Жастардын, жат қылықтарының профилактикасымен күресу жолдары



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе                 

1. Жастардын, жат қылықтарының профилактикасымен күресу жолдары

2. Жетекіншектердің психологиялық даму даралығы

3.Жеткіншектер және ұлттық мінез

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликамыздың жастарының психологиялық жағдайы
өте жаксы және де өте белсенді дамуда десек те болады өзге ұлттарға
қарағанда сол себептті біз міндетті түрде ұлттық бұрыннан дамыған
мінезімізге көңіл бөлгеніміз өте орынды деп санаймын .
Қазақстанда жағымсыз жат әрекеттердін қазіргі жағдайына, нарықтық қатынасқа
ену мен мынадай: жумыссыздық акшанын кұнсыздануы, өндрістердін кұлдырауы
секілді феномендердін пайда болуы үлкен әсер етіп отыр. Әрине, бұл
феномендердің көріп отырғандай зиянды әсерінің нәтижесінде жастардың жат
әрекеттері өсіп отыр.
Біздің көзкарасымыз бойынша, жастардың жағымсыз жат әрекеттерімен куресудің
бірден — бір жол ретінде, жастармен профилактикальқ жұмыс жүргізудің
мақсаты-табысты әлеуметтенуте жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік,
жауапкершшіліктік қасиеттерін  қалыптастыру процесіне көмек ету болып
табылады.
Профилактика — бұл біздің жастарымызды тәрбиелеудің жалпы процесінін кұрама
бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, "өз ішіне медициналық
педагогикалық, аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе". Құқық бұзу
профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту не болмаса баска да
асоциалды кубылыстар жайлы ескерту максатында, антиқоғамдык, өмір салтын
жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты
бағытталған әсердә болжайды.  Бұл  анықтамаларды  өз  жұмыстарында 
көптеген социологтар берген. Бұл түсініктер, әрине, бір түпті негіздейді.
Ұлттық мінез  адамдардың  тарихи калыптасқан бірлестігі мен ірі топтары
болып саналатын этностын, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік
жағдайының, тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттын, этностың
өзіндік мінез-құлыктарының  ерекшеліктері  болатындығы — тарихи шындық және
объективті фактор. Қазақ халкының түркі тектес өзге халықтардан
ерекшеленігі  тұратын өзіндік сипатқасиеттері бар, Ыбырай Алтынсарин
еңбектерінде өз халқының мінез- құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап
көрсеткенді. Оның, анықтауынша, қазақ, халқына қарапайымдылық пен
кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға
деген достығ және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық, пен пайымшылдық,
сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ  олардын, бойында өзге де мінез-құлық,
сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың, өз жері мен Отанына, туған еліне
деген шексіз суйіспенпеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі,
меймандостығы мен балажандығы, өмірдің  қиыншылықтары  мен әділетсіз
істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті,
еңбексуйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып
табылады.
УДК 159.922.8
ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ

Г.А. Бахрамова А.А. Бахрамова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университет, Шымкент
қ.

ХХ ғасырдың соңында ғылыми танымның алдыңғы қатарына адамның
болмыстық құндылықтарының мәнін түсіну мәселесі туындады. Сол себептен
ғылымда жалпы білім беретін мектептердің әдістемелік тұрғыда даму
кезеңін белгілеп, жасөспірімдердің мінез типтерін анықтау жолдары –
адамның мінез- құлқының психологиялық реттеуші ретінде
зерттелуде екенін дәлелдейді. Бүгінгі таңда жалпы
білім беретін мектептердің оқу-әдістемелік бағытының негізгі мақсаты –
жасөспірімдердің бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның
қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр.
Соңғы уақытта жалпы білім беретін мектептерде жасөспірімдердің
ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыз
асоциалды мінез-құлықтарын интенсивті түрде зерттеуді талап етіп
отыр. Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін
факторларды зерттеу – педагогика-психология ғылымдарының негізгі
мәселелері болып табылады.
Нақты мәселелерді шешу барысында оқу-тәрбие үрдісіндегі
психологиялық қарым-қатынас байланыстарының қалыптастырылуы мен
әдістемелік тұрғыдағы жұмыстардың жүргізілуі педагогка—психология ғылымында
күрделі зерттелуде. Әсіресе типтік мінездерді зерттеу - психология
ғылымының алдындағы басты міндет.
Осыған орай қозғап отырған мәселеміз жасөспірімнің типтік ортақ
мінездерімен қатар дара мінез бітістердің де сан алуан түрлері болатындығы
мәлім.
Сонымен қатар жасөспірімдердің мінез типін білмей олардың жүріс-
тұрысындағы ауытқулардың пайда болуына әсер ететін мәселелерді шешу өте
қиынға түседі. Жасөспірімдерде психопатия және мінез акцентуациялар бар
болғанда кейбір мұғалімдер оқушылардың мінез ерекшкліктеріне түсіне
алмағандықтан бұрыс көзқарас қалыптасып, артық талап қойылады, ал бұдан
түсінбеушілік пен қайшылық туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез
типін анықтау үшін жалпы білім беретін мектеп психологтары да қарым-
қатынастың психологиялық коррекциялаудың табысты болуына ықпал етуге тиіс.
Жасөспірімдерді патомінездемелік тексерудің тағы бір маңызды
міндеті мінез девиациялардың патологиялық типтердің диагностикалау болып
табылады. Атап айтқанда конституционалды психопатия типтерін, психопатиялық
дамуларды (патомінездемелік құрамалардың) және өзге де психопатияға ұқсас
бұзушыларды анықтау.
Патомінездемелік зерттеудің мәләметтері психопатиялар және мінез
акцентуацияларының негізінде пайда болған ауыспалы психопатияға ұқсас жүріс-
тұрыстың бұзылуына дифференциялды диагноз қоюға нақты мәліметтер беруі
мүмкін. Бірақ соңғы қорытындыны психиатор жасайды.
Бұл айтылғандардың бәрі жасөспірімдердің акцентуациясы немесе
психопатия типтерін анықтау мақсатымен жүргізілген патомінездемелік
тексеру. Сонымен қатар бұл тексеру жасөспірімнің адамдық ерекшеліктеріне
баға беруге мүмкіндік тұғызады. Атап айтқанда ішімдік ішуге, делинквентті
жүріс-тұрысына, мінез бітістерін және жеке адамдық қарым-қатынас жүйесін
диссимуляциялауына тым бейім болуына және еркектік-әйелдік бітістерін
салыстыруда, әлеуметтік дезадаптацияға және депрессияға бейімділігін
анықтауға көмегін тигізеді.
Жасөспірімдердің акцентуация типін анықтау аса маңызды
тәжірибелік мәселе. Тип мінездің әлсіз жерлерін көрсетеді, сонымен қатар
дезадаптацияға әкелетін декомпенсация немесе психогенді реакция ұғымын
пайда болғызатын факторларды алдын-ала болжауды мүмкін етеді. Сонымен
психопрофилактикалық жұмыстарға перспектива ашылып отыр.
1970 жылы А.Е.Личко жасөспірімдерге арналған патомінездемелік
диагностикалық сұрақтаманы құрастырды және оны апробациялады.
Зерттеу әдісі: Патомінездемелік диагностикалық сұрақтама деп
аталған жасөспірімдерге жасалатын патомінездемелік зерттеу әдісі 14-18
жастағы жасөспірімдердің акцентуациясы және психопатия типтерін, сонымен
қатар кейбір жеке адамдық ерекшеліктерді анықтауға арналған.
Осы әдіс арқылы психопатия, депрессия және әлеуметтік
дезадаптациялардың қалыптасуының кауіптілігін көрсететін қасиеттер
айқындалады.
Патомінездемелік диагностикалық сұрақтаманы психиаторлар,
медициналық психологтар және басқа арнайы медициналық психологиядан
дайындығы бар дәрігерлер қолданса болады.
Теориялық негізі:
Патомінездемелік диагностикалық сұрақтама негізіне
клиниканозологиялық бағыттағы психиатрия тәжірибесі және қарым-қатынас
психологиясы концепциясы жатады.
Э.Крепелин, Э.Кречмер, К.Шнайдер, Г.Е.Сухарева, П.Б.Ганнушкин,
К.Леонгардың монографиялары мен нұсқауларындағы патологиялық мінез
типтерінің сипаттамасының негізінде жасөспірім кезеңінде өте өзекті кейбір
өмірлік мәселелерге деген қатынасын бейнелейтін фразалар жиынтығы
құрастырылды. Бұл жиынтықтарға сонымен қатар индиферентті, диагностикалық
маңызы жоқ фразалар да еңгізіледі. Бұл мәселелер санына адам өзінің өмірлік
қызметін бағалау ( хал-жайы, көңіл-күйі, ұйқысы, сексуалды мәселелрі т.б.
), туыстары мен жақындарына көзқарасы (ата-аналарына, достарына, мектепке
т.б.) куреді. Қарым-қатынас психологиясынан (А.Ф.Лазурский, С.Л.Франк, В.Н.
Мясенцев) алынған жеке адамдық мәселелерге деген қактынас мінез типтерін
диагностикалау үшін пайдаланылған. Себебі жасөспірімдерге өз мінез
бітістерін анықтауды ұсынатын зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда
зерттелушінің өз қатынастарын бағалау едәуір объективті және сенімді
болады.
Осылай құрастырылған сұрақтама арқылы А.Е.Личко 2235
жасөспірімдердің тобын зерттеген. Олардың ішінде 1675-і дені сау,
әлеуметтік бейімделген жасөспірімдер болған. Осы зерттеу нәтижесінде
жасөспірім шақтағы психопатиялар мен мінез акцентуацияларының 11 типі
анықталған:
1. Гипертимді тип (Г) – адамдардың басты белгісі көңіл-күйнің
үнемі көтерінкі болуы. Мұндай жасөспірімдер үнемі ұстамсыз келеді. Олар
тапқыр, пысық, ширақ болады және жүздері бал-бұл жайнап, өмірге қуанышты
көзқараспен қарайды. Олардың қимылы да ширақ, елгезек, айқын, мәнерлі,
қозғалыстары тез және көпшілікті тыңдамайтындығымен ерекшеленеді. Табысқа
тез жетеді, бірақ дереу бәрінен айырылып қалады. Қызықты істі тамаша
бастайды, алайда аяғына дейін жеткізулері сирек.
2. Циклоидті тип (Ц) – тек қана мінез акцентуациясы түрінде
кездеседі. Бұларға көңіл-күйінің жиі ауысуы тән. Кейде көңіл-күйдің бір күн
ішінде әлде неше рет өзгеріп, ұстамсыз көңілдіктен толық торығуға дейін
ауытқиды. Уайымсыз-қамсыз, көңілді, сергек,ширақ жасөспірім кенет жабырқау,
мұңды, қайғылы, тұнжыр күйге түседі.
3. Психастениялық тип (П) – секем алғыштық, именшіктік,
қорқыныш, әр түрлі шамадан тыс шүбәланушылық пен өзін-өзі талдауға
бейімділік. Психастенниктер өздерінің мезі ететін жай-күйлерінің
мәнсіздігін түсінеді. Бұл күйлерді қинала бастан кешіріп, олпрмен күреседі.
Бірақ өзіне бірдеңе істеуде дәрменсіз болады. Оларды нақты және таныс іс
қана емес, беймәлім және болжамды істер қорқытады. Психастениктерге
жасқаншақтық, қорқыныш, шекте тыс үялшақтық тән.
4. Шизоидті тип (Ш) – тұйық тығымен және нақты дүниеден
оқшаулануларымен ерекшеленеді. Алайда оларды жалғыздық қызықтырмайды.
Олардың ішікі дүниесі фантазия мен құштарлыққа толы. Бірақ маңайдағы
адамдар үшін оған жол жабық. Оларға эмоциялық өмір мен мінез –құлықтың
оғаштығы тән. Оларға томаға – түйық және оқшауланып жүріп, шамалы танитын
кездейсоқ адамдар алдында алдында күтпеген жерден ашылып, әрі орынсыз жерде
сезімталдық көрсетуі мүмкін.
5. Эпилептоидті тип (Э) – оларда эмоциялык күш түсу, ұстамсыздық,
ызаланғыштық, аффектілік, тұрақсыздық, жанжалға үйірлік, талап қойғыштық,
ашушаңдық сичқты бір қатар ортақ белгілер болады. Бұл типке тән ерекше
белгілер: эмоцияның еңжарлығы, жәбірді ұмытпаушылық, кекшілдік, қаталдық,
жан икемділігінің тапшылығы, қыңырлық, мақсатқа жетуде жан ауыртарлық
шиеліністе тұрақтылық, кейде тәуліктер бойы созылатын самарқаулық
қасиеттері бар.
6. Истероидті тип (И) - бұл типке тән белгілер: үнемі назарда
болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таң қалдырып, таңырқатуға әуестік.
Бұл олар үшін бар мүмкіндіктерді катап айтқанда, ала- бөтен киініп,ұшқары
сәнмен шаш қояды, эстраданың, спорттың, мамандықтың әдеттен тыс түрлерін
пайдаланады. Бір сөзбен айтқанда, үнемі жұрт көзіне түсуді қалайды. Сол
мақсатпен сатушы, манекенщица және басқа да мамандықты таңдайды. Бұл
типтегі жасөспірімдердің талабы әрқашан нақты мүмкіндіктерден асып-түсіп
жатады. Қолда жоқты бар етуге ұмтылыс истероидті адамның бүкіл мінез
құлқының бас көрсеткіші.
7. Тұрақсыз тип (Т) – Бұл тип психикалық жағынан толыспаушылығымен
сипатталады. Ал мұның өзі пайымдауларының үстірттігімен, тұжырымдарының
асығыстығымен қабаттаса келе ақыр аяғында жеңіл ойлы әрекеттерге әкеп
соғады. Мінездің тұрақты типінің негізгі белгілері: жігерсіздік, жоғары
дәрежедегі сезгіштік пен енжар, бағыныштылық. Олардың іс әрекеттері ішкі
сенімділікпен емес, кездейсоқ жағдайлармен айқындалады. Көбіне оларда бекем
қызығушылық пен өзіндік пікір болмайды. Олар кездейсоқ таныстыққа бейім
келеді, сым ішекті аспаптармен және қатты музыкамен рақаттануды ұнатады.
Мұндай жасөспірімдер жәбірленгіш келеді., мақтауды сүйеді, бірақ екеуінде
тез ұмытады.
8. Астенол – невротикалық тип (А) – бұл тип жасөспірім шақта
алғаш рет ашылуы мүмкін. Мұнда қатты шршап шалдығу, ашуланшақтық және
илохондриялыққа бейім тұрушылық.
9. Лабилді тип (Л) - осы типке тән белгілер: көңіл күйдің
шектен тыс алмасуы. Лабилді типтегі жасөспірімдерге мақтау мен мадақтау
шынайы қуаныщ әкеледі, ал ұнамсыз оқиғаға ұшырау күшті аффективті реакция
туғызады.
10. Комформды тип (К) – А.Е. Личконың пікірінше, акцентуацияланған
комформды типі үшін еліктеушілік, барлығы сияқты өмір сүру, барлығы сияқты
әрекет істеу, тіпті, асыра иландырушылық тәрізді жалпы жасөспірімдік жасқа
тән әсіресе тұрақсыз және истероидтті типтердің сипат ұшырасады.
11. Сенситивті тип (С) – Бұл тип дербес өмірге қадам басатын
ересек жасөспірім шақта 16-18 жастарда қалыптасады. Жасқаншақ, ұялшақ және
өзін жақсы көретін жасөспірімдер жаны тым жараланғыш келеді. Олардың осы
тәріздес жиырылғыш қасиеті әр алуан сыртқы тітіркендіргіштерге өте
сезімталдықпен қаруымен ерекшеленеді. Олар сөз сөйлеуден қашып жүреді.
Аралас типтер : Мінез акцентуацияларда да психопатиялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Девиациялық мінез – құлықтың формалары және аномия
Қиын балалармен әлеуметтік жұмысты жаңарту мәселесі
Девианттық мінез-құлық даму тенденциялары мен түсініктері
Қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау
БАЛАЛАРҒА ҒАСЫР ІНДЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘСЕР ЕТУ АСПЕКТІЛЕРІ
Қиын балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау
Қиын балалармен Әлеуметтік педагогикалық - психологиялық қайта тәрбиелеу жұмыстың әдістері
Қиын балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктері
Оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселелерін ашу
Пәндер