ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДАМУЫ


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

КІРІСПЕ . . . 3

І ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДАМУЫ

  1. Жаратылыстану пәнінің ғылыми дамуы . . . 5

1. 2 Қазіргі жаралыстану концепциялары . . . 12

ІІ АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ДАМУЫ

2. 1 Тіршілік дамуы . . . 20

2. 2 Ғалам дамуы идеясының қалыптасуы . . . 22

2. 3 Қоғамның қалыптасу кезеңдері . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31

СІЛТЕМЕЛЕР . . . 32

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі заманның адамы бұл дүниеге келіп о дүниелік болғанына дейін сырттай қарағанда бір бірімен мүлдем байланысы жоқ екі әлемде - шынайы (табиғи) сондай ақ жасанды техно-психоәлеуметтік ортада өмір сүретіндігі белгілі. Бұл жерде, техно- және психоәлеуметтік ортаның табиғи ортаға қарағанда басым болатындығын атап көрсету керек.

Адамды қоршаған орта жасанды техникалық орта мен қоғамнан құралған. Адам өз қолымен жасаған материалдық әлемнің барлығы да техникалық орта болып табылады (мысалға: үй хайуанаттары, дәрі - дәрмек, киім, механизмдер, үйлер және т. б. ) . Техникалық ортаны адамды қоршаған ортаның табиғи психоәлеуметтік ортаға өту кезеңі, яғни, аралық өтпелі орта деп көрсетсек те болады. Техникалық орта адамның дене және ой еңбегінің, басқа сөзбен айтқанда білім мен ғылымның арқасында пайда болған. Техникалық орта адамзаттың табиғатты ұзақ жылдар бойы түпкілікті зерттеуінің арқасында қалыптастырылған (модельденген) . Ал психоәлеуметтік орта болса (қоғам) осы қоғамға тиесілі әлеуметтік-саяси институттардың негізінде қалыптасады және дамуға ұшырайды. Осындай институттар ретінде мемлекеттің құқықтық және идеологиялық негізі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының сипаты мен деңгейі, аталған қоғамда елеулі орынға ие болып отырған жанұялық, топтық, ұйымдық, рулық, ұлттық, діни, ғылыми және т. б. түрлі әдет - ғұрып, салт- дәстүрді көрсетсек болады.

Ғылымның дамуы нәтижесінде біздің өміріміз бір ғана ұрпақ ішінде елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоршаған орта туралы ақпараттың ағымы бірнеше жыл ішінде еселеп көбеюде. Адам болса бұл ақпарат ағымын жеткілікті деңгейде қабылдап үлгере алмау үстінде. Оның себебі, қоғам дамуы барысындағы мүлдем жаңа ғылыми пәндердің пайда болып, осыған қоса олардың тармақтанып, салаларға бөлінуінде. Ғылымның салаларға бөліну үрдісі нәтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астам ғылыми пән бар. Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дәлдігі де елеулі түрде өскен. Осымен қатар ғылымның әртүрлі салаларының және ғалымдардың арасындағы байланыс пен өзара түсіністіктің де әлсірегендігін мойындау керек. Тіпті кейбір жағдайларда, бір ғылымның әртүрлі салаларында жұмыс істейтін ғалымдар екінші бір саланың зерттеу әдістері мен нәтижелері жайлы мүлдем бейхабар болады. Абырой болғанда қазіргі кезде ғылымның өзі дүниені тек пәндік сипатта зерттеуге қарсы әдістер мен құралдар қалыптастырып, шығарып отыр. Ғылыми салалардың арасындағы байланысқа деген бұл жаңа көзқарас интегративті немесе пәнаралық деген атқа ие болды.

Зерттеудің мақсаты:

тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік жаратылыстану ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірлікті қалыптастыру.

Зерттеудің міндеті:

  • әлемнің біртұтастығы;
  • табиғаттың даму заңдарының барлық материя түрлеріне орындалатындығы; жаратылыстану ғылымның адамзаттың материалдық және рухани мәдениеттеріне әсері;
  • ғылыми-жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің бірлігі мен байланысы;
  • дүниенің физикалық, химиялық, биологиялық концепцияларын және оның қазіргі кезеңдегі ғылыми бейнесі;
  • биосфера, неосфера және адам;
  • дамулардың концепциялары мен тіршіліктің пайда болуы және ерекшелігі;
  • экологиялық апаттарды болдырмау жолдары, табиғатты сақтау;
  • адам табиғи-биоәлеуметтік қайталанбайтын жәке тұлға;
  • адам табиғаттың дамуы ның нәтижесінде пайда болған саналы, ақыл-ойлы жан;
  • жердегі тіршілік тағдыры;
  • ғылымның болашақтағы даму бағыты мәселелерін қарастырады.

Зерттеудің әдісі:

Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДАМУЫ

1. 1 Жаратылыстанудың пән ретінде дамуы

Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себегггі де қазір "білім" деген ұғымды көбінше «ғылыми білім» деген ұғыммен тепе-тең ұғым деп түсінеміз. Ал, шынында да солай ма? Әрине олай емес. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т. б. ғылыми білімге жатпайды.

Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүдде басқаша. Ғылыми білімінің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, онын, мазмұны қандай екенін білу қажет.

Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы (жүйесі) . Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ол білім ие үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетке қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы - мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл соңғы жайлы кейінірек арнайы әңгіме болады.

Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған теориялық таным процесі болып табылады. Ол - теориялық білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.

Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалык, жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан-жақты назар аударуыңда, зерттеуінде болды. Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой-пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты, бір білімді екіншілерінен логикалық жолмен ойша қорытып шығарумен, сөйтіп оны жүйелі, негізді және анық-айқын білім жасаумен айналысты [1] .

Сомымен бірге ескерте кеткен жөн, олартек дәлелдеуге дағдыланып қана қойған жоқ, сондай-ақ дәлелдеу процесін талдай келе дәлелдеу теориясын жасады - Аристотельдің логикасы сондай теория еді. Басқанын айтқанда, ретсіз жинақталған бұрынғы тәжірибелік білімдер мен мәліметтерді тәртіпке келтірудің әдісі анықталды. Бұл нағыз методологиялық жаңалық еді.

Дәл осы сияқты, жаңа методологиялық әдіс XVII ғасырда Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперммеінтік) -математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп осының негізінде классикалық, жаратылыстану дүниеге келді.

Ертедегі грек ойшылдары жасаған логака (дұрыс ойлаудың заңдары мен формалары жайлы ілім) танып білуге тиісті шындық дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауға қатысты болды, яғни ғылыми талдаудың объектісі тікелей дүние заттары меп құбылыстары болмай, олардың ойша бейнелері - абстракция, ұғым, пікір, сан, сапа, заң, т. б. болды. Сөйтіп, материалдық дүниеге қарағанда оның идеалдық бейнесі (дүииесі) әлдеқайда жүйелі логикалық және занды түрде ретке келді. Білім, сөйтіп, материалдық дүниеден "жоғарырақ" тұрғандай болып, өзіндік айтарлықтай дербес болмысы бар теории саласын құрды. Антик ғылыми жасап берген сондай жүйелі теориялық білімнің бірінші мысалы ретінде Евклид геометриясын алуға болады.

Осындай жаңалықтардың арқасында антик заманының мәдениеті, ғылым-білімі, қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар (Евклид, Архимед, т. б. ), космологиялық модельдер (Аристарх Самосский, Птоломей т. б. ) жасап, физика, биология т. б. болашақ ғылымдар үшін құнды-құнды идеяларды тұжырымдады. Алайда, ең бастысы сол, нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері көрінді. Олар мыналар: 1) ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдердеи логикалық жолмен қорытып шығаруға болады; 2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері; 3) ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның (субъектінің) мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс; 4) ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді, жеке-дара заттар мен құбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңшылықтарды іздейді, т. т. [2]

Ғылыми танымның құрылысына келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан екі жарым мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіндік айқын құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмайды. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:

а) дәл анықталған фактілер;

ә) бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар;

б) шындық дүниенің бірқатар құбылыстарын түсіндіруші заңдылықтар системасын біріктіретін теориялар;

в) бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі (картинасы) ; мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі.

Ғылымның сенімді негізі - әрине анықталған фактілер. Егер факті дұрыс анықталған болса (бақылау, эксперимент, тексеріп көру арқылы), онда ол сөзсіз ақиқат болғаны. Бұл ғылымның эмпириктік, яғни тәжірибелік негізі. Тәжірибеде байқалған фактілердің ұқсастығы, бір түрлілігі тікелей байқалған құбылыстардың жалпы эмпирикалық заңы, ортақ қасиеттері бар екендігін көрсетеді.

Алайда, ғылыми зерттеу мұнымен аяқталмайды. Бұл ғылыми танымның тек бірінші деңгейі (сатысы) ғана деп саналады. Ғылыми танымның тек бұл эмпирикалық деңгейінен кейін келетін теориялық деңгейін айыра білу қажет. Бұлардың арасындағы айырмашылық, ерекшелік зерттелуге тиісті нақты материалды жалпылаудың түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты. Ғылымның мақсаты - заңдылықтарды ашу. Ал заң, заңдылық дегеніміз құбылыстардың арасындағы жалпы, мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанбалы байланыстар, яғни шындық дүниенің қайсыбір құбылыстар тобына, класына қатысты жалпылық.

Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстракциялау жолымен анықталады, яғни олардың әрқайсысына тән жекеше, ерекше белгі, қасиеттерге назар аудармай, жалпы, ортақ белгі, қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады. Абстракция деген латын тіліндегі сөзді қазақшаласақ, "көңіл аудармау" дегенді білдіреді. Логика деген ғылымда қарастырылатын формалды-логикалық жалпылау әдісі осы абстракциялау әдісімеін іштей байланысты. Алайда, абстракцияның көмегімен жалпылаған кезде кез келген жалпы белгі, қасиетті ала салмай, құбылыстардың ішкі табиғатын ашып көрсететін мәнді жалпы белгісін алу қажет. Мәселен, ертедегі грек ойшылдары "адам" деген ұғымға анықтама бергенде "Адам дегеніміз екі аяқты, қауырсынсыз жануар" деп анықтапты. Әрине, барлық адамдарда екі аяқ бар, бірақ сонымен бірге құстар да екі аяқты емес пе! Адамның ішкі табиғатын ашып беретін жалпы мәнді белгісі еңбек құралын жасауға қабілеттілік және осының негізінде тарихи қалыптасқан ойлауға және сөйлеуге қабілеттілік қой.

Олай болса, танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерін бір-бірінен ажыратып тұратын негізгі ерекшелік - заттар мен құбылыстардағы мәнді жалпылықты табу арқылы заңдылықты ашудың тәсілінде екен: тәжірибелік (эмпирикалық) жалпылауда тек сыртқы ортақ белгілерді ғана анықтауға болады екеи, ал ішкі мәнді белгілерді ашуға, дәлелдеуге танымнық тек теориялық деңгейі ғана мүмкіндік береді.

Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері

Ғылымның күрделі творчестволық іс деп саналуының бір себебі сол, онда тәжірибеден теорияға көшетін тікелей өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы - салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.

Ғылыми танымның аталған деңгейлерінің зерттеу объектілері бойынша да өзара айырмашылықтары бар. Танымның тәжірибелік деңгейінде зерттеудің обьектісі тікелей табиғат және қоғам құбылыстары мен заттары болса, ал теория тек идеяландырылған объектілермен (материалдық нүкте, идеалды газ, абсолютті қатты дене т. с. с. ) жұмыс істейді. Бұл зерттеу объектісі не? - деген сұраққа жауап берсе, ал сонымен қатар ол қалай зерттеледі деген де сұрақ бар. Екінші сұраққа жауап беру үшін ғылыми зерттеудің аталған деңгейлерінде қандай әдіс-тәсілдер қолданылатынын білу қажет. Бұл жағынан да олардың елеулі өзгешеліктері бар. Эмпириктік деңгейде қолданылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау, өлшеу, эксперимент т. б. Ал теория болса, аксиомалық әдісті, системалық, құрылымдық функционалдық талдау, математикалық моделін жасау әдістерін т. б. пайдалануға тырысады.

Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан (мәселен, діннен, өнерден) басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс-тәсілдері, яғни ғылыми әдіс (метод) шешуші роль атқарады. Ғылыми білімнің даму тарихы бүл пікірді толық растайды. XVII ғасырда, яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде, ағылшын ғалымы Ф. Бэкон мен француз ғалымы Р. Декарт ғылымды дамытудың бір-біріне қарама-қарсы екі методологиялык программасын: эмпириктік (индукциялық) және рационалистік (дедукциялық) әдістерін тұжырымдады.

Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи роль атқарды. Біріншіден, олар толып жатқан нақты ғылыми зерттеулердің іске асуына көмектесті, екіншіден, ғылының танымның құрылысын дұрыс анықтауға жол ашты. Оның құрылымы екі этажды үйге ұқсас екенін көрсетті. Теориямен аймалысатын "жоғарғы этаж" эмпирикалық "төменгі" этаждың үстінде тұрғанымен, бірақ бірінші этажсыз ол төмен құлап түсер еді, ал, керісінше, екінші этажсыз үй салынып біткен құрылыс болып есептелмес еді. Бұл қарапайым теңеуден келіп шығатын қорытынды: ғылыми фактілерді жинап беретін индукциясыз дедукциялық өдіс ақиқат теориялы қорытынды жасай алмас еді, ал дедукциялық әдіссіз индукция ықтимал ғана білім берер еді. Сондықтан қазіргі заманғы ғылыми танымда бүл екі өдіс өзара бірін-бірі толықтыра отырып, диалетикалық бірлікте қолданылады.

Біздің заманымыздағы ғылыми білімнің стандартты құрылыс моделі, шамамен, мынадай тізбек түрінде іске асады: тәжірибелік (эмпириктік) фактіні анықтау - алғашқы эмпирикалық қорытынды - бұл қорытындыға сәйкес келмейтін фактілерді іздеу, табу - жаңаша түсіндіру схемасы бар теориялық гипотеза (жорамал) ұсыну- байқалған барлық фактілердің негізінде құрылған гипотезадан логикалық қорытынды шығару (дедукция) . Ал бұл соңғы ақиқат геориялық қорытынды болуы тиіс, өйткені расталған гипотеза теориялық заңға айналады. Ғылыми білімнің мұндай моделі гипотетикалық-дедукциялық деп аталады. Қазіргі заманғы ғылыми танымның кепшілігі дәл осы тәсілмен құрылады [3] .

Танымның (білімнің) ғылымилығының критерийі

Теория шындық дүниенің белгілі бір саласындағы заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастары жайлы біртұтас түсінік беретін ғылыми білімдердің жинақталған формасы. Ол теория ғылыми болуы үшін ақиқат болуы тиіс, алайда, ақиқат білімнің бәрі бірдей теория бола бермейді, мәселен, күнделікті тұрмыстық білімдер ақиқатты білдіргенімен, бірақ теориялық білімге жатпайды.

Білімнің ғылымилығын көрсететін критерийі (өлшеуіші) не? - деген сұраққа ең алдымен - практика деп жауап беруіміз керек, өйткені, таным процесінің негізі, мақсаты - практикалық қызмет. Ғылыми білім ең алдымен практикалық қызметке, материалдық игіліктер өндіру ісіне қызмет етеді, олай болса, ғылыми білімнің ақиқаттығының, оның ғылымилығының бірінші билшеуіші, критерийі практика болып табылады.

Бірақ білімнің бәрі бірдей сезім мүшелерімен тікелей қабылдау немесе эксперимент арқылы тексеріле бермейді. Ғылыми білімнің көпшілігі басқа жолмен қорытылып шығарылады және ақиқаттығы, ғылымилығы анықталады. Ғылыми білімнің негізгі ерекшеліктері ғылыми зерттеулердің объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, атом ішілік микродүние немесе галактикадағы мегадүние құбылыстарын және т. б. көптеген процестерді күнделікті тәжірибеде немесе өндірісте қолдану арқылы тексеру мүмкін емес. Ғылым ондай білімдердің ғылымилығын негіздеудіц басқа айрықша әдістәсілдерін қалыптастырды - ол қайсыбір білімдердің ақиқаттығын ақиқаттығы бұрын негізделген басқа білімдерден қорытып шығарып негіздеу жолы, одісі. Білімді қорытып шығарудың бұл логикалық әдіс-тәсілдері бір білімнің акиқаттығынан екінші білімнің ақиқаттығын негіздеуді ғана қамтамасыз етпейді, сондай-ақ оларды бір-бірімен байланыстырып, біржүйеге келтіреді. Соңдықтан, білімдердің жүйелілігі мен негізділігі - ғылыми білімді күнделікті тұрмыстық білімдерден айырып тұратын басты мәнді белгілерінің бірі.

Ғылым тарихында жалган ғылыми идеяларды нағыз ғылымнан айыра білу үшін бірнеше принциптер тұжырымдалған. Солардың бірі верификация принципі деп аталады. Латынша verificatio - дәлелдеу, растау деген сөзден шыққан бұл принцип бойынша қандай бір ұғым, пікір болмасын тікелей тәжірибеде расталса ғана, яғни эмпирикалық жағынам тексеруге болса ғана ақиқат деп мойындауға болады, ал егер тәжірибеде тексеруге болмаса, онда ол ақиқат болмағаны.

Ойлаудың рационалдық әдісі бойынша, ғылыми білім мынадай методологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс:

а) жалпылық, яғии нақты уақыт, орын, субъект т. б. жекеше фактілерге тәуелсіздік;

ә) қайшылықсыздық немесе дәйектілк (бұларды білімдер жүйесін тұжырымдайтын дедукциялық ойлау тәсілі қамтамасыз етеді) ;

б) түсіндіру әдіс-тәсілдерінің қарапайымдығы;

в) алдын ала болжау күшінің болуы.

Кез келген білімнің ғылымилық деңгейін көрсететін ең жалпы талаптар (анықтауыш нормалар) міне осылар.

Білімнің ғылымилығының Аристотель белгілеген нормалары (өлшемдері), түсіндіру мен негіздеудің үлгілері ғылымда мың жылдан астам уақыт бойы бұлжытпай пайдаланылып келді, ал көпшілігі (мәселен, формальді логиканың зандары) бүгінге дейін қолданылып келеді [4] .

Әлем кеңістігі жайлы геоцентрлік ілімнің жүйесі дүниенің ғылыми көрінісі (картинасы) жайлы антик заманындағы түсініктің маңызды бір белігі болды. Сол дәуірдің геоцентризмі тікелей қабылданушы фактілердің "табиғи" суреттемесі болған жоқ, ол - белгісіздікке жасалған қиын" да батыл қадам еді, өйткені космос құрылысының қайшылықсыз түсіндірмесін жасау үшін аспан әлемінің бізге көрінетін жарты шарына ұқсас Жердің көрінбейтін қарсы бетінде де жарты шарлық космос болуы мүмкін деп жорамалдауға тура келді. Геоцентрлік көзқарас әрине кейін дұрыс болмай шықты, бірақ ол өз кезінде бірінші ғылыми революцияның маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылды.

Екінші ғылыми революция ХVІ-ХVІІІ ғасырларда жүзеге асты. Оның бастамасын құрған дүниенің геоцентрлік түсінігінен гелиоцентрлік түсінігіне өту болды. Бұл дүниенің, ғылыми көрінісінің ауысуының ең көрнекті белгісі екені сөзсіз, бірақ ол сол дәуірдс ғылымда болған түбірлі өзгерістердің мәнін толық көрсете алмайды. Ол өзгерістің жалпы мәні әдетте "классикалық жаратылыстанудың қалыптасуы" ұғымымен анықталады. Бұл ғылыми төңкерістің бастамасын салған ғалымдардың қатарына Н. Коперник, Г. Галилей, И. Кеплер, И. Ньютон т. б. жатады.

Бұлар жасаған жаңа ғылымның антик заманы ғылымынан түбірлі айырмашылығы неде?

Классикалық жаратылыстану, біріншіден, математика тілімен "сөйлейтін" болды. Егер антик заманының ғылымы жер бетінің құбылыстарын тек сапалық жағынан ғана түсіндіру мүмкін деп есептеген болса, ал жаңа жаратылыстану жердей денелерді объективтік сандық қатынастары (формасы, мөлшері, массасы, қозғалысы) жағынан сипаттап, қатаң математикалық заңдылықтармен түсіндірді.

Екіншіден, европалық жаңа ғылым сондай-ақ құбылыстарды зерттеудің күшті экспериментальды (тәжірибелік) әдісіне арқа сүйеді. Бұл табиғат құбылыстарын зерттейді жай енжар бақылауға негіздемей, белсемді іс-әрекет үстінде жүргізу қажеттігін көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Жаратылыстану негіздері
Абстракциялықтан нақтылыққа көшу
Ғылымның тарихи-әлеуметтік жағдайлары
Ғылымның танымдық философиялық мәні
Ғылымның қажеттілігі
Биология оқыту әдістемесі
Ғылым және оның қоғам өміріндегі рөлі
Ғылыми білімнің дифференциясы мен интеграциясы
Жаратылыстану дамуының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz