Жастардың бейресми бірлестіктерінің типологиясы

Әлеуметтік қызметкерлер мен соған сәйкес әлеуметтік қызметтердің
тарапынан ерекше назарды жастардың делинквентті топтары алады. Естеріңізге
сала кетейік: делинквент (лат. – құқықбұзушы) – мінез-құлқындағы теріс
қылықтардың шектен шығуы қылмыстық жазаланатын әрекет. Жастардың
делинквентті тобы – қорқыту арқылы және криминалдық кіші мәдениетті бойына
сіңірген, ұйымдастырушылық шеберлігі бар қылмыстық лидердің құқыққа қарсы
әрекеттер жасау үшін құрған бейресми бірлестіктері.
Бұл құбылыстың ауқымы туралы жанама түсінікті республикадағы
қылмыстық статистиканың мәліметтерінен көруге болады. 1991 жылы тек
жасөспірімдерден тұратын топтар 5832 қылмыс жасаса, 1992 жылы - 5525,
1993 жылы – 4616, 1994 жылы – 4269, 1995 жылы – 3277 қылмыс жасаған; ересек
адамдармен бірігіп, 1991 жылы – 2506, 1992 жылы – 2871, 1993 жылы – 5507,
1994 жылы – 4205, 1995 жылы – 3740 қылмыс жасаған. Қазақстанның
криминологтары топппен жасайтын қылмыстардың жастар арасында өсуін атап
отыр; егер 1997 жылы 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастардың 12058 қылмысы
анықталса, 1998 жылы – 14582, 1999 жылы – 14822 қылмысқа өскен.
Жастардың делинквентті топтарының қалыптасуы мекен-жайға немесе оқу
орнына байланысты аяқ астынан немесе жастар ортасына қылмыс әлемінен
әдейілеп енгізілген “лидер-орындаушы”дегеннің басқаруымен байланысты.
Мұндай процестің катализаторына ақша төлеуді қажет ететін мазмұнсыз бос
уақытты өткізу жатады, ол құқық бұзушылық жолымен алынады, ал топтағы
әрекеттің жасырын жүргізілуі жасаған әрекет үшін өзінің кінәсі мен
жауапкершілік сезімін ақырындап таратып жібереді.
Мұндай топтардың қалыптасуына жастар ортасындағы әртүрлі әлеуметтік
аутсайдерлерінің пайда болуы әсер етеді. Жеке бас деңгейіндегі аутсайдерлік
жақын социумның, соның ішіндежастардың оқуы мен тәртібіне, отбасындағы,
референттік топтағы жанжалға, жұмысқа орналасудың мүмкіндігі болмауына және
т.б. байланысты туындайтын әлеуметтік-экономикалық жіктелу себепті пайда
болады. Ірі өндіріс орталықтарында, қалаларда аймақтық аутсайдерлік
байқалады – ол халықтың сапасына қарай (білім, мәдениет деңгейі, өмір
салты, девиация мен криминализация, табыс деңгейлеріне) және өмір сүретін
ортаға қарай (тұрғын-үй-коммуналдық жағдайлары және т.б.) орталық
аудандардан әлдеқайда артта қалған шеткері аудандарда тұруға байланысты
пайда болған. әр түрлі себептерге байланысты аутсайдерлік жағдайда қалған,
қызығушылықтарын қанағаттандыруға және мүдделерін жүзеге асыруға
мүмкіндіктері шектелген жағдайларды бастан кешіріп отырған жастардың көп
бөлігі “қарсыласудың” делинквентті тәсілін таңдайды. Американдық
социологтар, “Преступность несовершеннолетних и их возможности: теория
молодежных криминальных групп” атты зерттеу жұмысының авторлары Р. Кловард
пен Л. Олиннің пікірлерінше, осындай жағдайларға тән реакцияға делинквентті
жастар тобының бірігуі жатады, мұнда жастар, біріншіден, олардың ойынша
бейнелі, өзінің өмір салтына сәйкес келетін қоғамдық тұтыну стандарттарына
сәйкестікте бірігеді, екіншіден, оларды “босаңсу”, фрустрациясын, ширығуды
зорлық көрсету арқылы босату, соның ішінде заңға қайшы келетін актілер
жасау біріктіреді.
Жас адамның делинквентті топқа кіруінің міндетті талабына оның өзіне
тән, ерекше “ұрылар” дәстүрін, салттарын, жаргон-тілінен тұратын
криминалдық кіші мәдениетті меңгеру болып табылады, сол арқылы топқа енуші
әлеуметтік тыйымдардан босатылады, оған басқа адамдарға қатысты өзінің
ерекше жағдайы туралы түсініктер беріледі. Делинквентті кіші мәдениетті
меңгере отырып, топтың жас мүшелері “қылмыстық құрылымдардың мүшелеріне тән
барлық қажетті қасиеттерді” алады: бүркемелену дағдылары, лидерлерді
сынамау, ұйымдасқан қылмыстың иерархиясында өсуге ұмтылу, ожар, арсыз болу,
қылмыс жасағанда қатігез болу, қылмыс әлемінде қабылданған мінез-құлық
нормаларын ұстану, еңбексіз табылған табысқа өмір сүруге дағдылану, қылмыс
жасау арқылы арамтамақтыққа үйрену”.
Зерттеу материалдарына сүйенсек, осындай топтар қылмыс әлемінің
ересек өкілдерінің қатысуы олардың бағытын анықтайды екен. Ересек адам
жасөспірімдерді өз еркіне бағындырып, оларды өз мақсатына жетуге бағыттап
отырады. Сондықтан ересектің қатысуымен құрылған топ әуел бастан-ақ бір
мақсатта құрылады – қоғамдық қауіпті әрекет жасау үшін. Ересек қылмыскер
оның үстіне бұл әрекеттері ашыла қалған жағдайда жасөспірімнің бар кінәні
өз мойнына “достық үшін”, “уәде бергендіктен” алуға үйретеді (делинквентті
кіші мәдениеттің әсерінен) және ол үшін жүзеге асыруға белгіленбейтініне,
белгіленсе де шартты түрде алатынын, болмаса сот үкімінің кейінге
қалдырылатынына сендіреді. Тәуелсіздік пен дербестікке ұмтылған жасөспірім
тез иланып, қоғамға жат элементтердің психологиялық әсеріне тез елігеді.
Ал, жасөспірімдердің ересектердің қатысуынсыз дербес жасаған
қылмыстары бөлек іс. Мұндағы қылмысты топпен жасаудың алдында жасөспірімдер
мен бозбалалар ұзақ уақыт бойы таныс болады, бірге бос уақыттарын өткізеді,
айналысатын істері, қызығушылықтары, әуестіктері бір болады. Делинквентті,
қылмыстық топ осындай бұрыннан қалыптасқан топтық – қарым-қатынастар мен
топтық психология негізінде қалыптасады. Бұл психологияда тұрмыстың теріс
әсерлері мен жас ерекшеліктері мынадай сүйкімсіз нысандарға ие болады:
жоғары эмоция – шыдамсыздық пен сылдықтан көрінеді; өзін-өзі көрсетуге
деген ұмтылыс – дөрекілік пен арсыздықтан; “ересек болуға” ұмтылыс – шектен
шыққан арсыздық пен парықсыздықтан көрінеді; еңбек дағдыларының болмауы –
бөтеннің еңбегіне деген немқұрайлықтан және т.б. көрінеді. Қылмыстық топтың
психологиясының өзі жасөсрірімдерді өзіне тартатын элементтері екенін есте
сақтау керек, олар: жалған романтика, жалған ерлік, қандай да бір
құбылыстарға көбіне шектен тыс шыққан арсыз, өзіндік бағалаулар, өмірдің
“тыйым салынған” жақтарына “еркектерше” кірісу деген ойлар және басқалары.
Осы психологияның шырмауында қалған жасөспірім өзінің көзқарастары мен
түсініктерін басқаша қалыптастыра бастайды. Топ психологиясында қалыптасқан
шектен тыс арсыз бағалаулар мен ойлар жасөспірімдер мен бозбалалар үшін
мінез-құлық қағидаларын басқаратын бұлжымас ережелері деп қабылданады.
Қылмысқа баруға да, қоғамға қарсы белсенділікке де топтың үлкен шешім
қабылдауы міне осыдан. Бұл топ жасаған қылмыстарға әрбір топ мүшесінің
қатысуынан да көрінеді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, осындай топтардың
мүшелерінің көп бөлігі – қатардағы орындаушылар (88%), тек аз бөлігі
ұйымдастырушылар (10%) және азғырушылар (2%). Сонымен қатар, көптеген
жасөспірімдер қылмыс жасай отырып, оны жай бұзықтық деп есептейді, жасаған
қылықтары мен қылмыстарының арасындағы шекті ажырата алмайды. Өткізілген
сауалнамаларға қарағанда, 50% жасөспірімдер өздерінің қылмыс жасағандарын
білмеген, 20% - болжаған, ал қалғандары білген, бірақ “ол туралы ойламаған
да”.
Көптеген делинквентті жастар тобы алғашқыда бос уақыттарын өткізуге
біріккен бейресми топтардың “дрейфтерінің” қылмыстық әркеттер жағына ауысып
кетуінен құрылады. Мұндай өзгеріп кетудің механизмі бүтіндей бір кешендер
факторынан тұрады: өзін “басқаларына” өздерінің кіші мәдениетінің сыртқы
атрибуттарымен ғана емес, күш көрсету, зорлық көрсету ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz