Жас грамматикалық бағыт


Жас грамматикалық бағыт
- Көзқарастарындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздер
- Жас грамматикалық мектеп және оның тілді зерттеу принциптері
- Жетістіктері мен кемшіліктері
ХІХғ. 60-жылдарында компаративистика тығырыққа тірелді. Ф. Боптың салыстырмалы-тарихи әдіспен, В. Гумбольдттың тілдің глоттогоникалық құрылысын «тірілте» алмауы, А. Шлейхердің ата тілді идеализациялауы, жалпы айтқанда, тіл теориясын абстракциялау мен философиялау лингвистиканың практикалық міндеттерін шеше алмайтын болды. Барлық ғылым салаларында зерттеудің нақты әдістерін қолдану белең алды. Бұл проблемалар лингвистика тарихында нақты тіл немесе тілдер тарихындағы эмпирикалық(практикалық) сауалдармен, яғни материалдық, дыбыстық, формалық деректермен айналысуды талап етті. Сондықтан да фонетиканы және сөйлеу процесін экспериментальдық аспектіде зерттеуге деген бетбұрыс тіл білімінің акустика, физиология және психологиямен байланыста қарастырылу қажеттілігін тудырды.
Жас грамматикалық бағыттың тууына тіл білімі дамуының осындай ішкі факторлары себепші болды. XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап компаративистік лингвистиканың жайы қанағаттанғысыз, бағыты бұлдыр, тоқырауға ұшырады деген үндер шығып, сол тоқыраушылықтан құтқаратын жаңа бағыт іздеу басталды. Жас грамматикалық бағыт осылайша туып, кеп ұзамай-ақ әлемдік лингвистикадағы ғылыми ағым болып қалыптасты.
Жас грамматистер өздеріне дейінгі аға лингвистерге бірден қарсы шығып, қатты сынға алды. Олар Лейпциг университетінің оқытушылары болғандықтан, «Лейпциг тіл білімі мектебі» деп те атайды. Олар өздеріне дейінгілерді- «сасық қапаста ата тілді мүсіндеушілерді»- тастап, жаңа жол іздейміз деген албырттықтарын неміс лингвисі Царнке әжуалап «жас грамматистер» деп атады. «Жас» деуінің бір себебі бұл ғалымдар алғашқы еңбектері жарық көргенде отызға жетер-жетпес жастағы жігіттер болатын.
Жас грамматистер мектебінің негізін салушылар: Карл Бругман(1849-1919), Герман Остхоф(1847-1909), Герман Пауль(1846-1921), Бертольд Дельбрюк(1842-1922), Август Лескин(1840-1916) .
Бұл бағытқа пікірлестер мен жақтастар Германиядан басқа елдерден де табылып, тез арада тарады. Францияда М. Бреаль, Швейцарияда Ф. де Соссюр, АҚШ-та У. Уитни, Италияда Г. Асколи, Скандинавияда В. Томсен мен К. Вернер, Россияда Ф. Ф. Фортунатов пен Б. де Куртенэлер болды. Бұған қарап басқа бағыттағы мектептер, бөтен пікірлер болмады деуге болмайды. Берлин лингвистикалық мектебіндегі И. Шмидт өз ұстазы А. Шлейхердің идеясын ара қарай жалғастыра берді. Тіпті Германияда неше университет болса, сонша лингвистикалық мектеп болды деуге болады.
Бругман мен Остхофтардың «Үндіевропа тілдері жөніндегі морфологиялық зерттеулер» деген жинақтың 1-томына жазған алғы сөзін жас грамматистердің манифесі, ал Паульдің «Тіл тарихының принциптері»(1880) деген еңбегін жас грамматистер көзқарасының теориялық негіздемесі деп атайды. Дельбрюк - үндіевропа тілдері салыстырмалы синтаксисінің негізін салушы, «Веда» хрестоматиясын алғаш басып шығарушы.
ХІХғ. соңы мен ХХғ. басындағы лингвистиканың дамуына жас грамматистер мектебіндей үлес қосқан мектеп жоқ. Олар салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізіне қарсы шыққан жоқ, кейбір тығырыққа тіреліп, тоқырауға ұшыраған бағыттары мен әдіс-тәсілдеріне қарсы шықты.
Жас грамматистердің методологиясы 2 бөлімнен тұрады: лингвистикалық психологизм және тарихилық (историзм), олардың тіл философиясындағы бірден-бір тәсілі. «Тарихилық» деген сөз «ғылымилық» деген сөздің синонимі деп дәлелдеді. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды.
Жас грамматистер сөйлеу механизмінің физикалық және психикалық деген 2 жағы бар деп ұқты. Жас грамматистер өз методологиясын
1) дыбыстық заңдар,
2) аналогия (ұқсату) әдісі арқылы дәлелдеді.
І. Лингвистика тарихының олқы тұстарын толтыруы - жас грамматистердің жетістіктері. Олар:
- Тілдің дамуындағы Шлейхердің 2 кезеңіне үзілді-кесілді қарсы шықты.
- Ата тілді түгелдей емес, оның кейбір элементтерін ғана реконструкциялауға болады деді.
- Ата тіл- бірнеше диалектінің жиынтығы. Диалектілердің пайда болуы 1) тілдердің бірігуі мен бөлінуі, 2) туыс тайпалардың тілдік қатынастарының доғарылуы, 3) басқа жүйедегі тілмен араласуының салдары деді.
- Зерттеулерінде : 1) туыс тілдердегі дыбыс, түбір, қосымшаларды салыстырды, 2) тілдік элементтерді тіл заңдылығы бойынша, тарих хронологиясы бойынша сәйкес келуін тексерді.
- Ф. Бопп, А. Шлейхерлердің агглютинациялану теориясына, «флективтілік- тарихи процесс нәтижесі» деген тұжырымына қарсы шықты.
ІІ. Кемшіліктері:
а) тілді жасайтын да, дамытатын да жеке адамдар дегенге сүйеніп, лингвистика теориясының негізі - индивидуумдар психологиясы, лингвистиканың міндеті - индивидтердің тілін зерттеу деді;
ә) фактіге сүйену керек дегенді негізге алып, ғылыми абстракция, гипотеза дегенге мән бермеді. Тілдің бастапқы кезеңі жөнінде фактілер болмағандықтан, оны зерттеу тіл білімінің объектісі емес деді;
б) тілдік заңдылықтарды жеке фактілер арқылы дәлелдейміз деп жалпы мәселелерді, тілдің жүйелі құбылыс екенін естен шығарып алды;
в) лингвистикалық талдауда сөйлеу тілі деректеріне ғана сүйеніп, жазба тіл дәстүріне өз дәрежесінде мән бермеді;
г) туыс тілдерді салыстыруға көңіл бөлмеді;
д) еңбектерінде диахрондық, индуктивтік әдістерді ғана қолданып, синхрондық, дедуктивтік әдістерді қолданбады;
е) тілдік өзгерістерді интралингвистикалық фактордан ғана іздеді.
Бұл бағыт принциптерін баяндайтын еңбектер көп. Олардың ішіндегі ең негізгілері деп Г. Остгоф пен К. Бругманның «Үнді-европа тілдерінің морфологиялық зерттеулері» (1878) дейтін кітапқа жазған алғы сөзін,
Г. Паульдің «Тіл тарихының принциптері» (1880) және К. Бругман мен Б. Дельбрюктің «Үнді-европа тілдері салыстырма грамматикасының негізі» (1886-1900) атты кітаптарын атауға болады.
Өрісінің кеңдігі, лингвистикалық еңбектердің молдылығы , ғылымның дамуына тигізген әсері жағынан XIX ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы жартысындағы лингвистикалық ағымдардың ешқайсысы да жас грамматикалық мектепке тең келе алмайды. Бұл мектеп белсенді, беделді ғылыми ағым ретінде елу жылдан астам уақыт өмір сүрді.
«Үнді-европа тілдері салыстырма грамматикасының негізі» (1886-1900) атты кітаптарын атауға болады. Әдетте, жас грамматистер дәуірін салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуының екінші кезеңі деп есептейді. Өйткені бұлар өздеріне дейін қолданылып келген салыстырмалы-тарихи әдісті түбірімен өзгертуді кездеген жоқ, олар бұл әдістің кейбір ескірген, пайдасыз деген амал-тәсілдерінің орнына зерттеудің жаңа әдістерін енгізуді мақсат етті. Бұл салада олардың алғаш сынға алғаны- компаративистиканы негіздеушілердің салыстырмалы-тарихи әдісті үнді-европа тілдері тараған ата тілді табудың құралы ретінде қолданулары болды. Жас грамматистер салыстырмалы-тарихи әдісті мұндай мақсат үшін қолдану ғылыми емес, оның мақсаты - болған-болмағаны белгісіз, ойдан шығарылған ата тілді іздеп, ғылым қуудың орнына үнді-европа тілдерінің ежелгі замманан бергі үздіксіз дамуының заңдылықтарын ашу екенін айтты. Тіл тарихын зерттеу - тіл туралы ғылымның ең негізгі, бірден-бір міндеті деп жариялайды.
Қорыта айтқанда, жас грамматистердің олқылықтарынан тіл білімінің олқы тұстарын толықтыруы басым, сондықтан да олар - лингвистика тарихынан өзіндік бағыт-бағдарымен орын алған лингвистикалық мектеп.
Пікірталас сұрақтары:
- Жас грамматикалық мектептің пайда болу себептері
- Жас грамматикалық мектептің Отаны
- Негізін салушылар, пікірлестер мен жақтастары
- Ұстанған принциптері
- Жетістіктері, кемшіліктері
Тест тапсырмалары
- Тіл тарихын зерттеу- тіл туралы ғылымның бірден-бір міндеті деп жариялағандар
а) натуралистер
б) индивидуалистер
в) әлеуметтік психологизм өкілдері
г) жас грамматистер
д) структуралистер
- Жас грамматикалық бағыттың Америкадағы көрнекті өкілі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz