Жеткіншек кезеңдегі дағдарыс проблемасына теориялық көзқарастар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Ж о с п а р.

  1. Жеткіншек организмнің қайта құрылуы.
  2. Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» проблемасына теориялық көзқарастар.
  3. Жеткіншектік шаққа өтуде адамның басына болатын жаңа құрылымдар.
  4. Жеткіншек пен ересектің өзара қарым - қатынастары.
  1. Жеткіншек организмнің қайта құрылуы.

Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері туады.

Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11 - 13 жаста, ер балаларда 13 - 15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10 - 11, ер балалар 12 - 13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.

Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі - жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді: дененің прпорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт бойы сыңаржақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда омыртқа қисайып кетуге бейім тұрады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11 - 15 жаста болады, дегенмен нақ осы жастан мұндай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кездердегіден оңай болады. 20 - 21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады. өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқкиім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.

Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.

Бұлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады. Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6 - 7 жастан 13 - 14 - ке дейінгі шақ - көптеген қозғалыс сапалары оптимальды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.

Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және нерв жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл - ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт нервіге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар эндокриндік қолайсыздықтар және нерв жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және нерв жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе - теңдік бұзылады да, жаңа тепе - теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл - мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.

  1. Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» проблемасына теориялық көзқарастар.

Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен З. Фрейд болды. олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.

20 - 30 - жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама - қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Осындай теориялық бағыттылық советтік психологиядағы бірқатар зерттеулерде де болды. қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды; мәселен А. С. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзілетін еді.

Биогенетикалық универсализм теорияларына американ антропологтары күшті соққы берді; олар адамда «табиғаттан» не «мәдениеттен», яғни өмір мен дамудың нақты үшін қарадүрсін цивилизациялар деп аталатындарды зерттеді. Самоа аралығындағы жеткіншектерді зерттеген М. Мид жеткіншектік шақта дағдарыстар мен дау - жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау - жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым - қатынастарының ерекшеліктерін егжей - тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншектік шағын Мид балалық және ересектік кезбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады. Кейініректе ол қыз балада жыныстық толысудың басталуы, біріншіден, оның өзі үшін төтенше субъективтік маңызы болмауы және мүлдем дерлік елеңбей өтіп кетуі мүмкін екенін де көрсетіп берді: бір жағдайда жыныстық толысудың басталуы оны бой жетті деп тауып, некелесу салтанатына қамданудың белгісі болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда оның праволары мен міндеттері ғана өзгереді.

Антрополог Р. Бенедикт балалықтан ереаектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті: 1) үздіксіз және 2) баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің ролін жүзеге асыру үшін қажетті іс - әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс - әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады. Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады. Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады - ресми кемілділікке жеткен кезде ересектің ролін атқаруға дайын болмау келіп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол. Деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі болады және оның ешқайсысы да кемелділікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.

Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына; 1) жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына; 2) дағдарыстың, талас - тартыстың, қиыншылықтардың болуына; 3) балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді. Бұл зерттеулерден фрейдизмге қарама - қарсы, адамдағы табиғи дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қорытынды шығады.

Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К. Левин (АҚШ) ерекше орын алады, ол жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас - тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір - бірінен бөлінгендігін, жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап көрсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады.

Л. С. Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын құрайды деп пайымдады.

Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой - пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.

  1. Жеткіншектік шаққа өтуде адамның басында болатын жаңа құрылымдар.

Әлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз баланың ересектер қоғамында оның толық та тең праволы мүшесі болып өмір сүруге деген даярлығының қалыптасуы. Бүл процесс объективтік қана емес, субъективтік даярлықтың да дамуын көздейді, ол іс - әрекетке, ересектердің мінез - құлқына деген көзқарастарға қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет, өйткені әлеуметтік ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды.

Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез - құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып - жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым - қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болады. алайда балалығы қаз - қалпында болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды прцестері жүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектіктің қалыптасу процесі көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатты және сан алуан. Ересектіктің алғашқы өркендері оның дамыған формаларынан өте - мөте айрықша болып, кейде жеткіншектің мінез - құлқында ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерде көрінуі мүмкін. Кіші жастағы мектеп оқушысымен салыстырғанда жеткіншекте жаңаның көп болуының нақ өзі оның балалықтан арыла бастағанын көрсетеді. Бұл жаңаның өзі болашаққа бағдарланған, нақ осыған сүйену қажет.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана - сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпен деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса, деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды.

Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгерілеушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді. Ересектік сезімі баланы өзіне тең ұстайтын неғұрлым ересек жолдастарымен қарым - қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасындағылармен ғана емес, мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі прогресті өзгерістерді бөліп көрсетеді.

Ересектік сезімі сана - сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірілік позициясын білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, жаңаша талпыныстарының, толғаныстары мен аффективтік ықпалдардың жүйесін анықтайды. Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым - қатынастарындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез - құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады. Мұның ұзаққа созылатын салдары болады, өйткені ересектер мен балалар әр түрлі екі топты көрсетеді және олардың міндеттері, праволары, артықшылықтары мен шектелулері түрліше болады. балаларға арналған көптеген нормаларда, ережелерде, талаптарда, шектеулерде, тіл алудың ерекше моралында олардың ересектер дүниесіндегі дербессіздігі, тең правосыздығы мен тәуелді жағдайы бейнеленген.

Жеткіншектің ересектерге теңелмектігі оларға сырттай ұқсауға, олардың өмірі мен іс - әрекетінің кейбір жақтарына ортақтасуға, олардың қасиеттері мен іскерліктеріне, праволары мен артықшылықтарына жетуге ұмтылуынан, осының өзінде бұлардың ішінде алдымен балалармен салыстырғанда ересектердің ерекшелігі мен артықшылықтары көзге анық көрінетіндеріне жетуге ұмтылуынан көрінеді.

  1. Жеткіншек пен ересектің өзара қарым - қатынастары.

Қарым - қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы. Жеткіншектің жаңа праволарға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым - қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып - қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделерімен, көзқарасымен, пікірімен санаспағанға, т. б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Ересектермен қарым - қатынастың балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің праволарын шектейді де, өз праволарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір - қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тең праволылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттарыруға тырысады. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары - ересектермен қарым - қатынастардың бұрынғы типін жаңа, ересектердің қарым - қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектігі сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір - бірімен қарым - қатынастарындағы праволарының мүлдем жаңа проблемасын туғызады.

Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тэн типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жсткіншек пен ересектің әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарласып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары - жеткіншектік қалыптасып келе жаткан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны.

Егер ересектің өзі инициатива білдірсе немесе жеткіншектік талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін. Мұның шарты ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ. Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар: 1) жеткіншектік қоғамдағы жағдайының өзгермеуі; ол мектеп оқушысы болған, әлі де сол қалпында қала бермек; 2) оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы мұғалімдермен қатар тәрбиешілер ролін атқарады; 3) ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру, бақылау әдеті (қажеттігін үғынған күнде де, бұл дағдыны бұзу қиын) ; 4) әсіресе бастапқыда жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы. Осының бәрі ересек адамға жеткіншекті бағынуға, тіл алуға тиісті баладай қарауға мүмкіндік береді және жеткіншектің праволары мен дербестігін ұлғайту қажет емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу, міндетіне де қарсы келеді. Жеткіншектік әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен таланттар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады; ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен, міндеттер мен праволарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.

Жеткіншек пен ересектің тартыс-таласының себептері . Жеткіншек кезеңінің басында егер ересек адамда жеткіншекке' әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас, бір жағынан, тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның жаңа праволарды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-катынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болады. Талас-тартыстар мен қиыншылықтар жеткіншектің праволары мен дербестігінің сипаты туралы олардың түсініктерін үйлеспеуіиілігінен келіп шығады.

Егер ересек адам жеткіншекке дсген көзқарасын өзгертпес, онда жеткіншектің өзі қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің инициаторы бола бастайды. Ересектің қарсылығы жеткіншектің тіл алмау мен қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап карсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы тенденциялардық болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады; ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиілеп, жеткіншектің қарсыла-суы барған сайын табанды бола түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас-тартыс формасын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы, «балалық» қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа «ересектік» қатынастарды таңады. Талас-тартыс ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгерткенше жалғасуы мүмкін. Талас-тартысты қатынастар жеткіншектің мінез-құлқының бейімделгіштігі мен эмансипациясы формаларының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жатсыну, ересек адамның әділетсіздігі туралы сенім пайда болып, оған өзін ересек адам түсінбейді, түсіне де алмайды деген түсінік негіз болады. Осындай негізде ересек адамның талаптарын, бағалары 'мен көзқарастарын енді әдейі қабылдамау келіп шығуы мүмкін, сөйтіп жеке адамның моральдық және әлеуметтік бағдарлары қалыптасатын осындай жауапты кезең де жеткіншекке ықпал жасау мүмкіндігінен мүлдем айрылып қалуы мүмкін. Жеткіншек ересектердің қарым-қатынасына неғұрлым көбірек наразы болса, оған жолдастары соғұрлым керек, олардың бұған ықпалы соғүрлым күштірек болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Жеткіншектердің ересектігінің құрдастарымен қарым – қатынасының ерекшеліктерін қарастыру
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
13 жас дағдарысы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық тұрғыда дамуы
«Даму психология» пәні бойынша студентке арналған оқу-әдістемелік кешен
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz