ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Дүйсенова Ж. Қ.

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ

/ Студенттерге арналған қысқаша лекциялар жинағы/

Түркістан-2014

1- Лекция

1. Лекция тақырыбы: Жасерекшелігі психологиясы пәні, міндеттері мен әдістері.

2. Лекция жоспары: 1. Жас ерекшелік психологиясы пәні. Жас ерекшелік психологиясының теориялық және практикалық міндеттері. Жас ерекшелік психологиясының тараулары:балалық кезең, жеткіншектік, балғын жастық, ересек, кәрілік. Олардың ғылымда өңделуі. Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы. Жас ерекшелік психологиясы әдістеріне сипаттама және жіктелуі. Бақылау, оның түрлері мен ерекшеліктері. Эксперимент, оның түрлері. Психологиялық эксперимент құрылымы. Сұрақ жауап әдісі (әңгімелесу, сауалнама) . Олардың мүмкіндіктері мен шектеулері. Тест әдісі. Тест түрлері мен спецификасы. «Егіздер әдісі», оның маңызы. «Көлденең кескіндер» жас ерекшелік әдісі. Адам эвалюциясын онтогенетикалық зерттеудің лонгитюдтік әдісі. Жас ерекшелік психологиясындағы негізгі теориялық мәселелер

3. Лекция мақсаты: Студенттерге жас ерекшілігі психологиясы пәні, оның зерттейтін

мәселелері туралы, адам психикасының жас ерекшелігі динамикасыжәне кезеңдері туралы жан-жақты түсінік беру. Жас ерекшілігі психологиясы пәні туралы білімдерін дамыту.

4. Лекция мәтіні:

Жас ерекшілігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогензі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшілігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшілігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б зерттейді. Жаса ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.

Педагогикалық психологияның пәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл - ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл - ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым - қатынастарды, сондай - ақ оқушылардың өзара қарым - қатынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология оқушыларға жеке - дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының бір тұтастығы зерттелу обьектісі - бала жеткіншек, жас өспірім - ортақтығымен түсіндіріледі; олар, егер жас ерекшілігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу обьектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның обьектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы - жас ерекшілігі психологиясының бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы - педагогикалық психологияның бөлімдері. Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалық және жас ерекшілігі психологиясына теңдей қатысады. Педагогикалық және жас ерекшілгі психологиясы ажырамастай біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу де өзін - өзі оқыту мен тәрбиелеудің обьектісінен, яғни баладан тыс қаралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шекарасын шартты ете түседі.

Жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық - педагогикалық ой - пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан - жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К. Д. Ушинский мұғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: « . . . өзерінің басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс - әрекуетт жасаңыздар» - деп жазды. Жас ерекшілігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эвалюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс - әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченов те атап көрсетті.

Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмпирикалық материалдарның жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалр психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына обьективті сипаттамас беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперимнттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызады. Ағылшын заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінеді. психофизиология заңдарын немесе мәселен қимыл - қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогы әрі психологы П. Ф. Каптеревтің «педагогикалық психологиясы» (1877), америка психологы У. Деймстің «психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме»(1902) атты кітабы және сол кедегі басқа да психологиялық - педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды

Бірақ көп кешікпей түңілушілік басталды. Ол кезңдегі жалпы психология педагогиканың қажеттілігіне жарайтын мардымсыз ған білім қорын бере алатын. Оның үстіне психологтардан тапқан кейбір деректері педагогтарды қателестіруге дейін апаратын. Мәселен, Эббингауздың мағанасыз буындарды есте сақтауда құрылған есті зерттеуі үнемі тек мағыналы материалды есте қалдырумен шұғылданатын мұғалімдердің бай тәжірибелеріне көп жағдайда қайшы келетінқорытындыларға алып келеді. Бұл жағынан алғанда Россиядағы педагогикалық сьездердің тарихы көп жайды білдіреді. 1906 жылы петербургте педагогикалық психологи жөнінде І сьезд шақырылды. Педагогикалық психологияның өкілдері А. П. Нечаев, Н. Е. Румянцев т. б сол кездегі педагогикалық әдебиеттер өткір сынға алды.

Педагогиканы жалпы психологиямен байланыстырып, осы қосындыдан жаңа педагогикалық психология көруге тырысуды сәтсіздігінің тағы бір себебі жалпы психологияның А. П Нечаев бағдар алуға тырысқан теориялық негіздері сипаты жағынан идеалистік болғандығынан еді. Педагогикалық психологияның (1910- жылдан бастап «эксперименттік педагогика» деп аталған негіздігі жұрттың бәріне айқын болады. Педагогикалық психологияны құрудың алғашқы тәжірибелері нәтижесінде жасалатын сас маңызды қорытынды мынада психологияны педагогикалық пркатикамен жақындастыру тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзінде эксперименттік зерттеу жолында ғана мүмкін. Эксперименттік деректер психологиялық - педагогикалық зерттеулерге сырттан әкеліп қосылмай, олардың өз зерттеулерінің нәтижесінде алынуы қажет. Бұл мақсат үшін педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының маңызды теориялық әрі методологиялық міндеттерінің дұрыс шешімдерін табу қажет болды. Бұл жерде оқыту процесіне қатысты бар психикалық дамудың қайнар көздері деген проблеме алдыңғы орынға шықты.

Жас ерекшелігі психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты проблема. Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым - қатынас және ересек адамдарменг салыстаырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың шешілуіне байланысты.

XX ғасырдың басында педагогикалық және жас ерекшелігі психолгиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалады. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алумен ерекшелінеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарады деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, бұндай жіктелуді мүлдем абсалюттік деп қарастыруға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды. Бұл екі бағыт та 30- жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды.

Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән ? оған «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез - құлқы мен дамуын жеңіл - желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылардың пікірінше, даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен анықталады, ал орта - болйында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсібір өзгермейтін фактор ғана.

Психикалық дамуда биологияшылдарға тән тұқым қуалаушылық фкторларды артық бағалауы, олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталған заңға еруі толық айқындап беріледі. Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз XIX ғасырда ГЕККЕЛ тұжырымдаған белгілі эвалюция заңын жас ерекшелігі психологясы саласына ауыстыру әрекеті. Құрсақтағы тіршілік кезеңде адам ұрығы бір клеткалы жанды заттан адамға дейінгі бүкіл даму сатысын қайталайтыны тәрізді, бала адамзат тарихының негізгі кезеңдерін жаңғыртып шығады. Биологиялық күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез - құлықының формалары бірін - бірі заңды түрде ауыстырып отырады. Мәселен, бала басынан өткізеді - міс деген бес кезең: тағылық кезең, аңшылық кезең, бақташылық кезең, егіншілік кезең, сауда - өндірістік кезең бөліп алынды. Мұндай кезеңге бөлуге сәйкес, бала тағы болып туып, біртіндеп дамудың барлық сатысынан өтеді де, соңғы сатыда ақшаға, саудаға, айырбасқа сөзсіз ынта білдіреді, яғни капиталистік қоғам мұраттарына толық сай болады.

Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбие тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ол сыртқы фактор ретінде қайсібір табиғи тұқым қуалаушылыққа байланыста психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуген ғана жарамды болады деген идея жатқызлады. Биогенетикалық заңнан кертартпа педагогикалық қорытындылар шығарылады. Бала дамуының табиғи барысына араласу жіберуге болмайтын қателік ретінде қаралады. Биогенетизім «еркін тәрбие» деген педагогикалық теорияның психологиялық негізіне айналады.

Педагогикалық психологиядағы биогентикалық бағыттың диалектикаға қарсы, механистік сипатын совет педагогтарымен психологтары 30- жылдардың басында жете түсінеді.

Педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың да қателігі аз болған жоқ. Айырмашылығы бар сияқты болып көрінгенмен бұл теориялар бір - біріне көп жағынан жақындасып жатады. Бұл бағытты жақтаушылыадың пікірі бойынша, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамады зерттеп білу үшін оның мінез - құлықтарының механизімі, даму жолдары сондай болмақ. Мінез - құлық пен дамуды генетиклық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер тәрізді социогентиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам белсенділігін мойындамады. Нәтижеснде белгілі бір әлеуметтік орта жағдайында көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалды. Даму мәселсіне механистік қатынас, жеке адамның өз белсенділігін, оның қалыптасуының диалектикалық қайшылықтарын елемеу - педагогикалық психологиядағы социогенетикалық бағыттың анық идеялық - теориялық ақаулары осылар. Психологиядағы биогенетикалық және социогенетикалық ағымдар 30- жылдардың өзінде - ақ советтік психологиялық - педагогикалық ғылымның сын обьектілеріне айналады.

Биогенетиктер де, социогенетиктер де баланы психикалық дамуының қайнар көздері мен механизімдері жөніндегі дұрыс түсінік бере алмады. Бұл міндетті жүзеге асыруға педлогия деп аталған арнайы пәннің де қабілеті жетпеді.

Белгілі

Жас ерекшелігі психологиясының негізгі зерттеу әдістері - бақылау және эксперимент. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде лабараториялық эксперимент баланы зерттеуде жетекші орын алып жүрген табиғи экспериментке ғана жол береді. Және оқыту процесінде қалыптастыру(оқыту) эксперименті де пайдаланылады.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі-егіздер әдісі деп аталатын әдіс.

Зерттеуші психика қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен зерттейді.

Кейде психологгар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) зерттейді . Мұны бойлай зерттеу дейміз.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Жас ерекшелігі психологиясының пайда болу тарихы туралы.

2. Жас ерекшелігі психологиясының дамуындағы биогенетикалық және

социогенетикалық бағыттар.

4. Педалогтардың мақсаттары қандай еді?

5. Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері.

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тақырыптары.

1. Қазіргі жас ерекшелігі психологиясы пәнінің бала жөнінідегі ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен маңызы.

2. Бала психикасын онтогенезде қалыптасуын түсінудегі А. В. Выготский теориясының маңызы.

3. Психикалық дамудың аса маңызды факторы ретіндегі баланың жеке басы белсенділігінің маңызы.

2- Лекция

1. Лекция тақырыбы: Жас және психика дамуының қозғаушы күштері мәселесі.

2. Лекция жоспары

Жас туралы түсінік. Жас мәселесі. Құжаттық, ақыл-ой, психологиялық жас. Даму, оның мәні. Психикалық даму спецификасы. Индивидуалды дамудағы биологиялық пен әлеуметтік даму арақатынасы. Даму жағдайы, қозғаушы күштері, қайнар көздері. Психикалық дамудың негізгі факторлары және оларға сипаттама. Дамудың әлеуметтік жағдайы, психологиялық жаңалықтар, іс-әрекеттің жетекші түрлері. Психикалық дамудың жалпы заңдылықтары. Жас дағдарысының тууының қайнар көздері мен оны жеңу механизмдері.

Лекция мәтіні :

Жас ерекшелігі психологиясы пәні бойынша балалардың даму кезеңдерін жас шамасына қарай бірнеше кезеңдерге бөліп оқытады.

1. Мектеп жасына дейінгі кезең.

а. жаңа туған немесе нәрестелік кезең.

б. сәбилік кезең.

в. мектеп жасына дейінгі кезең.

2. Бастауыш мектеп шағындағы кезең, 3. жеткіншектік кезең, 4жас өспірімдік кезең.

5. Ересектік кезең, 6. қарттық кезең.

Мектепте оқыту процесіне байланысты біз жоғарыдағы 4 кезеңді қарастырамыз.

Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я. Коменский, Ж. Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін) ;

2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін) ;

3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін) .

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:

1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)

2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін) ;

3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін) ;

4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін) ;

5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11, 12 жасқа дейін) ;

6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін) ;

7. Жасөспірім шақ (14, 5 жарым жастан, 17 жасқа дейін) .

Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.

Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.

4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері - 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да

1. Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.

Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.

Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.

Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.

Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.

Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.

Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т. б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П. И. Подласыйдық, М. Ф. Хар-ламовтың "Педагогика" (М. 1996-1997), Б. С. Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г. К. Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Психологияның жас ерекшелігі
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Психологиядағы зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz