Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық сана – сезім қажет



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
жеке тұлғаны қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің ролі

Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген
білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат
әкеледі деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін
негізгі категорияларының бірі - тәрбие. Тәрбие адам тағдырын
ойластырады, болжайды, алдын ала адамның рухани өмірінің көптеген
негіздерін сақтайды. Тәрбие үрдісінде ғана адам рухани жетіледі.
Адам тіршілігіне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие
де – адамзат тіршілігінің міндетті шарты. Сол себепті философ
В.Соловьев адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын
заты емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі
жағдайы деп адамгершіліктің құндылығына ерекше тоқталған.
Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып
келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі,
діңгегі десе де болады. Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол дей
келіп, адамның ұлы болу үшін кісіге нұрлы ақыл, ыстық қайрат,
жылы жүрек керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп
кетті.
Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық сана – сезім қажет.
Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен
бітеді. Осы ұлы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын - ұстаз, ата –
ана, тәрбиеші, қоршаған ортасы екені дау туғызбайды.
Осы жерде орта білімнің мазмұнында тұлғаның құзыреттілігін
қалыптастыруға баса мән берілгенін айрықша атап өткен жөн. Мектеп
оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие
беру тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Мектеп оқушыларына
тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз
күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның
өзіне тән сапасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар
екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға
ықыласын арттыру олардың ақыл – ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін
дамытып, оны қоғам талабына сай асыруға көмектеседі делінген.
Бұл жұмысты ең алдымен тәрбие жоспарын жоспарлаудан бастап,
оны жүйелі жүргізумен ұштастыру керек. Тәрбие жоспарында басты екі
мәселе орын алады, олар: тәрбие сағаттары мен сыныптың
диагностикасы. Тәрбие сағаттарын да жаңа технологияны кіргізіп, шоу,
скетч, сахналық қойылым сияқты өзгешелеу етіп өткізсек, балалардың
ойлау қабілеті, шығармашылық қасиеттері және әр баланың бойындағы
өзіндік ерекшеліктері байқалып, әр баланы жеке тұлға ретінде танып,
онымен жұмыс істеуді әлдеқайда жеңілдетеді. Педагогиканың ең басты
мақсаты – тәрбиелеуге сайсақ, онда шығармашылық адамгершіліктің үлкен
әлеуетіне ие етеді, ал ақыл – ой мәдениеті адамның жалпы
адамгершілік мәдениетін тәрбиелейді.
Үнемі жаңару үстіндегі педагогикаға мұндай өзгеріс қалыпты болса
керек. Өмір өзгереді, балалар өзгереді, педагогика өзгереді. Ескісі
немесе жаңасы болсын, әрбір әдістеме өз шегіндегі жағдайларда
жақсы, сол шекті жағдайлар өзгерсе, педагогиканың әдіснамасы да
өзгереді, ал жақсарулардың шегі жоқ екені белгілі.
Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір
ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін
әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен
танысу керек, - деп қазақтың ұлы ақыны , ағартушысы Мағжан Жұмабаев
қалай дәл тауып айтқан.
Білімденудің ошағы – мектеп. Тәрбиенің ауданы одан кең, түбі
терең. Адамның өсетін, жетілетін балалық, жеткіншектік дәуірі түгілі,
тәрбиенің әсері жігіттік, кекселік кезде де қалмайды. Тәрбие
сәулесі түспейтін адамның ешбір қалтарысы жоқ. Тәрбие болмаған жерде
шын ақылды, мәдениетті өмір де болмақ емес деп, классик жазушы,
тәлімгер ғалым Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, тәрбие беру -
үздіксіз процесс блғандықтан, заман талабына сай жаңа әдіс-
тәсілдерге сүйенген тәрбие жұмысын жалғастыра береміз. Жеке тұлғаны
қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де
тиісінше пайдаланамыз. Жаңа әдіс-тәсілдерді біз берісі отандық,
әрісі әлемдік педагогика мектептері мен бағыттарының жаңашыл
ізденістерге толы тың үрдістерінен оқып үйренеміз. Өйткені,
шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл тұлға ғана тәрбиелей алады.
Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде
адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын
жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемасын күрделендіріп
отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын
арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке
тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру.
Білім алу үрдісі барысында біздің жас ұрпақ проблемаларды
өзбеттерімен дербес шешуге үйренулері; жаңа ақпараттар мен жаңаша
білім алу машықтарын меңгерулері; сын көзімен кең өрісті
ойлаулары: ынталылық пен тапқырлық көрсетулері керек. Қай елдің
халқы оқу мен білімнің арқасында алған ақпараттарды, білімді және
технологияларды өмірде тиімді қолдана білсе толыққанды болашақ сол
елге тиісті.
Мектеп - жеке тұлғаның қалыптасатын жері. Ол жеткіншектің тек
қана одан арға оқуына негіз болатын базалық білім мен машықтарды
ғана беріп қоймайды, сонымен бірге өмірлік тәжірибенің де алғашқы
тәжірибесін береді. Дәл осы жерде жеке тұлғаның қоғаммен арадағы
қатынастарының, үлкендер мен құрдастарына деген құрметтің, заңды
және құқықтық тәртіпті сыйлаудың негіздері қаланады. Оқушы
мемлекеттің міндетін түсінуге, оның әлеуметтік институттар арқылы
өзінің жеке басына қатысты жоспарларын іске асыруға қолдау
жасайтынын ұғынуға үйренеді.
Қазіргі таңда көптеген мәселелерді қайта қарауды және
студенттерді жалпы Отанның өтіндегі ерлік істерін терең сезіммен
ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін
қарастыруды талап етеді. Әсіресе бүгінгі таңда табандылық,
батылдылық, батырлық, қайсарлық көрсету қажет болып отырғанда аса
маңызды.
Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау
Сабақта оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түсінігін қалыптастыру
РУХАНИ ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОТАНШЫЛДЫҚ САНА-СЕЗІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Ұлттық құндылықтар негізінде жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру
Қазіргі мектептерде оқушыларға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Пәндер