Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері
VI ТАРАУ
БАЛАҢ ЖАС ӨСПІРІМДІК ПСИХОЛОГИЯ
VI. 1. ЖАС ӨСПІРІМДІК - ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚҰБЫЛЫС
Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына
жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен
аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық,
екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың
күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ
өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен
жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп
қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына,
ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударадь.
Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың
белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті
алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан
қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі
болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен
социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес
те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге
тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларыньң қалыптасуына,
еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни
индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Советтік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар
мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп
біледі. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен
фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді.
Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез
және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын
өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады.
Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш
фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі,
осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң
жастық) алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де,
қазір ол енді 14—14,5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте
басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік
жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті
білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Қөптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары
әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі
механизмі бір жастағы адамдарды (еркектерді) біріктіретін жас шағы топтары
болып табылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өздеріне ғана тән
арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда
социализация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір
дәрежеде тікелей қосу арқылы (шаруалар шаруашылығына көмек, рыцарьлық
сословиедегі паждар мен атқосшының міндеттері) жүзеге асырылған. Мектеп
оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі
қоғамда еңбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделіленуіне байланысты адам
жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады. Білім алу
мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәніндегі
әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік
кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шақы шектері біршама тиянақсыз болады.
Балаң жас өспірімдік (14,5—17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана.
Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?
Дене күшінің дамуы. Балаң жастық — адамның дене дамуының аяқталатын
кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың
бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус
13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дін арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы
артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады.
Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан
екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам
қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану
режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір
түрлерінде балаң жастық — ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста
постпубертаттық кезеңде болады. Қөп тараған тусініктерге қарамастан,
жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа
байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен
басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа
статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте
маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп
озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдай-
лардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің
арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны
мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық
тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-
әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер
диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық түрғыдан да
өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік
пен жауапкер-шілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16
жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік
алады. Жас өспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл
жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау тұралы және т. б.
ойлайды. Алай- жас әспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның
жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады.
Материалдық жағынан жоғары класс оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте
оған, бір жағынан, екінің бірінде сен ересексің, үлкенсің десе, екінші
жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де
байқалады, мұнда 16 жастағыларды емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек
деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан
танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардың
психологнясында өзінше ұрынылады.
Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері — мамандық таңдау, еңбек
пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға
әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір
уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-
әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын
жеткіншектердей емес 15—17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған
қоса кәсіптік-техникалық училищелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының
оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен
ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан
тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15—16
жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң
өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік
операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен
қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл
тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер
шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен
қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастарда-
ғыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар
деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер
балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен
мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық
айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады.
Осыны, сондай-ақ жоғары класс оқушысының мамамдық таңдауға даярлану
қажеттігін ескеріп, жоғары кластарда оқытудың даярлығын күшейту қажет,
оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп
шенберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәндер,
үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер). Бірақ, арнайы қабілеттердің
қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан, зор дәрежеде
байланысты екенін есте ұстау қажет.
Жас өспірімдік - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын
кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі
үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы (еңді бала болмағанымен,
әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттік күрделенуі, жеке адамның өз мінез
- құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы — осының бәрі қосыла
келіп жас өспірімдік шақта бағалаушылық - бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт
арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса
да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез-құлқын
саналы турде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде
құруға тырысады.
Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
VI. 2. ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ДАМУЫ
Өзіндік сана - күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер
ретінде өзіне. В. С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің
теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз
менін ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын
ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың
белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен функциялық
және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде
қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған
және өз денесінде болған түйсіктерді ажырата бастаған кезден бастап
нәрестенің өзінде-ақ болады, менді ұғыну бала жіктеу есімдіктерін дұрыс
қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. Өзінің психикалық
қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жас өспірімдік
кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компопенттердің бәрі өзара
байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенін түрін өзгертпей
қоймайды.
Өз денесінің бейнесі. Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге ба-рынша
ұмтылуымен өзінің мені мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда,
ол өзінің келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл
зор ынта балаң жас өспірім шағында да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасын
зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша
алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз келбеттерін өзгерткілері келер еді. Олар
үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін өсіріп, танымалдығын арттыратын
қасиеттер ерекше маңызды. Жас өс-пірімдердің көбі тапал, толық болғанына,
бетіне безеу шығуына т. б. қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұны-
сына катты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі
құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем
сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. Өз
денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің
ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компоненті. Қалыпты өсудің барлық
нюанстары мен варианттарын білмеу көптеген жас өспірімдер үшін нағыз норма
трагедиясына айналады.
Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау. Кішкентай
балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан
және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала
нерқғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы баралардан гөрі өзін-өзі
баралауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе
батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық
психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бақалау мен
әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады (өз ақылын немесе сұлулығьн басқа
біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады).
Жас өспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды,
қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі
бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру (Қиын
жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кетіп,
орындап шықсам, қабілетті болғаным). Бірақ жас өспірімнің өмірлік
тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің
көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар — қауіпті сотқарлық,
даңғойлық — көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын,
өжеттігін т.б, сынап көргісі келуден болады.
Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы — әлеуметтік жарыс, өзі туралы
төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы
пікіріне өте-мөте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары
ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді.
Кластастары ерлік ден бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп
атайды. Осыдан келіп тандау, өздігінен ойланып көру қажет болып шығады.
Өз менінің бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі.
Мұнда нақты мен (қазір қандай болсам, сондай) де, динамикалық мен де
(қандай болғым келсе, сондай), мұраттағы мен де (өзімнің моральдық
принциптерім негізінде сондай болуға тиістімін), қиялдағы мен де (бәрі де
мүмкін болса, сондай болғым келер еді), көз алдыма елестететін басқа толып
жатқан мендер де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-
қайшылықтарсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жас
өспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жас өспірім өзін-өзі
бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балаң жас өспірімдік кезге жалпы
алғанда рефлексияның өсуі, өзіне барынша ден қою тән. Мұның өзі интимдік
күнделіктердің шығуынан да (жас өспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек
кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиет бейнелерін өзіне өлшеп
көруден де (егер жеткіншек кейіпкерлердің қылықтарына ден қойса, жас
өспірімдер мотивтер мен толғаныстарға ден қояды), басқа адамдардың ішкі жан
дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.
Кейбір психологтар жас өспірімдік рефлеқсияның өзін-өзі оқшаулау,
шындық болмыстан киялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар деп
есептеп, оған теріс көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі
алаңсыз болып көрінгенімен әжептәуір қалыптасқан және нәзік болады.
Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше. Кіші
шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда
алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және
психикалық жатсыну жағдайлары аз болмайды. Балалықпен қоштасу көп жағдайда
бір нәрседен айрылу сезімі ретінде, өз менінің бұлыңғырлығы, жалғыздық,
өзін басқалар түсінбейтіндей көру және т. с. ретінде уайымдалады.
Алайда бұл сәттерді асыға бағалауға болмайды. Жас өспірімдік шақтың
қиыншылықтары бұларға бәрі де душар бола бермейтінін, кезіккеннің өзінде
міндетті түрде соншалық қиын болмайтынын айтпағанның өзінде бұлар ойдағыдай
жеңуге болатын өсу қиыншылықтары. Тұтас алғанда жас өспірімдік — өте
бақытты шақ. Тұрақты эгоцентризмнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жас
өспірімдерде ғана немесе бұған дейінгі дамудың серекшеліктерімен байланысты
(өзін-өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы) оған бейім
жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай балаларды қарым-қатынастың олар
үшін неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып
тиімді көмек жасай алады. Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша
тауқыметке ғана ұрындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада, ұйымшыл
комсомол коллективі жағдайында тәрбиеленген жас өспірім жігіттер мен
қыздардың көпшілігінде психологиялық оқшаулану мен рефлекция қарым-
қатынасқа кедергі болмағанымен қоймай, қарым-қатынастың тереңдеп, оның
іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.
Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға
болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге
тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырағысыз байланысты. Жас өспірімдік
рефлексия, бір жағынан, өзінің менін ұғыну (Мен кіммін? Мен қандаймын?
Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыйлай аламын?), ал, екінші
жағынан, дүниедегі өзінің жағдайын ұрыну (Менің өмірлік мұратым қандай?
Менің достарым, жауларым кім? Кім болғым келеді? Өзім де, айналамдағы дүние
де жақсы болуы үшін мен не істеуге тиіспін?) болмақ. Мұны әр кезде
бірдей ұрынбаса да жеткіншектін өзі-ақ өзіне арналған алғашқы сұрақтар
қояды. Екінші, неғұрлым жалпы, дүниетанымдық сұрақтарды жас өспірім адам
қояды, онда өзіне-өзі талдау жасау әлеуметтік-адамгершілік тұрғыдан өзін-
өзі анық таудың элементіне айналады. Жас өспірімдік өмірлік жоспарлары
көбіне сипатта болатыны сияқты бұл өзін-өзі талдау да көбіне қиялдағы
сипатта болады. Бірақ өзін-өзі талдауды қажетсінудің өзі — дамыған адамның
қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты. Н. А.
Добролюбовтың жас кезіндегі күнделігін оқығанда немесе Л. Н. Толстойдың
Жас өспірімін өзінің күнделіктерімен салыстырғанда үнемі өзіне-өзі
қанағаттанбайтын, өздері алдарына қойған кейде аңғал болғанымен, шамадан
тыс міндеттерді орындай алмай жүрген авторлардың ішкі драматизміне жаның
ашиды. Алайда бұл өзін-өзі талдаудың тереңдігі адамның күрделілігін
бейнелейтінін, ал өзіне биік талаптар қою — болашақтағы жетістіктердің бір
шарты екенін көрмеуге болмайды.
Жас өспірімдік рефлекцияның тереңділігі мен интенсивтілігі көптеген
әлеуметтік (әлеуметті тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық
(интроверсияның, экстраверсияның дәрежесі) және өмірбаяндық (семьяда тәрбие
алу жағдайлары, құрдастарымен қарым-қатынас, оқыған кітаптардың сипаты)
факторларға байланысты, бұлардың арақатынасы әлі жете зерттелмеген. Жас
өспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, енді екіншілері, керісінше, одан
үрейлене қорқады, аз ғана уақыттың өзіне жалғыз қала алмайды,
рефлексивтілігінің жетіспеушілігінен өздері ұғына алмайтын өз
проблемаларынан қашқақтау ушін қарым-қатынаста болғысы келмей ме екен
(әрине, мұны өзі де ұғынбайды) деген күдік туады. Ал, негізгі дені орташа
жағдайда болады. Тәрбиеші бұл айырмашылықтарды біліп, ескеріп отыруға тиіс.
Өзін-өзі сыйлау және оның функциялары. Жеке адамның көне-көп балаң жас
өспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды белгісі — өзін-өзі сыйлау,
яғни қорытындыланған өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау не
қабылдамаудың дәрежесі. Өзін-өзі барынша сыйлау менменсудің не сын
тұрғысынан қарамаудың синонимі емес. Мұның мәнісі адам өзін өзгелерден
нашармын не төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді деген сөз. Керісінше,
өзін-өзі сыйлаудың төмендігі үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек көруді, өз
күшіне сенбеуді көрсетеді.
Өзін-өзі сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейі жекелей өзін-өзі
бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылған сәтті
немесе сәтсіз жағдайлар оны тиісінше арттыруы немесе азайтуы мүмкін. Өзін-
өзі сыйлаудың қалыптасуына кішкене кезінен бастап-ақ көптеген факторлар —
ата-аналарының көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдайы т. б. әсер
етеді. Жас өспірім кезде бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және
өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы
түсінік қайта қаралады. Жас өспірімдер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай
келмейтін талаптар қояды, өз қабілеттерін, коллективтегі алатын орнын т. б.
асыра бағалайды. Бұл өзіне деген негізсіз сенімділік көбіне ересектерді
(кұрдастарын да) мезі қылады, көптеген тартыстар мен түңілушіліктер
туғызады. Жас адам өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар
мен қателесулерден кейін барып (әдетте кейінірек, мектептен кеткеннен
кенін) біледі.
Жас өспірімнің өзіне деген сенімі қаншалық жағымсыз болғанымен,
психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі анағұрлым қауіптірек.
Мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы әрі орнықсыз етеді.
Өзін-өзі сыйлауы төмен жас өспірім жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста
көбінесе қиыншылық көреді, қайсыбір жалған бет перде жасап алып,
айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа рольде көріну қажеттігі
ішкі қарбаластықты күшейтеді. Мұндай адамдар сынағанды, күлгенді,
жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не ойлайтыньна
мазасызданады. Адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның
жалғызсырап қиналуы соғұрлым көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың
төмендігінен барып адамны әлеуметтік талаптарының деңгейі біршама төмен
болады, оны жарысу сипаты бар іс-әрекет атаулыдан тартындырады. Мұндай
адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен, алға қойған мақсаттарына
жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен бағалауын нығайта
түседі.
Өзін-өзі сыйлаудың төмендігін ұялшақтықпен бір санауға
әсте келмейді. Егер мұғалім оқушылардың қайсыбіреуінен өзін сыйлаудың
төмендігінің белгілерін аңғарса, жеке адам үшін бұл қауіпті процесті
болдырмау үшін жас өспірім өзінің әлеуметтік және азаматтық бағасын анық
дәлелдейтіндей жағдай жасауға міндетті түрде ұмтылуы керек. Мұндағы
перспективалы жол — комсомол ұйымындағы белсенді қоғамдық қызметке,
мәселен, пионерлерге қамқорлық жасау жұмысына қатыстыру; мұның өзі жоғары
класс оқушысы үшін кіші жолдастарына өзінің бүкіл қажеттігін ұғынуға
мүмкіндік жасайды.
VI. 3. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ӨМІР
Өзін анықтаудың күрделі проблемаларын жас өспірім жалғыз өзі шешпейді,
әке-шешесімен, құрбы-құрдастарымен, мұғалімдермен бірге, олардың қолдауы,
комсомолдың қолдауы жағдайында шешеді.
Автономияға ұмтылу және әке-шешесімен өзара қарым-қатынас.
Жеткіншектің өзі-ақ өзінде ояна бастаған есею сезімінің негізінде өзіне
қамқорлық жасағанға ауырсынып, әке-шешесімен қарым-қатьнасын теңдік
негізінде қайта құруға тырысады. Бұл тенденция жас өспірімдік кезде де
жалғасады. Бірақ жететін автономияның нақты дәрежесі мен табиғаты қандай?
Жас өспірімдіктің әлеуметтік психологиясына ғылым ретінде жастар қашан, қай
жерде болмасын бүлік шығарады, ұрпақтар даудамайын туғызады деп
пайымдайтын сыңаржақ теориялар көп зиян тигізді. Шын мәнінде әкелер мен
балалардың өзара қарым-қатынастары әлеуметтік өзгерістердің қарқыны мен
сипаты, семьяның құрылымы, тәртіп сақтау сипаты мен тәсілдері т.б. сияқты
әлеуметтік жағдайлардың тұтас бір жиынтығына байланысты. Қалыптасып келе
жатқан адамның өз ұмтылыс-талаптарына тежеу болатын тәрбиелеудің
авторитарлық жүйесі іс жүзінде дау-жанжалдар туғызады, ал демократиялық
тәрбиелеуде ондай болмайды. Алайда әке-шешелермен қарым-қатынастың жас
өспірім кезде елеулі түрде қайта құрылатынын көрмейтін ғалымдардікі де
дұрыс емес.
Қазіргі психология есейген балалардың мінез-қулық, автономиясы (жас
өспірімнің жеке өзіне қатысты мәселелерді өзі дербес шешкісі келетіні және
оған праволылығы), эмоциялық автономия (әке-шешесінің дегенімен емес,
олардан тәуелсіз өзі қалаған ден қояр жайлар болу правосы және оны
қажетсіну), моральдық және құндылық автономиясы (өз көзқарастары болу
правосы мен қажеттігі және осындай көзқарастарының шын мәнінде болуы)
болады деп шектеп, балалар автономиясы туралы мәселені нақты түрғыдан
қояды.
Жеткіншектер бәрінен бұрын, әлбетте, белгілі бір шекте, бос уақыт
саласында мінез-құлық автономиясына жеткісі келеді. Мәселен, қалалардағы
мектеп оқушыларының көбі бос уақыттарын мектептен де, үйден де басқа жерде
өткізгенді ұнатады. Селолық мектептің мәдени демалыс орталығы болу
мүмкіндігі қала мектебіне қарағанда көбірек, өйткені қалада театрлар,
клубтар, пионер үйлері т. б. мектепті толықтырумен бірге онымен
бәсекелеседі. Балалар дем алғанда ересектерден гөрі құрдастарымен бірге
болуды артық көреді.
Эмоциялық автономияның үлкен қиыншылықтары бар. Жас өспірімдерге әке-
шешелері балаларында болған езгерістерді жете бағаламайтындай, олардың
толғаныстарын байыптап қарамайтындай болып көрінеді және көбіне бұлары
әбден дұрыс та. Болмашы бір әдеп сақтамаудың өзінен-ақ жоғары класс
оқушысының ішкі жан дүниесі әке-шешелері үшін, егер біржола болмаса да,
ұзақ уақытқа жабылуы мүмкін. Сені кім жақсы түсінеді?— деген сұраққа
жасөспірімдер жігіттер мен қыздардың бірсыпырасы әке-шеше деуден гөрі
достарым мен құрбы-кұрдастарым деп жауап береді. Егер тәртіп тұрғысынан
жеткіншектік жас неғұрлым қиын болса, балаң жасөспірімдік кез көптеген
эмоциялық проблемалар туғызып, балалардың ата-аналарынан психологиялық
тұрғыдан жатсынып кетулері жиі кездеседі. Бұл жылдары әкемен өзара қарым-
қатынас ерекше күрделіленеді. Еліміздегі және шетелдердегі көптеген
зерттеулер бұл жаста да шешенің балаға әкеден гөрі жақын болатынын
көрсетеді. Алайда әке-шешемен қарым-қатынаста біраз салқындық болып, оларға
айтылмайтын сырлардың шығуы әсте де жатсыну емес. Есейген балаларының
интимдік әлемін күшейтуге бармай, екі жаққа да сондай қажет эмоциялық
жылылық пен өзара тусінісудің сақталу-сақталмауы әке-шешенің сезімталдығы
мен әдептілігіне байланысты.
Моральдық нұсқаулар мен құндылық бағдарлар саласында жасөспірімдер
өздерінің автономиялы болу правосын барынша қорғайды. Кейде ерекше болсам
деген талабын тиянақтай түсу үшін ғана әдейі ұшқары көзқарастар айтылады.
Бірақ іс жүзінде әке-шешенің ықпалы бұл арада басым болып қала береді. Сән,
талғам, көңіл көтеру тәсілдері секілді бірсыпыра жеңіл-желпі мәселелерде
ұрпақтар арасындағы айырмашылықтар әжептәуір. Кейбір тәрбиешілердің
шалбардың балағының енін, шаштың ұзындығы мен би ырғағын әкімшілікке басып
жөндеуге әрекеттенуі ешкімге қажетсіз дау жанжалға ғана әкеліп соғады.
Бірақ неғұрлым терең проблемаларға — саяси көзқарастарға, дүниетанымға,
кәсіп таңдауға - келгенде әке-шешенің беделі анағұрлым басым болып, әдетте,
дос, құрбы-құрдастарының ық-палын жеңіп кетеді. Коммунизм орнатып жатқан
халқымыздың түбегейлі өмірлік міндеттерінің ортақтығы ұрпақтар эстафетасын,
революциялық дәстүрлердің берілуін оңайлатады.
Коллективизм және топ өмірі. Балаң жастық — өзіне-өзі талдау жасайтын
шақ қана емес, сонымен бірге нағыз коллективтік шақ. Кішкентай
жеткіншекке коллектівтік өмірге қатысқаны, басқалармен бірге болғаны жетіп
жатыр. Жоғары класс оқушысы үшін бәрінен маңыздысы кұрбы-құрдастарының мұны
қабылдауы, топқа өзін қажет сезінуі, онда белгілі бір бедел мен метке
жетуі. Коллективтегі статустың төмен болуы, әдетте, барынша алаңдатадьі;
құрдастары онша бағаламайтын жас өспірімдердің жеке басын өзгертуге тырысуы
басқалардан гөрі анағұрлым жиі кездеседі.
Социометриялық зерттеулер кластарда біртіндеп белгілі бір поляризация
болатынын көрсетті: бір жағынан, неғұрлым танылғандар, ал, екінші жағынан,
таңдау бәрінен аз түсетіндер сараланады. Осының өзінде бұл статус, әсіресе
ұнамаушылық барынша тұрақты болып, көбіне кластан класқа көшіп отырады.
Мұның өзі жарыс жағдайын туғызып, көптеген психологиялық проблемалар
жасайды. Жағдайы біршама жақсы балаларда да проблемалар туындайды.
Кейбіреулері өздерінің беделін жоғары-кластарда өздерін ығыр қылып, жеке
қасиеттеріне үйлеспейтін болып көрінетін рольдерге (мәселен, кластың
сайқымазағы) негіздейді. Бірақ жолдастарының күткен үміті жанбаса рольді
қалай өзгертуге болады? Басқа рольде өзіне сондай ұнаған әрі бойын үйреніп
қалған танымалдыққа жете аласың ба? Осыдан бұрын жасөспірімдік кезде
топтағы өзінің жағдайына көбіне көңіл толмаушылық және өзін-өзі бағалаудың
сәйкессіздігі келіп шығады. Жоғары класс оқушысының қарым-қатынас ауқымының
ұлғайып, өмірлік іс-әрекетінің күрделіленуі нәтижесінде оның өзі соған
қатысты немесе соны бағдар етіп ұстайтын, өзінің құндылық бағдарлары мен
өзін-өзі бағалауын салыстыратын топтар мен коллективтердің (референттік
топтар) саны көбейеді. Біріншіден, бұлар ұйымдасқан мектеп коллективтері
(класс, комсомол үйымы), екіншіден, бұлар да ұйымдасқан, бір-ақ мектептен
тыс коллективтер (спорт қоғамдары, клубтар. Пионер үйлерінің жанындағы
үйірмелер), үшіншіден, жеке қарым-қатынас процесінде қалыптасатын ресми
емес стихиялы топтар мен компаниялар. Топтардың көптігінің өзі-ақ белгілі
бір рольдік тартысты туғызбай қоймайды, сөйтіп адамның алдына қай топқа
қатыстылығы неғұрлым маңыздырақ деген мәселе қояды мәселен, спорт қоғамына
немесе мектепке қатысты міндеттердің (бұрын таңдауға тура келетін болса).
Әр топтың талаптарының бір-біріне қайшы келуі жағдайды қиындата түседі.
Тәрбие жұмысында көшедегі стихиялы топтар мен компаниялардың ықпалын
еске алу ерекше маңызды. Қейбір педагогтар оны елемеуге немесе кездейсоқ
нәрсе деп санауға бейім. Бұл қауіпті жаңылысу.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бүкіл өмірін қамтымайды. Сондықтан оны
жастардың әр түрлі ұйымдарының - саяси (комсомол), спорт және мәдени-ағарту
ұйымдарының қызметі толықтырады. Алайда қарым-қатынастың бұл ұйымдасқан
формалары жастарда мектепте қалыптасатын достар компаниясы немесе көшедегі
серіктестіктер секілді ресми емес, стихиялы топтарды қажетсінудің орнын
түгел баса алмайды. Кластардағы коллективтердей емес, стихиялы топтарда
әдетте әр түрлі жастағы балалар және әлеуметтік құрамы жөнінен көбіне
аралас (оларға мектеп оқушыларынан басқалар да қатысады) болады. Құрамның
әр қилылығы, оған қоса ұйымдасқан коллективтердегі жоғары кластардағы
көбіне ығыр қылатын үлкендердің үнемі бағып-қағуының болмауы себепті жас
өспірімдер ушін мұндай топтар ерекше тартымды болады. Егер жеткіншектерде
стихиялы топтар көбіне мектеп ішіндегі коллективтерді толықтырып, бұлардың
екеуінде де лидер болатын балалар бірге болса, жоғары кластарда жағдай
өзгереді. Жас өспірімнің көше тобындағы беделі оның мектептегі статусына
кері қатынаста және керісінше болады.
Бұл қарама-қарсылық елеулі педагогикалық қауіп туғызады. Көшедегі
топтарды біріктіретін құндылықтар кейде қарсы әлеуметтік турғыда болады, ал
оларда басшы болатындарды жақсы балалар деуге мулдем келмейді. Мұндай
топтар қылмысты топтарға немесе бұзақылар тобына ауысатын жағдайлар
кездеседі. Бұл орайда жас өспірімдердің жасқа байланысты конформдылығы өте
зиянды роль атқарады. Үлкендерден тәуелсіздік алуға тырысып, жас өспірім
құрдастарының қауымынан тірек пен қолдау іздейді. Бірақ оның өзі іштей әлі
дербес
емес, ықпал мен психикалық еліктіруге оңай беріледі. Топқа қатыстылық
сезімі, әсіресе, егер бұл қатыстылықты қорғауға тура келетін болса, сол
топтың өзі құрылатын құндылықтардың мазмұнынан да маңыздырақ болады.
Балалардың бәрі (қыздардың бәрі) өстеді деген секілді дәлел ол үшін кез
келген қылықты түсіндірумен бірге оны ақтайды да. Мұның өзінде бәрі деген
өз тобының мүшелері, не өзі соған еліктейтіндер болып шығады.
Стихиялық топтар мен олардың атрибуттарын (өздеріне тән сөйлеу, мінез-
құлық стилі, эстетикалық талғамдар, сән) қоюға тырысудан әдетте ештеңе
шықпайды. Бұған қоса қарым-қатынастың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz