Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы жасөспірімдік кезеңдегі кедергілерден өту жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
1. Жеткіншек психикасының  дамуының өзіндік сипаты
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы  жасөспірімдік кезеңдегі 
кедергілерден өту жолдары
2.2 Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту.
2.3 Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық  негіздері
2.4 Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау
ІІІ. Қорытынды

Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек психикасының  дамуының өзіндік сипаты
Жасөспірім жасындағыларды  тиісті әдебиеттерде Қиын, өзгерілу, ауысу
жастары деп атайды.  Соңғы жағдайда ауысу жасында жеткіншек балалық
кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда
педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі
бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге
қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік
жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың
қамқорлығымен ақыл кеңесінен  құтылғысы келеді.  Жасөспірімнің ересектен
айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес,
сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс
алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы,
жеткіншек төменгі кластардаоқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек
жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті
етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы
қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе
енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан
зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі
жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін
өзім істей алам, Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар деп наразылық
білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге
ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп
жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да,
ал талап қою жағынан ересек.
Жасөспірім осы сияқты қасиеті қазірде және өткен дәуірлердің
жасөспірімдерінде де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері
үлкен адамдардың талабына көне кетпейді.  Себебі, біріншіден қазіргі кезде
оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағылардың көбінесе
оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ.
Біз ілгеріде өткен дәуірлерде бала кіші жасынан материалдық игіліктерді
өндіруге (мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін ескердік. Қазір де
бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй –ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше
ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан
босатады. Ал жасөспірім бала кезінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық
тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыдан ауысудың себебі сол болып келген
психикалық дамудың салдарыан: егер үлкендер жасөспірімді бала деп еесптесе,
керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік
қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады. Жасөспірімнің  өз
беттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің қамқорлығына босануға тырысуы
баланың бәрінде кездесетін болғаны мен бір қатары күні-түні фантастикалық
әдебиеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді.
Сабақтан тыс мезгілде жасөспірім радиотехника электротехникамен танысып
едәуір білім алады. Мұнымен қатар бұл жастағылар бойынан әлі де балалық
кездесіп тұрады. (мысалы: ұлдар қыздардың шашын тартып  мазалауыт.б) бірақ
сол жеткіншек таныс емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде
ұстауға тырысады.
Әдетте жеткіншектерді  тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай
деп бағалайтыны біріншіден  бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп,
соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде мұндай өзгеріс аз
уақыттың ішінде  болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде бір
уақытта кездеспейді). Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда
болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет
жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың
бас кезінде психолог З. Фрит жасөспірім үлкендердің қамқорлығына
көнбейтінін өзім бәрін орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан
болатын санасысыз әуесқойлық деп түсіндірді.
Бұл пікірге көптеген психологтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза
Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту
Жеткіншек психикасының өзіндік дамуы
Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты
Жасөспірімдік кезең және одан өту жолдары
Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Теледидар және жасөспірімдер
Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болуы себептері
Девиантты мінез - құлықтың теориялық негіздері
Пәндер