Жастарды патриотизмге тәрбиелеудің негізі – этнопедагогикалық тәрбие



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жастарды патриотизмге тәрбиелеудің негізі – этнопедагогикалық
тәрбие

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: Біз Қазақстанның
барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін
дамытуға тиіспіз деп атап өткен болатын
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге,
төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге
тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім
беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін
айқындайтын бағдарлама деуге болады.
Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың
қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық
мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны
қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсеткен.
Біз тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге
сүйене отырып тәрбие жұмысының бағыттарының ішінде мынадай бағыт
айқындалғанын білеміз:
● Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге,
оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды
және патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық
мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруы тиіс. Балалар мен жастардың
азаматтық патриоттық білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық
тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс
әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру белгіленген.
Ондай әрекеттестікті біздің ұлы ойшылдарымыз ертеден -ақ ескеріп, өз
ойларын қосқан. Осындай адамның еркін әрекеттесетін мінез-құлқын
тәрбиелеуде Әл-Фараби:
Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез - құлыққа жеткізетін
әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Ол адамның жетілуі оның мінез-
құлқының жетілуіне сайма-сай келеді деген ойы арқылы қазіргі кезде
тұлғаның жеке қасиетін, мінез-құлқын қалыптастыруда жақсы әрекеттер
қалыптастыру керектігі туралы ой айтады.
Бүгінгі күндегі Еліміздің егемендікке жетуі халықтардың ұлттық
дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша
көқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін,
сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен
әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық,
батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік
көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.
Бұл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге қазақ халқының
этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-
қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және
оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі
Жалпы Қазақстанда тұратын халықтардың қазақ халқының ұлттық тарихына
деген қызығушылығын дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру оның
патриоттық сезімін тәрбиелеуде негізгі бағдар болады.
Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл
баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі,
Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Қазақстанның патриоты
дегеніміз:
1. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі.
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды
қорғауға дайын болуы.
3. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында
болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы.
4.Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның
таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы т.т.
Өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық
тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындарда жалғасын табуда маңызды.
Қазіргі ұрпақтың өз халқымен бірлігін сезінушілігі және өзін оның күллі
тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры мен нақты сақтаушысы әрі
жалғастырушысы ретінде сезінуінің мәні зор болмақ.
Патриотизм сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан,
атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен
оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне,
тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді .Оның қазақшасы-жерлес,
отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Осылайша, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық
сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар қашанда белгілі бір
ұлтқа, ұлысқа жатады.
Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген.
Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.
Оны Қазыбек би өз сөзінде былай келтіреді: Біз қазақ деген мал
баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.Елімізден құт
береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан
елміз;ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған
хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса, құл боламын деп
тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды дей отырып, қазақ
халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын,
такаппарлығын көрсетеді. Олай болса, біз жастарға осындай ұлағатты
сөздерді санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын силауға,
Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз.
Қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-
жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қабанбай т.б. батырлар
жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен, елін, жерін сүйген
батырлар. Мұндай батырларға арналған батырлар жыры да қазақтың елін,
жерін, Отанын сүюуінің негізі болып табылады.
Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ертеден қалыптасқан. Оған
қазақтың мақал- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі
ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жоғарғы мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбие дәстүрлерін пайдалану
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Пәндер