жоғары мен салыстырғанда үлкен өкілеттікке бөлінді. Көптеген депутаттарға ие саяси партия палатада өкілдері болғандықтан премьер-министрді тағайындады. Заңдар да өзгеріс жасай алды. Оппозициялық партиялар және кәсіподақтар оккупацияның алғашқы жылдарында демократиялық институтты нығайту мақсатын американдықтар қолдады. «Қырғи-қабақтың» басталуының негізі болған «Трунғи доктринасы» сәйкес олардың алға қойға мәселесі Жапонияны антикоммунизм қамалына айналдыруға қарсы тартысты өзінің одақтасына айналдыруға ұмтылды. Американдықта Жапон экономикасын нығайту саясатына өтті. 1950 ж. Жапонияның премьер-минситріне жаңа жылдық жолдауында оккупациялық күштердің басқарушы генералы Макартур Конституциясының пафистік 9 статьясы бойынша Жапонияның қорғаныс күшін иенденуіне қарсылық білдірмейтіндігін баяндады. Осыдан кейін жаңа әскерді ұйымдастыруда негізі болған 75 мыңдық ұлттық полиция корпусын құру бағдарламасы қабылданды.

Жапонияның экономикасын қайта жақсарту өте баяу болды. 1948 ж. Жапонияның өндірістік өнеркәсібінің индексі 52 ғана болды. Ол өндірістік өнеркәсіптің қайта жаңғыруына кедергі жасалды. Бұл әлеуметтік талқуларды тудырды. Оның тағы бір себебі жұмыссыздық еді, 1949 ж. кейін экономикасын қалпына келтіруі негізінен монополия ұсынған субсидия американдықтардың көмегінің арқасында жүзеге асырылды.

1949 ж. мамырда АҚШ Жапониядан репарация жоспарын жойды, содан соң монополияға қарсы заңдарды қайта қарастырды. Капитал және өндіріс концетрациясы үшін жол ашты.

1951 ж. қыркүйекте Сан-Франциско бейбіт конференциясы өтті. Ол АҚШ және Англияның ұйымдастыруымен өткізілді. Қызығушылық танытқан елдер шақырылды немесе америка ағылшын келіссөзі жобасына қарсылық белгісі ретінде қатысудан бас тартты. Конференция кезінде кеңес делегациясы Жапония территориясына байланысты өзгерту ұсыныстарын қолға қойды. Ұсыныстарына көзқарасын өзгертіп қабылдауына байланысты кеңес делегациясы АҚШ мен Жапония үкіметінің өзара келіспеушілік сепарациясы деп санап, бейбіт келіссөзге қол қоюдан бас тартты. Каир, Потсдам декларациясы, Ялта келіссөзі және Қиыр-Шығыс комиссияның шешіміне сәйкес, Сан-Франциско бейбіт келіссөзі Жапонияның Оңтүстік Сахалин, Курил аралдары, Тайвань, Пэнхуидао аралдарынан бас тартуын бекітті, бірақ олардың сыртқы ұлттық меншікке екендігіне сілтеледі. Сан-Франциско бейбіт келісіне сәйкес АҚШ мен Жапония арасында қауіпсізді келіссөзі жазылды.

Бейбіт келіссөзінің жасалуы оккупациялық кезінде аяқталды. Жапонияға суверенитетінің қайтарымды оның дамуының жаңа кезіне жол ашты. Осы кезде бұрынғы әйгілі финанстық-өнеркәсіптік топтар өзінің ұйымдасқан құрылымын өзгертті. Дегенмен, бұрынғысынша Жапонияның экономикалық дүниесін бақылауға ұмтылды. Соғыстан кейінгі жылы тазалауға амнистициялар ілінді. Полицейлік заңдар күшейді. Демонстрациялы бас көтеру құқығы шектелді. 1952 ж. тамызда премьер Есидо өз сөзінде үкіметті мақсаты - жаңа жапон әскерін құру болып табылады деп жариялады. Осыдан ұзақ жылдар бойы Жапонияның саяси механизмі қалыптасты. Демократиялық және либералды партияның бірігуі негізінде құрылған біріккен либералды-демократиялық партия лидері ретінде премьер-министр Хатояна өзінің үшінші билігін қалыптастырды. Консервативті лагербдің бірлігі, елдің экономикалық дағдарысын өткерді және қарқынды дами түсті. Халықаралық аренадағы позитивті өзгерістер Хатояна үкіметін АҚШ-пен қатынасын жүргізуге мүмкіндік берді. Ең алдымен Кеңес Одағымен қарым-қатынасын жақсарту жолында қадам жасады. Бұл қадам Жапонияның сыртқы саяси беделін жақсарту үшін маңызды және БҰҰ -на ену проблемасын шешуге бағытталды. Сонымен қатар, көршілес елдермен тиімді экономикалық ынтымақтастықты қайта қалпына келтіруге тырысты. Мәскеумен күрделі келіссөзіне және тікелей АҚШ-тың қарсылығына қарамастан 1956 ж. қазанда бейбітшілікті қалпына келтіру баяндайтын Жапонияның КСРО арасында біріккен декларациясына қол қойылды. КЕліссөзде аталған өзінің уәдесін орындау негізінде Кеңес Одағы Жапонияның БҰҰ-на қабылдау өтінішін қолдап, 12 желтоқсанда ол бұл ұйымның мүшесіне айналды. Өзара декларацияға территориялық наразылыққа Жапонияның пунткі еді.

Өзінің Оңтүстік Курильден толық құқылы иелігіне байланысты Кеңес Одағы екі жақ сол қойған бейбіт келіссөзінен кейін Жапонияға екі аралды қайтаруға келісті.

Жапонияның сыртқы саясаты осы жылдары жақсар бастады. Жапонияның өзінде антиамерикандық жағдай туды. 1956 ж. елде АҚШ-тың 75 әскери объектісі орын алды. Олар бейбіт тұрғындардың теріс әсерін тигізді, құнарлы жерлерді алып жатты. Үкімет 1960 ж. қантарда жаңа келіссөзге қол қойды. Бұл америка-жапон әскери саяси қатынасына әскери одақ сипатын қалыптастырды. Жапония өзіне АҚШ-тың Киыр-Шығыс стратегиясы үшін жауапкершілікті мойына алды. Олармен біріге отырып қарулы әркеттер жүргізді, американдықтар үшін өз территориясында базаларын орнатуға мүмкіндік берді. Токио өзінің әскери потенциалын өндіру жауапкершілігін мойына алды. АҚШ бұған байланысты қару-жарақ өндірісі бойынша экономикалық ынтымақтастыққа уәде берді. Азиядағы АҚШ-тың әскери-саяси одақтас ретінде Жапонияның біргуі және американдықтарға Жапон территориясына әскери мақсатта пайдалануға толық құқық берілді. Бұдан кейін Кеңес үкіметі Жапонияға Оңтүстік Курильдің екі аралын қайтарып беру мүмкіндігіне байланысты өзінің уәдесін қойды. 1960 ж. бастап Жапонияның экономикалық күші күшейді. 1970 ж. капиталистік әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. Сыртқы саясаты Икэда үкіметі Азиядағы елдермен байланысты кеңейтті. Жапон оккупациясыдан зардап шеккен елдерге репарация төледі. Дағдарыс белгілерінен кейін 1953-54 жж. Жапонияда экономикалық жоғарылау басталды. Бұл «Дзимудың гүлденуі» деген атауға ие болды. Ол 1957 ж. дейін жалғасты және елдің соғыстан кейінгі экономикасын құрылымының қалыптасуына едәуір әсерін тигізді. Осы жылдардан Жапон экономикасының көтерілуінің негізгі факторының бірі - жалпы капиталдың кеңеюі болды. Тез арада қарқынды дамуының екінші себебі- жоғары маманданған күшінің артуы болды. Өндірістің өсуіне ішкі сауданың кеңеюі әсер етті. Жапон экономикасының өсуінің белгісі- ғылыми техникалық жетістіктердің қалыптасуы болды. Жапония тек жаңа техниканы импорттапқана қоймай, оған қоса технологиялармен патенттер мен лицензиялар сатып алуға көшті. Бұл арқылы олар ғылыми техникалық зерттеу уақытын үндеді. Әсіресе машина құрылысы, кеме жасау, тоқыма, химия және энергеика салалары дами түсті. Жапонияда даму деңгейі жоғарыласа да, жұмысшылардың ереуіл жартысы жойылды. Жапонияда жұмысшылардың жалақысының күрделі құрылымы сақталды. Өнеркәсіп салаларына тәуелді болды, жұмыс дәрежесіне байланысты болды. Осы кезеңде орташа жалақы мөлшері 17 мың иен құрады. 1964 ж. күзде премьер-министр Икэдо Ауруына байланысты отставкаға кетті, либералды демократиялық партия ішінде ұзақ тартыстан кейін, лидері Сато Эйсакға берілді. Оны Жапонияның іскер, және финанстары қолдады. Одан партия ішіндегі қарсы тұрған фракцияны біріктіруді күтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елдің экономикасының даму стратегиясы
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Қазіргі кездегі Жапонияның ішкі және сыртқы саяси жағдайы
ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Қытай және Жапония арасындағы сауда - экономикалық қатынастары
Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz