Елдің экономикасының даму стратегиясы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Тарау. Елдің экономикасының даму стратегиясы
І.І.Жапонияның дамуындағы саяси партиялардың қызметі
1.2.Елдің экономикасының дамуы
ІІ. Тарау. Жапонияның сыртқы саясаты және басқа елдермен қарым – қатынасы.
Жапонияның басқа елдермен қарым-қатынасының дамуы.
2. Жапония-Қазақстан арасындағы байланыстары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған

Кіріспе

Жапония Азияның шығыс жағалауын қоршап жатқан аралдарға орналасқан.
Доғаша иілген аралдар солтүстік-шығыстан, оңтүстік батысқа қарай Змың км-
ден астам созылып жатыр. Ол елдің барлық халқына жуығы тұратын төрт ірі
(Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку) және көптеген үсақ аралдардан құралады.
Жапония бір ұлтты ел. Халқының 90 пайыздан астам-жапондар.
Жапонияның саяси және эканомикалық дамуының өзіндік ерекшкліктері бар.
Соғыстан кейін Жапония оккупациаланған жағдайда жартылай феодалдық
тәртіптен демократиалық қоғамға өту жүзеге асырылды. Міне сол бойынша
Жапония капиталистік демократия жолын, ал эканомикада нарықтық қатынастарды
таңдап алды.
Жапон қоғамына тән белгі заң жүзіндегі тұрақтылық пен тәртіп. Дүние
жүзінде қылмыс деңгейі ең төмен елдердің бірі. Бүдан экономикалық жағынан
үтыс көп: қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сақтандыруға жүмсалатын
шығын мейлінше аз.
Жапон қоғамына тән екінші белгі-байлықты реформасы үдемелі салық
жүйесі арқылы біркелкі бөлу. Жылдық табыс жылына 2 миллион иенге дейін
болған жағдайда (1 американ доллары 125 Жапон иеніне тең) табыс салығы
алынбайды, ал табыс жоғары болған кезде салық оның 70 процентіне дейін
жетеді. Мұраға салынатын салық өте жоғары, ол үш рет мұраға өткен жағдайда
іс жүзінде бүкіл дәулет салыққа кетеді. Жапондар балаларына ең бастысы
білім мен тәжірибе беру деп санайды. Сонымен бірге жерге, жерді мұраға
қалдыруға салынатын салық басқаларына қарағанда едәуір төмен, ауыл
шаруашылығына осы арқылы қолдау жасалады.
Үшіншісі — басқалардың білімдері мен мәдениетін белсенді түрде
қабылдау: ертедегі тарихта - Қытайдан мәдениет пен буддизм,
кейініректе — Португалиядан білім, ал ең жаңа тарихта Америка мен
Үлыбританиядан саясат, мәдениет және демократия саласындағы білім
қабылдаған.
Төртінші Жапон қоғамына тән белгі — ескі, дәстүрлі мәдениетін сақтауы.
Жаңа мәдениет пен технологияны қабылдай отырып, Жапондарда өзіне, өз
мәдениетіне, өзінің өмір салтына адал. Көзсіз бас июшілік те, өздерінің
өмір салтын кемсітушілік те жоқ.
Конституцияның ерекше статьясында Жапония соғыстардан мәңгі-бақи бас
тартады және армия үстамайды деп жазылған. Бірақ Реакциялық күштердің
қысымымен үкімет өз қорғаныс күштерін арттыруда және соғыс өндірісінің
дамуын қолдауда.
Бүгінгі Жапония ғылыми, технологиясы, экономикасы жоғары дамыған
дүниежүзілік аренада алдыңғы қатарлы мемлекет болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бұл жерде мен Жапонияның 60-90 жылдардағы
дамуын
* Экономикалық өсуіне әсер еткен жағдайларын
* әлеуметтік саяси өмірін
* Жапонияның АҚШ, Оңтүстік — Шығыс, Азия елдерімен, Қытаймен т.б. елдермен
қарым-қатынасының даму бағытын
* Қазақстан мен Жапония: әлеуметтік өмірі мен мәдениет саласындағы
ынтымақтастығын, өзара байланыстарын жан-жақты ашып көрсету болып
табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда келесі тарихнаманы пайдаландым.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Тақырыптың зерттелу деңгейі Жапонияның
монополистік капитализм елдерінің ішінде жетекші ел ретінде оның екі
система мемлекеттерімен бейбіт қатар өмір сүру үшін күрестегі ролі 1981
жылы Қазіргі монополистік капитализм сериясымен шыққан Япония атты
монографияда көрсетілді.
1980 жылы Москвадан В.М. Музаровтың США-Китай-Япония: Перестройка
международных отношений (1969-1979) деген монографиясы жарық көрді. Онда
қазіргі кезеңде үш ел арасында халықаралық қатынастарда пайда болған
тенденциялар тілге тиек етіледі.
Жапонияның 60-80 ші жылдарда ішкі жағдайының дамуы мен сыртқы
саясатында бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын шығарылып отыратын
"Япония" жылнамадан (ежегодник) табуға болады.
Жапонияның 1939-1945 жылдардағы милитаристік саясатын бүгінгі күні
қандай бағытта жүргізіп отырғандығы жөнінде "Японский милитаризм" деген
еңбекте жан-жақты баяндалады.
Есенғариннің "Еркін дүние есігі" атты еңбегінде Жапонияның 1990
жылдардағы елдің әлеуметтік экономикалық жағдайы туралы жақсы мәлімет
береді.
Курс жұмысының құрылымы. Кіріспе, екі тараудан, төрт тараушадан және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курс жұмысында мына мәселелер қамтылады.
І.І.Жапонияның дамуындағы саяси партиялардың қызметі
1.2.Елдің экономикасының дамуы
3. Жапонияның басқа елдермен қарым-қатынасының дамуы.
4. Жапония-Қазақстан арасындағы байланыстары

1.1. Жапонияның дамуындағы саяси-партиялардың қызметі
Жапония басқару формасы жағынан парламенттік монархия болып табылады.
Конституцияға сәйкес императордың өкілеттігі қатты шектелген оған "мемлекет
пен халық бірлігінің символы" деген роль ғана берілген. Өкіметтің жоғарғы
заң шығару орган — парламент, ол екі палатадан тұрады: төмендегі (өкілдер
палатасы), оған 511 депутат кіреді; жоғарғы (ақылдастар палатасы), ол 252
депутаттан тұрады. Басқарушы топ Жапонияның ішкі саяси құрылымын "нағыз
парламенттік демократия" деп көрсетуге тырысады. Осыған байланысты олар
үсынған доктрина қоғамдық өмірде саясатты таптан жоғарғы сипатта көрсететін
ой туғызады.
Партияның президенті өзінен-өзі премьер-министр болады, бірақ партияға
іс жүзінде бас хатшы басшылық етеді. Олардың екеуі де әр түрлі фракциядан
болады. Бас хатшы бюджет мәселелерімен айналысады, парламент мәжілістерін
ұйымдастыру жөніндегі комитетті басқарады, депутаттықа кандидаттар іріктеу,
сайлау алдындағы күресті ұйымдастыру, қаржыландыру мәселелерін шешу жөнінде
көп жұмысты талап ететін сайлау істерін жүрізеді.
Жалпы мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы бар, ол комитет түрлі
фракциялардың өкілдерінен тұрады және партияның саясатын талдап жасайды,
съездерді ұйымдастырады. Съездер жылына бір рет өткізіп, небәрі бірнеше
сағатқа созылады, яғни барлық мәселелері іс жүзінде комитетте пісіп
—жетілдіріледі.
Тағы да төраға басқаратын саяси комитет, министрлер санына сәйкес 20
шақты қосалқы комитет бар. Бұл заң жүзінде баянды етілмеген, бірақ 1946
жылдан бастап дәстүрлі жұмыс істеп келеді. Комитеттер мен қосалқы
комитеттердің мүшелері сонымен қатар
сайлануға да үсынылып, парламент палаталарының депутаттары болып сайланады,
сонымен бірге парламент комитеттеріне де кіреді. Депутаттар әлденеше рет
сайланып, тәжірибе мен білім жинақтайды, сөйтіп пратияның қосалқы
комитеттері мен парламенттік комитеттерде енді кәсіби-мамандар ретінде
жұмыс істейді және соның арқасында өте ықпалды адамдарға айналады.
Депутаттардың жалақысы стажына байланысты жылына 12 миллионнан 15
миллион иенге дейін болады, ал саяси қызмет жүргізу үшін қосымша қаражат
беріледі.
Сонымен билеуші партия парламент пен үкіметтің жұмысына толық бақылау
жасап, оны ұйымдастырып отырады. Сонымен бірге партияны басқаратын немесе
оның басшы активі болып саналатын саясатшылардың өзі парламентке де
үкіметке де басшылық етеді: парламент мүшелері де, үкімет мүшелері де
кәсіптік жағының жоғары болуымен ерекшелінеді, бұл орайда олар парламенттен
үкіметке керісінше үнемі ауысып отырады, яғни жүйе саясатшылардың тұрақты
тобының тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып жұмыс істейді.
Жапон монополиясының саясатын тікелей жүзеге асырушы Либерал-
демократиялық партия (ЛДП). Ол 1955 жылы қарашада демократиялық және
либералық партияның бірігу нәтижесінде құрылған. ЛДП-ның идеологиялық
негізі капиталистік қоғамдық құрылыс пен антикоммунизмді қорғау болып
табылады. Партияның ішкі саяси қызметінің барлығы елдегі демократиялық күш
пен жұмысшы қозғалысын басуға бағытталған. Ол жүргізіп отырған сыртқы
саясат АҚШ-пен соғыс-саяси одақты дамыту мен нығайтуды көздейді.
Либералдық-демократиалық партияға қарсы кейбір саяси топтардан
құрылған опозициалық лагерь қарсы шықты. Әсіресе
солшыл оппозициялық лагерь қарсы шықты. Әсіресе солшыл
оппозиция қауіп төндірді. Оның ішінде жетекші рольді Жапония
коммунистік партиясы (КПЯ) атқарды. Партияның елдің барлық
префектурасында мықты төменгі ұйымдары бар. Оның орталық баспа
органы-"Акахата" газеті (күнделікті және жексенбілік номерлі
шыгады) 3,3 млн. адамнан астам оқырмандары бар. 5 Коммунистік
партия 1958 жылы ҮІІ съезінде Уставын, 1961 жылы ҮІІІ съезде
программасын қабылдады. Кейінгі жылдары бұл құжаттарға
өзгертулер, қосымшалар енгізіліп отырды. Онда партияның басты
мақсаты былай анықталады: "Цель коммунистической партии
Японии состаит в том, чтобы освободить рабочий класс и народ
Японии от эксплуатации и гнета, построить в Японии
социолистическое общество и затем создать высшый тип общества -
коммунизм".6 Осы мақсатқа жетуді кезектен тыс 1976 жылы болған
XIII съезі қабылдаған бостандық пен демократия Декларациясы да
нықтайды: Жапония коммунистік партиясы да өз мақсатын анықтауда КСРО
коммунистік қоғамды орнатуды түпкі мақсаты деп есептейді.
Парламентте солшыл оппозиция мығым партиясы 1945 жылдан
бастап өмір сүрген Жапония социалистік партиясы (СПЯ). Басқа
социалистік-демократиялық партиялардан өзгешілігі СПЯ таптық
күрес пен пролетарлық ынтымақтастық принципін жариялайды.
Социалистік партияның жалпы саяси платформасы
антимонополистік, антиимпералистік сипатта болып табылады. СПЯ Жапония
профсоюздарының Бас Кеңесімен (Сохэе) тығыз байланысты. 80-ші жылдары оның
50 мыңнан астам мүшесі болады, көпшілігі профсоюз белсенділері. Партияға
барлық сайлаушылардың 15 дауыс береді.
СПЯ-ның программасы 1955 жылы қазанда өткен съезінде қабылдаған. 1966
жылы ХХҮІІ съезінде Жапонияның социолизмге барар жолы деген құжат
қабылданды. Партияның концепциясы елдегі жағдайларды еске ала отырып, 1970
жылы 70-ші жылдардағы СПЯ-ның міндеттері. Жаңа аралық бағыт деген
программалық құжат қабылданды. Бұл да Жапония коммунистік партиясы сияқты
Жапонияда социалистік қоғам орнатуды мақсат етіп қойды. Оның нақты жолдары
"Жапонияның социализмге барар жолы" құжатында анықталады: 1. Мемлекеттік
басқарудың маңызды органдарына прогрессивтік күштердің толық бақылауын
орнату, әкімшілік аппаратты және полицияны өзіне бағындыру; 2. Американ
қысымын жою; 3. Өнеркәсіптің негізгі салаларын социалистік негізде қайта
қүру; 4. СПЯ мен жұмысшы табының антимонополистік және демократиялық
топтарға басшылығын қамтамассыз ету және демократиялық көпшілікті
социалистік көпшілікке айналдыру.
Консерваторлар мен солшыл оппозицияның аралығында екі саяси партия
әрекет етеді: демократиялық социализім партиясы мен таза саясат партиясы
(Комейто). Олар елдің саяси өмірінде едәуір ықпалды роль атқарады.
Демократиялық социализм партиясы (ПДС) 1960 жылы қаңтарда СПЯ-да шыққан
оңшыл реформистік топтардан құрылған. Оның әлеуметтік базасы үсақ және орта
буржуазия. Оның программасында партия таптық партия емес, халық партиясы
болып табылады деп көрсетілген. Ол да социалистік қоғам қүру
мен капитализмді жеңуді жариялай отырып, национализация үттгін
национализациялауға қарсы шығады, жеке меншікті сақтап қалуды қолдайды. ПДС
ЛДП-ға формальды түрде оппозицияда. Консервативтік және демократиялық
күштер арасында бірде ана жақты, бірде мына жақты қолдап әрекет етіп, саяси
мәселеде ол басқарушы партияны қолдайды.
Жетекші саяси партиялармен қатар Жапонияның бүгінгі саяси
құрылымында ультраоңшыл және ультрасолшыл ұйымдар әрекет
етеді. Санының аздығына қарамастан олар елдің саяси өмірінде
едәуір роль атқарып, демократиялық күштерге қарсы әрекет етеді.
Оңшыл ұйымдар қатарына ультраұлтшылдар топтары жатады. Олар
ұлтшылдық пен шовинистік көңіл-күйді өршітетін
антидемократиялық, антикоммунистік насихат таратады. Оған патриоттар
ұйымдарының Жалпыжапондық Конгрессі (Дзэн ай кайги), жаңа Жапония
қоғамы (Синниппон кегикай) жатады. Олар ЛДП-ның оңшыл лидерлерімен тығыз
байланысты. Олардың арасында күрестің зорлау, күштеу методын пайдаланатын
неофашистік топтар ерекшеленеді. Оңшыл ұйымдар мен гангстерлік топтар да
тығыз байланысты әрекет жүргізеді.
60-70-ші жылдар бойы үкіметтің біраз акциялары елде ұлтшылдықты
өршітуге бағытталды. Әсіресе 1967 жылы 11 ақпанда ресми мемлекеттік мереке
ретінде мемлекеттің құрылған күнін —шын мәнінде Жапония империясының
құрылған күнін қалпына келтірудің ерекше мәні болды. Жапон календарінің,
соғысқа дейін жыл сайын милитаристік Жапонияның күні деп аталып өтілген,
осы қаралы датаны қалпына келтіруі елдегі демократиялық күштер арасында
үлкен буырқаныс тудырды. Имепратордың ролі мен оның
қүдіреттілігін қасиетті етіп көрсетуге бағытталған реакциялық күштердің
әркеті ұлттық көңіл-күйді жандандыруды көздейді. 60-шы жылдары
министрліктің арнайы шығарған кітапшасы императорға деген сүіспеншілікті
Отанға деген сүйіспеншілікпен тоғайластырады. 1977 жылы Жапонияда
министрлер кабинетінің үсынысы бойына білім министрлігі милитаристік
"Кимигае" (Император жасасын!) гимн Жапонияның мемлекеттік гиміне айналдыру
туралы шешім қабылдады. Бұрынғы жапон императорларының басқару жылдары
бойынша есептелінген жыл санау (гэно) енгізілді. 12
Ұлтшылдықпен күшеюіне Жапониядағы синтоистік храм-Ясукуниді елдің
басты мемлекеттік храмына айналдыру да әсерін тигізді. Оны "ұлттық
статустың" ресми қайта туындауы деп көрсетті. Реакция храмды соғыста
өлгендердің әруағына айналдыру туралы заң жобасын парламентте бекітуге
тырысты. Алайда демократиялық күштер ұйымдастырған қарсылықтар бұл жоспарды
жүзеге асыртпады. Жеңіліс тапқан консервароллар енді заң жобасын "соғыста
қүрбан болғандарды еске түсіру туралы заң жобасы" деген атпен үсынды.
Алайда бұл әрекеттен де ешнәрсе шықпада. Соған қарамастан Ясукуни храм
басқарушы топ пен жапон әскерлерінің табынатын орнына айналды. Жапонияның
соғыста жеңіліс тапқанына 30 жыл толған күні Ясукуни храмында сол кездегі
премьер-министр Т.Мики болды. Сол жылы қарашада жапон императоры да храмда
болды. 1978 жылы 15 тамызда сол кездегі премьер-министр Т.Фукуда да храмда
болып өлгендерге бас иді.
Осылайша ұлтшылдық көңіл-күй мемлекет тарапынан қолдау тапты.
1978-1979 жылдры жергілікті үкімет органдарына сайлау кезінде оппозициялық
партиялардың өзара алауыздыгына байланысты ЛДП Токио, Осака сияқты біраз
қалаларының мэріне өз кандидаттарын өткізе алды. 1979 жылдың соңында - 1980
жылдың бірінші жартысында Жапоиияда антикоммунистік компания күшейді. Оның
барысында Комэйто, ПДС, СПЯ коммунистік партияны оқшаулауға бағытталған
келіссөз жүргізді. Сайлау компаниясы кезінде оппозициялық партиялардың үгіт-
насихаты либерал-демократтардан гөрі өздеріне қарсы бағытталды. Осы
себептен коалициялық үкімет идеясы кең қолдау таппады. Алайда 1980 жылы
сайлаудағы либерал-демократиялық партияның жеңісі де Жапониядағы элеуметтік-
экономикалық проблемаларды шеше алмады. ¥зақ уақыт өтпей-ақ коалициялық
үкімет қүру туралы мәселе күн тэртібінен алынып тасталынды. Ішкі және
сыртқы саясатта реакциялық тенденциялардың өсуі 70-ші жылдары ЛДП-да
дағдарыс туғызды.

1.2. Елдің экономикалық дамуы: 60-жылдардың басында Жапония көптеген
экономикалық көрсеткіштері бойынша батыстың алдыңғы капиталитік елдеріне
жақындай түссе. Ал кейбіреуіне басын азды сабағы капиталистік дүниенің ең
индустриясы дамыған елдердің біріне айналды. Жапония өзінің өнеркәсібінің
өсу қарқыны бойынша дамыған капиталистік елдердің алдына шықты. Егерде 1958
жылдан 1965 жылға дейін өнеркәсіп өндірісінің көлемі АҚШ-ты 55%, ФРГ-да -
57%, Францияда - 41%, Англияда — 32 % болғанда Жапонияда өнеркәсіп
өндірісінің көлемі 158%-ке көтерілді. Бір апта кейбір экономикалық
көрсеткіштері бойынша Жапония әлі де АҚШ-тан артта қалып келеді. Мысалы,
жан басына шаққандағы Ұлттық табыс бойынша батыс елдері арасында ең соңғы
орында келеді.
Әлемдік капиталистік өндірісте Жапония өнеркәсіп өндірісінің бірқатар
маңызды түрлері бойынша жетекші орында келеді, олар: кеме құрылысы?
Кинофотоапаратура өндірісі, химиялық талшық, болат балқыту, электронды
аппаратура өндірісі, күкірт қышқылы, жасанды жібек өндіруден АҚШ-тан кейін
екінші орынға, ал Англия мен ФРГ-ны басып озды, электроэнергияның өндірісі,
кітап шығару бойынша - үшінші орында, автомобиль өндірісі бойынша —
төртінші орында келеді. Ал, мақта-мата өндірісінде соғысқа дейін екінші
орында болса, қазір үшінші орынға жылжыды, Бұрынғысынша, Жапонияның басты
сыртқы саудадағы әріптесі АҚШ болып отыр.
Жапон монополистері өздерінің бәсекелестерімен, және өзара тауар
өткізу рыноктары бойынша, шикізат көздері мен капитал салымы саяси бойынша
оңтүстік Шығыс Азия, Африка мен Латын Америкасы елдерімен күресіп келеді.
Дамыған, ең соңғы техника жетістіктерімен жабдықталған өнеркәсібі бар
Жапонияда 60 жылдарда үлкен соғыс-өнеркәсіп патенциясы болды. Ол өзінің
қарулы күштеріне қаруланудың қазіргі заманғы түрлерімен жабдықтауға
қабілетті болды. 19
1970 жылы Жапонияның ішкі ұлттық өнімі (ВНП) 1960 жылғы деңгейінен 4,5
есе артты. Жапонияның экономикадағы орны бірнеше өзгеріске үшырады; ал кеме
жасау, оптика, транзистор, кино жабдықтары, радиоқабылдағыш, фотоаппарат
өндіру бойынша бірінші орынға шықты, ал электроника, автомашина,
синтетикалық талшық, түрмыс электр приборлары бойынша екінші орында болса,
болат балқытудан - үшінші орында келеді. 20
Егерде соғысқа дейін император рәміздері (символ) айна мен қанжар
болса, 70-жылдардағы Жапония үшін бұл рәміздерге автомобиль, түсті
телевизор және бөлме кондиционерлер жатты.
Соғыстан кейінгі жылдарда өндірістің өсуі біршама дағдарысқа түсті,
1957,1965 жылдары дағдарыс басым болса, 1971 жылы өнеркәсіп өндірісі
баяулады. Бірақта 1951 жылдан 1970 жылға дейінгі аралықта өндіріс
айтарлықтай өсті.
50-жылдардан бастап Токио "Саясат пен экономиканы бөлмеу принципі"
үстанып келеді, осыған сәйкес экономикалық әріптестіктің дамуы
территориялдық мәселені шешудегі процеске байланысты болып келеді.
Жапония — экономикалық қуаты бойынша екінші орынды иеленіп келе жатқан
жоғары дамыған ел.
Жапония экономикасының тез дами бастауы: экспорт, импорт товарлары АҚШ-
қа жөнелтіліп жатты. Шет елдерден ағылып келіп жатқан ақша Жапонияның
финанс саласындағы халықаралық беделін көтеріп жіберді.
80 жылдардың аяғынан бастап басты сауда әріптестерімен экономикалық
қайшылықтарының шиеленісуіне, жаңа индустриалды елдермен бәсекелестің
күшеюіне, байланысты Жапонияда ішкі сұранысты кеңейту, қызмет көрсету
саласының ролін арттыру, ғылыми-техникалық потенциалын дамыту мақсатында,
экономиканы құрылымдық қайта қүру бастады.
Ұлттық табыстағы ауылшаруашылығының үлесі 2,2% болғанмен, елдің
экономикасында ауылшаруашылығы айтарлықтай роль атқарады.
Ауылшаруашылығында 5,7 млн адам жұмыс істейді, Жапония өзінің өндірісі
есебінен азық-түлікке деген мүқтажын өзі қанағаттандырып келеді. Күрішке
деген сұраныс толығымен қанағаттандырылып келсе, тауық жұмыртқасына деген
сұраныс -
99%, жеміс жидекке деген сұраныс - 75%, сүт және сүт өнімдеріне -78%, қүс
еті - 99%, шошқа етіне - 80%, мал етіне деген сұраныстың 64%-тің сұранысы
қанағаттандырып келеді. Жапонияда балық шаруашылығы жақсы дамыған. Балық
аулаудан Жапония дүниежүзінде бірінші орында келеді. 23
Жапонияның сыртқы сауда айналымы 1995 жылы 66,9 млрд, долл, құрады, ол
АҚШ пен ФРГ-ден дейін үшінші орында келеді. Сыртқы сауда балансының
сельдасаның мөлшері бойынша алдыңғы орында келеді.
"Жапон экономикасы неліктен бұлай тез арада қарқынды дамыды?" — деген
сұраққа біржақты жауап беруге болмайды.
Оның басты себептері:
1. Негізгі капиталдық жаңаруы. Ескірген жабдықтарды ауыстыруы.
2. Басқа елдердегіге қарағанда Жапон жұмысшыларының нақты жалақысын сақтау.
3. Әскери-соғыс тапсырыстары.
Кореямен соғыс кезінде американдық соғыс тапсырыстары Жапонияның
экономикасының дамуын ынталандыра түсті. Вьетнамдағы соғыс кезінде де Жапон
Монголиясының портфельдері арнайы тапсырыстармен толды.
4. Соғыс шығындарының аз үлесі.
5. Концерндерінің көп саласы құрылымдарын капитал қозғалысы мен шикізаты,
жұмыс күнімен қамтамасыз ету.
6. Мемлекеттік — монополистік тенденцияның күшеюі. Экономикалық жоспарлау
комитетінің құрылуы. Мемлекеттік реттеу рөлінің артуы.
7. Басқа елдердің тәжірибесін пайдалану. Бастапқыда техникалық
көмек іуралы келісім-шарт жасалды сонт соц лицензия сатып
алу іс жүзіне енгізілді.
Бірақ та, бұл тәжірибеде Жапонияның өзінің зерттеу - ғылыми базасының
артта қалуына себеп болды. Сондықтан 1960-70 жылдары ғылыми технологиясын
көтеруге күш жүмсағандықтан ол 6 есеге дейін өсті.
8. Жаңа технологиялармен жабдықталған комплексті автоматтандырылған
өндіріс қүруда ғылыми-техникалық революция көрініс береді, сонымен бірге
ол өндірісті мамандандыру, өнеркәсіп комплекстерін қүру, оны
шоғырландыру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КӨЛІК СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ
XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару
Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттарының теориялық негіздері
Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтікэкономикалық даму стратегиясы
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы
Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Пәндер