Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе . . . 3

1 Бөлім. Жеке адам туралы теориялар.

1. 1. Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштер . . . 4

1. 2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуындағы ұжымның маңызы . . . 9

2. Бөлім. Жеке тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктері.

2. 1. Тұлғаның әлеуметтену жағдайлары . . . 15

2. 2. Тұлғаны әлеуметтендірудегі қазақ отбасындағы гендерлік

тәрбиенің қалыптасу жолдары . . . 20

ІІІ. Қорытынды . . . 24

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26

КІРІСПЕ.

Қазіргі таңда жеке адамның әлеуметтік жағдайын әл-ауқатын жақсарту, денсаулығын нығайту алға қойылып отыр. Болашақ ұрпақты ең жоғарғы интеллектуалдық мамандықтарды меңгеруге қолайлы бағдарлы білім беру басты мақсатқа айналды. Білім беру мазмұнын жаңарту алға қарай ұмтылу мен даму мақсатындағы өзгерістерді жан-жақты талдау ететіні бәрімізге де белгілі.

Бұл тұрғыдан жаңа бағыт - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу. 12 жылдық білім беруге көшудегі басты міндет-тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ол әлемдік бәсекелестік деңгейінде білім тәрбие алуға мүмкіндігі жететін қабілеті де дарынды жастар арқылы жүзеге асырлады. Олардың қабілетінің дамуы мен қоршаған ортаға жауапкершілігінің артуы қоғамның қажеттілігімен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта барлық салада даму үздіксіз болуы қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім беру жүйесін басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізде жеке адамды қалыптастырудағы, дамытудағы және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті, білік жұмысшылармен мамандар даярлау, олардың біліктілігін артыру деп көрсетілген. Білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін қазіргі заман талабына сай жаңа технологияда жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оның қабілетін, дарынын дамыту, яғни жан-жақты дамыған рухани бай тұлғаны қалыптастыру үлкен мақсаттар жүктеп отыр. Білім мазмұнын желілдіру үрдісі оқушыларға білімді өздігінен меңгертудің әдіс-тәсілдерін игертуге, оның дамутышылық жақтарына бағытталған технологиялардың бірі-модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты.

Жеке тұлға және ұжымның маңызын айқындап, жеке адамның әлеуметтенуін зерттеу.

Зерттеу міндеттері.

Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштерді айқындап жеке адамның дамуы мен қалыптасуындағы ұжымның маңызын айқындау.

  1. Тұлғаның әлеуметтену жағдайларын анықтау.
  2. Тұлғаны әлеуметтендірудегі қазақ отбасындағы гендерлік тәрбиенің қалыптастыру жолдарын зерттеу.

Зерттеу обьектісі.

Жеке тұлға және ұжым

Зерттеу пәні психология

Зерттеу әдістері ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, озат тәжірибе, баспасөз материалдары, мектептегі тәжірибе, бақылау.

Курстық жұмыстың құрылымы.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 - Бөлім. Жеке адам туралы теориялар.

1. 1. Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштер.

Адам - белгілі қоғам мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды - көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Мәселен класс оқушылары, пионер звеносы, жұмысшы

бригадасы, әскери бөлімше, семья контакты немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, студенттер тобы - ресми топ деп аталынса, семья мүшелері, дос-жарандар, ағайын-туыстар ресми емес топ деп аталады. Топ екі адамнан бастап құралады; екіден қырық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп класы) ; мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын (саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни ұйымдар т. б) үлкен топтар деп атайды. Әрбір топтың ресми не ресми емес жетекшілері (лидері) болады. Топтар ассосациясы кооперация деп те бөлінеді. Мұның ішінде референттік топ дегеннің мәні ерекше. Бұл - әрбір адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-бағдар сілтеп отыратын топ. Реалды, контакты топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А. С. Макаренконың айтуынша ұжым- мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі дәстүр-салттары бар, өзін-өзі басқара алатын, демократиялық централизм принципін тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. Мұның ең жоғары түрі коммунистік ұжым болып табылады. Совет адамдарына қажетті жарасымды сипатты қалыптастыратын осындай ұжым. «Жерден жұлып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес». (А. Толстой) . Сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай топтың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. Осы айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі пікір айтуға өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы «жеке адам» етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшкілігі белгілі қоғамда жақсы байқалады. Ол әлеуметтік ортада, ұжымда ғана қалыптасады. Жеке адам барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Адам көптеген психологиялық ерекшеліктері. Оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Мәселен, адамның дүниеге көзқарасы мен сенімін алып қарасақ, белгілі қоғамда тәлім-тәрбие алып, өзінің дүниетанымы мен сенімі осы негізде қалыптасады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында тәрбие, орта, тұқым қуалаушылық қасиеттері ерекше роль атқарады.

Тәрбие. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты. Тәрбие арқылы адамдардың іс - әрекеттерін ұйымдастыру үшін, тәрбиенің тиімді әдістерін пайдалана білу керек. Демек тәрбие алдын - ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағытталап және ұйымдастырыла жүргізіледі. Сондықтан да тәрбиенің ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты. Тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздікте, кемістіктен, кесірліктен құтқаруға болады. Тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертіп, жөндеуге болады. Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту және таным қабілетін дамыту мәселелерін демократиялық қоғамды құрғанда ғана жүзеге асырылады. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайлар пайдалануы тиіс.

Білім мен тәрбие байланысы әрқашан күн тәртібіндегі басты өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің экономикалық, саяси және мәдени өркендеуі білім беру мен тәрбие ісі арқылы қамтамасыз етіледі. Нарықтық қатынастардың өмірімізге ішкеріліп енгелі бері өсіп келе жатқан ұрпаққа экономикалық білім негіздері ғана емес, сонмен бірге құқықтық білімнің қажет екенін анықтап берді. Құқықтық білім берудің мақсаты - тұлғаның бойында құқықтық мәдениеттілік пен заңды құрметтейтін азаматтарды қалыптастыру.

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі - құқықтық тәрбие, ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарын аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты.

Орта. Адамның дамуы - күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта- бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Табиғат жағдайларына байланысты олардың мінез-құлықтарын да ерекшеліктер байқалады. Әрине бұл жағдайлар халықтардың адамгершілік қасиеттеріне, эстетикалық талғамдарына зиянды әсерлерін тигізеді. Әлеуметтік орта жеке адамның мінез -құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Қоғамдағы адамның дамуы табиғи, әлеуметтік орта мен адамның күрделі және өзара әрекеттесуінің әсерінен адам өзінің іс-әрекеттері арқылы жұмыс жағдайын өзінің психикасын белсенділікпен өзгертеді.

Біздің елімізде адамның қалыптасуы әлеуметтік ортаны құрайтын шындық жағдайларында жүзеге асырылады. Әлеуметтік орта мен мектептің ықпал жасауы нәтижесінде дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Әрине әлеуметтік орта адамның қалыптасуына жоспарлы түрде ықпал жасамайды. Сондықтан ортада стихиялық жағдайлардың да болуы сөзсіз. Егер адамның қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамның талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды.

Адамның дамып, жетілуіне қажетті мүмкіншіліктерді - нышанды табиғат береді. Бірақ нышан өздігінен дамымайды, оның дамуына себепші болатын факторлардың бірі - әлеуметтік орта. Егер бала әлеуметтік өмірден тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

Түрлі себептермен Африка, Үндістан, Индонезия елдерінің ормандарында, аңдардың үңгірлерінде, әлеуметтік ортадан тыс, өмір сүретін жас балалардың санасын ояту, қабілетін дамытудың мүмкін еместігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Годамура дервнясында тұратын жергілікті халықтардың хабарлауымен аңшылар қасқырлардың күшіктерімен бірге үңгірде ұйықтап жатқан екі баланы ұстап алып, жетім балалар тәрбиелейтін үйге әкеліп тапсырған. Олардың біреуі екі жастағы, екіншісі жеті жастан асқан қыз балалар болды. Бұл балалардың қылықтары қасқыр сықылды төрт аяқтап жүру, шикі ет жеу және күндіз ұйықтап, түнде жүруге бейімделген. Балалар үйінде кішісіне Амала, ал үлкеніне Камала деп ат қойылды. Амала бір жыл ғана өмір сүрді, ал Камала он жеті жасқа келіп, 1929 жылы қайтыс болды. Осы он жыл ішінде Камаланың денесі мен санасында қандай өзгерістер болды. Үшінші жылы жас баладай аяғымен қаз тұруға үйренді, ал жетінші жылы басқа адамның көмегінсіз жүретін болды. Соңғы жылдары өз бетімен жуыну, орындыққа отыру, тәрелкеден тамақ ішу, түнде ұйықтау секілді адамгершілік әдеттер қалыптаса бастады. Бірақ Камаланың санасы жетіліп ділі дамымады, он жеті жасқа дейін, болғаны, елу алты ғана сөзді үйренді. Мұндай ғылыми деректер - жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның маңызын түсіндіруде негізгі сүйеніштердің бірі.

Тұқым қуалаушылық. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Бала қозғалыс мүшелерін, алғашқы биологиялық ұқсастығы, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикалық қабілеттігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Тұқым қуалаушылық туралы ғылымды генетика деп атайды. Тұқым қуалаушылықты таратушы клеткалар ядроның ДНК мен белоктан тұратын хромосомдары болады. Адамда туа біткен қасиеттер тілдің дамуы, музыкаға бейімділік, денені тік ұстап жүру нышан түрінде болады. Организмнің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, демек қабілеттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншіліктерді нышан дейміз, Нышан өздігінен дамымайды, оны қозғау және дамытуға әлемеуттік жағдайларға байланысты.

1. 2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуындағы ұжымның маңызы.

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуына мүмкіндік береді.

Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғары формасы - ұжым. Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыдан топтасқан адамдар тобы.

Ұжымның белгілерін А. С. Макаренко анық та толық айтып берді: «Ұжым дегеніміз - жеке адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымтік органдары бар комплексі. Ал ұжым ұйымы бар жерде ұжымтік органдар да бар, ұжым сенетін өкілетті уәкілдер ұйымы бар және жолдастың жолдасқа қатынасы мәселесі - ол жай ған; достық, жақсы көру, көршілік мәселесі емес, ол жаупкершілікті тәуелділік мәселесі» . Макаренко адамдарды қызметі қоғам үшін пайдалы екені айдан анық міндеттерді атқару үшін біріктірсе ғана ұжым болатынын көрсетті.

Ұжымның коғамдық мәні бар міндеттерді тиімді шешуге қабілеті келеді және тұрақты әрі бір-біріне көмектесіп отыруға негізделген өзара қарым-қатынас орната алады.

Ұжым - адамдардың тобы болғандықтан оған топтың «белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері болады, Сондықтан да қандай болсын ұжымті топ деп санауға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Формалды немесе формалды емее тонтар ұжымның белгілеріне ие бола алса ұжымға айналуы мүмкін. Бұл арада ұжымның аса маңызды белгісі - мақсат пен міндеттің қоғамдық мәні өзгермейді. Егер бұл белгі болмаса, топ ұжым деп аталына алмайды.

Ұжым -қоғамның негізі. Мазмұны, көлемі мен құрамы әр түрлі бола тұрып, ол әрдайым адамдардың социалистік қауымдастығының негізін кұрайтын белгілерге ие болады.

Қызмет мақсатына орай ұжым кәсіби (өндірістік, творчествалық, әскери, оқу) қоғамдық ұйымдар (саяси партия, қоғамдық ұйымдар, жастар ұйымдары), ерікті коғамдар (ғылыми, ғылыми - насихат, әсекери-спорттық), өздігінен іс атқаратындар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер коғамы) ұжымдарі болып жіктеледі. Басқа ұжымдар жүйесіндегі орыны мен байланысына қарай ол контактілі және негізгі болып бөлінеді. Контактілі ұжым -- ол ұжымның белгілері бар бастапқы топ. Негізгі ұжым - контактілі ұжымдардың бірігуі. '. '. 'Мысалы, студенттер топтарын контактілі ұжым, факультетті - негізгі ұжым деп қарауға болады.

Ұжымның әрбір мүшесінде өзіне тән ұжымдық сезімі болады. Ортақ істе ұжым болып бір мәселені шешу кезде пайда болған ұжымдық сезім, бірте-бірте нығайып бекіп, тұрақталынады, Соның негізінде жеке адамның қасиеті қалыптасады. Бұл жайттың маңыздылығын айта келіп К. Крупская: « Бі з ұжымшіл адамды тәрбиелеуіміз керек, яғни өзінің жеке мүддесін қоғам мүддесіне бағындыра білетін адамды тәрбиелеуіміз керек . . . » ! деп жазды. Ұжымдық көңіл күйі ретінде және жеке адамның қасиеті ретінде бола отырып, жалпы міндетке бағына білуді, ұжым намысын қорғауға, табысқа жетуге атсалысуға ұмтылуды білдіреді, мектептің бүкіл жұмысы ең алдымен ұжымдық ниетті және жеке адамның ұжым қамын ойлайтын болуын қалыптастыруға бағытталған.

Ұжым және жеке адам. Жеке адам ұжымдан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады және солармен бірігіп сол қауымдастықтың бағыт-бағдарын білдіреді. Жеке адам ұжым арқылы басқа ұжымдармен, тұтас қоғаммен байланыста болады. Ұжым - қоғамның бір бөлігі болғандықтан ол өз бойына, сөз жоқ, сол қоғамның саяси, эстетикалық, адамгершілік және басқа да идеяларын дарытады. Сондықтан да жеке адам да бұл идеяларды қабылдап, өз ісінде және мінез-құлқынада оны басшылыққа алады. Жеке адам материалдық дүниемен және адамдармен қарым қатынас жасай отырып, белгілі бір тәжірибе алып, сол тәжірибенің негізінде өз мінез - құлқын, қадір - қасиетін, өзгелерден ерекшелік белгілерге қалыптастырып ғана қоймаймайды, ол сонымен қатар рухани байлықтың аса маңызды құрамдас бөлігі болып саналатын қоғамдық тәжірибені де өз бойына жинақтайды. Бірімен бірі тығыз байланыстағы және одан гөрі кең көлемді әлеуметтік ортадағы келісушілік, бір жоспарлылық жеке адамның бойында үйлесімді жақсы қасиеттердің қалыптасып, дамуы үшін жақсы жағдай жасайды. Егер бір жоспарлылық болмаса, жеке адам мінез-құлқы жағынан әрі-сәрі болып қалыптасады.

Жеке адам мен ұжым арасындағы өзара қатынас түрі әр алуан, олардың, ішінен неғұрлым айқын көрінетін мынадай екі жағын бөліп қарауға болады: ұжымның жеке адамға ықпалы және ұжымның жеке адамға ықпалы.

Ұжымның ықпалымен қайта тәрбиелеу жеке адамның өзін-өзі қайта тәрбиелеумен болып әлектенуінен әлдеқайда тез әрі жеңіл өтеді. Кайта тәрбиелеу үшін иландыру, сынау қолдау және басқа да шаралар қолданылады. А. С. Макаренко тәжірибелері, балабақшадан бастап жоғары оқу орындары мен өндіріске дейінгі барлық дәрежедегі оқыту - тәрбиелеу ұжымдарінің тәжірибелері ұжымның кереметтей ролін дәлелдейтін тамаша мысалдар болып саналады.

Ұжымда жеке адам белгілі бір роль атқарады. Алайда оның бұл ролі тұрақты болмайды. Мысалы, оқушы класс старостасы делік біраз уақыттан кейін ол санитардың міндетін атқаруы, ал одан кейін ұжымның қатардағы мүшесі болуы мүмкін. Жеке адамның атқаратын міндеті неғұрлым әр түрлі болса, соғұрлым оның ұжыммен байланысы бола түседі, сондай-ақ нақ осы адамның ұжымға ықпалы тиімдірек болады.

Жеке адамның ұжымға ықпал етуі дәрежесіне оның жеке басының қасиеттері елеулі ықпал етеді. Ақыл, эмоция, мінез - қабілет осының бәрі ұжым игілігіне айналады. Адам неғұрлым рухани бай болса, жан-жақты жақсы дағдыға ие болса, соғұрлым оның беделі де жоғары болады. Жеке адамның, ұжым өміріне ықпалы, сондай-ақ, оның ұжымның алдында тұрған міндеттері мен ой-ниетін, рухани байлығын түсіне білу дәрежесіне де байланысты. Жеке адам өзін ұжымдан жоғары қоюға және әсіресе қарсы келуге тырысса, оның ұжымға ықпалы төмендейді.

Жеке адамның бағытын көрсететін компоненттері көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

Мотивтер мен қажеттер.

Адамды әрекетке бағыттайтын қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив деп атайды. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив -оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттерін жаңа тобын - рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы- материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты.

Дүниетаным, сенім және мұрат.

Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі- адамның дүниетаным мен сенімі.

Дүниетаным-адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Дүниетаным негізі бастауыш мектептің өзінде-ақ қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты, бекімеген дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мұнда соқтырады да, мінез-құлықты кез-келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық даму және оқыту жайлы
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері жайлы
Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру
Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
Фрейд теориясының құндылықтары
Заманауи тұлға теориялары. тұлға және индивидуалдылық
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Педагогика пәнінен дәрістер
Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы
ХХ – ғасырдың басындағы қоғамдық – саяси әлеуметтік жағдаяттардың психология ғылымының дамуына ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz