Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жас өспірімдік -әлеуметтік-психологиялық құбылыс

Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жас
өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымеy
аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық,
екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманын, езі құбылыстың
күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық
теориялар нақ есудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым
болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм зволюциясының белгілі
бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның
заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар
аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық
дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас
өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның
дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі
әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің
социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезені,
тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп
қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның
бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен
байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық
проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Советтік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен
дамудың, ішкі зандылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп
біледі. Бұл әжелтәуір киын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен
фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді.
Акселерацияның дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез
және бойлары екі-үш ұрпақ бұынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын
өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады.
Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесгі үш
фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі,
осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң,
жастық) алғашқы екі кезеңмен байданыстырады.
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де,
қазір ол енді 14—14,5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте
басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңініқ нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік
жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті
білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға
тәуелді.
Көптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары әлеуметтік
айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі механизмі бір
жастағы адамдарды (еркектерді) біріктіретін жас шағы топтары болып
табылады.
Дене күшінің дамуы. Балаң жастық — адамның дене дамуының аяқталатын
кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың
бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус
13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы
артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады.
Бұлшық ет күші өте тез еседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан
екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам
қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану
режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір
түрлерінде балаң жастық — ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста
постпубертаттық кезенде болады.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жас өшірімдік шақ бала мен ересектің
арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, бұлар онын, өмірлік іс-әрекетінің басты:
мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен
сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады.
Жас өспірім кылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста
еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық тандау туралы және т. б. ойлайды.
Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен катар онып
жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сакталады.
Материалдық жағынан жоғары класс оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте
оған, бір жағынан, екінің бірінде сен ересексің, үлкенсің десе, екінші
жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де
байкалады, мұнда 16 жастағылар емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп
санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан
танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардың
психологиясында өзінше ұғынылады.
Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері — мамандық таңдау, еңбек пен
қоғамдық-саяси кызметке даярлану, некелесуге ез семьясын кұруға әзірлену.
Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап
етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына
тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес 15—17
жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық
училищелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін.
Кейібір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл
айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге
тиіс.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15—16
жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң
өсуі байқалмайды
Бұл ең алдымен өзіндік сананын дамуында көрінеді.

ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ДАМУЫ
Өз денесінің бейнесі. Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша
ұмтылуымен өзінің мені мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда,
ол өзінің келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл
зор ынта балаң жас өшірім шағында да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасын
зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша
алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз келбеттерін өзгерткілері келер еді. Олар
үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін өсіріп, танымалдығын арттыратын
қасиеттер ерекше маңызды. Жас өспірімдердің көбі тапал, толық болғанына,
бетіне безеу шығуына т. б. қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар
мұнысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі
құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем
сөзінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. Өз
денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің
ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компоненті. Қалыпты өсудің барлық
нюанстары мен варианттарын білмеу көптеген жас өспірімдер үшін нағыз норма
трагедиясына айналады.
Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау. Кішкентай балалардың
өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да
беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген
сайын онын мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар
ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе батылдық, ерлік немесе
принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудын
өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады.
Жас өспірімдік рефлекцияның тереңділігі мен интенсивтілігі көптеген
әлеуметтік (әлеуметтегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық
(интроверсияның; экстраверсияның дәрежесі) және өмірбаяндық (семьяда тәрбие
алу жағдайлары, құрдастарымен қарым-қатынас, оқыған кітаптардың сипаты)
факторларға байланысты, бұлардың арақатынасы әлі жете зерттелмеген.
Өзін-өзі сыйлау және оның функциялары. Жеке адамның көне-көп балаң Жас
өспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды белгісі өзін-өзі сыйлау, яғни
қорытындыланған өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау не
қабылдамаудың дәрежесі. Өзін-өзі барынша сыйлау менменсудің не сын
тұрғысынан қарамаудың синонимі емес. Мұның мәнісі адам өзін өзгелерден
нашармын не төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді деген сөз. Керісінше,
өзін-өзі сыйлаудың төмендігі үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек керуді, өз
күшіне сенбеуді көрсетеді.
Өзін-өзі сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейі жекелей өзін-өзі
бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылран сәтті
немесе сәтсіз жағдайлар оны тиісінше арттыруы немесе азайтуы мүмкін. Өзін-
өзі сыйлаудың қалыптасуына кішкене көзінен бастап-ақ көптеген факторлар —
ата-аналарының көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдайы т. б. әсер
етеді. Жас өспірім кезде бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және
өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы
түсінік қайта қаралады. Жас өспірімдер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай
келмейтін талаптар қояды, өз қабілеттерін, коллективтегі алатын орнын т. б.
асыра бағалайды. Бұл өзіне деген негізсіз сенімділік көбіне ересектерді
(құрдастарын да) мезі қылады, көптеген тартыстар мен тунілушіліктер
туғызады. Жас адам өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар
мен қателесулерден кейін барып (әдетте кейінірек, мектептен кеткеннен
кейін) біледі.
Жас өспірімнің өзіне деген сенімі қаншалық жағымсыз болғанымен,
психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі анағұрлым қауіптірек.
Мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы әрі орнықсыз етеді.
Өзін-өзі сыйлауы темен жас өспірім жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста
көбінесе қиыншылық көреді, қайсыбір жалған бет перде жасап алып,
айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа рольде көріну қажеттігі
ішкі қарбаластықты күшейтеді. Мұндай адамдар сынағанды, күлгенді,
жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не ойлайтынына
мазасызданады. Адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның
жалғызсырап қиналуы соғұрлым көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың
төмендігінен барып адамның әлеуметтік талаптарының деңгейі біршама төмен
болады, оны жарысу сипаты бар іс-әрекет атаулыдан тартындырады. Мұндай
адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен, алға қойған мақсаттарына
жетуден бас тартады. Ал мұнын өзі олардың өзін-өзі төмен бағалауын нығайта
түседі.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ӨМІР

Өзін анықтаудың күрделі проблемаларын жас өспірім жалғыз өзі шешпейді,
әке-шешесімен, құрбы-құрдастарымен, мұғалімдермен бірге, олардың қолдауы,
комсомолдық қолдауы жағдайында шешеді.
Автономияға ұмтылу және әке-шешесімен өзара қарым-қатынас. Жеткіншектің
өзі-ақ өзінде ояна бастаған есею сезімінің
негізінде өзіне қамқорлық жасағанға ауырсынып, әке-шешесімен
қарым-қатынасын теңдік негізінде қайта құруға тырысады. Бұл
тенденция жас өспірімдік кезде де жалғасады. Бірақ жететін
автономияның нақты дәрежесі мен табиғаты қандай? Жас өспірімдіктің
әлеуметтік психологиясына ғылым ретінде жастар қатан, қай жерде болмасын
бүлік шығарады, ұрпақтар даудамайын туғызады деп пайымдайтын сыңаржақ
теориялар көп зиян тигізді. Шын мәнінде әкелер мен балалардың өзара қарым-
қатынастары әлеуметтік өзгерістердің қарқыны мен сипаты, семьяның құрылымы,
тәртіп сақтау сипаты мен тәсілдері т. б.
сияқты әлеуметтік жағдайлардың тұтас бір жиынтығына байланысты. Қалыптасып
келе жатқан адамның өз ұмтылыс-талаптарына тежеу болатын тәрбиелеудің
авторитарлық жүйесі іс жүзінде дау-жанжалдар туғызады, ал демократиялық
тәрбиелеуде ондай болмайды, Алайда әке-шешелермен қарым-қатынастың жас
өспірім кезде елеулі түрде қайта құрылатынын көрмейтін ғалымдардікі де
дұрыс емес.
Эмоциялық автономияның үлкен қиыншылықтары бар. Жас өспірімдерге әке-
шешелері балаларында болған өзгерістерді жете бағаламайтындай, олардың
толғаныстарын байыптап қарамайтындай болып көрінеді және көбіне бұлары
әбден дұрыс та. Болмашы бір әдеп сақтамаудың өзінен-ақ жоғары класс
оқушысының ішкі жан дүниесі әке-шешелері үшін, егер біржола болмаса да,
ұзақ уақытқа жабылуы мүмкін. Сені кім жақсы түсінеді?—деген сұраққа
жасөспірімдер жігіттер мен қыздардың бір сыпырасы әке-шеше деуден гөрі
достарым мен құрбы-құрдастарым деп жауап береді. Егер тәртіп тұрғысынан
жеткіншектік жас неғұрлым қиын болса, балаң жасөспірімдік кез көптеген
эмоциялық проблемалар туғызып, балалардың ата-аналарынан психологиялық
тұрғыдан жатсынып кетулері жиі кездеседі. Бұл жылдары әкемен өзара қарым-
қатынас ерекше күрделіленеді. Еліміздегі және шетелдердегі көптеген
зерттеулер бұл жаста да шешенің балаға әкеден гөрі жақын болатынын
көрсетеді. Алайда әке-шешемен қарым-қатынаста біраз салқындық болып, оларға
айтылмайтын сырлардың шығуы әсте де жатсыну емес. Есейген балаларын
интимдік әлемін күшейтуге бармай, екі жаққа да сондай қажет эмоциялық
жылылық пен өзара түсінісудің сақталу-сақталмауы әке-шешенің сезімталдығы
мен әдептілігіне байланысты.
Моральдық нұсқаулар мен құндылық бағдарлар саласында жасөспірімдер
өздерінің автономиялы болу правосын барынша қорғайды. Кейде ерекше болсам
деген талабын тиянақтай түсу үшін ғана әдейі үшқары көзқарастар айтылады.
Бірақ іс жүзінде әке-шешенің ықпалы бұл арада басым болып қала береді. Сән,
талғам, көніл көтеру тәсілдері секілді бірсыпыра жеңіл-желпі мәселелерде
ұрпақтар арасындағы айырмашылықтар әжептәуір. Кейбір тәрбиешілердің
шалбардың балағының енің, шаштың ұзындығы мен би ырғағын әкімшілікке басып
жөндеуге әрекеттенуі ешкімге қажетсіз дау-жанжалға ғана әкеліп соғады.
Бірақ неғұрлым терең проблемаларға — саяси көзқарастарға, дүниетанымға,
кәсіп таңдауға — келгенде әке-шешенің беделі анағұрлым басым болып, әдетте,
дос, құрбы-құрдастарының ықпалын жеңіп кетеді. Коммунизм орнатып жатқан
халқымыздын түбегейлі өмірлік міндеттерінің ортақтығы ұрпактар эстафетасын,
революциялық дәстүрлердің берілуін онайлатады.
Коллективизм және топ өмірі. Балаң жастық өзіне-өзі талдау жасайтын шақ
қана емес, сонымен бірге нағыз коллективтік шақ. Кішкентай жеткіншекке
коллективтік өмірге қатысқаны, басқалармен бірге болғаны жетіп жатыр.
Жоғары класс оқушысы үшін бәрінен маңыздысы құрбы-құрдастарының мұны
қабылдауы, топқа өзін қажет сезінуі. Коллективтегі статустың төмен болуы,
әдетте, барынша алаңдатады; құрдастары онша бағаламайтын жас өспірімдердің
жеке басын өзгертуге тырысуы басқалардан гөрі анағұрлым жиі кездеседі.
Социометриялық зерттеулер кластарда біртіндеп белгілі бір поляризация
болатынын көрсетті: бір жағынан, неғұрлым танылғандар, ал -екінші жағынан,
таңдау бәрінен аз түсетіндер сараланады. Осының өзінде бұл статус, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Жас өспірімдік психология
Жас өспірімдер физиологиясы және гигиенасы
Баланың жастық кезеңдегі зерттеудегі ойлар
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық көмек көрсету
Балаң жастық
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі
Баланың дамуына әсер ететін факторлар
Пәндер