Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері
Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері
Бүгінгі таңда мектептегі жалындаған жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін
тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен білім нәрімен сусындату.
Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу тәрбие ісімен сабақтастыру басты
парызымыз. Осы тұрғысынан сабақта халықтық педагогиканың үлгілерін үнемі
пайдаланып келемін. Қазіргі уақытта бүкіл оқу тәрбие жүйесі халықтық
педагогикаға негізделіп, қайта құрылып жатқанда, ұмыт қалған салт-дәстүр,
ұлтық ерекшелігімізді насихаттау, баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып,
олардың бойына ұлттық психологияны қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті.
Сонымен қатар жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас
дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік
негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру және тегінде
баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйретудің
тиімді жолы – шығармашылық тұлға қалыптастыру – қазіргі оқу процесінің ең
басты талаптарының бірі болуымен қатар, жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті
мәселе болып отыр.
Қыран - түлегіне қайыспас қанат сыйлайды,
Ұстаз – шәкіртіне таусылмас талап сыйлайды. деген халқымыздың
қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын
меңзеген сияқты.
Осыған орай педогогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен
оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды өзіме талап қылып, Талаптың мініп
тұлпарын, алға ұмтыл ұрпағым деген ұранмен сол талабымды шәкірт бойына
сіңірсем деген мақсат қойдым.
Шығармашылық қабілетті ашуда әдебиет пәні сабағының мүмкіндігі мол
екендігін ескере, тиімді пайдалана білу аса шеберлікті қажет етеді.
Сондықтанда қазақ тілі мен әдебиет пәні боынша жобалау әдістері
технологиясына көңіл бөліп, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуда
қолданып жүрмін.
Себебі, бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру яғни білімді
гуманистік принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштасып жатыр.
---- Шығармашылық ізденістер, тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын
арттыру яғни шәкірттермен арнайы жасақталған шығармашылық топты сабақтан
тыс уақытта табиғаттың түрлі керемет көріністерін тамашалауға саяхаттау
арқылы содан алған әсерлерін көркемдеп, жинақтап, жазуға тапсырма беру
шәкірттің ой ұшқырлығын тереңнен дамытады.
---- Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлеріне
қолдана алуларына көздерін жеткізу, яғни оқушылар мен ақын-жазушылар
арасында кездесулер өткізіп тұру қажет.
---- Оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі, жұмысты өз
еркімен, қалауымен орындауы.
---- Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың уақытын
белгілеу.
Жобалау әдісінң шығармашылық негізінде де жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру, өздігінен дамуға жағдай жасау, сондықтан оның
өзіндік, танымдық шығармашылық іс-әрекетіне белсендіруде жатыр. Оқушылар
шығармашылық жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап,
іс-тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады.
Оқушылар шығармашылық әрекеті білім алу қажеттігімен ұштасады. Осыған орай,
олардың дербестігі, ең алдымен белсенділікке байланысты, ол белсенділік
дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның
белсенділігін арттырады.
Оқушының дербес, екеулеп, топта оқу жұмысына бағытталған жобалау әдісі
бойынша шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізу яғни ол
шығармашылыққа негізделген жазба жұмыстарын жүргізуде өте тиімді әрі
оқушының ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілін қатар дамытады. Бұған дәлел
ретінде Абай Құнанбаевтың 7-сыныптағы оқылатын Қансонарда шығады бүркітші
аңға шығармасы бойынша шығармашылыққа баулитын жобалау әдісін ұсынбақпын.
Оқушылар берілген тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтайды (ұжымда).
Ал мұғалімнің басты мақсаты осы кезеңде оқушылардың қызығушылығын ояту,
ынталандыру. Шығармамен жұмыс істеу жолын қай жерінен нені, қалай іздеуді
үйретеді. Шығармамен танысу, талдау әр кейіпкерге өз көзқарасын айту. Өлең
мәтінін пайдалана эпизодқа бөледі, мәтінге жақын мазмұндайды, сұрақтарға
жауап береді.
Шығарма неге Қансонарда бүркітші шығады аңға Аңшыға не керек? Түлкіні
неге тау-тастан іздейді? Жақсы ат, жақсы жолдас неге керек? Ол кезде аңды
бас пайдасы үшін аулаған ба, жаппай қыра берген бе? Осы өлеңде қазаққа тән
қандай ұлттық мінез бар?
Іздену, ойлау жұмысына жетелеу. Іздену жұмыстарына жетелеуді мұғалім
мәтін бойынша әрбір топқа тапсырма береді. Өлеңдегі жеке жолдарға тоқтала
талдау арқылы топтарға тапсырмалар үстемеленеді. Шығармада кәсіп, өнер,
әдіс, тәсіл, бірлесіп өмір сүру, өмір мен өлім айқасы, ұлттық мінез, ұлттық
ерекшелік, ұлттық болмыс, табиғат адамға, адам табиғатқа қызмет ету деген
ұғым, қай өлең жолдарында бар? Пайда болған сұрақтарды топта талқылап,
өзара түсінікті оймен алмасады, нәтижесінде сөздік қоры молаяды. Топтар
арасында алуан түрлі пікірлер пайда болады. Оқушылар сын тұрғысынан қарап
сөйлеуге икемделеді. Өз пікірін сараптап, ойларын ашық айтып, көзқарастары
бір жерден шыққан соң мынадай қорытындыға келеді.
1. Ақын идеясы – аңшылықты өнер деп түсінуге үйрету, қазақтың аң
аулау мәдениетін дәріптеу.
2. Оқушылар қазақтың аңшылық өнері туралы кеңірек білуді, қазіргі
кездегі аңшылық туралы шығармашылық ізденіс жасаулары тиіс.
3. Осы өлеңді талдау бойынша жобаның сызба нұсқасын оқушылармен
бірлесе жасау, немесе мұғалімнің көмегімен жасалады, өздеріне
шығармашылық ізденуге жұмыстар беріледі.
Үйден ізденеді: бұл кезеңде шығармашылық іздену, зерттеу жұмысын
істейді. Жобаны ұжым болып талдап қорғайды, нәтижесінде жақсы, нашар
жақтарына баға беріледі.
Өз сабақтарымда байқағаным шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны
қалыптастыруда зор рөл атқарады, себебі оқушы қарапайым нәрседен ой
тұтатып, ойын еркін айта және жаза біледі.
Көптеген оқушылар шығарма жазу ой жұмысының ауыр түрі санайды.
Шығарма жазса, оқулықта берілген талдауға жалаң еліктеп , тіпті көшіріп
әкеледі. Сондықтан 5-8-сыныптарда жүргізілетін шығармашылық жұмыстар оқушы
оқып танысқан, оның жан дүниесіне, ойына, сезіміне, қиялына әсер еткен
көркем шығарма мәтіні негізінде жүргізілсе, табысты болатынына көп жылғы
тәжірибемде көзім жетті.
Ол үшін сабақтың әсерлі өтуі, шәкірттің жан дүниесіне қозғау салуы –
басты шарт. Шәкірт сабақтан, көркем шығарманың мәтінінен жаңа әсер
алуы керек.
Ұстаздық шеберліктің сынға түсетін сәті де – осы кез. Оқушы жанын дүр
сілкіндірер қолайлы тың деректер, оқиғалар, естеліктер мұғалімнің ұтымды ой
пікірлері арқылы астасып жатуы керек. Міне сонда ғана шығармашылық процеске
бастайтын шығармашылық көңіл күй туады. Сабақта балаларға ауыр болады деп
кейбір теориялық-практикалық міндеттерден бас тартуға болмайды.
Адамзат жинаған мәдени құндылықтардың бәрінен оқушыны бейтарап
қалдырмай, сабақ максимальды таным, білім, білік, дағдыны дамытуға құрылуы
тиіс.
Мен өзім әдебиет сабақтарын оқушы бойындағы әдеби шығармашылық
қабілеттілікті оятуға түрткі ретінде өткізуге тырысамын.
Әсіресе, сабақтың интегралды, кешенді, әдеби талдау түрлерін тиімді
санаймын.
Көркем мәтін бойынша дамытыла жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың
түрлерін былайша топтар едім.
А. Автор стиліне жақындап, еліктей отырып шығамашылық жұмыс жүргізу;
ә. Автор идеясынан оқушы идеясына өрбіте жазылған шығармашылық жұмыс;
б. Көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкерлер табиғатына
өзгеріс әкелмейтіндей өз мәтінін енгізу;
в. Кейіпкерлердің мәтінде жоқ монолог, диалог жазғызу;
г. Көркем мәтінге лирикалық шегініс жазғызу;
ғ. Көркем мәтінге елеусіз деталь, штрихтарды оқушының сөйлетуі;
д. Мәтінге кейіпкерлердің портретін өзі жасау, тура мінездеуді
толықтыру т.с.с;
е. Автордың шығармасындағыдай басқадай тың көркемдік шешім табу, оқиға
құру т.с.с;
Оқушыларға осындай шығармашылық тапсырмалар бергенде, олар суреткер
жасаған көркем әлемге өзінің тұла бойындағы толықсып жатқан ойын яғни
кішкене әлемін қосады. Әдеби шығарма да жүректен шығып жүрекке жетеді.
Осылай жазылған шығармашылық жұмыстар жанды, шынайы болып, шәкірт
бойындағы шығармашылық қиял, дарын, қабілет бастауы ашылады.
Еліне қорған, ұлтына қамқор болар ұрпақтың қашанда көңілі ояу,
айналасындағы өзгерістерге сын көзбен қарай білетін пікір қорытынды
айтатын, шешім қабылдай алуы қажет-ақ. Міне, бұл биік – оқушының
шығармашылық қабілетін дамыту арқылы келетін іс.
Алайда, сол бір қайнар бұлақтың көзін ашатын, шәкірт үшін ең қымбат жан
ұстаз.
Ұстаз ана – көңілімнің гүлісің.
Ұстаз ана – жүрегімнің жырысың.
Білім нәрін сепкен менің жаныма,
Ұстаз ана - өмірімнің нұрысың.
Тәрбиелеген шәкірттерімнің бірінің ұстазға деген сүйіспеншілігінен
туған осы бір өлең шумағынан шәкірт үшін ұстаздың орны ерекше екендігін
байқауға болады.
Дегенмен мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысатын, дәуір
көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс.
Өзі шығарма жаза алмайтын мұғалім жағада тұрып, жүзуді үйреткен су
жаттықтырушысына тең
Ұлы адамның осы сөзі – мұғалімнің қазығы, бағыты болуы керек.
Ұстаздың жазған пікірлері, мақала, мөлтек сыр, озық әдістері баспасөз
бетінде жарияланып тұруы шығармашылықпен жұмыс істеуінің, оқушымен бірлесе
табысқа жетуіне ықпал етеді.
Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға,
Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда, - деп ұлы Абай атамыздың сөзімен
қарар болсақ, шығармашылық қабілет дамыған баланың көкірегі сезімді, көңілі
ояу боларына дау жоқ.
Оқушының бойындағы сол бір шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш
кезең арқылы жүзеге асыруға болады.
Мен бұл кезеңде атқарылатын жұмыстарды мынандай тірек схема арқылы
тұжырымдап айтқым келеді.
Оқушы басты тұлға
I. Сезім іште түлеп, сыртта сымбаттанады
ІІ. Кемел ой – кереметтің кескіні
ІІІ. Шығарма шырайы – шұрайлы сөз
Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, сезе білу, ойлау, түпкі
идеяны табуға ұмтылу. Шығармашылық ой талғауға бейімділік ішкі сезім
дүниесіне тартысты, сезімталдық қасиетті оята білу;
Екінші кезең – қиял, ұшқыр ой, ой қызметінің батылдық ерекшелігі
қалыптасады. Бұл кезеңде оқушыны көркемдік шешім табуға жетелеу үшін ой
ұшқырлығы туу қажет. Мұнда оқушының өзіндік ізденісі, пікірі, айтары
байқалады. Бұл кезең – оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең.
Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалаларды жалғастырып жазу және аяқтау
тапсырылады. Бұл жұмыста оқиғаға тән көріністер, суреттер, адам
портреттері , түрлі сюжеттер орын алады. Оқушы сол көріністерді қиялмен
суреттеп, оқиғаны дамыта отырып шығармашылық жұмыс істейді. Сөйтіп жанды
деталь, мазмұнды ой, қызықты кейіпкер, тың ой туады. Олай болмаған күнде
шығарма көркемдік дәрежесіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz