Жаяу жүру туризмі



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жаяу жүру туризмі
Туризмнің денсаулықты сақтау мақсатындағы жүгіруден де артықшылығы бар.
Өйткені туристік жүрістің (практика дәлелдеген) жүгіруден гөрі адамның
тіреу-қозғалу аппаратына зияны аз. Жүгіру кезіндегі адам денесінің
солқылдауы оның дене салмағынан 2-3 есе артық, сондықтан да ол аяққа,
тізеге, сіңірге зақым келтіруі мүмкін.
Егер туристер белгілі бір уақыт ішіндегі қозғалу жүктемесін кеңістікте
көбейткісі келсе, жаттығудың жүгіріс-жорық деген аралас түрін қолдануына
болады. Бұл жаттығу жай жаяу жүру мен жүгіруді айырбастай алады.

Туризмде ауыр дене жүктемелері белсенді қозғалыстың, толыққанды демалыстың
заңына бағынады. Мамандар туристердің сарқыраған өзен жағасында, тайгадағы
шу мен желдің гуіліне қарамастан тапжылмастан бір жағымен беретініне таң-
тамаша қалады.Дәл осындай ұйқы ғана адамның бұлшық еттері мен басқа
органдарының энергия шығынын қысқа уақыт ішінде толтыра алады.
Туризаді ақылға саалып ұйымдастыра білсек халқымыздың науқасын 30%-ға
төмендетуге болады. Қазақстан, оның ішінде Алматы қаласы үшін медициналық-
физиологиялық және әлеуметтік туризмнің маңызы өте ерекше. Қазақстанның
оңтүстік астанасының тұрғындарына туризм рекреациялық құрал ретінде барлық
белсенді демалыс пен спорттың және қала маңында өткізілетін медициналық-
сауықтырудың түрлерінен әлдеқайда маңызды және пайдалы. Алматы
тұрғындарының денсаулығына гиподинамия мен эмоционалдық күрделіліктер ғана
емес, қоршаған ортаның шектен тыс жайсыздығы кері әсер етуде.
Туризмнің белсенді түрі спорттың басқа түрлерінен, өзінің қозғалыс
техникасы кептілігімен ерекшеленеді. Қазіргі кезеңде алда тұрған басты
мақсат — адамның генетикалық тұтастығы мен дене мүмкіндіктерін сақтап
қалу. Әйтпесе гиподинамия мен жайсыз қоршаған орта адамды биологиялық түр
ретінде жоятын түрі бар. Еске түсірейікші, адам хайуанаттар ортасынан
бөлінген соң оның қимыл-қозғалыстары негізінен аң аулау, терімшілік
процесінде ұзақ жаяу жүру, жүгіру және тапқан тамағын арқалап тасу болды.
Бұл қиын қимыл-қозғалыстар әсіресе Жерді ұлы мұз басу дәуірінен кейін
басталды. Себебі адамдар мамонттар секілді ірі жануарларды аулауына тура
келді емес пе.
Адам жаяу жүру ауырды көтеру, атқа, түйеге немесе есекке міну, ескекті
және желкенді қайықтарда жүзудің арқасында биологиялық түр ретінде жақсы
дамыды. Өндірістік астаң-кес-теңнен, паровоз, пароход, автомобиль,
сомолеттер, ірі кәсіпо-рындар пайда болғаннан адам өмір суретін орта
ластанып, адам организмнің деградациясы басталды. Ал қазіргі гиподинамия
мен экология мәселелері адамның емір сүруіне әжептеуір қауіп төндіруде.
Жоғарыда айтылған ойлардан айқын ала екі түйін жасауға болады. Бірінші,
адамның ендігі биологиялық түр ретінде аман қалуы оныі көне қимыл-
қозғалысының технологиясы арқылы экологиясы таза ортада,яғни белсенді
туристік саяхаттар арқылы ғана болуы мүмкін. Екінші, туризмнің
экономикалық пайдасынан гөрі медициналық-физиологиялық пайдасы бірінші
кезекте тұру керек, өйткені оның адамның биологиялық түр және әлеуметтік
тұлға ретінде сақталуында маңызы зор.
Туристік индустрияның экономикалық пайдасы экономиканың басқа
секторлармен деңгейі бір. Туристік саланың өзіндік сипатының болуы оның
ресурстарының жаңарып отыруымен, экономиканың басқа сек-торларымен
салыстырғанда салыстырмалы түрде тәуелсіздігі мен ерекшеленеді.
Экономиканың басқа секторынан туризмнің пайдалылығы Қазақстан
Республикасының XXI ғасырдағы өнеркәсіптік саясатын айқындайтындығымен де
өте маңызды
XX ғасырдың 90-жылдарындағы негізгі инвестиция шикізатты өндіруге
жұмсалып, олар алыс шетелдерге сатылды. Тек шикізат сату ғана Қазақстанға
валюта қорын жинауға, өмір сүруге мүмкіндік береді деп есептеліп келді.
Шикізат 1994 жылы 3,54 млрд. долларға, 1997 жылы 7,05 млрд. доллар-ға
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау туризмінің бағыттары
Белсенді туризм тарихы
Жаттығу саяхаттарын және туризмнің барлық белсенді түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу
Спорттық-сауықтыру туризмі туралы
Туризм түрлері туралы мағлұмат
Спорттық және жорықтық туризм
Экстремалды туризмнің мақсаты
Туристік жорықтар
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Пәндер