Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
2-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ
Берілген курс онтогенездегі психика дамуының жас ерекшелік
заңдылықтарын зерттеуге бағытталған және білімдердің аралас салаларымен
байланысты: жалпы, педагогикалық және әлеуметтік психологиямен,
педагогикамен және т.б. Курс мазмұнында жастың психикалық дамуының қайнар
көздері мен қозғаушы күштері жайлы қазіргі заманғы ғылыми мәліметтер
жалпыланған. Әсіресе онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
проблемасына неғұрлым көп көңіл бөлінген дүниеге келгеннен жас өспірім
шаққа дейін. Сондайақ, бағдарламада неғұрлым аз зерттелген ересек адам
психологиясының өмірлік айналымы және геронтопсихология проблемалары да
қарастырылған.
І Бөлім. Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және
әдістері
Г Л О С А Р И Й
1. Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі
дамуы.
2. Обсервациалық әдістер – бақылау және өзін-өзі бақылау.
3. Эксперименталдық әдістер – зертханалық, далалық, табиғи,
қалыптастырушы.
Психодиагностикалық әдістер – стандартталған және
проективті тесттер, анкета, сұрақнама, әңгіме.
4. Праксиметрикалық әдістер- іс-әрекет процестері мен өнімдерін талдау
тәсілі (хронометрия, профессиографиялық сипаттмама, бұйымдарды және
орындалған жұмыстарды бағалау)
5. Биографиялық әдістер – адамның өмір жолының фактілерін, күндері мен
оқиғаларын, құжаттарды, куәліктерді және т.б. талдау.
6. Өсу – даму процестерін бір мөлшерлі сандық қарастыру.
7. Жетілу – Эндогенді бағдарламаланған процестер (мидың, жүйке және
бұлшық-ет жүйелерінің, эндокринді бездердің және т.б.жетілуі), яғни
туа берілген және іштей басқарылатын өсу импульстарының әсерінен аяқ
асты болатын процестер.
8. Дифференциация – тар мағынада – бастапқы тұтастан прогрессивті түрде
түрлі бөлшектерді бөліп алу. Ол өсуге, құрылымдық күрделіктерге, және
де мінез-құлықтың икемділігіне және ауыспалылығына әкеледі. Кең
мағынада – психикалық функцияларды және мінез-құлық тәсілдерін
прогрессивті бөлшектеудің, кеңейтудің және құрылымдаудың жалпы
мазмұны.
9. Әсерлеу (импритинг) – нақты үлгінің қысқа мерзімдік әсерінің
нәтижесінде тікелей, сана тарапынан қадағалаусыз мінез-құлық
тәсілдерін, талаптарын, қандай да бір нормаларын игеру.
Жас ерекшелік психологиясының пәні. Жас ерекшелік психологиясы
онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Онтогенез –
индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі дамуы. Жас ерекшелік
психологиясының пәні ретінде адам өмірінің түрлі сатыларындағы тұлға
қасиеттері мен психикалық процестерінің дамуының жетекші факторлары,
заңдылықтары мен динамикасы болып табылады.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары:
Жас – бұл заңды физиологиялық және психикалық өзгерістердің
жиынтығымен сипатталатын, индивидтің психикалық дамуының және оның тұлға
ретінде дамуының уақытпен шектелген нақты сатысы.
Жаңа құрылым –берілген жаста ең алғаш пайда болатын және оны басқа жас
кезеңдерінен ерекшелендіретін тұлға мен психологиялық процестердегі сапалық
өзгерістер.
Жетекші іс-әрекет – бұл берілген жас кезеңіндегі психикалық жаңа
құрылымдардың пайда болуы мен қалыптасуын анықтайтын іс-әрекет.
Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас сатысына тән және әр кезеңде
психиканың дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.
Дағдарыс- бұл бір жас кезеңінен екіншісіне өту сатысы, осы сатыда
қысқа уақыт аралығында түрлі психикалық қозғалыстар жүреді, даму секіріс
түрінде болады, осының салдарынан мінез-құлықтың теріс қырлары мен
тәрбиедегі қиындықтар байқалады.
Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері:
1. Балалар психологиясы (мектепке дейінгі):
а) сәбилік кезең (дүниеге келгеннен 1 жасқа дейін);
ә) ерте балалық шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);
б) мектепке дейінгі жас (3 жастан 7 жасқа дейін).
2. Кіші мектеп жасы (7-10 жас).
3. Жеткіншек жас (10-11 – 14-15 жас);
4. Жас өспірім шақ: а) ерте жас өспірім шақ (15-18 ж.);
ә) кеш жастық шақ (18-21 ж.).
5. Кемел жас психологиясы: а) 21-35 жас;
ә) 35-60 жас.
6. Кәрілік жас психологиясы (геронтопсихология): а) егде жас (60-75 ж.);
ә) кәрілік шақ (75-90 ж.); б) ұзақ өмір сүретіндер (90-нан жоғары).
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі. Әдіс –
бұл психикалық өмірдің белгілі-бір фактілері алудың құралы, инструменті.
1. Ұйымдастырушы әдістер:
а) көлденең кесу әдісі;
ә) тікелей кесу әдісі;
б) кешендік әдіс.
Алдыңғы сатылардың соңғы сатыларға әсерін зерттеу үшін және бір
сатыдан екіншісіне өту мехнизмдерін зерттеу үшін зерттеудің лонгитюдті
(көлденең) стартегиясы қажет, яғни бір зерттелушілер ұзақ уақыт барысында
зерттелінеді.
2. Эмпирикалық әдістер:
а) бақылау; ә) эксперимент; б) психодиагностикалық әдістер (сауалнама,
әңгіме, теттер, социометрия); в) іс-әрекет нәтижелерін талдау; г)
биографиялық әдістер.
3. Мәліметтерді өңдеу әдістері:а) статистикалық; ә) сапалық.
4. Интерпретациялық әдістер: а) генетикалық; ә) құрылымдық.
ІІ. Бөлім. Онтогенездегі психикалық даму проблемалары
Глоссарий
Психикалық даму факторлары - бұл индивидтің өмірлік іс-әрекетін қажетті
түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.
Психикалық даму шарттары- бұл индивидке белгілі -бір әсер ететіндер, яғни
психикалық дамудың ерекшеліктері, сипаттамалары және деңгейі тәуелді сыртқы
және ішкі жағдайлар
Дамудағы эволюциялық өзгерістер - салыстырмалы түрде баяу сандық және
сапалық құрылымдармен байланысты. Өзгерістер өмірдің елеулі кезеңін қамтиды
(нәрестеде бірнеше айдан, неғұрлым үлкен жастағы балаларда бірнеше жылға
дейін). Мұндай өзгерістер үнемі әсер ететін факторларға байланысты: бала
ағзасының биологиялық жетілуі мен психо-физиологиялық күйі, оның адамзаттық
әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орны, интеллектуалдық және тұлғалық
дамудың жеткен деңгейі.
Дамудағы революциялық өзгерістер - неғұрлым терең бола отырып, жылдам және
аз уақытта жүреді. Мұндай өзгерістер әдетте жас аралығында болатын жас
дамуының дағдарысына орайластыру
Дамудағы жағдайға байланысты өзгерістер - нақты бір жағдайдың әсеріне
байланысты. Мұндай өзгерістер өзіне баланың психикасы мен мінез-құлқында
ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған оқыту мен тәрбиелеу әсерінен
болатын нәрселерді қамтиды.
Филогенез (түрдің дамуы) – өмірдің пайда блуын қамтитын уақыттық
арақашықтық. Түрлердің пайда болуы, олардың өзгеруі, дифференциация және
сабақтастық, яғни қарапайымдылардан бастап адаммен аяқталатын бүкіл
биосоциалдық эволюция.
Антропогенез –адамзаттың барлық аспектілерде, сонымен бірге мәдениетте де
дамуы..
Социогенез - бұл филогенездің бөлігі, Homo sapiens пайда болуынан
басталады да бүгінгі күнмен аяқталады.
Онтогенез (даралық даму) – адам өмірінің ұзақтығымен анықталатын уақыттық
ара-қашықтық: жатыр ішінде пайда болудан басталып өмірдің аяқталуымен
тоқтайды.
Микрогенез (өзекті генез) - қысқа уақыттық ара-қашықтық, қабылдауды,
естің, ойлаудың, қиялдың қысқа мерзімді процестері жүретін жас кезеңін
қамтиды.
2.1. Психикалық дамудың қозғаушы күштері проблемасы
Адам психикасындағы биолгиялық пен әлеуметтік факторлар. Баланың
психикалық дамуының өзгешілігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас
ерекшелік психологиясында өзекті болып табылады. Бұл келесі мәселені
шешеуден көрініс табады: психикдағы анықтаушы биологиялық па әлде
әлеуметтік пе? Екі бағыт айқын бөлінеді:1) биологизаторлық; 2)
социологизаторлық.
Шет елдік психологияда қазіргі күнге дейін бірқатар бағыттар үшін
жетекші принцип ретінде адам психикасының биологизация болып келді, яғни
әлеуметтік пенде ретінде адам психикасының сапалық өзгешелігін елемеу.
Психикалық дамудың биологизаторлық теориялары Европа мен Америкада 19
ғ. аяғы мен 20 ғ. басында пайда болды. Оның мәні: адам психикасы
биологиялық шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар,
интеллектуалдық қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму
осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің
алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу
тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері – бұлардың барлығы алдын
ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық
биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде
қарастырылады.
Социлогизаторлық теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз
ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала
дүниеге келгенде таза тақтайдай болады, және де сыртқы жағдайлардың
әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.
Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы.
Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет
елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды
бөледі: 1) дамудың қажетті шарттары; 2) психикалық дамудың көзі; 3)
психикалық дамудың қозғаушы күштері.
Бала психикасының дамуының қажетті шарттары деп келесі адамзаттық
тектік ерекшеліктер қарастырылады: адамзат миы, адамзат дене мүшелері,
адамға тән морфофизиологиялық факторлар және олардың жетілу ерекшеліктері.
Дүниеге келгенде бала өзгеше адамзаттық заттар дүниесіне тап болады.
Осы оны қоршаған әлеуметтік орта бала дамуының потенциалды көзі болып
табылады.
Баланың психикалық дамуы оның қоршаған ортаға биологиялық бейімделуі
немесе теңесуі процеіс ретінде жүзеге аспайды, керісінше әлеуметтік
тәжірибені иегру, процесі ретінде жүзеге асады. Белсенділік пен іс-әрекет –
бұл баланың психикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады.
Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі. Индивидтің қоғамдық-
тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында
жүреді және бұл көрініс табады:
1. Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған
деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен
әрекеттену тәсілдерін үйрену.
2. Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала
өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде
дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды
тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-әрекетін ұйымдастырады және
бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы
күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті
болып табылады.
Сонымен:
1) баланың психикалық процестері алдын ала анықталмаған, дайын түрде
берілмеген;
2) бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз
мүмкін емес еді.
Жетекші іс-әрекет ұғымы (А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). Баланың психикалық
дамуы үшін, оның дамуының әр сатысы үшін жетекші болатын іс-әрекетке
ерекше мән беріледі.
Жетекші іс-әрекеттің белгілері:
1. Жетекші іс-әрекеттің астарында жоғарғы психикалық функциялар –
танымдық процестер қалыптасады;
2. Жетекші іс-әрекеттің астарында тұлғалық құрылымдар қалыптасады;
3. Жетекші іс-әрекетке барлық басқа іс-әрекеттер бағынады
(А.Н.Леонтьев);
4. Жетекші іс-әрекет баланы дәл қазіргі кезеңде даму бастауы болып
келетін орта элементтерімен байланыстырады;
5. Жетекші іс-әрекетте дамудың берілген кезеңі үшін тән бала мен
ересек адам қатынасы, ал ол арқылы- оның шындыққа деген қатынасы
толықтай көрсетілген.
Оқыту мен даму проблемасы. Оқыту мен даму проблемасын бірқатар
оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:
1. Бірінші тобы баланың даму процестерінің оқыту процестерінен
тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді
дамуына қатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму
циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр
қашанда оқытудың алдында жүреді.
2. Екінші топ осы екі процесті бір тұтас ретінде қарастырады және
келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.
3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір
жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз процес ретінде ұғынылады,
екінші жағынан – оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің
үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:
а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;
б) екі негізгі процестердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі
идеясы;
в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.
Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала
отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі
оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өз-өзіне басталып
кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие.
Мектептегі оқыту бала дамуының барысына қандай да бір жаңа нәрсені қосады.
Оқыту мен даму ең алғаш рет мектеп джасында кездеспейді, бірақ іс-жүзінде
баланың алғашқы күндерінен -ақ бір-бірімен байланысты.
Осылайша, екі сұрақ туындайды:
1. Оқыту мен даму арасындағы жалпы қатынас;
2. Осы қатынастың мектеп жасындағы спецификалық ерекшелігі қандай.
Берілген проблеманы шешу үшін Л.С.Выготский жаңа ұғымды енгізеді – жақын
даму аймағы. Дамудың екі деңгейін қарастыру қажет:
1. Баланың өзекті даму деңгейі –міндеттерді өз бетінше орындай алу
қабілеті.
2. Жақын даму деңгейі – баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі
мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының
жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды
деңгейінің арасындағы қашықтық.
Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы жайлы ілім келесі
тезисті ұсынады: Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады.
Сонымен:
1. Даму процестері оқыту процестерімен сәйкес келмейді. Даму
процестері оқыту процесінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері
жақын даму аймағын құрайды.
2. Оқыту процесі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты
болғанымен де, олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.
Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы
мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген
сезімталдық.
Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін
қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.
Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы
Берілген проблеманы талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді
анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының
кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л.С. Выготский үш топқа бөледі:
1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес
онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С.Холл).
2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері
ретінде қандай- да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана
критерий ұсынылады, және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді
болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму
барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке
ығыстырылады.
3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді
ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың
эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе
пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп,
ұлғаяды).
Л.С. Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз процесі ретінде
анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің
пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий
қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым
болады.
Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу.
Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта
арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.
ІІІ. Бөлім. Онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
Глоссарий
Жандану кешені - анасын немесе басқа жақын адамды көргенде ерекше
эмоционалдық реакция таныту: күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.
Қамту – бұл баланың заттарды қармап ұстап алуы.
Манипуляция – бұл баланың өз ыңғайына қарай заттармен әрекет жасауы.
Еңбектеу – бұл баланың алғашқы өз бетінше қозғалу түрі.
Ырықтылық - қандай да бір мақсат қою және оған саналы ерік –жігер күшімен
жету.
Рефлексия – бұл өз әрекеттерін бағалай алу қабілеті, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz