Жастар бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
жастар бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастырудың
психологиялық-педагогикалық негіздері
Жаһандану үрдісі қоғамдық, рухани, әлеуметтік салалардың барлығына
дерлік өз әсерін тигізді. Мәселен, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
келіп жатқан толассыз еркін ақпарат ағымы жас буынның тәрбие мәселесіне
қатысты алаңдаушылық туғызып отырғаны белгілі. Мемлекетіміздің осы
құбылысқа ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, өз құндылықтарымызды сақтап қалу
жолында жан-жақты күресуде. Мемлекет тарапынан оқу-білім, тәрбие
жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мәселесі басым
бағыттардың біріне айналды. Ұлт, Отан деген сөздің мағынасына ежелден жете
мән беріп, Туған жердің топырағы да ыстық, Туған жерден топырақ
бұйырсын деп, отансүйгіштік сезімді дәріптеген халқымыз Отанды қорғау-
азаматтық парызың дейді. Сондықтан бүгінде ұстаздар мен тәрбиешілер
қауымының алдында тек білім бәсекесіне қабілетті дарынды балалар даярлап
қоймай, сонымен қатар, елінің нағыз отансүйгіш жастарын қалыптастыру
міндеті тұр. Бұл –бүгінгі күннің өзекті әрі үлкен жауапкершілік жүгін
арқалаған маңызды ісі.
Отансүйгіштік – туа пайда болатын сезім. Сәбидің бойында ең алдымен
анасына, өз отбасына, үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау
алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет
деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып
жатады. Сол себепті де ол еш шеңбер-қалыпқа сыймайтын, мағынасы терең әрі
үлкен ұғым.
Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз- деп,күрмеуі көп қиын заманда ел
тағдырын жырлап өткен Қаз дауысты Қазыбек бидің осы жыры бүгінгі ұрпақты
өз жерін, өз елін сүюге баулиды, қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу
үшін жанын аямай күрескен халқымызға бағыт-бағдар беріп отырады.
Патриоттық сана-сезім, іс-әрекет адам бойына өздігінен қалыптасатын
қасиет емес екенін, оның өзі білім мен тәрбие барысында Отанды ұлағаттау,
халықтың төлтума мәдени, рухани әлеміне терең бойлау арқылы қалыптасатынын
теория мен тәжірибе дәлелдеп келеді. Демек, тұлғада сапа болу үшін
патриоттық тәрбие үрдісі қажет. Патриоттық тәрбиенің мақсаты-балалар мен
жастарды өз Отанын қорғауға, оған деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елініің
дамуына және дүниежүзілік қауымдастықтың алдында беделінің өсуіне лайықтап
сана-сезімін, іс-әрекетін, қылықтарын қалыптастыру.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының
Қазақстан -2030 стратегиялық жолдауында: Олар... күллі әлемге әйгілі
әрі сыйлы,өз елінің патриоттары болады делінсе, Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық
пен елжандылықты, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік
және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен
республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін
зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру атап өтілген.
Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, өз халқының тегін,
салт-дәстүрін, тілін, білімін, меңгерген, мәдениетті, адами қасиеті мен
шығармашылық тұлға етіп қалыптастыру заман талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазіргі жағдайда патриоттық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері:
біріншіден, өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі; екіншіден,
Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы; үшіншіден, мемлекеттік
рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білуі; төртіншіден, халықтың өткен
тарихын білудің қажеттілігі; бесіншіден, қазақ халқының әдет-ғұрыптарын
сақтау, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі болып табылады.
Азаматтық тәрбие –кең ұғым, патриоттық және құқықтық тәрбие оның
құрамдас бөліктерінің бастылары. Азаматтық тәрбие саясатпен, саяси сана,
саяси ойлау, саяси мәдениетпен тығыз байланысты. Психологиялық қызметі-
адамның саяси саналылығын дамыту арқылы ол тұлғаның рухани бастауын
тұрақтандырады, оның бағыттылығын, идеялық-адамгершілік қылықтарын
тұрақтандырады және жағымды етеді. Ол тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетінің
мотивтеріне әсер етеді, өзін-өзі сыни бағалауын, мінез-құлқы мен адамдық
сапаларын мақсатты қалыптастыруын қамтамасыз етеді.
Адам тәрбиесінде-оның ішкі жан-дүниесінің тәлімін жетілдіру үшін түйсік
пен сезімді пайдалану тәсілдері қандай қажет болса, сол сияқты сыртқы тән-
құрылысының дұрыс қызмет етуіне де этнографиялық заттарды пайдалану
тәсілдері де сондай керек. Жан мен тәнді қоректендірер тәрбие тәсілдері мен
іс-әрекеттердің әдістері, адамның екі түрлі жүйесінің (жан дүниесі мен тән-
құрылысының) тәрбиесіне де ауадай қажеттілік деп түсінген жөн.
Патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: ұлттық патриотизм
және
қазақстандық патриотизм. Адамның жеке психологиясының әскери
қызметтегі маңызын аша келіп, Б.Момышұлы: Патриотизм-Отанға деген
сүйіспеншілік, және адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік
қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді
екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау,
қысқасын айтқанда, патриотиз дегеніміз мемлекет деген ұғымды, жеке адамның
өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын барлық жағынан
біріктіреді терең әрі жан-жақты анықтама берген. Қаһарман жазушы, біз
іздеп отырған ұлттық патриотиз, қазақстандық патриотизм ұғымдарына
философиялық анықтама беруге талпынған. Бұдан келіп шығатын тұжырым-
Б.Момышұлы көрсеткен рухани ерекшеліктерді сақтау-ұлттық патриотизмнің
критерийі болып табылады. Жаңа қалыптасып келе жатқан жас мемлекетіміздің
болашақ азаматтарын патриотизмге тәрбиелеуде, міне, осылар оның негізгі
ұғымдарын құрауы керек. Б.Момышұлы айтып отырған белгілердің педагогикалық
негізі- тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру;
Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты мәселе.
“Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-
2008 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы” туралы ҚР президентінің 2006 ж
10Х № 200 Жарлығында ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие беруде 2006-2008 ж.
бағдарлама (бұдан әрі мемлкеттік бағдарлама азаматтардың бойында жоғары
патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру,
патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы, отанның мүдделерін
қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға
тәрбиелеу мақсатында құрылған.
1)  Байыпты азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық пен этносаралық және
тұлғааралық өзара түсіністік сезімін қалыптастыру ықпал ететін
ұйымдастырушылық алғы шарттары мен шаралар жүйесін құру.
2)  Қазақстандық патриотизм, төзімділікті, адам құқықтары мен жөніндегі
іс-шараларды (мен айтар едім жанұяда) және т.б.
Өркениетті азаматтық және тұлға аралық қатынастардың қалыптасуына
жағдайлар мен әлеуметтік алғы шарттар жасау болып табылады.
Патриоттық қасиет – бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы,
адам бойындағы негізгі құндылықтар болып табылады. Халқымыздың бойындағы
патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысыдан да
қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық
Құлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағаның алғырлығы,
еліне деген сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді”.
Патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патриотизм ұғымы XV ғасырдың
басында француз халқының ұлттық батыры Жанна д’Арк ұлтының тәуелсіздігі
үшін басқыншыларымен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды
көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар
едік. Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегідей сырттан келген
жаулап алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан
сипатталды.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді,
үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі таңда алдында тұрған
негізгі міндет. Осыған байланысты болашақ мамандарды дайындауда оқу-тәрбие
жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен
сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік
сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелеріннің
бірі болып отыр.
Қазақ жастарының келбетін тәрбиелеу дегеніміз – бұл мұғалім мен
жастардың оқу-тәрбие үрдісінде, өзін-өзі тәрбиелеуде, өздігінен білім алуда
іске асатын ата-ананың көмегімен, жастардың жеке көзқарасы, адамгершілік
нормасы, жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің жасалуына бағытталған мектеп
ұжымының іс әрекеттері арқасында іске асады деп білеміз (С.Ғ.Тәжібаева).
Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауды тәрбиелеуде
белгілі әлемдік, отандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып өтелік.
Белгілі педагог К.Ушинский “Халықтың (этностың) тәжірбиесінде педагог та
жоқ, педагогика да жоқ” дейді. Ал Аристотель “Біз бала тәрбиелеуде халық
тәжірбиесіне сүйенеміз” деп жазады.
Жастар бойында ұлттық патриотизмді дамыту әр мектептегі, ЖОО-дағы
мұғалімнің тәрбиесінің де маңызы зор. Ұстаз баланың бойында патриотизмді
қалыптастыру үшін ең алдымен мына қасиеттерді  оқушылар бойына сіңіру
керек.
Бұл арқылы жастарды өзін-өзі тәрбиелеуде алға қойған мақсатын орындауда
осы моделдерді тиімді қолдансақ жеке тұлға бойында адамгершіліккке
тәрбиелеу барысында, Отанды сүю, кішіпейілділік, жаман әдеттен аулақ болуға
тәрбиелейміз.
Елбасы Нұрсұлтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Отан қорғаушының жеке басын дамыту
Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері
Жоғарғы мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбие дәстүрлерін пайдалану
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Оқу пәндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
Жас ұрпақты әскери патриотизмге тәрбиелеу
Пәндер