Жаhандану және бүгінгі ұрпақ


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жаhандану және бүгінгі ұрпақ.

Егеменді ел болып, өз тұғырымызды, ұлттық болмысымызды, ұлттық құндылықтарымызды түгендеуге жол ашқанымызда, жер бетінде қалыптасып, қанатын кеңінен жайып келе жатқан жаһандану атты ғаламда саяси, мәдени, әлеуметтік және экономикалық бағытта үстемдік еткен идеологиямен санасуға тура келді. Себебі, кеңестік темір құрсаудан босағаннан бергі уақытта жаһандану элементтері біздің өміріміздің барлық саласында ептеп орын алғанына көзіміз жетіп отыр. Барлық елдерге қонысын салған жаһанданудың саяси астарын анықтап көрелік.

Батыстық жаһанданудың аражігі қандай?

Қазіргі кезде жаһандану үрдісіне әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Батыстың Алмонд, Истон сияқты ғалымдары жаһанданудың тиімді әрі жақсы жақтарын ғана суреттейді. Олар бұл қоғамның, жалпы, әлемнің динамикалық және прогрессивті дамуы деп түсіндіреді. Оған Ресейдің бірқатар ғалымдары жаһандануды Батыстың пиғылының күн санап жүзеге асып жатқандығын баяндайды. Яғни, орыстың Пугачев, Панарин, Ильин тәрізді ғалымдардың айтуынша, жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтар жойылып, олардың орнын әлемге ортақ құндылықтар басады. Бұл ғалымдардың да айтып отырғаны өзінше дұрыс шығар. Бірақ, сынаржақ пікірдің жетегінде кетуге болмайды. Рас, әлемде мойындалған жаһанданудың басты принципі - қоғамның әртүрлі саласында әлемдік ортақ құндылықтар қалыптасу керек деген қағидадан тұрады. Демек, біз әлемдік қауымдастықтың субъектісі болғаннан кейін қаласақ та, қаламасақ та, жаһанданумен бетпе-бет келіп тұрмыз. Дәстүрлі отбасылық тәрбиеден бойы алыстаған Батыс қоғамы қазір салы суға кеткен адамның күнін кешкендей кейіпте отырғанын басқадан жасырса да, өзінен жасыра алмайды. Мәселе бұл жерде Батыс қоғамын қаралау емес, қалыптасқан жағдайды әділетті айту. Абай атамыз «Жетінші қарасөзінде»: «Жас бала анадан алғаш туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды» деп тән құмарын ашықтайды. Жаһандану аясындағы Батыс қоғамы осы тән құмарына қатты көңіл бөліп келеді. Қазіргі Батыс футурологтары, мәселен, Френсис Фукуяма былай дейді: «Осы заманғы ғылымның дамуы барлық қоғамға бірдей әсер етті. Оның екі себебі бар. Біріншіден, техника - оған иелік етіп отырған елдерге белгілі бір дәрежеде әскери артықшылықтар береді. Ал халықаралық қатынастарда кез келген уақытта болуы мүмкін соғысты ескерген, өзінің тәуелсіздігін бағалайтын әрбір мемлекет қорғанысын жетілдіру қажеттігін ескермеуі мүмкін емес. Екіншіден, қазіргі заман ғылымы - экономикалық өнімділіктің өсіміне бірдей кеңістік жасап береді. Техника - шексіз байлық жиюға, адамның үнемі, тоқтаусыз өсіп отыратын қалауларын қанағаттандыруға жол ашады». «Құлды құл десе, өлгісі келеді, биді құл десе, күлкісі келеді» дегендей, нәпсінің қажетіне керектің бәрін беріп отырған батыстық «технократтық қоғам» қанша зайырланса да, әлеуметтік деңгейде әділетті демократияға бет бұрса да, қу құлқынның құлдығы нәпсінің мақсұтынан алдыға жылжып шығар емес. «Демократия», «Еркіндік», «Либералды-Экономика» және т. б. институттардың барлығы да сөз жүзінде дұрыс. Ал бірақ ішкі мағынасында, мазмұнында жеке бастың үстемдігін мойындап, соған қызмет қылудағы қатынастарды реттейді. Олардың айтуынша, адам бойында екі түрлі ұмтылыс бар: тән қажеті және жан қажеті, сырттай қарағанда, Абайдан алшақ кеткен жоқ сияқты. Бірақ бұлар жан қажеті ретінде бүкіл ерік-жігерді басқалардан артық болуға, өзгеше болуға, үстем болуға жұмсауды айтады. Адамның хайуаннан негізгі ерекшелігі осы деп есептейді. Ешбір хайуан тән қажеттерін өтеп болған соң, енді абырой іздейін, атақ, мансап іздейін, біреу мені мақтасын, дәрежемді көтерсін деп ұмтылмайды. Дегенмен, олар адамдағы жан қажеті осы деп түсіндіреді. Шындығында, Абайдың түсінігіндегі жан құмары бұл емес! Бұл жерде айтылған мақтан-мансапқа ұмтылу - керісінше, адамды адамдықтан айыратын нәпсәни қажеттіліктер. Адамды құлдыққа (нәпсінің құлдығына) душар ететін ең күшті зор қуат - осы. Абай айтатын тән қажеті мен жан қажетін айқын ажыратып алмай тұрып, еркіндік туралы айтудың өзі қиын. Яғни құлдықтың басы - білімсіздік, надандық, ал құлдық сананың өзі осы тән қажеті мен жан қажетін айыра алмаудан шығады.

Жаһандану дегенде ең бірінші ойға оралатын оймақтай ғана орам, ол - шекарасыз қоғам. Қоғам болғаннан кейін адамзат үшін пайдасы да, зияны да болмақ.
Қоғамтанушылардың талдауына құлақ түрсек, адамзат ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап Жаһандану деген термин етек алды. Бұл термин «Шекарасыз әлем», «Біртұтас әлем» деген ұғымды білдіреді.

Мен елімді жахандық қауіп-қатерлердің ықпалынан алып шығудың 2жолын ұсынамын:

1. Отбасы институтын азаматтық қоғамға сай ұлттық негізде реформалау (қыз бен бала тәрбиесін мықтап қолға алу, әке мен бала, ана мен бала, ер мен әйел арақатынасын реттеу, олардың хал-жағдайларын жақсарту т. б) . 2. Қоғам және қоғам тәрбиесін ұлттық-жахандық үлгіге сай заңдық негіздемеде қайта құру және үнемі бақылауда ұстау миссиясын әділ түрде қолға алу .

Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар. Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, ұждан, абырой, борыш, т. б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т. б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма» - деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс - адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс - адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-кішілерге, қоғамға т. б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т. б. Мораль, адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасы арқылы біліп, түсінеді. Ата-ана парызы - өтелмейтін парыз. Соның ішінде ананың орны ерекше. «Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың», - деп халық бекер айтпаған. Халықтық тәлім-тәрбиеде әкенің де орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына «әкең біледі», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен бұрын асқа отырма» деп барлық нәрсені әкесінің нұсқауымен істеуге үйретуі әкенің қазақ отбасындағы орнын көрсетеді. Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін дәлелдейді. Өкінішке орай, бұл аталған қазақи тәрбие құнсызданып, нарықтық жахандануға жұтылудың сәл-ақ, алдында

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану үрдісінің Қазақстан мәдениетіне әсері
Ұлттық тәлім-тәрбие дүниесін қалыптастырушы факторлар
Әлеуметтік өзгерістер кең мәтініндегі Қазақстан жастар мәдениетінің ерекшелігі
Жастардың дәстүрлі мәдениетке қатынасы
Ұлы дала тарихы
РУХАНИ ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОТАНШЫЛДЫҚ САНА-СЕЗІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсері туралы
Қазіргі қазақ жастары
Жаһандану үрдісінің дамуы және таралуы жайлы сандық ақпарат түрін табу
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі заман талабы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz