Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Жоспары:

І. Кіріспе: 
ІІ. Негізгі бөлім:
1.    Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы  жасөспірімдік кезеңдегі 
кедергілерден өту жолдары
2.    Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту.
3.    Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық  негіздері
4.    Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау
ІІІ. Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер

Жеткіншек психикасының  дамуының өзіндік сипаты

Жасөспірім жасындағыларды  тиісті әдебиеттерде Қиын, өзгерілу, ауысу
жастары деп атайды.  Соңғы жағдайда ауысу жасында жеткіншек балалық
кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда
педагогтар мен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі
бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге
қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік
жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың
қамқорлығымен ақыл кеңесінен  құтылғысы келеді.  Жасөспірімнің ересектен
айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес,
сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс
алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы,
жеткіншек төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек
жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті
етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы
қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе
енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан
зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі
жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін
өзім істей алам, Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар деп наразылық
білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге
ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп
жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да,
ал талап қою жағынан ересек.
Жасөспірім осы сияқты қасиеті қазірде және өткен дәуірлердің
жасөспірімдерінде де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері
үлкен адамдардың талабына көне кетпейді.  Себебі, біріншіден қазіргі кезде
оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағылардың көбінесе
оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ.
Біз ілгеріде өткен дәуірлерде бала кіші жасынан материалдық игіліктерді
өндіруге (мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін ескердік. Қазір де
бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй –ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше
ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан
босатады. Ал жасөспірім бала кезінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық
тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыдан ауысудың себебі сол болып келген
психикалық дамудың салдарынан: егер үлкендер жасөспірімді бала деп
еесптесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл
келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады.
Жасөспірімнің  өз беттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің қамқорлығынан
босануға тырысуы баланың бәрінде кездесетін болғаны мен бір қатары күні-
түні фантастикалық әдебиеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді.
Сабақтан тыс мезгілде жасөспірім радиотехника электротехникамен танысып
едәуір білім алады. Мұнымен қатар бұл жастағылар бойынан әлі де балалық
кездесіп тұрады. (мысалы: ұлдар қыздардың шашын тартып  мазалауыт.б) бірақ
сол жеткіншек таныс емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде
ұстауға тырысады.
Әдетте жеткіншектерді  тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай
деп бағалайтыны біріншіден  бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп,
соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде мұндай өзгеріс аз
уақыттың ішінде  болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде бір
уақытта кездеспейді). Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда
болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет
жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың
бас кезінде психолог З. Фрит жасөспірім үлкендердің қамқорлығына
көнбейтінін өзім бәрін орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан
болатын санасысыз әуесқойлық деп түсіндірді.
Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі
келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін уақыттың бірі. Қоғамдық ортаның
жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай
жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек
бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп,
баланы әр-түрлі фантастикалық іске ұмтылтырады. Мұндай уақытша
келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының
негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы
жүргізілсе ұнамсыз әдеттерден аулақ болады.
Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі қазақ. Бала
тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. өйткені қазақтың
ел алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы
немесе дәулеті мен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы
жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың сондай ектілік деген ұғымды
ежелден қастерлеп, оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында терең сыр
жатыр.
Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің
болашақтарыңызды айтып берейін деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының
өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ
балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі  әдепсіз барлық жарамсыз
әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын 
жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не
нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.
Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері
туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге
ата-анаға көмекке келетін – мұғалім.
Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті – оқу. Оқу
барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді.
Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі,
талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ
кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі
терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз
міндетін жеке түсінгенде,  мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда
алға басады.
Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы  жасөспірімдік кезеңдегі 
кедергілерден өту жолдары
Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік менің
анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу,
балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа,
имандылыққа тәрбиелеу мақсатында өзін-өзі тану пәнінің рөлі зор. Өзін-
өзі тану пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына Әлем және
адамзат туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.  Жасөспірімдердің адамгершілік
мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен  таныстыру. Жеткіншектердің танымдық 
белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың рухани адамгершілік категорияларына
көңіл аудару. Жеке тұлғаның  менің (өзімшілдігін емес ояту). Осы
міндеттерді  бала бойына дарыту мақсатында  оқытудың әдіс-тәсілдері
қолданысқа енгізіледі.
1.    Интерактивтік әдіс
2.    Топтық жұмыс
3.    Ой – қозғау әдісі
4.    Жобалау әдісі
5.    Рөлдік ойындар
6.    Шешім қабылдау әдісі
7.    Қосымша жұмысты орындау

Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау

Зерттеу обьектісі: отбасына психологиялық қызмет көрсету.Зерттеу пәні:
отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
аспектілерінің ерекшелігін зерттеу. Жасөспірім шақта және жасөспірім
кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған
рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға
бағытталған. Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас
мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен
шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын
таңдау мәселесі пайда болады.Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын
қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым –
қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім
кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы
түрде өз орнын табады. Намыс, адамгершілік, құқық, міндет сияқты
тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам
жақсылық пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды.
Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың
мейірбандылықтан зұлымдыққа, адамгершіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон
аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан
өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі
позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс.Жалпы адам құндылықтарының
икемділігімен, құнды бағыт — бағдарының құрылымымен талдамасын тануға
ұмтылған адамға, өзінің іс — әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-
тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға,
қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір
позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол
үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.Жасөспірім қоршаған
әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір
мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді,
өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін
білмейді.Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген
талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын
бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық
адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің
негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш
болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі
болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық
зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа
құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып
табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың
көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар
мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді
өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып,
өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға,
бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы
жатады.Мен кіммін?, Мен қандаймын?, Менің қабілеттерім қандай?,
Менің өмірлік идеалым қандай?, Мен кім болғым келеді? — міне осы сияқты
сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді.
Филип Роистың Психология подроскового и юношеского возраста -оқулығында:
жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен
қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін
салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді
ашады, субъективті уайымдарына Өзіндік меніне қызығушылық таныта
бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда,
жасөспірім-дердің өзін — өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз
тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды. Психолог В.А. Крутецкийдің
бекітуі бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы жасөспірімдік кезеңдегі кедергілерден өту жолдары
Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты
Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Бастауыш сынып оқушыларына оқу – тәрбие процесінде экологиялық тәрбие беру мәселелері
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Қарым қатынас дамуының негізгі онтогенетикалық кезеңдері
Мектептегі музыка сабағы және оның ерекшеліктері
Пәндер