Жасөспірім психологиясы пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

« Жасөспірім психологиясы » пәнінен

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

Мамандық аты, шифры: 5В011400-Тарих

Оқу формасы : күндізгі

Курс: IV,: Курс : IV,
:
:
VII сем: VII сем
:
……. сем: ……. сем
:
Барлығы:: Барлығы:
: Кредит саны:
VII сем: 2
:
……. сем:
:
Барлығы:: 2
: Сағат саны
VII сем: 90
:
……. сем:
:
Барлығы:: 90
:

Лекция:

Практикалық

VII сем:

15

15

:
……. сем:
:
Барлығы::

15

15

: Семинар:
VII сем:
:
……. сем:
:
Барлығы::
: Лабораториялық
VII сем:
:
……. сем:
:
Барлығы::
: ОБСӨЖ:
VII сем: 30
:
……. сем:
:
Барлығы:: 30
: СӨЖ:
VII сем: 30
:
……. сем:
:
Барлығы:: 30
: Аралық бақылау (АБ)
VII сем:
:
……. сем:
:
Барлығы::
: Қорытынды бақылау:
VII сем: Емтихан
:
……. сем:
:
Барлығы:: Емтихан

Лекциялар жинағын құрастырған: аға оқытушы Н. Қ. Байкенже

Мекен жайы: Түркістан қ., Тел. сот: 8 701 383 54 47, nora_nur@mail. ru

Түркістан 2013

1. №1. Лекция тақырыбы:Жасөспірім психологиясына кіріспе.

2. Лекция жоспары:

1. Жасөспірім психологиясының пәні.

2. Жасөспірім психологиясының міндеттері.

3. Жасөспірім психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Лекция мақсаты: Студенттерге жасөспірім психологиясының мақсаты мен міндеттері жайында теориялық білімнен мәлімет беру.

4. Лекция мәтіні:

1. Жасөспірім психологиясының пәні.

Жасөспірім психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - жасөспірімдердің ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Жас өспірімдер психологиясы, Жасөспірім психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.

Жасөспірім психологиясының біртұтастығы зерттелу объектісі - жасөспірім - ортақтығымен түсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас еркшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер пежагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады.

Жасөспірімдік жасты зерттеу XIX-ғасырдың аяғынан басталған, ол кезде алғашында қоғамның жоғарғы қабатындағы жасөспірімдер өкілдері зерттелген. Нәтижесінде XIX-ғасырдың аяғы мен XX-ғасырдың басында ішкі кризистің периоды болып табылатын жасөспірімділіктің романтикалық моделі алға шықты, оған сезімдердің оянуын да жатқызуымызға болады. XX-ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап жағдай бірден өзгерді: Э. Шпрангердің, М. М. Рубинштейннің, М. Мидтің, Л. С. Выготскийдің еңбектерінен кейін, ал кейіннен Б. Заззо мен басқаларынан кейін этномәдениеттік және әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды тіркемей, жасөспірімдік жасты талдау мүмкін болмай кетті.

2. Жасөспірім психологиясының міндеттері.

Жасөспірімдік психологиясы курсын оқу барысында оның зерттейтін пәнін, әдістерін, психикалық дамуын, жасөспірімдердің өмір тіршілігінде қалыптасу заңдылықтарын танып біледі. Сонымен қатар студенттер жалпы және кәсіптік білім беретін мектеп оқушыларының жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін біліп, олардың азаматтық қасиеттерінің кемелдену жолындағы психикалық жағдайларымен танысады. Студенттер ересек мектеп жасындағы оқушылар мен балаң жастық кезеңде оларды мамандық таңдауға баурып, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық заңдылықтарды білетін болады.

Бұл курсты оқып үйрену нәтижесінде студенттер оқушы жасөспірімдердің оқып білім алуы мен тәрбиесінің неғұрлым тиімді болу жолындағы психологиялық сипаттарымен танысады. Мұғалімнің мамандық білімін көтеру және оның ұстаздық қызметіндегі жаңа білім жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық мәселелері сөз болады. Сонымен бірге студенттердің болашақ ұстаздық мамандығының өзіндік сыр-сипаты, шығармашылық іс-әрекеті және жастарды қоғам алдында жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отырудың психологиялық мәселелерін қамтиды.

3. Жасөспірім психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.

Жасөспірім психологиясы басқа ғылымдармен: философиямен, педагогикамен, медицинамен, анатомиямен, және физиологиямен тығыз байланысты. Сондай-ақ психология ғылымының жалпы психология, педагогикалық психология, әлеуметтік психология сияқты бөлімдермен де тығыз байланысты.

Жасөспірім психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.

Педагогикалық және жасөспірімнің психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі - бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы - педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.
Жасөспірім психологиясы психологияның басқа да салаларымен (еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т. б. ) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Жасөспірім психологиясының пәні туралы түсінік

2. Жасөспірім психологиясының міндеттері қандай?

3. Жасөспірім психологиясының қандай ғылымдармен байланысты?

1. №2. Лекция тақырыбы: Жасөспірім психологиясының әдістері

2. Лекция жоспары:

1. Психологиялық зерттеу әдістеріне сипаттама.

2. Жасөспірім психологиясының әдістерін топтастыру.

3. Психологиялық зерттеу әдістері жасөспірімдер психологиясында қолдану.

3. Лекция мақсаты: Студенттерге психологиялық зерттеу әдістері жөнінде мәлімет беру.

4. Лекция мәтіні:

1. Психологиялық зерттеу әдістеріне сипаттама.

«Әдіс» сµзі ѓылыми білім ж‰йесін т‰зу мен негіздеудіњ жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тєжірибелік жєне теориялыќ т±рѓыдан игерудіњ тєсілдері мен ќимыл-єрекеттер тобын танытады.

Әдіс (грек. Methodos - теория, ілім, зерттеу жолы) - көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану - жаңа мағұлматтар алудың аса маңызды шарты. Әдістеріді жасап, топтастыру ғылымдағы негізгі міндеттердің бірі. Әдіс - пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субьектінің обьектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін.

Әрбір ғылымның өзіндік пәні, демек өзіне сәйкес әдістері болады. Әдістің негізінде білімдер жүйесі жатқандықтан (мысалы математикалық немесе философиялық және т. б. ) олардың әдістері де әр алуан болып келеді. Осыған орай, ғылымда әдістерді топтастыру мәселесі пайда болды. Топтастыру әдістер белгісіне (қолдану өресіне, оның заңдылықтары мен ұғымдарының сипатына байланысты) қарай іске асырылады. Осыған байланысты әдістерді екі үлкен топқа бөлуге болады: философиялық әдіс және жеке ғылымдар әдісі. Философиялық әдіс таным теориясымен байланысты болғандықтан, барлық ғылымға ортақ болып келеді. Белгілі бір ғылым саласында философиялық әдісті дұрыс қолдана білмеу көптеген әдіснамалық қателерге соқтырады. Диалектикалық материализм - дүниені танудың және өзгертудің бірден - бір ғылыми әдісі.

Психологиялық зерттеулер теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Егер де зерттеу тар мағынада алғанда нақты практикалық тапсырманың шешіміне бағытталған болса, оны қолданбалы деп атайды. Ереже бойынша, зерттеулердің көпшілігі қолданбалы- теориялық сипатта болады. Теориялық зерттеулер көбінесе әдіснамалық проблемалардың білім жүйесінің даму беталысының тарихи мәселелеріне бағытталып, және бұл жағдайда да эмпирикалық базаға сүйенеді.

Алайда, психологиялық зерттеулер қандай сипатта болмасын, (теориялық, қолданбалы - теориялық, қолданбалы), бұлардың барлығы жалпы ғылыми логикаға тәуелді болып келеді.

Эмпирикалық зерттеу танымды білікті түрле оқыту әдістемесінде қолданатын зерттеулердің бір түрі.

Зерттеу әдістерін сипаттау кезінде оларды шартты түрде эмпирикалық және теоретикалық зерттеу әдістеріне бөлуге болады.

Эмпирикалық білім зерттеліп отырған объектілердің негізгі параметрлері туралы білім болып табылады. Эмпирикалық білім мәліметтері ретінде заттар мен құбылыстардың байланысы, қасиеті және қатынастары туралы сөз етуге болады. Эмпирикалық бъектінің сипатты белгісі - оның сезімін білдіру мүмкіндігі болып табылады.

Эмпирикалық мәліметтерді талдау нәтижелерді, фактілерді белгілеу формасында ғана емес, сонымен бірге эмпирикалық талдау қорыту түрінде де болады. Педагогикалық зерттеулерде мысалы, статистикалық жағынан объектілерді, олардың өзгеру динамикасының сандық қатынастары белгіленеді. Бар теориялардың жазылған принцптері базасында, эмпирикалық деңгейде жіктеу жүргізілуі, жазылған фактілер мен оларды талдап қорыту салыстырылады. Жалпы және әлуметтік педагогикада, педагогикалық психологияда олар көптеп келтірілген. Мысалы, оларға тәрбиешінің беделі мен тәрбие процесінің нәтижелері арасында байланыстылық, қызметтің алуан түрлілігімен жасөспірімнің өзін-өзі көтеруі үшін мүмкіндіктері арасында, жасөспірімдердің еңбек етуі мен құқық бұзушылықтың семья арасындағы байланыстылық жатады.

Теоретикалық білім мен оған қол жеткізу үшін пайдаланатын әдістер эмпирикалық базадан өткізуге жіне процестің мәнініе ойша енуге, ішкі байланыстарды, құрылымның, қозғаушы күш және факторлар. Тенденциялар мен динамикасына байланысты болады.

Психологиялық - педагогикалық процесті, эмпирикалық мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін зерттеу әдістеріне мыналарды жатқызуға болады: әдебиет пен құжаттарды зерттеу, қызмет нәтижесін зерттеу, бақылау, сұрақ-жауап, бағалау, диагностикалық ахуал құруды жатқызуға болады.

Психологияѓа орайластыра єдісті психика жµніндегі деректерді алудыњ жєне оларды талдап т‰сінудіњ жолы деп білеміз.

2. Жасөспірім психологиясының әдістерін топтастыру

Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:

Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі ж. т. б. бойынша салыстыра, зерттеу) ; лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару) ; комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектті жан-жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу) . Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.

Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика) : тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу - әдістері; шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.

Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.

Реттеу - түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.

3. Психологиялық зерттеу әдістері жасөспірімдер психологиясында қолдану.

Психологияның осы салаларының зерттеу әдістерінің азды-көпті өзіндік ерекшеліктері бар. Негізінде мынадай екі жолы бар: біріншісі салыстыру жолы. Әр жастағы баланың психикасын, мысалы, 7, 11, 15, 18 жастағылардың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлуматтарды статистика амалын қолданып салыстырады. Салыстыру жолының мұндай түрін “кесіңді” тәсіл деп атайды. Солай дейтін себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикалық сапасын тиіп-қашып зерттейді. Жас психологиясындағы мағлуматтардың басым көпшілігі осындай әдістерді қолданыс табылған.

Зерттеудің екінші жолы - генетикалық жол. Осыны қолданған баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыттың (бір жыл, не үш жыл немесе одан да көп жылдарды) зерттейді. Осыны кейде “лоннгитюд” тәсіл деп атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі, себебі бір немесе топ бплпны ұзақ жылдардың ішінде (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын. Бірақ осыны қолданған жағдайда бұл тәсілді пайдалану үшін үлкен даярлық жасайды.

Осы зерттеулер, әсіресе ізденудің генетикалық жолы бойынша есею үстінде балада қалыптасқан қасиеттер бірінің үстіне бірі үйіліп жата ма немесе жаңа қасиеттерге (дамудың жаңа түріне) ие болғанда, осыған дейін болып келген қасиеттер жоқ болып кете ме, - осыған жауап іздестіруге көшелік.

Бұл мәселе былайша шешіледі. Бұрынғы қалыптасып келген қасиет бала бойында тіпті жоқ болып кетпейді, жаңа қасиет үстем алғандықтан, бұрынғылардың ролі күннен-күнге азая бастайды. Бұл жәйіттер тек жас психологиясының өзі үшін ғана емес, жалпы психологияның дәрежесін ұлғайтады.

Жасөспірім психологиясында эксперименттің көбі констатациялау және оқыту (“қалыптастыру”) эксперименттеріне бөлінеді. Констатациялау экспериментінің алдына қойылатын мақсаты тесерілетін мәселенің бағытын алдын ала білу. Мұның мәнісі мынада: Дәрігер ауырған адамды емдеу үшін алдымен оның ауруына диагноз қойып, аурудың атын және себебтерін анықтайды. Бұдан соң емдеуге кіріседі. Сол сияқты педагогикалық психология әуелі сабақты үлгермеудің себебін біліп “диагноз” қояды. Сосын барып диагноздың түріне қарай оқытуға кіріседі.

Бақылау - жас және педагогикалық психологияда жүргізілетін зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті объектілерге қарауы емес, әдейі мақсат қойып, баланың тиісті мінез-құлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бақылау бір жағдайда “кесінді” ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.

Жасөспірімдер ісінің қортындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне т. б. негізделеді. Жасөспірімдердің осы іс-қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл байқауға болады.

Әңгімелесу жасөспірім психикасының сырын білудегі әдістің бір түрі. Бірақ кез-келген әңгіме сырды білуге мүмкіндік бермейді. Мұндай дәрежеге жету үшін әңгіменің алдына қоятын мақсатқа қарай даярланып, сөйлесетін кісіден жауап алу үшін сұрақтар қандай болып келуі жөнінде ойлануы қажет. Әңгімеде көлденең сұрақ тәсілі деген әдіс кездеседі. Мұның мәні мынада: егер бала тәрбиешіге шынын айтқысы келмесе, не шынын айтқаны үшін біреуден қорқатын болса, ұстаз оның ойламаған кезінде сұрақтар қояды. Бұл көптеген сұрақ болғандықтан, бала аңдамай шынын айтып қоюы ықтимал.

Қазіргі кезде әлеумет психологиясының тәсілдері жас және педагогикалық психологияға еніп келеді, сол амалдардың бірі - Австрияның психиаторы Я. Морено ұсынған социометрия тәсілі. Бұл тәсіл топ адамдардың татулығын не наразылығын зерттеуге арналған. Социометрия тәсілі бастауыш мектеп жасындағыларға былайша жүргізіледі: егер сыныптағы оқушылар саны 40 оқушы болса, жаңа жыл алдында солардың әрқайсысына открытка алып, кейін оларды сыныптан шығарып, аудиторияға бір-бірлеп жібереді. Әр оқушының қолына 39 открытка беріп, сыныптағы әр оқушының қажет десеңіздер бір-бір открыткадан, мейраммен құттықтау ретінде, қойыңыздар дейді. Мұны әр бала орындаған соң зерттеуші сол бала кімдердің орнына открытка қойды, кімдерге қойған жоқ, осыларды есептейді. Кейін екінші бала осындай тапсырмамен сыныпқа жіберіледі т. с. с. 40 оқушы осындай тапсырманы орындап өткен соң, солардың кімге открытка қойғанын не қоймағанын математикалық статистиканы қолданып есептеп, кім кіммен тату, кіммен наразы екенін біледі. Осы есептің қорытындысын кейін зерттеуші социограмма ретінде көрсетіп, белгілі тәртіпке келтіреді.

5. Бақылау сұрақтары

1. Психологиялық зерттеу әдістеріне сипаттама.

2. Жасөспірім психологиясының әдістерін топтастыру.

3. Психологиялық зерттеу әдістері жасөспірімдер психологиясында қолдану.

1. №3. Лекция тақырыбы:Психологиялық дамудың жағдайлары .

2. Лекция жоспары:

1. Психологиялық дамудың көздері.

2. Психологиялық күштердің қозғаушы күштері.

3. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері.

4Жасөспірімдердің дене күшінің дамуы.

3. Лекция мақсаты: Студенттерге психологиялық дамудың көздері мен қозғаушы күштері, жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешіліктері жөнінде мағұлмат беру.

1. Психологиялық дамудың көздері.

Даму дегеніміз не? Ол немен сипатталынады? Объектінің басқа өзгерістерінен дамудың принципиалды өзгешелігі неде? Объект өзгере алатындығы, бірақ дамымайтындығы белгілі. Осыдан өсу-бұл объекттің сандық өзгерісі, оның ішкі құрылымы және оның құрамына кіретін жекелеген элементтер мен процестердің өзгеруінсіз. Мысалы, баланың физикалық өсуін өлшей отырып, оның сандық өсуін көруге болады. Өсу құбылысы психикалық құбылыстарда да бар. Мысалы, сөйлеу қабілетінің функциясының өзгеруінсіз баланың сөздік қорының өсуі. Осыдан өсу - бұл даму емес, бірақ оның симптомы бола алады.

Даму сапалық өзгерістермен, жаңа құрылымдардың, жаңа процестердің, жаңа бейнелердің, жаңа механизмдердің пайда болуымен сипатталады. Л. С. Выготский дамудың реформдалған және реформдалмаған типтерін бөлген. Реформдалған - бұл құбылыстың (ағзаның ) өтетін кезеңі, сол сияқты соңғы нәтижесі де ең басынан бастап бекітіліп берілген даму типі. Дамудың бұл типіне мысал эмбрионалды даму бола алады. Реформдалмаған тип - бұл ең басынан бастап не құбылыс ( ағза) өтетін кезеңдері, не оның нәтижесі берілмеген даму типі. Оған мысал галактиканың, адам қоғамының дамуы бола алады. Cондай-ақ психикалық даму процесі де реформдалмаған болып табылады. Сонымен қатар бұл ерекшк процесс. Ол сол қоғам дамуының берілген деңгейінде бар іс әрекеттің теориялық және практикалық формасымен детерминатталған. Осыдан онтогенетикалық даму берілген қоғавмдв бар үлгі бойынша жүреді. Және психикалық дамудың спецификасы осында жатыр. Жалпы жеке адам дамуы адамзаттың рухани және материалдық байлығын меңгеру процесінен тыс жүруі мүмкін емес.

2. Психологиялық күштердің қозғаушы күштері.

Дамудың қозғаушы күштері. Жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке бастың қоршаған ортамен қарым-қатынасына, оның жетістіктері мен сәтсіздіктеріне, қоғам мен индивидтің тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты. Қарама-қайшылық жаңа қасиеттердің және жеке сапалардың тууына байланысты шешіледі. Кейбір қарама-қайшылық жаңа қарама-қайшылықпен ауысады. Егер олардың шешімі табылмаса, дамудың тежелуіне, дағдарысқа әкеп соқтырады. Дамушы жеке бас жаңаша өмір сүру жағдайларына, қоғамдықмаңызды әрекетке қарай ұмтылады, осы мақсатты жүзеге асыруда өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады.

Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөспірімдердің психологиялық қозғаушы күшетрінің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:

1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым - қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.

2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.

3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады. Өзінің ерік - жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы.

Жасөспірім кезеңде - дамудың бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс - әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы іс - әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ мамандыққа деген байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез - құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді.

3. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері.

Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой - тылсымдарын тануға бағытталған.

Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.

Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.

Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Кәсіби бағыттаудың ғылыми негіздері туралы түсінік
Психология және спорт психологиясы
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Тұлғаның қоғамдағы алатын орны. Жеке тұлғаны зерттеу бағыттары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Әдебиет теориясы пәнінен лекциялар тезисі
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық мінездемесі
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz