Трансляция бойынша роликтердің мынадай түрлері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

28. 03. 07.

Трансляция бойынша роликтердің мынадай түрлері бар:

  1. блицролик - 15 - 20 секунд болатын имидж жарнамада және еске түсіруші жарнамада қолданылған тимді.
  2. Кеңейтілген ролик - 30 секунд болатын тауар және фирма тур толық ақпараттарды сипаттауға мүмкіндік береді.
  3. Жарнамалық демонстрациялық ролик - теледидардан көрсетілетін жарнамадан басқа кеңсе және көрмелерге келушілерге көрсетілетін роликтер. Көбінесе фирманың шығу тарихы оның өндірістік цехтердің жұмысы туралы ақпараттар сипатталады.

Теледидар жарнама хабарын таратудың жетілген құралы.

Оның негізгі артықшылықтары:

  1. Бір уақытта көзбен көруге және естуге болады.
  2. Хабарды беру мезеттілігі хабарды алу мерзімін бақылауға мүмкіндік береді.
  3. Нақты мақсатты аудиторияны таңдау мүмкінділігі.
  4. Хабарлардың тұлғалық сипаты.
  5. Аудиторияның ауқымдылығы.

Оның кемшіліктері.

  1. Егер жарнамалық хабар қайталанбаса, көрмеген тұтынушы жарнама беруші үшін жоқ болып есептеледі.
  2. Бір уақытта теледидар тек бір ғана арнаны қабылдайды.

Радиожарнама.

Prime time (прайм тайм) -

Радиожарнама бүгінгі таңда жарнама қызметінің қарқынды дамушы саласы болып табылады. Жарнаманы тарату құралы ретінде радионың мынадай артықшылықтары бар:

  1. Кең ауқымдылығы және жиілігі.
  2. Таңдамалығы (рейтинг бойынша) .
  3. Хабардың сипаты. (эмоциалды м - ті қолд - з)
  4. Жеделдігі (хабар жедел беріледі) .
  5. Негізгі іс - әрекеттен бас тартпай ұсынылады.
  6. Жарнама тарифтерінің салыстырмалы арзандығы.

Блэк аут - ұзақтығы 20 - 30 секунд болатын радиожарнамалың нысаны.

Радиожарнаманың кемшіліктері:

  1. Дыбыстың шектеулігі.
  2. Назар аудару дәрежесінің төмендігі.
  3. Жарнамалық байланыс мезеттілігі.

Сыртқы жарнама - жанданған көшелерде қозғалыс орындарында, шосселерде және темір жолдарда орналастырылған типографиялық плакаттар, щиттер, шамды таблолар көмегімен жарнамалық хабарды ақпарат алушыға жеткізу.

Негізгі тасушылары:

  1. Жарнамалық щит немесе биллборд мөлшері 3×6 болатын күрделі конструкциялық құрылғы.
  2. Сити - лайт - мөлшері 1, 2×1, 8 болатын тратуарларға, аллеяларда орналастырылатын ішкі жарығы бар құрылғы.
  3. Призмавижн - бейнелері өзгеріп тұратын электро механикалық құрылғылар.
  4. Аялдамалардағы маңдайшалар аялдамаларда орналастырылатын сити - лайттар.

Bus shelter - аялдамалардағы маңдайша.

  1. Ғимараттағы паннолар немесе брандмауер - ғимараттардың сыртындағы қабырғаның көлемін алып тұратын жарнамалық плакат. Бұл тасушы кем дегенде жарты жылға орналастырылады.
  2. Жарнамалық тұмбалар - целлиндр, куб түрінде болатын әр түрлі жарнамалық құрылғылар.
  3. Көше жиһазы - тауарлардың макеттері түрінде болатын әр түрлі кеңістіктік құрылғылар.
  4. Жарнамалық урналар - ішкі жарығы бар жан - жағында жарнамалық хабарландырулары бар көше урналары.
  5. Стяги, баннеры - көшенің жоғарғы жағында 2 жағын байланыстыратын жарнамалық плакаттар.
  6. Роллер және экрандар - бейнелері ауысып тұратын механикалық және электрондық құрылғылар.

Артықшылықтары.

  1. Аудиторияны кеңінен қамтиды.
  2. Икемділігі.
  3. Бір байланыс арзандығы.
  4. Аудиторияға әсер ерудің жоғарғы деңгейі.

Кемшіліктері.

  1. Жарнамалық науқанды жүргізу кезеңдері ұзақ болуы мүмкін.
  2. Атмосфераның құбылыстар әсерінен жарнамалық щиттер белгілі бір қзгерістерге ұшырауы мүмкін.
  3. Жалпы ұлттық деңгейдегі жарнама берушіге мұндай өзгерістерді бақылау қиынға соғады.

Көліктегі жарнама.

Көліктегі жарнама - жаппай аудиторияға әсер етудің тиімді құралдарының бірі.

Негізгі түрлері:

  1. Қоғамдық көлік салонының ішінде орналастырылатын жарнамалық хабарландырулар.
  2. Қоғамдық көлік сыртында орналастырылатын жарнамалық хабарлар.
  3. Метро, вокзал беттерінде орналастырылатын жарнама.

Артықшылықтары:

  1. Ақпарат алушы назарын көп уақытқа аудару мүмкіндігі.
  2. Мақсатты аудитория географиясын кеңейту мүмкіндігі.
  3. Қамту кеңдігі.

Кемшіліктері:

1) Байланыстың қысқа мерзімділігі. Спецификалық аудитория (қоғамдық көлікті пайдаланбайтын тұрғындар) .

4. 04. 07.

Компютерлік жарнама.

Жарнама құралдарының ішіндегі ең жаңа құрал болып табылады. Соңғы жылдары дәстүрлі жарнама құралдарының біршамасын ығыстырып, кеңінен дами бастады. оның басты артықшылығы - мақсатты аудиторияны кеңінен қамтуы, ақпарат берудің жоғарғы деңгейі, кез - келген тұтынушыға кез - келген уақытта қол жеткізуге мүмкіндігінің болуы және орналастырудың салыстырмалы арзандығы. Бұл құралдың басқалардан айырмашылығы - жарнамалық ақпаратты таратудағы интерактивтілігі. Интернеттегі алғашқы жарнама 1994 жылы баннер түоінде жарияланды. Компьютердегі жарнаманың тағы бір түрі - web сайттар түрінде және злектрондық почта түрінде кездеседі.

Туризмдегі компьютерлік жарнама мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

  1. тікелей почталық таратуды жүзеге асыру үшін дәстүрлі электрондық почтаны пайдалану.
  2. Ұсынылатын өнімдер мен қызметтер тур көркемделген орын әзірлеу.
  3. Фирмалардың өзіндік web сайттарын ашуы және оларды қолдау.
  4. Баннерлік жарнаманы орналастыру.

Сувенирлік жарнама.

Алдын ала белгіленген аудиторияны қамту үшін ешбір міндеттемесіз және ақысыз берілген фирмалық бұйымдар. Жарнамалық сувенирлердің 3 категориясы бар.

  1. Күнтізбелер.
  2. Фирмалық атауы бар бұйымдар - қалам, брелок жатады.
  3. Іскерлік сыйлықтар - кейстер, телефондар, бизнес папкілер жатады.

Сонымен бірге қазіргі кезде жарнаманың басқалай құралы пайда болуыды.

  1. Әуе жарнамасы.
  2. Ұялы байланыс жарнамасы.

5. 04. 07.

Жарнама агенттіктері.

  1. Жарнама агенттіктерінің сипаттамасы.
  2. Жарнама агенттіктерінің қызметтері және құрылымы.

Жарнаманың және жарнамалық бизнесінің пайда болуы мынадай 3 факторлардың жиынтығының қалыптасуына байланысты:

  1. Өндірушілер нарығы.
  2. Жарнаманы таратудың ақпараттық құралдары нарығы.
  3. Жарнама өнімін тұтынушылар нарығы.

Бірінші жарнама агенттіктері XX ғ - ң басында пайда бола бастады. Жарнама агенттігі жарнамалық зерттеулер жарнама қызметінің жоспары жарнама науқанына әзірлеу және жүргізу, сонымен қатар жарнамалық хабарды орналастыру және тауарлармен қызметтерді нарықта жылжытуға бағытталған қызметтерді ұсынатын маманданған тәуелсіз фирма немесе шығармашылық адамдардың ұйымдасқан тобы.

Қ - ғы жарнама агенттіктері 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басында пайда бола бастады. Ол еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне және тауарлар мен қызметтерді нарыққа жылжытуға пайда болуына байланысты. Жарнама агенттерінің қызметтеріне әсер ететін факторлар:

1) Макроэкономикалық фактор.

2) Әлеуметтік, демографиялық фактор.

3) Мемлекет.

4) Қоғамдық ұйымдар және тұтнушылар.

1918 - жылы америкалық жарнама агентіктерінің қауымдастығы жарнама агентіктері қызметтеріне және компитенцияларына келесідей талаптарды бекіткен:

1) Өнімді зерттеу.

2) Нарықты зерттеу.

3) Тауарды немесе қызметті нарыққа жылжытуға әсер ететін негізгі факторларды зерттеу.

4) Бұқаралық ақпарат құралдарын талдау.

5) Жарнама берушіге ұсыныстарды әзірлеу.

6) Жарнама жоспарын жүзеге асыру.

Жарнама агенттіктері келесідей қызметтерді ұсынады.

  1. Тиімді жарнама науқанымен жүргізу үшін маркетингтік және әлеуметтік зерттеулерді жүргізу.
  2. Кешенді жарнама науқанын әзірлеу.
  3. Жарнама ақпараттық материалдарды әзірлеу.
  4. Жарнама өнімін әзірлеу.
  5. медиажоспарлауды жүзеге асыру.
  6. жарнама ақпараттық материалдарды орналастыру.
  7. сартқы және көліктегі жарнамаға техникалық қызмет көрсету.
  8. фирмалық стильді және тауар белгісін әзірлеу.
  9. интерьер дизайны.

Ұсынатын қызметтеріне байланысты жарнама агенттіктері толық циклді қызмет көрсететін агенттіктер және маманданған агенттіктер болып 2 - ге бөлінеді.

Толық циклді қызмет көрсететін агенттіктер жарнама ақпараттық іс - әрекет аумағындағы барлық қызметтерді жүзеге асырады. Олардың қызметтерін 2 категорияға болып қарастырады.

  1. Жарнамалық қызметтер - бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу, жарнама науқанын және материалдарын әзірлеу қызметтері жатады.
  2. Жарнамалық емес қызметтер - қоғаммен байланысты шараларын ұйымдастыру.

Толық циклді қызмет көрсететін агенттіктердің функциялары.

  1. Маркетингтік зерттеулер жүргізу.
  2. Тапсырыс берушінің жарнамалық тұжырымдамасын әзірлеу.
  3. Брендті жылжыту шараларын жоспарлау.
  4. Медиабайнг.
  5. Пиар жобаларды жүзеге асыру.

Мұндай агенттіктерде 30 - дан астам адамдар істейді. Ұйымдық құрылымы келесідей бөлімдерден тұрады:

  1. Әкімшілік қызмет.
  2. Клиенттермен жұмыс істеу бөлімі: экаунт менеджерлер.
  3. Талдау бөлімі: маркетинг бөлімі және медиажоспарлауды талдау бөлімі.
  4. Креатив бөлімі: шығармашылық бөлім.
  5. Өндірістік бөлім.
  6. Қоғаммен байланыс бөлімі.
  7. Медиасатып алулар бөлімі. Ол бұқаралық ақпарат құралдарындағы уақытты және кеңістікті сатыпалу мен байланысты қызметтерді медиабанрлар деп атаймыз.
  8. Арнай жобалар бөлімі: немесе демеушілік бөлім (танымал хабарларды өнімді жарнамалау) (продакт плейсмент) .
  9. Бухгалтерлік бөлім.
  10. Заң бөлімі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мырғалымсай кенішін толығымен су басқаннан кейін жер асты суларының ластану дәрежесін зерттеу мен бағалау және қауіпті геологиялық процестердің пайда болуы
Телероликтер
Автокөліктің ақаулығын анықтауда диагностикалық құралдарды пайдалану
Роторлы ұсақтағыш
Геннің экспрессиясы
Қонақ үйдің есіктері мен терезелері
Өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру
Бұрғылау роторының бөлшектерінің сызбасы
Темірбетон бұйымдарын арматуралау
Ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz