Жастардың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру жолдары


жастардың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру жолдары
Қай ғасырда болмасын оқу-ағарту, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Әрбір ұлттың, қай кезеңде болмасын алдында тұратын, ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы, өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы және отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 8 бабында ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани және тәни күш - қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан - жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Демек, жастарды жас кезінен - ақ өмірлік белсенді ұстанымы бар шығармашыл, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Сондықтан тәрбиенің қазіргі басты міндеті оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, экономикалық ойлауы дамыған, жалпы азаматтық құндылықты меңгертуге шығармашылық, іскерлік, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықтарды меңгере алатын, өмірлік мәселелерді шеше алатын бойында азаматтық пен патриоттық сезім қалыптасқан азамат тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге делелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекетміздің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды «Отаным» деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы - бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына Жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінен көруге болады. Мұнда: « . . . біздің балаларымыз бен немерелеріміз . . . бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп үміт артылады. Жастарды Отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Осыған орай, патриоттық тәрбие мәселесі - адамзат тарихының өн бойында ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілік қасиетін дарыту көкейкесті мәселе болып отыр.
Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында берілген нақты тапсырмалардың жартысына жуығы жастар тәрбиесіне арналғаны бекер емес.
Ендеше, адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету-заман талабы.
Жастардың тәрбие мәселесі- адамзат тарихының өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, ар тазалығы қала бермек.
Қазақстанда болып жатқан саяси әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз ету үшін, еліміздің тізгінін берік ұстауға қабілетті, парасатты отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеп шығаруды талап етеді. Ғасырлар бойы жинақталған халықтың бай рухани қазынасын және ғұлама ғалымдардың патриоттық тақырыптағы еңбектерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық ой-пікірлері мен отансүйгіштік тәрбие мұраларын зерттеу бүгінгі таңда жалпы ғылымаралық проблема болып табылады. Әр тарихи кезең өз ұландарын тудырады. Қоғамның заңы бойынша, уақыттың талап етуі бойында қабілеті бар жастардың тезірек өмір сахнасына шығуына негіз қалайды. ХХ ғасырдың басында жарқырап көрінген қазақ халқының кемеңгер ұлдары Ә. Бөкейханов, А, Байтұрсынов, М. Дулатов, О. Жандосов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Жұмабаев, І. Жансүгіров, Н. Төреқұлов, С. Қожанұлы, Т. Рысқұлов және т. б уақыт тудырған отансүйгіш азаматтары еді.
Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек, Әл-Фараби философиялық трактаттарында «Жақсы мінез-құлық пен ақыл біріккенде ғана олар адамшылық қасиеттер болып табылмақ», -деп жазса, Абай атамыз: «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат, осы үшеуінің басын қос, бәрін жүрекке билет» деген.
Осы үшеуі бір кісіде табылса, қасиетті адам сол. Қазақ халқы баласына болашақта елімнің арқа сүйер азаматы, келешек иесі, өмірімнің жалғасы деп қараған.
Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың
күмбірлеген күміс күйі мен сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендік саз, айтыс өлеңдері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, тәуелсіздік туы желбіреген егеменді елеміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін, жерін, отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді, қаны мен жанына сіңіруде осынау ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін негізге ұстансақ, өте ұтымды болар еді.
Екінші мыңжылдықта жастар қандай болу керек?-деген сұрақ әрбір саналы адамды
ойландырары сөзсіз. Тұлға, тұлғаны тәрбиелеу дейміз. Сонда тұлға деген кім? Ғалымдардың айтуы бойынша адамдар үш сатылы болады:
Индивид - өз бетімен шешім қабылдай алмайды, оған өмір бойы біреулер көмектеседі, өзінен-өзі қорқып, жасқанып жүреді, барға қанағат қылады.
Адам - білімі жетеді, өзі өмір сүреді, осы жетеді, жарайды деп тежейді, өзін-өзі асырай алады.
Тұлға - барды одан ары көбейтсем дейді, білген үстіне білсем дейді, туыс, көрші, дос-бәріне көмектеседі, оны бәрі біледі.
Сонда тұлға дегеніміз жаңа ақпараттармен таныс, білім алуға жаны құмар, жаңа технологияларды меңгерген, саналы, білімді, жан-жақты дамыған, дербес өмір сүруге икемді, үлкен әріппен жазылатын Азамат, Адам.
Ал патриот дегеніміз әр адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына- Отанына деген аса терең сезімі деп түсінеміз. Сондықтан қазақстандық патриотизм- Қазақстан Республикасын біртұтас Отаны ретінде қабылдап, өзін республика халқының құрамдас бөлігі сезінетін парызы болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында былай деп атап көрсетілген: "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу…".
Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің ұстаздардың алдына ғасырдағы құрушы іскер, мәдениетті, құзіретті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек деген міндеті үлкен мәселе. Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы 3 факторға: тегі, ортасы және тәрбиесімен тығыз байланысты.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.
Жетілген мінез-құлық - бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады. Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасы мәселе болып жүр. Балалардың өзінің мұғаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, жек-көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні де кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін.
Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет. Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.
Отбасылық тәрбие.
Жүзеге асырылатын міндеттер:
1 . Әлеуметтік қорғауды керек ететіндердің есебін алу.
2. Әр отбасында адалдық пен мейірімділік, жасы әр түрлі отбасы мүшелерінің рухани жақындығы мен мақсат бірлігіне негізделген тәрбиені пайдалану.
3. Бала тәрбиесінде ауыл тұрғындары мен туыстардың жауапкершілігін арттыру.
4. Бала өмірінің кезеңдерін есте қаларлықтай мерейлі, мақсатты түрде атап өту.
5. Ақсақалдардың, беделді балаға тәрбиелік әсерін, ықпалын тиімді пайдалану.
6. Денсаулығы нашар балалармен жеке жұмыс жасау.
7. Әр отбасын имандылық, адамгершілік тәрбиесінің ошағына айналдыру.
8. Ананы қадірлеу.
Тәрбиенің сапасы тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі кәсіби шеберлікпен жүргізуімен анықталады. Сондықтан педагогикалық толерантылықты тәрбиелеу қажеттігі пайда болды.
Осыған байланысты мұғалімдер алдында толеранттылықтың мынадай принциптерінің орындалу қажеттігі туындады:
- әрбір оқушының қателікке және мектеп жарғысының шекарасында жеке бас мінез-құлыққа құқығын мойындау;
- баланың жеке көзқарасы, принциптері, адамдар мен айналадағы дүниеге қарым-қатынасы болу құқығын мойындау.
Адамгершілікті, иманды, тәрбиелі адам - кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі. Осы мақсатта үкіметіміз мемлекеттік идеологиялық тұжырымдар жасады.
Патриоттық тәрбие жүйесінде мына бағыттарды анықтауға болады:
- рухани адамгершілік
- тарихи - өлкелік
- азаматтық-патриоттық тәрбие. Бұл бағыт құқықтық мәдениет, заңгерлік, саяси және құқықтық өзгерістер, мемлекетпен қоғамдағы өзгерістер, заң орындау, қызмет ету арқылы ықпал етеді.
- әлеуметтік -патриоттық . Рухани адамгершілік және мәдени тарихи байланысқа бағытталып, үлкен кісілер сыйластық сезімдері.
- әскери -патриоттық . Балалар бойындағы үлкен патриоттық сезімді, сүйіспеншілікті, Отанды қорғауға, әскери дәстүрді, әскери тарихты қалыптастыру .
- спорттық-патриотизмді дене спорты және дене шынықтыру сабақтары арқылы шыдамдылыққа, ерлікке, тәртіптілікке бағыттау.
Қазақстан Республикасының білім мекемелерінің тәрбие жұмыстарының мақсаттарына «Тәрбиенің кешенді бағдарламасына» сәйкес жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейі төмендегі өлшемдермен анықталады:
- Қазақстандық патриотизм мен азаматтық;
- Құқықтық мәдениет;
- Саяси мәдениет;
- Экономикалық мәденит;
- Кәсіби таңдауға дайындық;
- Отбасылық өмірге дайындық, гендер мәселесіндегі салауаттылық;
- Адамгершілік мәдениет;
- Толеранттық;
- Сыни ойлау дағдылары;
- Эстетикалық мәдениет;
- Экологиялық мәдениет;
- Салауатты өмір салты дағдылары.
Тәрбие мақсатын қарастыруда оқушыларға аталған өлшемдер арқылы негізгі мәдениеттерді қалыптастыру, мәдени құндылықтарды сезіну, болашақта оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына үлесін тигізеді. Ол біздің тәрбие жұмысымыздағы алып отырған тоғыз бағыттағы компоненттерден тұрады. («Кәусар бұлақ» тәрбие орталығының жұмысы)
Тәрбие-ұстаз шығармашылығының басты көзі, ал шығармашылық дегеніміздің өзі о бастан тән жеке сипатқа ие. Ұстаздың, сынып жетекшілігін атқарушы ұстаздың өзіне тән ұйымдастырушылық қабілеті сан қилы. Ата-анадан кейінгі екінші тәрбиеші-сынып жетекшісі екені аян. Баланы дамыту, ой-өрісін жетілдіру тұсында да кез келген ұстаздың шеберлігі шығармашылығымен өзара астасып келе бермейтіні белгілі. Ол үшін әрбір ұстаз баланың ішкі жан дүниесін түсіне білетін эмпатиялық қасиетке ие болу керек, оған жеке адам ретінде қарап, өз көзқарасына жүгіну керек. Атап айтсақ:
- Өзге адамды ешқандай баға бермей түсіне білу, оның жан дүниесіндегі кірбің мен торығу, қуаныш пен қайғыны қабылдай білу;
- Баланы ұялтпай, кемшілігін бетіне баспай, ақылмен жеткізе білу. Ол баланың өз ойын, сезімін еркін жеткізуіне мүмкіндік береді;
- Баланың мүмкіндіктері мен қабілетін жоғары бағалау, ішкі жан дүниесіне кіру арқылы шығармашылыққа баулу;
- Баланың басынан өткен оқиғаларға қарай көмек бере білу.
... жалғасыЕгер баланың жеке басын құрметтеуді құндылық деп есептейтін болсақ, оларды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz