Жастар - социологияның зерттеу объектісе ретінде


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жастар социологиясы.

  1. Жастар - социологияның зерттеу объектісе ретінде.
  2. Жастардың әлеуметтік және саяси белсенділігін қалыптастыру мәселелері.
  3. Жастарды жас ерекшеліктеріне қарай топтастыру кезеңдері.
  4. Жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының нашарлауының себептері.
  1. Жастар - социологияның зерттеу объектісе ретінде.

Жастар социологиясы - арнайы әлеуметтік теория болып, қазіргі экономикалық, әлеуметтік, саяси, қоғамның санасы мен мінез - құлқын, тәртібін, жастардың жеке өмірге басқан қадамдарын, олардың үлкендермен қарым - қатынасын, дәрежесін, деңгейін т. б. зерттейді.

Жастар социологиясы 60 жылдары Ресейде өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Жастар социологиясының қалыптасуына Ресейдің көптеген зерттеушілері өз үлестерін қосқан. Олардың ішінде атақтыларына Н. М. Блинова, В. М. Боряза, Б. А. Грушина, В. А. Лукова, С. М. Ильинский, И. С. Кона, В. Н. Шубкина, Ф. Р. Филиппова және т. б. жатады. Ең алғаш рет жастар проблемалары мен академиялық, социологиялық институттар, Москваның, Ленинградтың белгілі университеттері айналысқан.

Жастардың әлеуметтік проблемасы әлемдік социологияның бір бағыты болып, арнаулы әлеуметтік зерттеулерге жастардың қозғалысы, жастардың субъмәдениеті, олардың еңбекшілдігімен, қоғамдық белсенділігі, жастардың жеке өмірге аттанудағы еңбек процесі, жастардың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері алынады.

Жастар социологиясы көптеген сапалық әлеуметтік теориялармен байланысты, оларға - әскери социология, мемлекеттік социология, мәдени социология, ұжым, өнер, әдебиет, даралық, халықаралық, денсаулық сақтау, білім, адамгершілік, саясат және т. б. жатады.

80 жылдарының соңында жастар проблемасы әлсіреп 90 жылдары Т. Н. Кухтевичтің басшылығымен Ресейдің атақты Университеттерінің бірінде ( МГУ) қайта қалыптасты.

Көптеген батыстық социологтар жастарды «жаңа тап» деп атады, олардың өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері дәл келеді. Жастар «біз» деп сезім күшінде социологиялық тұтастықты білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік - психологиялық құрамы және сапасы дербес және қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік ретінде қарастырады.

Жастар социологиясын зерттеуде көптеген теориялық концепциялар анықталған. Ресейдің зерттеушісі В. А. Луков барлық теориялық концепцияларды 3 топқа бөледі. Мұндай топтау жастар социологиясы таным методологиясының формасын ашуға көмектеседі.

- Бірінші топқа Луков жас индивидтің психо - физикалық ерекшеліктері, оның мінез - құлқы, жүріс - тұрысы, т. б. жатады. Бұл теориялық концепцияның формасын ашқан француз философы, әлеуметтік ойшыл Ж. Ж. Руссо ( 1712-1778), оның жас өспірімге байланысты психологиясының ойы «Эмиль немесе тәрбие жөнінде»еңбегінде жарияланған. Бұл еңбекте балалардың жас ерекшеліктерінің психологиялық дамуы мен тәрбиесі көрсетілген. Бірақ бұл теорияның қызығы жастық шақ емес бала кезең, жас өспірім дәуірі болғандықтан мұны жастардың психологиясына жатқызбады. Ал 1904 жылы Америка психологы Гренвилл Стэнли Холл (1846 - 1924) жастық шақтың психологиясының әлеуметтік дамуын, жастардың амбиваленттік және парадоксальдық мінезін суреттеп берді. Адамзат баласы жастық дәуірде өзіндік дағдарыс кезеңін жеке тұлға ретінде сезінеді.

- Екінші топқа жастардың мәдениеті мен қызметтерін жатқызады.

Жастық шақ Польшаның социологы Юзеф Халасиньскийдің ойынша (1904 - 1979), табиғи физиологиялық, психологиялық және гармондық жағдайы емес, ол мәдениеттің бір элементі, әлеуметтік институт. Жеке адамның тұлға, кісі ретінде қалыптасуы көбіне көп оның қабілеттілігіне, ішкі рухани және мәдениеттілігі тең биіктігіне, білімдарлығына, тапқырлығына, творчестволық іскерлігіне т. б. байланысты. Ал жастарға, соның ішінде әсіресе студент жастарға өздерінің жаратылысынан танымсыздық, түсініп - білуге құштарлық, әр уақытта да белсенділік тән.

- Үшінші топта - жастардың әлеуметтік, саяси қызметтері жайлы айтылады. Әлеуметтік, саяси қызметтерді зерттеуде соңғы 15 жыл ішінде болған әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси жағдайларды, жастардың проблемаларды мен олардың органдарын, жастар саясаттары жатады. И. М. Ильинский жастар - біздің келешек ұрпағымыз, қоғамның басты құндылығы, бағыты. Жастар тек қана демографиялық түсінік емес, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселе.

2. Жастардың әлеуметтік және саяси белсенділігін қалыптастыру мәселелері.

Жастардың, соның ішінде, әсіресе, студент жастардың қоғамның әлеуметтік, саяси өміріне белсене араласуы, әр түрлі қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың, бірлестіктер мен ұйымдардың, одақтар мен ассоциациялардың, қоралар мен клубтардың қызметіне кірігуі, ең алдымен, олардың қоғамдық дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде өз мүмкіндіктерінің, жігер - қайраттарының, творчестволық - шығармашылық, әлеуметтік - саяси қызметтерінің қоғамға, өз халқына қажет екендігін түйсінулерінде жатыр.

Екіншіден, өздері өмір сүріп отырған ортаның, әлеуметтік - экономикалық формациясының тыныс - тіршілігін, экономикасын, әлеуметтік - саяси өмірін, рухани дүниесін және белсенділік деңгейін жан - жақты түсініп білуге деген құлшыныстарында.

Үшіншіден, осы әлеуметтік кеңістіктегі саяси проблемалардың мәнін түсініп, оны қоғамға әрі қарапайым халыққа пайдалы етіп шешуге ат салысуға деген ұмтылыстарында жатыр. Себебі, жастарға, соның ішінде, әсіресе, студент - жастарға өздерінің жаратылысынан танымсыздық, түсініп - білуге құштарлық, әр уақытта да белсенділік тән. Мұндай құлшыныс пен белсенділіктің негізінде тіршіліктің өзі тудырып отыратын мүдде мен қажеттілік жатса керек. Өзін - өзі жүзеге асыруға тырысқандық, белгілі бір әлеуметтік ортада өз орнын, статусын ізденуі бұл парасаттылық пен ақыл ойдың кемелдігінің белгісі. Адам өзін - өзі түсініп, күшін, біліктілігін және кісілігін сезінгенде ғана, онда да ерен еңбектің, белсенділік пен іс - әрекеттің арқасында ғана тұлға болып қалыптаса алады.

Жалпы, адамдардың, соның ішінде, әсіресе, студент - жастардың саясатқа араласуы төмендегідей әлеуметтік факторларға қатысты :

  1. Адамның әлеуметтік статусына (қай тапқа жататындығына, мамандығына, кәсіптер мен әлеуметтік иерархиясындағы алатын орнына, т. б. ) соған орай қоғамның саяси өміріне араласу немесе ықпал ету шамасына байланысты.
  2. Саяси белсенділігінің артуына түрткі болатын нәрсе адамның әлеуметтік сатысындағы алатын орнына қарай, оның қаншалықты қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарға қатыстылығына, сондай - ақ, оның жеке басы мүддесі мен топтың мүддесі арасындағы сәйкестік дәрежесіне байланысты.
  3. Жеке адамның немесе оның топтарының саяси белсенділіктерін күшейтіп немесе тежеп отыратын әлеуметтік мүдделерге және нақтылы әлеуметтік - тарихи жағдайларға байланысты.
  4. Адамның атқаратын әлеуметтік ролінің ауқымы мен оның жалпы қоғамдық мәніне және оның дара тұлға атқаратын саяси әрекеті мен өзара тәуелділігіне байланысты.
  5. Жеке адамның саяси белсенділігінің дәрежесі мен ауқымына, яғни адамның өзінің саясатқа араласу мүмкіндігін қандай деңгейде қолдана алады (депутат, басшы, белгілі бір топтың лидері ретінде) .
  6. Адам жеке қабілетіне, қайрат - жігеріне, табандылығы мен принципшілдігіне, оптимизміне, т. б. байланысты.
  7. Адамның саяси өмірге араласу дәрежесі адам санасының даму деңгейіне, саяси біліміне, саяси мәдениетіне, ұстаған саяси бағытына байланысты.

Әлеуметтік - саяси, экономикалық, рухани - мәдени және азаматтық құқық мәселелерін көтерген қоғамдық - саяси жастар ұйымдарының ішінен «Азамат» ұйымы айрықша бөліп айтуға тұрарлық. Бұл ұйым 1989 жылдың Желтоқсан айында құрылды. Ұйымның мақсаты - жастардың әлеуметтік - саяси белсенділігін ояту, республика егемендігі, демократиялық халық билігі, заңдылық, еркіндік, (бостандық), теңдік принциптеріне негізделген зиялы және құқықтық мемлекет құру, ұлттық тілдің, тарихтың және мәдениеттің қайта түлеуі үшін күресу.

Дегенмен, бертін келе жоғарыда аттары аталған ұйымдардың көпшілігі қаражат тапшылығынан өз жұмыстарын тоқтатты. Қайсы біреулері Қазақстан өз егемендігіне ие болысымен саяси қызметтен бас тартып, өз іс - әрекеттерінің басты бағыты ретінде негізінен жастардың әлеуметтік - экономикалық және тұрмыстық проблемаларын шешумен айналыса бастады. Олардың ішіндегі ең бастылары :

  1. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері;
  2. Жұмыссыздықты уағыздау, жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге ат салысу;
  3. Нарықтық қатынастарды үнемі насихаттау, қайырымдылық қызметін жүзеге асыру;
  4. Жастарды жасампаздық еңбекке жұмылдыру, оларды кәсіпкерлікпен айналысуға үгіттеу.

3. Жастарды жас ерекшеліктеріне қарай топтастыру кезендері.

Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л. Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясын баса айта отырып, қандай да болмасын нақты негіз бермейді.

13 пен 18 жыл аралығындағы жас «жасөспірім шақ» ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге және өлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және заңды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.

18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардын отбасылық, кәсіби және құқықтық мәртебссі бойынша дифференциациясы неғүрлым нақты болады. Осы кезеңді Л. Розенмайер «жас ересектер» («young fdult») деп айтады. Егер бірінші кезеңде бүл кейбір кезде біртекті топ болса, онда 18 және 25 жас аралығындағы халық гетерогенді (біртекті емес) . Бұл құрдастар тағдырының айырмашылығына байланысты әлеуметгік біртектілік емес және социологтар үшін ерекше мүдде.

Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.

Социолог В. Н. Боряз «толығу» шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі - әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В. Н. Боряз жастар санатын айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кіргізеді.

Көптеген социологтар адам жасы тек «есептегіш», өмір сүрген жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс-әрекетгің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы тұтастықта зерттеуді ұсынады.

Мәселе, әдетте, адам ең жоғарғы жетістіктерге ересек шағында жететіндігіне қарамастан, осы жетістікке дайындық жастық шақта болатындығында. Сондықтан социологтар кульминацияның спартаға, ал іс-әрекет спартасының жеке тұлғаны тәрбиелеу тарихына белгілі бір тәуелділігі бар екенін атап айтады.

Адам жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет атап көрсетілді. Ол адамның өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А. Шопенгауэрдің «Адамның жастары туралы» еңбегінде нақты көрсетілген, онда ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері және белгілері бар.

Аналогия үшін Шопенгауэр мифологиядағы құдайлардың аттарына сүйенді. Алғашқы онжылдықта Меркурий үстемдік жасайды, адам өмір жолымен тез және жеңіл жүреді, бірақ оның көңіл-күйі түрлі ұсақ-түйекке байланысты өзгермелі болады. Осы жылдардағы оқу, ойындар қозғалмалы. 20 жылдары махаббат құдайы Венераның патшалығы басталады, ол оның барлық тіршілігіне үстемдік жасайды. 30 жылдары оны Марс ауыстырады, ол адамға табандылық, батырлық, күш, батылдық, жауынгерлік әкеледі. Ол оны өжет болуға, тәуекелділікке шақырады. Адам 40 жасында Церердің үстемділік күшінде пайдалылыққа бас иеді. Веста оған үй ошағын береді, Паллада білім мен даналық сыйлайды, Юнона сияқты оның үйінде ханым-зайыбы билік жасайды. 50 жасында Юпитер билік көрсетеді, адам езінің күшінен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге бай, беделге ие, басқаруға икемді. Бірақ 60 жылдары оның өмірінде Сатурн езінің қорғасындай ауыртпашылығымен, баяулығымен және солғындығымен әсер ете бастайды.

Шопенгауэр өмірдің бірінші жартысының сипаты бақытқа ұмтылудың айқындалатынын, ал екінші жартысына тән ерекшелік - бақытсыздықтан қорықпау екенін айтады. Бұл ретте философ адамның оның жасына қатысты уақытты қабылдауындағы айырманы атап көрсетеді. Жасөспірім шақта сағаттың өтуі қарттық шақтағыдан гөрі ұзағырақ болады. Жастық шақта адам көптеген қауіп пен толқуды бастан кешіреді, оның көңіл-күйі масаттану мен энтузиазмнен бастап жабырқаушылық пен көңілсіздікке дейін өзгеріп отырады. Қарттық шақта азапқа түсумен оның құмарлығы басылады, көңіл-күйі неғұрлым тұрақты және селқос болады, ал егер денсаулығы жақсы сақталса, онда адам аса ауыртпашылыққа тап болмайды, ол қамтамасыз етілгенін, қолайлылықты жақсы көреді, тыныштықты қалайды.

Шопенгауэр аса маңызды кезең ретінде жастық шаққа ерекше мән береді. Ғалым бәрі де адамдардың жасөспірім шақтың жылдарын қалай пайдаланатына қатысты екені атап керсетті. Есейген жылдары олар әлемге көбірек әсер ете алады, жетіле түседі, сыртқы әсерге бағынбайды. Есейген шақ - іс-қимыл жасау және шығармашылық кезеңі, жасөспірім шақ - алғашқы масаттану және бірінші таным уақты. Жасөспірім шақ, жемісті тек жоғары бөлігі беретініне қарамастан, өнімін тек шыңы таным ағашының түбірі болып қалады.

  1. Жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының нашарлауының себептері.

Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүддедлеріне, құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес.

Экономикалық белсенді түрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің төмендеуі неғұрлым қарқынды бөлігі - жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі (16-29 жас) . Олардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалык іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жүмыссыз жастардың саны 1993 жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология пәні және оның міндеттері
Социология пәні және оның нысаны
Зерттеудің деңгейі
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі туралы
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы социология
Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері
Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz