Кейбір қылмыстар үшін жауап алу тактикасы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Негізгі бөлім:

1. Жауап алу, оның түсінігі мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... .
2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
3. Жауаптың қалыптасу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер ... ... ..
5. Кейбір қылмыстар үшін жауап алу тактикасы ... ... ... ... ...

III. Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
IV. Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

Кіріспе

ҚР Қылмыстық істер жүргізу кодекісінің 134, 216, 217 – баптарына
сәйкес сезіктікмен айыпталуышыдан жауап алынады. Бұл баптарда
көрсетілген талап-тәртіптер бойынша сезіктіден ұсталған кезден бастап 24
сағат ішінде жауап алынатын болса, айыпталушыдан жауап алу айып
тағылғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірілмей жүргізілуі қажет.
ҚР Қылмыстық істер кодекісінің 119 – шы бабына сәйкес сезіктімен
айыпталушыдан жауап алу жазбаша нышанда жүргізіледі. Сезікті өзіне
қарсы туып отырған сезік жөнінде, сондай-ақ іс бойынша маңызы бар өзіне
белгілі өзге де мән жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге және
жауап беруден бас тартуға құқылы. Айыпталушы өзіне тағылған айыптау
бойынша сонымен бірге іске маңызы бар өзіне белгілі өзге де мән
жайлармен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы. Айыпталушының қылмыс
жасауда өзінің кінәсін мойындауы оның кінәлілігі бар дәлелдемелердің
жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негізіне жатқызылуы мүмкін.
Сезіктімен айыпталушыдан жауап алу маңызды тергеу әрекетінің
қатарына жатады. Қылмыстық іс жүргізу заңында алдын-ала тергеу
сатысында қылмыстарды тез әрі тиымды тергеп және жасалған қылмыс
бойынша қажетті негізгі мәліметтерді, фактілі деректерді алу сезіктімен
айыпкерден жауап алу болып келеді. Бұл өте күрделі процеске жатады.
Тергеушінің әрбір дәлелдемелерді табуға байланысты жасаған әрекеттері
заң бойынша күмән тудырса онда ол кінәлі адамның пайдасына шешіледі.
Сондықтан да тергеуші сезіктімен айыпталушының жауап алу алдында қылмыстық
іс бойынша жиналған айғақты заттарды, жәбірленушілермен куәлердің
көрсетулерін, сарапшының қорытындысын т.б. дәлелдемелерді жан-жақты
толық зерттеп, бағалап боғаннан кейін ғана сезіктімен айыпталушыдан жауап
алуы тиіс. Өйткені, сезіктімен айыпталушы жауапкершіліктен құтылу
мақсатында жалған мәліметтер береді. Сондықтанда оған сын көзбен қарау
керек. Алдын-ала тергеу барысында тергеушілер сезіктімен айыпталушылардан
жауап алу барысында қандай тактикалық әдіс қолданса, сонда ғана жауап
алу жан-жақты және толық болады деп есептей аламыз.

1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері

Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол
арқылы жасалған қылмыстыңмән – жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер
алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты
жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда,
жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл
тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс
жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуге тиісті. Бірақ іс
бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің
сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалық
әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда
көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер, қылмыстың
болған уақыты, оның орны, амал – әдісі, қылмысты кімдердің жасағаны, оған
қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен
мөлшері және қылмыстық оқиғаның басқа да мән – жайлары анықталады. Бұлар –
заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, қылмысты
оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай – ақ, жауап алу
арқылы тікелей қылмысты оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті
аралық мәліметтер де алынады. Айталық қылмыскердің қайда жүргенін, оның
мекен – жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға
тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің қылмысты оқиғаға тікелей
қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір
мән – жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап,
тергеушінің, соттың оқиғаның мән – жайына толық қанығып, тиісті шешім
қабылдауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, болған қылмыстың мән – жайын
қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз
қателігін дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады.
Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды.
Өйткені, істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен – бірінің
артықшылығы жоқ. Сондықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына
да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр
қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған
сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін.
Айып істегі барлық деректердің тұжырымды қорытындысына ғана негізделуі
тиіс.

2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу
әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді.
Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші,
біріншіден деректерді, құжаттарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен
толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында, қандай
мәселелерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап жазып алуы тиіс. Әр
жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай
кезекте қой керек екендігін, алдын – ала анықтап белгілеген жөн. Жауап
алуға дайындық үстінде қажет адамның мінез – құлқы, моральдық және
интелектуалдық қасиеттері жөнінде берілген мәліметтер жинап, ол адамның
кім, қандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта қалай сөйлесу керек
екендігін тергеушінің алдын – ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, қай күні алу
керектігін шешу керек. Бұл мәселені шешкенде, жауап алуға шақырылатын
куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік
жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақөыт
өткізбей дереу жауап алған жөн.
Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар
ма, жоқ па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері
жоспарланған, басқа да жұмыстар қат – қабат келген күнге жауап алуды
белгілеуге болмайды. Асығыс, шаршап жүргенде өткізілген шараның сапасы,
әрине, төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарланады.
Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда
жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйінен не ауруханаға барып
алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе
сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша,
қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәдан
жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған
куәнің ата – анасы да қатысады.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқталады. Жауап алынатын
әр адамға арнап қойған жоспарда оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі
қандай деректер мен фактілердің дәлелденетіні көрсетіледі, ол деректерді
қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру
тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте қажет. Көп көріністі істерді мұндай
жоспар істің мән – жайын толық зерттеп, анықтауға көмектеседі.

3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері.

Жауап алушы – тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және
қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін жауаптың куәнің, жәбірленушінің
ойында қалыптасу ерекшеліктерін есепке алу керек.
Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең –
оқиғаны, не істің басқа бір мән – жайын қабылдау (көру, есту), екінші – осы
қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші – осы мәліметтерді есіне
түсіріп тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.
Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәліметтердің толық
қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер объективті және
субъективті болып екі топқа бөлінеді. Объективті себептер – көруге, естуге
бөгет болатын жағдайлар, субъективті – есту, көру мүшелерінің қабілеті.
Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиған шұғыл, тығыл –
таяң уақытта қабылдау, жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты шуда
нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауа – райының жаман болуы,
қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық
және анық көріп, естіп, қабылдауына бөгет жасайды. Оқиға жөніндегі
ақпараттың толықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда
тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.
Қабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап беріп
отырған адамның қабылдау мүшелерінің кемістігімен, есту, көру мүшелерінің
қабылдау қабілетінің төмендігімен бірге, оқиғаны толық және анвқ қабылдауға
жауап беруші адамның мамандығы, жасы, интелектуалдық қабілеті, ол оқиғаға
зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жоқ па, міне, осының бәрі әсер
етеді. Айталық, жол – көлік оқиғасын екі куә бір кезде, бірдей жағдайда
көрді дейік. Куәләрдің біреуі- айталық қарт адам, екіншісі – автокөлік
жүргізушісі, екеуі де оқиғаны бір жерден бірдей қашықтықтан көрді дейік.
Мұндай жағдайда осы екі куәнің қайсысынан оқиға жөнінде толық мәлімет алуға
болады? Әрине, оқиғаны блірдей жағдайда көргенімен толық мәліметті
жүргізуші бере алады. Ол машинаның маркасын, түрін ғанан айтып қоймай, қай
машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере алады.
Байсалды, сабырлы адамның оқиғаны қабылдау қабілеті, аңғалақ, жеңілтек
адамға қарағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар, оқиғаның кейбір
көзге көп іліне бермейтін маңызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, ал аңғалақ
адамдардан мұны күту қиын. Сондай – ақ, әсіресе, жасы толмаған, куә
есебінде жауап алынатын балалар, көрген оқиғаға қиялдағысын қосып, өсіре
айтуы, сөйтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондықтан тергеуші жас
балалардан жауап алғанда олардың осындай психологиялық ерекшеліктерін
ескеруге тиіс.
Жауаптың толықтығына, шындығына, сонымен қатар куәнің, жәбірленушінің
болған оқиғаны ұмытпай ойында сақтау қабілеті де әсер етеді. Ал, ондай
қабілет әр адамда әртүрлі – кейбіреулер белгілі бір қимыл – әрекетті есте
жақсы сақтайды, екінші біреу – көрген жерін ұмытпайды, сондай – ақ
нстігенін есте жақсы сақтайтын, керісінше, өте ұмытшақ адамдар бар.
Тергеуші жауап алғанда осының бәрін ескеріп, қажеттілік туса ұмытылған
жәйттерді еске түсіру үшін қолайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек.
Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толық айтып жеткізу қабілеті де
әр адамда әртүрлі. Жауап алғанда бұл да мұқият ескерілуі тиіс. Жауап
куәнің, не жә3бірленушінің болған оқиғаның мән – жайын еркін баяндауынан
басталады. Куә, не жәбірленуші, өзінің өтініші бойынша, жауап бергеннен
кейін, жауабын өз қолымен жазуына құқығы бар. Тергеуші толық жауапты
естігеннен кейін, жауап беруші адамға қосымша сұрақтар қойып, істің кейбір
мән – жайын нақтылайды.
Қосымша сұрақ бергенде тергеуші заңда көрсетілген тәртіпті ескеруі
керек:
· қойылған сұрақтардың анық және түсінікті болуы, куәні, не
жәбірленушіні шатастырмауы тиіс;
· жетектеуші сұрақтарды қоюға болмайды;
· берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, қорлауға,
қорқытуға бағытталмауы керек.
Жауап алғанда тергеу әрекетін жүргізуге қолайлы, тиімді жағдай жасалуы
тиіс. Егер куә асып – сасып, ренжіп, қобалжып отырса, оның көңілін жуатып,
жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек. Әрине, жауап
алғанда куәнің, не жәбірленушінің мінез – құлқын, мінезінің психологиялық
ерекшеліктерін ( мақтаншақ, қызба, сабырлы) ескерудің маңызы айрықша.
Себебі мұның бәрі тергеушінің жауап үстінде дұрыс тактикалық бағыт ұстауына
негіз бола алады.

4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер.

Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір
қарым – қатынас қалыптасады. Психологиялық тұрғыдан ол қарым – қатынас
олардың көзқарасында қайшылықтың бар – жоғына байланысты орнығады. Егер
жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән – жайын толық айтып
отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.
Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мән
– жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік,
яғни қайшылықты жағдай деп саналады.
Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір
тактикалық әрекеттер қолданылады.
Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мән
– жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші
жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып,
әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбур етуге бағытталады.
Кейбір куәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жауап үстінде
пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да, ал сезікті адамдардан және
айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған
байланысты жауап алуда қолданылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық
жағдайға сәйкес қарайық.
Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жағдай туғызса, оның
асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны
хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап
алуға болады, себебі мұндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны
белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез
түсіреді. Сонымен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай
қайталатса жауап беруші оқиғаның кейбір мән – жайын есіне түсіріп, өзінің
жауабын толықтыруы мүмкін.
Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі кездесетін әдіс – ол жауап
беруші адамның ойын жаңғыртуға бағытталған әрекет. Егер жауап беруші екі
оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші
оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге
қажет оқиғаны да есіне түсіреді. Айталық, куә Б. – ға тергеуші мынандай
сұрақ қояды.
Тергеуші: сіз азамат Садықовты танисыз ба, егер танысаңыз оны осы
жылғы тамыздың басында көрдіңіз бе?
Куә Б: Садықовты танимын, бірақ оны тамыздың басында көрген, не
көрмегенім есімде емес.
Жауап берушінің ойында белгілі бір фактілерді қайтара жаңғыртуына
сонымен қатар, жауап үстінде құжаттарды, фотосуреттерді көрсету де үлкен
әсер етеді. Кейде куә көрген адамның бет – әлпетін сипаттап беруде
қиналады. Мұндай жағдайда криминалистикада қалыптасқан, бет – әлпетін
сипаттау терминдерін айтып көмектесуге болады.
Егер тергеуші жауапты оқиға болған жерде барып алса, жауап беруші
көптеген мән – жайларды қайтадан көз алдына келтіріп, оқиға жөнінде
толығыпақ, қанықты жауап бере алады. Естіген фактілерді де ойға түсірудің
тиімді әдістері бар. Айталық, куә бір кісінің тегін, немесе есімін есіне
түсіре алмай отыр дейік, бірақ ол кісінің тегі А. Әрпінен басталатынын
ұмытпаған. Мұндай жағдайда оған телефон анықтамасы берілсе, ондағы
есімдерді тізбектей оқи келе ұқсас есімге келгенде ол ұмытылған есімді
есіне түсіріп, айтып береді.
Жауап алушы және жауап беруші адамның арасында қайшылықты жағдай
қалыптасқан кезде, басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап
беруші адамның өтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мұндай
жағдай көбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айыпкердің қылмысты мен
жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде болдым деп шындықтан жалтарған
кезінде болады. Мұндайда айыпкердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең
бірінші тәсіл - жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұсақ
оқиғалардың бәрін қамту. Біріншіден, мұның, яғни ең елеусіз сәттерге дейін
ескеріліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші
адамның өтірігін шығаруға көмектеседі. Екіншіден, айыпкер жалпы оқиға
бойынша беретін жауабын алдын – ала дайындап келгенмен сұрақтың бұлай
қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз өтірігін өзі
шығарып алады. Әсіресе, қайта жауап алғанда осылай болады.
Жауапкер адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті
бойынша жиналған басқа дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді пайдалану
керек.
Деректі пайдалану тәсілдері бар. Ең алдымен дәлелдеме есебінде
елеусіздеу деректерді айыпкерге көрсетіп, оны мойындамаса неғұрлым маңызды,
бұлтартпас деректерге көшіп, жалған жауапты әшкерелеуге болады.
Айталық, айыпкердің бір пәтерден шыққанын екінші біреу көрді, бірақ
айыпкер ол пәтерде болғанын мойындамады делік. Мұндай жағдайда стол үстінде
қалған бөтелке мен стаканды, стаканда айыпкердің қалған қолтаңбасын
көрсетіп, айыпкердің бұл пәтерде болғанын тергеуші мойындаттыра алады.
Қолтаңба сараптама қорытындысымен бекітілуі тиіс.
Айыпкерден жауап алудыцң тағы бір тактикалық әдістерінің бірі ішкі
істер органдары арқылы жауап алу процесіне жедел – іздестіру дерекетерін
пайдалану.
Мұндай деректер:
· жауап берушінің қылмысты оқиғаға қатыстылығын, оның жасалған қылмыс
жөнінде қаншалықты хабардар екендігін болжаттыратындай жеке сипатына,
тергеу кезінде оның аталған істің нәтижесіне мүдделілігіне;
· қылмыстың жекелеген элементтерін жариялауға немесе қылмыстың
ашылуына;
· жауаптау кезінде алынуы мүмкін дәлелдемелерді тексеру әдістеріне
қатысты пайдаланылады.
Аталған деректерді жауап алу барысында пайдалану сипаты әрқилы. Егер
жауап берушінің жеке басына қатысты мәліметтер жауап алу тактикасын
сараоаған кезде ескеріліп, бірақ оның жауабында айтылмаса, жауапты
тексерудің мүмкін жолдары туралы мәліметтер, жауап алу процесінде ғана
ескерілсе, онда қылмысты оқиға және оның жасалу тәсілі туралы жедел -
іздестіру деректері, жауап берушінің жауабына қолданылуы керек.
Жауап алу кезінде жедел – іздестіру барысында алынған деректердің
орнын мейлінше құпияландырудың маңызы өте айрықша. Сондықтан, тергеуші
жедел – іздестіру деректері бойынша айыпкерден жауап алғанда, қойылатын
сұрақтарына өте мұқият болуы тиіс. Егер жауап алу күрделі жағдайда өтетін
болса онда тергеуші ең маңызды сұрақтарды алдын – ала іріктеп, құрастырып
алғаны жөн. Жедел – іздестіру деректерін пайдаланғанда, мұның маңызы өте
зор болады. Әйтпесе, сәтсіз қойылған бір сұрақтың өзі жедел – іздестіру
деректерінің алынған көзін айыпкерге сездіріп алуы әбден мүмкін.
Сондай- ақ мұндай деректерді қай кезде, қалай пайдалану керектігін де
ескеру қажет. Жедел – іздестіру деректеріне қатысты сұрақтар, оның құпиясы
берік сақталған кезде қойылуы тиіс.
Жедел – іздестіру деректерін белгілі бір мәліметтермен бірге
қатарластыра пайдалануға болады. Мұндай жағдайда бұл деректерге жауап
берушінің назары әдейі аударылмайтындай деңгейде әрекет еткен жөн.
Жедел – іздестіру деректерін пайдаланудың барлық әдістерін егжей-
тегжейлі сипаттап беру мүмкін емес. Өйткені, ол тексерілетін нақты іске
байланысты өзінің ерекшелігімен, өзіндік тәсілдерімен анықталады. Дегенмен,
криминалистика ғылымы жедел – іздестіру деректерін пайдаланудың жалпыға
мейлінше ортақ бірқатар тәсілдерін ұсынады. Ондай тәсілдер төмендегідей:
a) Жауап алу барысында сұрақтардың сипатына орай айыпкер оның шыққан
кезін байқап қалатын деректерді пайдаланбағаны жөн;
b) Егер қолданылған шаралардың барысында айыпкердің қылмыстық жолмен
жинаған құнды заттары, мүліктері, т.б. заттай айғақтары жасырылған
жерлерді анықтайтын қайсыбір деректер табылса, ол заттарды, не
мүліктерді тергеу әрекеттері (тінту, т.б.) арқылы қолға түсіріп,
содан кейін ғана оның нәтижелерін, жауап алу кезінде пайдалану өте
орында болады. Мұның өзінде бұл заттай дәлелдемелердің қалай
алынғандығын айыпкер білмеуі тиіс;
c) Жауап алу барысында қаралатын іс бойынша барлық айғақтарды айыпкерге
толық көрсетуге асықпау керек. Мұндай асығыстық тергеу орнына
қайсыбір заттай дәлелдемелеодің қалай түскенін айыпкердің байқап
қалуына соқтыруы мүмкін;
d) Егер жауап алушыға жедел – іздестіру шараларын жүргізу барысында
анықталған қайсыбір фактілерді жауап алу жөніндегі хаттамаға енгізу
қажеттігі туындаса, ол фактіні растайтын жәйттерді (уақытқа,
тұраққа, т.б. байланысты) алдын – ала мұқият тексеріп алу керек.
Егер жауап беруші тергеушінің назарын аударған мәселеге қажет
қосымша деректерді білдірсе, ол деректер ұсақ – түйегіне дейін
сұралып кейінегжей- тегжейлі тексерілуі тиіс.
Қылмыскерлер, әсіресе, аса қауіпті қылмыскерлер, сондай- ақ басқа да
заттай дәлелдемелердің, келтірілген құжаттардың бұлтартпайтындығына көздері
жеткен, бірақ қылмысын қалай, қандай жолмен болсын мойындаудан бас тартуға
әбден бекінгендер жаңағы заттай дәлелдемелердің, құжаттардың көзін құртуға
тырысады. Сондықтан тергеу кезінде оны сақтау, қорғалуына мейлінше мұқият
болу керек. Ол құжаттарды айыпкерге үстелдің әйнегінің астына қойып көрсету
немесе оның көшірмесін жасау, сондай-ақ жауап алу кезінде айыпкердің заттай
дәлелдемелерді немесе құжаттарды құртып жіберуінен сақтану үшін екінші бір
куәні де жауап алу процесіне қатыстырып, сақтық шараларын қолдану керек.
Берілген жауап хаттама жазу арқылы бекітіледі. Қосымша бекіту әдісі
есебінде дыбыс және бейнежазбалары қолданылады.

5. Беттестіру тактикасы.

Қылмыстық істі тергеу үстінде өте жиі кездесетін жағдай – бұрын жауап
алынған адамдардың жауаптарында елеулі қайшылықтардың болуы. Мұндай
жағдайда, осы қайшылықтарды анықтап,оны жою үшін оларды беттестіріп, жауап
алынад. Яғни беттестіріп жауап алу дегеніміз бұрын жауап алынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
Жауап алудың түсінігі, маңызы және түрлері
Жедел іздестіру қызметінде қолданылатын жалпы іс шаралар
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың сот процесiне қатысуы
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Криминалистика пәнінен дәрістер
Қылмыстық топтар сипаттамасы
АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ
Ұрлық қылмыстарын криминалистикалық тергеу әдістемесі
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Пәндер