Жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық даму ерекшелігі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық даму ерекшелігі
К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Автор: Нигметжанова Г.К
Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам
өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім
мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды.
Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы.
Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда
болады.
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай
болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық
құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық
пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. Намыс,
адамгершілік, құқық, міндет сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар
толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапа-
зонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен
жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-
шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар
мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда
жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани
жұмыс.
Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының
құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық
және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен
құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің
бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар
оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең
таңдаулы болуы тиіс.
Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса
да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп
нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір
тәжірибесін білмейді.
Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс
қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын
кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат
кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін
ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай
болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан
тайдыруы мүмкін [2]
Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі
психологиялық жаңа құры-лымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып
қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың
күшейуі, сыншыл-дықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста
сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді.
Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша
ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін -
өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге
талпынысы жатады.
Мен кіммін?, Мен қандаймын?, Менің қабілеттерім қандай?, Менің
өмірлік идеалым қандай?, Мен кім болғым келеді? - міне осы сияқты
сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді [3].
Филип Роистың Психология подроскового и юношеского возраста -оқулығында:
жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен
қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін
салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді
ашады, субъективті уайымдарына Өзіндік меніне қызығушылық таныта
бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда,
жасөспірім-дердің өзін - өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз
тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды [5].
Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі
жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін
сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда
жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-
былыстарымен ересек адамдардың ара-сында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз
- өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің
жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік
белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен
және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және
ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады
[4].
Жасөспірім - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын
көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі
өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анық-талады,
осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады.
Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі
туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін
ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп
қарауына ұмтылады [7].
Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы
сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу
жасөспірімнің эмоциялық қалпына бетте-суін біз тұтас деп айтсақ, онда оның
психикалық кескінін биологиялық фактор-мен анықтаймыз [8].
В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда
ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және
азаматтық ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас
аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу
процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте
жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан
айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының
қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан
қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек
адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды
белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.
Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі
ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.
Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю.
Красовицкий. Бірақ оларды толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз,
сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі
белсенді жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу –
танымдық және қоғамдық – саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық
борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр [1].
Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық
жүйедегі көз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала
бастайды, бірақ та әлемге деген көз – қарасын толығымен пайымдай алмайды.
Тек жасөспірімдерде фило-софиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін
болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен
информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен
үлкендермен қарым – қатынас..
Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті
фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын
қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы,
адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т.с.с болады. Бұл фазаны
жасөспірімдерге қатысты деуге болады [3].
М.И. Шардаков бойынша жасөс-пірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары
ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады.
Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік
ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға
айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр – түрлі құндылықтарды
жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.
Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін
қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді
және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір
сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде
міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана
жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті
орындауға, адаммен қарым-қатынас жаса-уға үйрене алады.
А.В. Мудрик жасөспірім кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол
екіжақтылық пен қарама – қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен
адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді деп
пайымдайды [5, 6].
Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды бөліп көрсете
отырып, жасөспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты
сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік - аяқ шалысқа шектен тыс
көңілділік - уайым, өзіне сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш жоғары
деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым –
қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық –
бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты
талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді Боран мен тегеурін кезең деп атайды.
Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын өзіндік сана – сезім кризисі деп
сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады.
Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер
болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға
берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім
кезеңін толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы
Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Заң психологиясындағы жасөспірімдердің психологиялық проблемасы
Жасөспірімдік шактың танымдық процесінің даму ерекшеліктері
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық дамуының теориялық сипаттары
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі
Пәндер