Жеке адам психологиясы туралы теориялар



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3

1 –Бөлім. Жеке адам психологиясы туралы теориялар
1.1 Жеке адам туралы жалпы түсінік.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Жеке адамның компоненттері, олардың түрлері ... ... ... ... ... ..
15

2 –Бөлім. Жеке адамның психологиялық бағытындағы
компоненттік ерекшелігі
2.1 Жеке адамның көзқарастарының дүниетанымына әсері,
рухани құндылығы, мәдени санасының қалыптасу жолдары ... ... . 22
2.2 Жеке тұлғаның үлгісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34

Кіріспе
Қазіргі кезде жұртшылықты алаңдатып жүрген мәселелердің бірі – жас
ұрпақтың рухани құлазуы. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
білім беру саласында халқымыздың руханилық дәстүрлерін кеңінен дамытып,
өскелең ұрпақты рухани сезімдерінің биік, өз Отанын, халқын қастерлеп
сүйетін, сонымен қатар президентіміз өз елімізді дүниежүзіндегі дамыған 50
мемлекеттің қатарына қосуды мақсат етіп қойды. Бұл мақсат білім беру
жүйесінің, оның ішіндегі мектептердің алдындағы өскелең ұрпақты
тәрбиелеудегі міндеттерінің маңызды, бірақ жеткілікті дәрежеде атқарылмай
жүрген тағы бір қырына назар аударып, оны орындауға бағытталған іс –
әрекеттерді жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр.
Қазіргі уақытта барлық салада даму үздіксіз болуы қажет. Әрине,
дамудың негізі білім мен ғылымда екені баршаға аян. Дамыған қай елде болсын
білім, ғылым бірінші орынға қойылған. Білім беруді демократияландыру,
ізгілендіру бағытын дамыту оқыту жүйесін жеке тұлғаның даму заңдылықтарымен
сәйкес, үйлесімді ұйымдастырумен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек екендігі нақты айтылған.
Сонымен қатар оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалануға
да баса назар аударып отыр. Білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім
сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін қазіргі заман
талабына сай жаңа технологияларды, ұтымды әдіс – тәсілдерді пайдалану,
білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек
күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздегі өзгерістер,
қайта жаңғырулар білім беру жүйесінің мазмұнын байыту, әлемдік білім
кеңістігіне ену мүмкіндігін туғызды. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оның
қабілетін, дарынын дамыту, яғни жан – жақты дамыған рухани бай тұлғаны
қалыптастыру үлкен мақсаттар жүктеп отыр. Білім мазмұнын жетілдіру үрдісі
студенттерге білімді өздігінен меңгертудің әдіс тәсілдерін игертуді, оның
дамытушылық жақтарына басымдылық беруді қарастырады.
Адамды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның орны айрықша және ол –
адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Адам – белгілі бір қоғамның
мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады., оның азды – көпті
тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың
жиынтығы оны жеке адам етеді. Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі
ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен
байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Жеке адам – саналы тіршілік иесі. Жеке адам қоғамдық қатынастардың әрі
объектісі, әрі субъектісі. Жеке адам басқа адамдармен қарым – қатынаста
бола отырып тарихты жасайды. Бірақ күшпен емес, объективті қоғам
заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің
өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысында өз мінез – құлқы үшін
жауапкершілігін жоққа шығармайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жеке адамның психикалық бағытындағы
компоненттерін айқындап, олардың ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Жеке адам туралы жалпы түсінік беріп, жеке адамның компоненттерін
айқындау.
2. Жеке адамның көзқарасының дүниетанымына әсерін анықтап, рухани
құндылығы мен мәдени саласының қалыптасу жолдарын зерттеу.
3. Жеке адамды қалыптастырудағы мотивтің рөлін зерттеу.
Зерттеу объектісі: Жеке адамның компоненттері.
Зерттеу пәні: Психология.
Зерттеу әдістері: Ғылыми – әдістемелік әдебиеттер, озат педагог
тәжірибелері, баспасөз материалдары, мектептегі тәжірибе, бақылау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 – Бөлім. Жеке адам психологиясы туралы теориялар.
1.1 Жеке адам туралы жалпы түсінік.
Адам – өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық
еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын
аңдататын тіршілік иесі.
Дара адам – homa sapiens тектілердің өкілі, адамдық даму
нышандарының иесі – нақты адам.
Даралық – нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас
ерекшеліктері мен қасиеттері.
Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да
көрініс береді.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық
құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік – себеп аймағы – жеке
адамның бағыт – бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне
қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Жеке адам
үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас
мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Бұл өз кезегінде
адамның іс – әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және
ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып
жатады.
Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың
бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады.
Жеке адам дамуы – өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін
арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған
қарым – қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның
адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен
аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухи мәртебелігімен,
қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді.

Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен
күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық,
кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Жеке
адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін,
оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете
білу қажет.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы – рухани
дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі,
оның жалпы адамзаттық, инабаттық парызды түсіне білуі, болмыстағы өз
орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары
дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге,
жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік –
өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына
дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым
төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс
алады да, ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла
алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін
тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі
әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді.
Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде қалып қоймай, өзін
ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам
бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті
көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке
адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты
еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенінің
дәлелі.

Жеке адамның дамуы, оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы
белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.
Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар:
идентификация яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре,
қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация –
дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі,
сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін
іске асыра алуы.
Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына
орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты
тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның
жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иеленудің бағдарына айналады.
Әлеуметтік құнды салт – бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық
өмірі, рухани – этикалық, рухани – эстетикалық дүниетанымы туындайды.
Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі
заңдылықты ниет – себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді,
мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады.
Тұрмыс – салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделікті күйбеңнен
аса алмайды, осыдан мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай, өміршеңдігі
кемиді, рухани – адамгершілік талаптары тарылады.
Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс – ауытқулар оның өзіндік
Менін танымаудан, объективті мәнді жеке басының құнды тараптарын сезіне
алмаудан келіп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткіші
– оның өз психикалық жағдайын басқара алу және әрекет – қылықтарын
қоғам қалыптастырған өлшемдерге икемдестіре білу дәрежесі.

Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, тұлғаның барша
ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік – мәдени
сапаларының бірлігінен қалыптасады.
Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі - психикалық көрсетпе -
талаптар. Көрсетпе - талаптар психологияда жеке адамның қандай да
қажеттілі қанағаттандыру үшін болған әрекетке өзі сезінбеген
дайындық, бейімділік қалпын танытады. Көрсетпе талап, қорытындылап
айтқанда - объекті белгілі бір күйде қабылдауға, түсінуге, мәнін аңғаруға
күні бұрын дайын болып, бейімділік танытып, сол саналық дайындықты өткен
тәжірибемен ұштастыра әрекетке кірісуге негіз.
Тұрақтанған психикалық, көрсетпелер жеке адамның әрекет қылықтарын
айқындап отырады. Мұндай көптеген көрсетпе-талаптардың мәнін құрайтын
сипат - алдын ала шешімін дайындап қою - адамның жеке тәжірибесінен
алынған асығысты, толық пайымдалмаған қорытындылардың немесе белгілі
қоғамдық топта қабылданған сіңірлі пікір - ой стандарттарына
бағынышты болудың нәтижсі.
Қоғамдық өмірдің әрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе -
талаптар ұнамды да ұнамсыз болып, сенім сипатын алуы мүмкін. Көрсетпе
талаптар құрылымы үш бөліктен тұратыны зерттелген: когнитивтік бірлік -
адамның біліп, қабылдайтын затының бейнесі; көңіл - күй — бағалау бірлігі
обьектіде болған іс - әрекетті адамның ұнатуы мен жек көруі;
әрекет - қылық бірлігі - іс объекті бағытында қандай да әрекет етуге
дайын болу, ерекше күштерді іске қосу.
Мұндай мотивтер қатарына, сондай - ақ, дерексізденген ықпал
ниет ретінде құмарлық та кіреді.
Жеке адамның бағыт – бағдары. Өмірлік бағыт - бағдар және адамның
жүйелестіруші қасиеті ретінде оның психологиялық қалпын айқындайды.

Адамның іс – әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға
икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт
- бағдары деп аталады. Бағыт – бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие
болып, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бағыт - бағдар – адамның
қасиеттеріне айналған көрсетпе - талаптар. Бағыт - бағдар құрамына өзара
байланысты, деңгейі жағынан бірінен бірі жоғары бірнеше формалар
кіреді: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік, мұрат, көзқарас,
наным. Адам бағыт - бағдарының барша формалары оның іс-әрекетінің
түрткілері есептеледі.
Аталған формалардың қысқаша мәні:
Құмарлық – бағыт - бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;
Ниет - саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;
Ұмтылыс - ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болады;
Қызығу - бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуындағы; танымдық
форма.
Қызығуға ерікті күш қосылса, бейімділік пайда болады;
Көзқарас – қоршаған дүние болмысын философиялық эстетикалық,
этикалық, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану;
Наным - адамды өз танымы, принципі көзқарастарына орай әрекетке
ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт - бағдардың ең жоғарғы формасы.
Мотивтер жоғары не төмен деңгейде, саналы немесе санаға тіпті де
байланыссыз болуы мүмкін. Адам бағыт - бағдарының басым болуынан саналы
мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсінулер мен мотивтер адам
бағыт - бағдарының белгілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау
түйіні, іргетасы ғана іспеттес. Осы іргетас негізінде адамның өмірлік
мақсат, мұраты қаланады. Мақсат нақты іс - әрекеттік және өмірлік
болып ажыратылады. Адам өмір барысында көптеген, сан қилы
іс - әрекеттерді орындауына тура келеді, ал олардың әрбірі өзінің
нақты мақсатына ие. Дегенмен, әрбір дара іс – әрекеттің мақсаты
жеке адам бағыт - бағдарының осы әрекетке көрінетін қайсы бір
қырына ғана сәйкес болуы ықтимал. Өмірлік мақсатқа келетін
болсақ, ол дара іс – әрекеттермен байланысқан барша жекелеген
мақсаттарды біріктіруші фактор. Жеке мақсаттардың әрқайсысы
өз орнымен орындалып баруы жеке адамның жалпы өмірлік мақсатының
біршама іске асуын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік деңгейі өмірлік
мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешегінің санадағы болмысын
жобалайды. Мақсатты айқын түсіну мен сол мақсаттың іске асу жолдарын –
сезінудің қоғамдық тұлғаның болашағы айқындалады.
Өз болашағын көрегендікпен тани білуге қажет адам қасиеттеріне
кедергі болатын жан күйзелістері мен түңілулер психологияда - фрустрация
делінеді. Мұндай психикалық қалып адамда оның мақсатқа жету жолында бой
бермес кедергілерге кезіккенінде туындайды. Фрустрациялық жағдайдың
белгілері – мақсатқа өрістеудің қажеттілік себебі анық, сонымен
бірге оған жетудің жолында күшті кедергі бары да көрініп тұр.
Адам мұндайда фрустрацияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да жеңе
алуы мүмкін. Ал кейбір сындарлы кезеңдерде қиыншылық басымдау келіп,
фрустрация өрістеп, ол адамның мақсат жолындағы әрекетінің
берекетсіздікке ұшырауына себепші болады. Мақсатты әрекет бұзылысының
келесі түрлері белгілі:
а) қозғалысты қозу – мәнсіз қимыл - әрекеттер;
б) түңіліс;
в) ашуға беріліп, әрекеттен қалу;
г) стереотипия – үйреншікті әрекеттерді ойсыз қайталай беру;
д)регрессия - өмірдің алғашқы кезеңдерінде игерілген үлгілерге
еліктей, ойсыз қимылдау (қазақта "балалығына түсті").

Психологиялық қорғаныс. Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық
қажеттіктері қандайда себептермен орындала бермейді, оларды
қанағаттандырудағы мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет-қылық,
психологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық
қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам
қимыл – әрекетінде кезігетін ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың
алдын алып отырады. Мұндай психикалық қасиеттер адамға көңіл – күй
күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға
жәрдем береді.
Психологиялық қорғаныс қызметі өзінің мән - мағынасы бойынша
қарама - қарсы екі тарапты құбылыс: бір жағынан, ол адамды өзінің шын
мәніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сәйкестенуге ойыстырса, екінші
жағынан, адамның қоршаған сыртқы әлеуметтік ортаға деген икемділігін
кемітеді. Психологияда көптен белгілі бітпеген іс әсері деп
аталатын құбылыс бар. Оның мәні -әрқандай кедергі нақты істі доғаруға
себепші болады да, адам сол кедергіні жеңбегенше әрекетін әрі
жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады.
Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген іс адамды әрдайым қимыл –
әрекетке итермелейді, ал егер істі орындаудың тікелей жолы
табылмаса, ол сол іске тең болған баламалы басқа әрекетке кіріседі.
Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы
орайластырылған формасы деп түсінсе де болады.
Қорғаныс механизмдері табысқа жетудің қалыпты шарттары мүмкін
болмаған кезде немесе адам істің түбегейлі бітпейтінін сезген кезде
әрекетке келеді. Психологиялық, қорғаныстардың түрлері: жоққа шығару,
ығыстыру, көшіру, сәйкестендіру, жаңалау, ауыстыру, оқшаулау және т.б.
Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні: адамды
қатерлендіріп, оны дау - дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді,
қабылданбайды. Дау - дамай деп отырғанымыз жеке адамның жан - дүниелік
көрсетпелеріне қайшы келіп, оның өз болмысына, абыройына, өзіндік
бағасына қатер төндіретіндей сеп - түрткілердің пайда болуынан көрінетін
қайшылықтар. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен
сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда
төңіректегі болмысқа сай объектив бағалауды шектейді, осыдан, әрекет-
қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.
Ығыстыру - ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз
ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең
әмбебеп әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің тәртібін
басқалардан кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттерінің
жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз
түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятың жасыратындай жалған
себептермен ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлі,
себебі олар жеке бастың эгоистік мүдделерін ақтау үшін қоғамда
қабылданған ресми дәлелдерді орынсыз пайдалануға итермелейді.
Көшіру адамның өзгелер қабылдамайтын өз басындағы мінез қылық
кемшіліктерін мойындағысы келмей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге
өткізе салудан болатын жаманшылық өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа
салып, оны дау – дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.
Сәйкестендіру - адамның өз қолы жетпейтін, бірақ аңсаған басқа
біреудің жақсы әдет - қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметтік тәртіп
пен игі этикалық өнегелерді игеруі осы әдіске негізделген, Мысалы,
жасөспірім баланың әкесінің әрекеттерін ойланбастан қайталап, оның мақтау
- мадаққа ұмтылуы осыдан. Жалпы мағынада, сәйкестендіру қорғанысы
адамның өзінің әдісі тараптарын жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру
үшін үлгі, өнегелерге ойсыз еліктеп, мақсат - мұраттарды ешқандай
ниетсіз - ақ арқау етуінен туындайды.

Жаңалау - адамның істеген келеңсіз әрекетін мойнына алса, өз қадірінің
жоғалатыны түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен
қылықтарын өтірік - шынды жанастырып дәлелдеуге тырысуы, мүмкіндіктері
кемдігінен қолы жетпеген не жетпейтін заттардың объектив құндылығын
өзінше кеміте салып, өз көңілін арбауы. Мысалы, баланың жегісі келіп
тамсанып, бірақ, қанша тырысса да, қолы жетпеген тәтті жүзімді "ой,
әлі піспеген, ащы ғой" деп қолын сілтей салуы.
Ауыстыру – адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып,
кейін бітпесін білген соң, оған деген әрекетін оңай жұмысқа бұра
салуы.
Оқшаулау - адамға соққы болатын жәйттердің сана деңгейінен шегеріліп,
басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоциялар саналы, яғни әдейі
оқшауландырылып, болған оқиға мен одан келетін әсерлер көңілге
алынбайды, адам бұрын қандай да мәнге ие болған оқиға немесе өз
толғаныстарының шындығын іші сезіп тұрса да, оларды байқамайтындай кейіп
көрсетеді.

1.2 Жеке адамның компоненттері, олардың түрлері.
Адам — белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен
айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері
болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа
туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке
адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім,
іс - әрекет т. б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан,
сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы
байқалады. Жеке адам —тарихи - әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік
ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады.
Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп оты-ратындықтан, осымен
бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер
адам өмірге келісі мен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу
процесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу - тәрбие
процесі шешуші роль атқарады. Психологтар адамның осындай тұрақты да
тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. Адамның
белсенділігі тума қасиетінен, яғни психикалық энергиясының дәрежесінен,
психикалық қуатынан болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады.
Жеке адам және ұжым. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені
оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде
ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие
болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты.
Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез – келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді.
Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұйымдасқан,
ұйымдаспаған, контакты (адамдары ылғи да жүздесіп жүретін топ), формалы,
формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. болып бірнешеге
бөлінеді.
Адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның
әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың
өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін білуіміз
қажет. Осы айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі пікір
айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмірі бағытын көрсететін компоненттер
көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар,
дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Мотивтер мен қажеттер.
Қызығулар. Қызығу — шындықтағы заттар мен құбылыстарды
белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке
ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар қызығуда бір нәрсені ерекше
таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің
бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі —
Бұл не? дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді футболға қызығады десек, ол
адамның футбол ойынына үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып
отыратындығын, біреумен әңгімелесуде де көбінесе осы тақырыптың
айналасында сөз қозғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп
адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан,
соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың
ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар
әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті,
тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгіруіне, білімді терең алуына көп
жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына
байланысты қалыптасып отырады.
Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді.
Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың
мазмұнды, әрі кең, өрісті болуы — оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз
адамның рухани өмірі дамымайды. Қызығуы тұрақты қасиетке
айналған адам ғана іс - әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі
әр уақытта да берекелі болады. Кейбір адамдар кез келген
нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп
тұрақтамайды. Мұндай көрсе қызар әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз
етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл — үлкен кемшілік.
Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын
пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның
бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір
ауыртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі,
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық,
қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық
т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді.
Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия,
биология, философия т.б.) кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне
байланысты, эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка,
бейнелеу өнеріне т. б. орай бөлініп жатады.
Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл
өзгешеліктер адамның іс - әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен
мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады.
Дүниетаным, сенім және мұрат. Жеке адам психологиясының неге
бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі — адамның
дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным — адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы
білімдерінің жүйесі. Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде-ақ
қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады.
Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен
байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім
нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты, бекімеген дүниетаным берік
болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана
түседі. Өйткені
бұл екеуі, құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады.
Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та
болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай - жапсарын дұрыстап
айыруға, өмірден өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Психологиядағы зерттеу әдістері
Психология туралы жалпы түсінік және оның даму жолдары
Тұлға туралы теориялар жайлы ақпарат
Гендерлік психология саласының мақсат-міндеттері, пәні, объектісі.
Интеллектуалды даму деңгейі
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Жеке тұлғаның қазіргі психологиялық теорияларын классификациялау және оған негіз болатын факторлар: психодинамикалық, социодинамикалық және инеракционистік
Психология пәні және оның міндеттері
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Пәндер