Жастардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің орны
жастардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің орны
Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты мәселе. “Қазақстан
Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жж
арналған мемлкеттік бағдарламасы” туралы ҚР президентінің 2006 ж 10Х № 200
жарлығында ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие беруде 2006-2008 ған
бағдарлама (бұдан әрі мемлкеттік бағдарлама азаматтардың бойында жоғары
патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық
тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы, отанның мүдделерін қорғау
жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға
тәрбиелеу мақсатында құрылған.
1) Байыпты азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық пен этносаралық және
тұлғааралық өзара түсіністік сезімін қалыптастыру ықпал ететін
ұйымдастырушылық алғы шарттары мен шаралар жүйесін құру.
2) Қазақстандық патриотизм, төзімділікті, адам құқықтары мен жөніндегі іс-
шараларды (мен айтар едім жанұяда) және т.б.
Өркениетті азаматтық және тұлға аралық қатынастардың қалыптасуына
жағдайлар мен әлеуметтік алғы шарттар жасау болып табылады.
Патриоттық қасиет – бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы,
адам бойындағы негізгі құндылықтар болып табылады. Халқымыздың бойындағы
патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысыдан да
қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық
Құлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағаның алғырлығы,
еліне деген сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сінді”.
Патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патриотизм ұғымы XV ғасырдың
басында француз халқының ұлттық батыры Жанна д’Арк ұлтының тәуелсіздігі
үшін басқыншыларымен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды
көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар
едік. Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегідей сырттан келген
жаулаап алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан
сипатталды.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді,
үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған
негізгі міндет. Осыған байланысты ЖОО болашақ мамандарды дайындауда оқу-
тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық
үлгерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген
сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті
мәселелеріннің бірі болып отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан –2030” жолдауында: “Оқушыларды
қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық,
тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін
сіңіріп қалыптасуымыз керек,” – делінген.
Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге, жақынына, туған
қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады.
“Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрі сақтайды” деген
ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты
түрде мынадай іс-шараларға бөлуге болады:
- тілді құрметтеу;
- ұлттық салт-дәстүрді зерделеу;
- елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
- ата-бабалар өсиетін оырндау;
- жер байлығы мен табиғатты қасиеттеу.
Қазақстан ғаламдық гуманистік ойлау жүйесіне енді. Сондықтан, ондағы
әәрекеті адами гуманистік мақсат-мүддеге қайшы болмауы қажет. Бұл ретте,
Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілгені жөн. Аталған ерекшеліктерге
байланысты, қазіргі тәрбие жұмысын төмендегі тәртіпте қарастыруға мүмкіндік
бар:
1. Болашақ мамандардың халқының салт дәстүрін жетіле білуі патриоттық
тәрбиенің нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болу.
2. Жастардың Қазақстан республикасының мемлкеттік рәміздерін білуін
қамтамасыз ету, оларды құрметтеу сезімін қалыптастыру;
3. Қазақ халқының озық гуманистік құндылықтарын басшылыққа ала отырып,
жалпы қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
4. Болашақ мамандарды өз пікірлерін ашық айтуға, сөз бостандығына,
басқалардың пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан.
Оны таратып айтсақ, бұл – туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттың тілі,
дәстүрі, қамәдени ескерткіштері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары.
Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып,
ізгі де ерлік істердің бастауына аайналуы – патриотизмге тәрбиелеудің
арқауы. Ә.Қалмырзаев: “Бұл сезім әркімге әр кезеңде (яғни, әртүрлі жаста)
оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибе мен, жаспен,
уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлкеттік және қоғамдық
әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары,
бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен
қозғалыстар) әсерімен қалыптасады” деп жазады.
Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуына отбасы тәрбиесі әсер етеді.
“Ел болсам десең, бесігіңді түзе” – дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов.
Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдерімен тәжірибелері көп. Халқымыздың
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері
соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын
қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі, бала-шағаның баянды болуы жастардың
тағдыр-тәлейінің қалай қалыптасқанына байланысты. Сондықтан мектептер мен
өзге де оқу орындарының басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірбие жүзінде терең білім ала
отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу.
Жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен
адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм
сезімі асқақтай түседі.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті
Н.Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере
келе былай деп жазады: “Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде
мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім.
Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше,
оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері
баспайды...”. Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса, оқу
тәрбие үрдісін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе, сонда ғана
президентіміздің қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына
кіруге еңбек ететін 21 ғасырдың азаматын тәрбиелейміз.
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел
тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін,
қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы жастардың адами құндылық
қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі
қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-
жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз,
адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық
қасиеттерге айналады. Жастардың ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік,
сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық,
тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы,
мәдениеттілігі, т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Мысалы, қазақ
жастарының келбетін қалыптастыруда, мына модельді ұсынамыз (сурет 1):
Сурет 1. Қазақ жастарының келбетін қалыптастыру
Осыған орай мұғалім (тәрбиеші, сынып жетекшісі, ата-ана) қазақ
жастарының келбетін қалыптастыруда мектеп, ЖОО тәрбие жұмысында
төмендегідей қасиеттерді қалыптастыру керек:
- өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білу;
- әлеуметтік-саяси жағдайда, өз көзқарасы мен сеніміне, идеалына және
ізгіліктік құндылықтарға сүйене отырып мақсат қоя білуі керек;
- ұлттық санасы, азаматтылық отангерлік қасиеттері болып елінің
экономикалық және мәдени дамыған, әлемдік қоғамда сай орны бар зиялы
мемлекет болып қалыптасуына қатысуға талпынуы керек;
- заңды сыйлап және әлеуметтік жауапкершілікті болуы қажет, азаматтық
ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы болуы керек;
- өзін объективті бағалайтын және өзін дамытатын қабілеті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz