Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы
дамуы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері.
2. Дана күшінің дамуы.
3. Дамудың әлеуметтік жағдайы.
4. Ақыл – ой қызметінің ерекшектері.
ІІІ Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның өмірге келуі ХІХ
ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық
идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-
пікірге көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның
“Адам - тәрбие тақырыбы” деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты
тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс
деп есептейді. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің
эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Психология зерттейтін
деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын
көрнекті орыс ғалымы И.М.Сеченов те атап көрсетті.
Жас ерекшелік психологиясы - психология ғылымынын саласы. Онын
зерттейтін пәні - адам психологиясынын жас ерекшелігі динамикасы. Даму
үстіндегі адамның психологиялық пропестері мен психологиялық қасиеттерінін
онтогенезі. Балалар психологиясы төменгі сынып оқушылары психологиясы
балаң жас өспірімдер психологиясы; ересек адам психологиясы.
Герантопсихология - жас ерекшелігі психологиясының тармақшалары болып
есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас
ерекшеліктерін. білімді игерудін жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамнын
дамуының жетекші факторларын т.б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы
пелагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
Пелагогикалық психология пәні - окыту мен тәрбиелеудің психикалық
заңдылықтарын зерттейді. Педагогикалық және жас ерекшеліп психологиясының
біртұтастығы зерттеу объектісі - бала. жеткіншек, жас өспірім ортақтығымен
түсіндіріледі, олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында
зерттелсе, жас ерешіелігі психологиясының зерттеу объекттілері. ал егер
педагогтық максаты, ыкпалдары карастырылса. педагогикалық психологиянын
объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, теменгі
сынып оқушылары психологиясы. жеткіншектер жас өспірімдер психологиясы -жас
ерекшеліп психологиясының бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу
психологиясы мұғалім психологиясы - педагогикалық психологиянын бөлімдері
Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалық және жас
ерекшеліті психологиясына теңдей катысты. Педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясы ажырамастай біртұтастық құрайды: баланы окыту үшін мен
тәрбиелеу процесінде карастырады, сонымен бірге окыту мен тәрбиелеу де
езінен-езі окыту мен тәрбиелеудің объектісінен, яғни баладан тыс каралуы
мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
проблемаларды баяндау шекарасын шартты ете түседі.

Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері.
Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан
басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады.
Алайда
- Бірінші шегі физиологиялық,
- Екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі
құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар
нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады, деген
оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі
деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына,
ішкі дүние мен езін-езі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады,
Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың
белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті
алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан
қарайды. Бірақ бұл даму әр турлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі
болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен
социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес
те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге
тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына,
еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғнн
индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Советтік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар
мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп
біледі. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен
фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейд.
Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез
және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеп пен екі жыл
бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады.
Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш
фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі,
осының езінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң
жастық) алғашқы екі кезең мсн байланыстырады.
Акселерацияға банланысты жеткіншектік кезеңнің шеқтері төмендейді де,
қазір ол енді 14—14,5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте
басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік
жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті
білімдердің келемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Қөптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары
әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі
механизмі бір жастағы адамдарды (еркектерді) біріктіретін жас шағы топтары
болып табылады, осының езінде мұндай топтардың әрқайсысы ездеріне ғана тән
арнайы әлеуметтік функңияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда
социализация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір
дәрежеде тікелей қосу арқылы (шаруалар шаруашылығына кемек, рыцарьлық
сословиедегі паждар мен атқосшының міндеттері) жүзеге асырылған. Мектеп
оқытудын осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі
қоғамда ецбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделіленуіне байланысты адам
жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады. Білім алу
мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәніндегі
әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік
кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады.
-
Балаң жас өспірімдік (14,5—17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана.
Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?

Дене күшінің дамуы.
Балаң жастық — адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы
жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта
есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде
17 мен 18-дің арасы (ауытқу плюс-тминус 10 айу) Салмағы артады, осының
езінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші
өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып
түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Педагогикалық психологияның обьектісі, зерттеу пәні, мақсат-міндеттері
Психология тарихының әдістері
Педагогикалық психологияның негізгі міндеттері
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Педагогика психология ғылым ретінде
Психика туралы жалпы үғым
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Пәндер