Жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда әлеуметтенудің рөлі

Жастарды отбасылық өмірге дайындауда әлеуметтік институттардың рөлі
ерекше.
Болашақ ұрпақ тәрбиесінде мектептің рөлі маңызды. Мектеп баланың
тұлғалық және тәрбиелілік жағынан да қалыптасуынының басты әлеуметтік
институттарының бірі болып табылады. Мектеп қабырғасынан бастап білім нәрін
сусындап, өмірлік мақсаттарды қоюда дүниетанымы қалыптасып, тұлғалық
үйлесіммен дамиды. Мектепте ажырамас үштік- мұғалім, бала және ата-ана
арасындағы ынтымақтастық ұрпақ тәрбиесіндегі басты жағдайлардың бірі болып
саналады. Қазіргі таңда ұрпақ тәрбиесіне жаңа сипатпен қарау
тұжырымдамаларда анық көрсетілгенмен де кейбір жағдайларда қарама-
қайшылықтардың туындап отырғанын біз жоққа шығара алмаймыз.
Соңғы кездегі деректемелерге сүйенсек, мектепте оқушылар алдындағы
педагогтың беделі ең алдымен білімділік деңгейімен, сосын мінез-құлқымен
және іс-әрекетімен өлшенетіндігі белгілі болған. Бүгінгі нарық және
бәсекелестік заманында қаншалықты білімді болсаң, соншалықты жастар
тарапынан құрмет көрсетілетіні анық. Қазіргі жастар педагог іс-әрекетінде
кездесіп жататын кей жағдайдағы кемшіліктерге көз жұма және салқын қанды
қарай қоймайды. Сондықтан, бүгінгі күні мектеп жүйесіндегі педагогикалық
қарым-қатынас мәдениеті тұлғалық үйлесімді дамудың негіздерінің бірі болып
табылады. Мектепте қабырғасында оқушылар тұлғасының идеалы қалыптасып, оған
еліктеу жағдайы көрініс береді. Сондықтан мектепте әрбір педагогикалық іс-
әрекетті жүзеге асырушы педагог оқушылар үшін идеал бола білуі шарт.
Қазіргі таңда Қазақстандықтарды тәрбиелеуде қоғамның ықпалы мен күші
айтарлықтай орасан зор. Жалпы алғанда адамзат психикасына өмір сүріп
отырған әлеуметтік ортасының әсері күшті болады. Қоғамдық күштермен
әлеуметтік институттар жастардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне әсерін
тигізіп ғана қоймай, өмірлік жағдайларына да елеулі ықпалын тигізеді.
Әлеуметтік қатынастар субъектісі әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің
иегері ретінде әрбір адам - тұлға болып сипатталады. Психология ғылымында
тұлға түсінігімен қатар біздің қолдануымызда тұлға, дара тұлға,
даралық терминдері қосарлана жүреді [90]. Бұл ұғымдардың әрқайсысы өз
ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Осының ішінде ең жалпыланған және қолданылуы жағынан көбірек кездесетін
бірнеше қасиеттердің жиынтығын тұлға ұғымы қамтиды. Тұлға – табиғаттың ең
күрделі бөлшегі бола отырып, тіршілік иелерінің ішінде дамудың ең жоғарғы
деңгейдегі көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, қоғамдық еңбек барысының
жемісі ретінде әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын
тіршілік иесі. Дара тұлға бұл homo sapiens тектілерінің өкілі, адамдық
даму нышандарының иесі. Даралық ұғымына түсінік беретін болсақ, нақты
адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен
қасиеттері болып табылады. Тұлға баласының әлеуметтік мәні оның қоғаммен
байланысында қалыптасады және сонда көрініс береді [91].
Қоғам құрлымына орай тұлғаның қасиеттері мен сапаларының өлшемдері
әрқилы келеді. Психология ғылымында тұлғаның көп сатылы құрылымға ие
екендігі көрсетілген. Мұндай тұлғалық психологиялық құрылымының ең жоғарғы
да жетекші деңгейі бұл қажеттіліктері, себеп аймақтары мен тұлғаның бағыт –
бағдарлары жатады. Тұлғаның құрылымы қоғамға, басқаларға, өзіне қатынасынан
және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерден тұрады. Сондай-ақ, тұлға үшін ең
мәнді құбылыстардың бірі тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, сонымен
қатар, оның өз қатынас мүмкіндіктерін жүзеге асыру қабілеті үлкен маңызға
ие болады. Демек, бұл өз кезегінде адам баласының іс-әрекетке
бейімділігімен, оның қабілетімен, білімі мен ептілігімен, көңіл–күйі мен
еріктік және ақыл-ой сапаларымен, мінез-құлықтарымен астасып, әрі
байланысып жатады. Адамзат баласы өмірге дайын қабілет, білім мен
ептілікпен, мінез және қызығуларымен келмейді, олардың тек нышаны көрініс
береді де, бұлардың барлығы белгілі бір табиғи негізде тұлғаның өмір
ағымында пайда бола отырып, сонда қалыптасады [92].
Тұлға тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық– физиологиялық
ерекшеліктері мен жүйке жүйесінің қозғалысын анықтайды. Яғни биологиялық
тіршілік иесі тұлға өткен аға ұрпақтың білімі, салт-дәстүрі, заттай және
рухани мәдениеті күйінде жинақталған өмір тәжірибесін игерумен ғана тұлға
деңгейіне көтеріле алады. Тұлғаның сапалары мен қасиеттері оның айналасында
араласқан қатынастар өрісі мен әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет
ете алу мүмкіндігіне байланысты келеді. Тұлғаның даралық санатына көтерілуі
үшін маңызды факторларға мыналар жатады:
• Идентификация- дара тұлғаның өзін басқа адамдармен теңестіре алуы мен
қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасуы;
• Персонализация – өзінің қадірі барын түсіне білу.
Жоғарыдағы ұғымдарға орай тұлғада белгілі бір теңестірулер мен қадірін
түсінулер арқылы отбасылық қарым-қатынас негіздері қаланады. Сонымен бірге,
нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады.
Басқа да әлеуметтік топ мүшелерімен тұлға өз мені негізінде қатынас
жасайды.
Психология ғылымда тұлғалық рефлексия деген ұғым қолданысқа енді.
Бұл дегеніміз мен ұғымы арқылы тұлғаның өзін және өзінің жеке қасиеттерін
сезе білу сапаларын қамтиды. Тұлғаның өзіне берген бағасы жоғары не төмен
болуынан сол адамның ішкі жан дүниесінің мәні шығады. Дегенмен, тұлға
ұғымына ғылымда әртүрлі түсінік береді. Солардың ішінде Қазақстандық
этнопсихологияның негізін салушы Қ. Жарықбаевтың айтуынша, дүниеге келген
сәби адам деп аталғанымен, жеке тұлға деген атқа көпке дейін ие бола
алмайды. Себебі, кісі ретінде ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің
менін басқа мендерден, яғни басқа адамдардан ажырата алуы тиіс [93].
Осы орайда, аталмыш ғалым нәрестені жеке тұлға деп айту қиын деп
тұжырымдайды.
Өзінің өмірлік салтында тұлға жеке құндылық бағыттарына бағдарлана
отырып, тіршілік жағдайларын өзгерту арқылы қайта құрудың жалпыланған және
тұрақты тәсілдер жүйесін құрады. Осы орайда, тұлғаның тұрмыс тіршілік салты
мен оның жалпы өмір сүруі және қоғамдағы орнын иелеу бағдарына айналады.
Тұлғаның әлеуметтік салт–бағытынан жоғары инабаттылығы, жасампаздық өмірі,
рухани–этикалық және рухани–эстетикалық дүниетанымы туындайды. Тұлға өмірі
бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықтар арқылы
ниет–себептер жүйесін арқау етіп, өзінің әлеуметтік мәнді және мағыналы
мұраттарын бірлестіре саналы бағытта болу мүмкіндігін ие болады [94].
Жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда әлеуметтену
ұғымының мәні ерекше. Белгілі ғалым И.С. Кон әлеуметтенуді барлық
әлеуметтік және психологиялық өмірдің жиынтығы деп көрсеткен [95].
Әлеуметтену дегеніміз тұлғаның білімді жүйелі меңгеруі, қоғамның нормалары
мен құндылығын қабылдауы болып табылады. Сонымен қатар, тұлғаға қоғам
мүшесі ретінде жұмыс жасауға құқық береді. Тұлға өмірге келгеннен бастап
айналасындағылармен әлеуметтік әрекеттестіктерге араласады. Әрбір тұлға
бірдей жағдайларда өмір сүре отырып, әртүрлі әлеуметтік тәжірибе
жинақтайды.
Әлеуметтену процесі тәрбие негізінде басқарушы және мақсатқа
бағыттаушы болып келеді. Тұлғаның әлеуметтену процесі барлық өмір ағымында
жүзеге асатын процесс. Тұлғаның әлеуметтенуі оның белгілі бір қоғамда өмір
сүруі мен басқа адамдармен нәтижелі қарым–қатынас жасауы үшін қолданылады.
Тұлға әлеуметтік тәжірибені игеру және ұдайы өндіру барысында екі
түрге ие бола алады. Олар: объективті және субъективті әлеумет болып
бөлінеді. Белгілі кеңес ғалымы Б.Г. Ананьев тұлғаны өзіне бағытталған
әлеуметтік нысан ретінде анықтайды [90]. Мұнда ең алдымен тұлғаны оның ішкі
көзқарасы тұрғысынан қарастырмай, яғни қоғамдық қатынастың субъектісі
ретінде емес, барлық әлеуметтік күштер мен құбылыстардың жиынтығына
сипаттама бере отырып, оған әсер етуші сыртқы күштер арқылы негіздеме беру
керек деген тұжырым жасалған [90, 20 б.]. Басқалай айтқанда, тұлғаны
қоғамның даму объектісі ретінде алып қарайтын болсақ, ал оның субъект
ретіндегі сипаттамасын қоғам дамуының тұрғысынан ішкі орнығуын түсінуіміз
қажет.
Қазіргі таңдағы әлеуметтенудың маңызды ерекшеліктерінің бірі оның
басқа кезеңдермен салыстырғанда ұзақтығында екені сөзсіз. Алғашқы
әлеуметтенудың кезеңі, яғни балалық шақта белгілі бір мөлшерде және белгілі
бір уақытта басқа жаспен салыстырғанда ұзақ жүзеге асады. Осы орайда,
балалық шақтың статусы ұдайы (жағдайы, күйі) өзгеріп отырады.
Тұлғаны отбасылық өмірге дайындауда әлеуметтік-психологиялық
ерекшеліктерін анықтау мәселесі маңызды болып табылады. Тұлғаның
әлеуметтік–психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е.С.
Кузьминнің [96], А.А. Свинецскийдің [97], К. Роджерстің [98], А. Маслоудың
[99] тағы басқа ғалымдардың тұжырымдамалары белгілі. Бұл тұжырымдамаларда
тұлғаның өзіндік бағалауы, өзіндік Менін бағалауы, өзіндік
актуализациялануға талпынуын, қоршаған ортаны субъективті қабылдауын және
әлеуметтік – психологиялық қасиеттерін қарастырудың маңызы зор екендігі
көрсетілген. Тұлғаның қоршаған ортамен қарым–қатынасы, жеткен жетістіктері
мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді болатындығы белгілі.
Солардың бірі тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі.
Тұлғаның әлеуметтік есеюін шетел психологиясында өзіндік аяқталу
терминімен анықтай отырып, оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін
аңғаруына және ұдайы дамыттырып отыруына бағыттылығы ретінде сипаттайды.
Тұлғаның актуализациялануы ең алдымен дербестігімен, өзіндік мәнді жүзеге
асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, сонымен қатар, ақиқатқа
талпынысымен сипатталады. Осы орайда, тұлға өз жағдайларын өздері құрауы
тиіс. Себебі, өмірлік тәжірибелер арқылы тұлға өмірлік жоспарлар құрып,
болашақтарын өздері жасаған кезде ғана әлеуметтік ортаның белді мүшесі бола
алады. Сонымен қатар, осы әлеуметтік жағдайларға қатысушылардың әрекеттері
құралады.
Тұлға мен әлеуметтік ортаның қатынасын түсінуде оның жеке басының
ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор екендігі атап өту керек. Әлеуметтік
ортаның дамуы үйлесімді болуы үшін тұлға бойында жағымды қасиеттердің дамуы
маңызды мәнге ие болып табылады. Тұлғаның әлеуметтенуі
әлеуметтік–бақыланатын және бағыттылық–ұйымдасқан жағдайлар жиынтығынан
ғана емес, сонымен қатар, тосыннан болатын жағдайлардан да тәуелді болып
келетіні белгілі [100]. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz