Ғылыми басылымдарда әлеуметтік— адамның даму кезеңі



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми басылымдарда әлеуметтік— адамның даму кезеңі, оның
қоршаған әлеммен, тұлга болып қалыптасуына тікелей ықпал ететін ортамен
тыгыз байланысы" деген түсініктеме берілген. -
Ең алғаш рет "әлеуметтік термині XIX ғасырда Америка әлеумет-танушысы
Франклин Г. Гидденстің "Әлеуметтану теориясы" еңбегінде жазылды. Бұл
кітапта "әлеуметтену - тұлганың жаратылысы, мінез-құлқы немесе әлеуметтік
табиғатының дамуы" деген түсінік берілген. XX ғасырдың орта кездерінде
"әлеуметтану" әр түрлі ғылыми салалар тара-пынан кеңінен зерттеле бастады.
Ендеше әлеуметтену мәселесі әртүрлі ғылым саласындағы тұжырым-
дарды саралауды қажет ететіні даусыз.
Адамның өз мақсатын іске асыруы тек қана өзіне байланысты. Адамның жеке
қасиеттері-өмір жолында дамып қалыптасады. Ғалымдар жеке тұлғаның дамуын
қалыптасуының негізгі обьективті факторлары ретінде биоллогиялық факторды,
сыртқы ортаны және тәрбиені атайды. Биологиялық факторға балаға ата-
анасының қасиеттері мен ерекшеліктерінің берілуі кіреді. Сыртқы ортаға
әлеуметтік орта, отбасы, мектеп, құрбылары жатады. Тәрбие беру үрдісінің
орны өз алдына бір бөлек. Өйткені тәрбие, жеке тұлғаның бейімділік
қабілеттерін де жетілдіреді.
Қогам өзінің мүшелері арасында түсінушілік, біртектілік болған
жағдайда ғана сақталады. Тәрбие осы мәселелерді реттейді. Екінші жағынан
алғанда тәрбие әртүрлілікті де қажет етеді" дейді Э.Дюркгейм өз еңбегінде.
Демек, адам әлеуметтік үрдісінің белсенді кейіпкері болып табылады. Ол тек
қана қоғамға бейімделуді ғана емес, өзінің тәрбиесімен, білімімен өмір сүру
мүмкіндіктерін де өзгерте алады. Адам бір-бірімен қарым-қатынас алу
барысында өмір сүрудің жалпы құндылықтарын бойына сіңіреді. Америка
зерттеушісі Т.Парсон "әлеуметтену негізі отбасынан қалыптасады" деген өте
дұрыс пікір айтқан. Тек қана отбасының өзі өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына
балалықтан ересек кезеңге өту аралығында үлкен әсерін бойына сіңіреді. Жас
ұрпақтың қоғамда өз орнын іздеп табуына, әлеуметтік ортаға сіңуіне зор
ықпалын тигізеді. Т.Парсон оқушының ұжымдағы тәрбиесіне ықпал ететін
бірнеше функцияларды атап көрсеткен. Олар төмендегілер:
1. отбасында алған алғашқы тәрбиесінен басқа ортадағы тәрбиеге бейімделуі;
1. баланың өзгеруі;
2. үлкендер қоғамына қарай адам бойындағы ресурстардың өзгеріске ұшырауы;
- қоғамдық құндмлықтар мен оның нормалары.
Жеке адамның әлеуметтенуіне тек қана қоғам емес, ең бірінші
адам өзі белсенді рөл атқарады. Бұлл теорияның авторлары
- XX ғасырдың Америка ғалымдары У.Томас, Ф.Знанеқкий, У.Кули,
Дж.Мид. У.Кулидің теориясы бойынша әр адам басқа адамдармен қарым-
қатынасы арқылы өзінің кемшіліктерін байқайды және өзін салыстыра келе
өзгереді, дұрысталады. Жеке адам бала күніндегі "әлеуметтік айнасы"
өзгермесе, өсе келе, әлеуметтік ортаға ене келе, тәжірибе, көрген-білгенін
жинақтай келе өзгере бастайтыны ескеретін жағдай-ақ
Әлеуметтік-экономикалық факторлар

Отбасылық-
тұрмыстық жағдай
Материалдық қамтамасыз-дығының төмендігі
Ата-ананың
самарқау
көзқарасы
Оқушының ерексіздігі

Отбасындағы қостілділік (интерферен-қия)
Материалдық
жағдайдың
молшылығы
Тұқым қуалау арқылы қан-мен берілетін ұяңдық
Жарым
отбасылық
(жасқаншақтық)

Ата-ананың көңіл
бөлмеуінің кері әсері
Достарының кері әсері
Болашағына сенімсіздік
Ұлттық тілде сөйлеуге кө-ңілдің аз бөлі-нуі (менмендік)
Физиологиялық-психологиялық факторлар
Оқушы денсаулы-ғының төмендігі
Дәрігердің
есебінде
тұрушылық
Жұқпалы аурулармен ауырғандық (сары ауру)

Отбасындағы бақытсыздық
Дене мүшесіндегі кемтарлық
Оқушы тіліндегі мүкіе-тік
Мұғалім қызметі шеберлік тұрғысынан да, жеке адам да оқушыларға
өнеге болуға тиіс. Осы орайда мектептегі әрбір ұстазға ізденуге, жеке
адамға шығармашылықпен айналысуға жоғары ахуал туғызып, ілтипат сезіммен
қарым-қатынас жасау жолға қойылу керек. Мектепте білім сапасының қалыпты
жағдайда болуы мамандардың біліктілігіне байланысты.
1.1. Адам — белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен
айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері
болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа
туған нәрестені адам деп атауға толық болады., бірақ әлі де жеке адам емес.
Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т.
б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүние-танымынан, сенімінен, талғам,
мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам —
тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда,
коллектнвте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам —барлық
қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін
ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық, идеологиялық) тікелей әсер
етуінен қалыптасып отырады. Мәселен, адамның дүниеге көзқарасы мен сенімін
алып карайық. Социалистік қоғамда тәлім-тәрбие алып, өзінің дүниетанымы мен
сенімін осы негізде қалыптастырған Александр Матросов Ұлы Отан соғысында өз
денесімен пулеметтің аузын жауып, жаудың оғын бөгеді. Оның бұлай әрекет
етуінің себебі, Отан мүддесі және онда марксизм-ленинизм идеясына
негізделген бірден-бір дұрыс коммунистік көзқарастың болуына байланысты.
Оның осындай қасиеті жасынан сүйегіне сіңіп, сенімі берік болып
қалыптасқан. Жеке адамның психикалық қасиеттері бірсыдырғы тұрақты және
тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да,
тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі
қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның
айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның
түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге
келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде
дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші
роль атқарады.
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша
және ол —адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамнын
даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат
етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі — адамның өзіндік сипат-белгілері —
оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі,
дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап әлеуметтік ортада
тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар
дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі.
Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу
иесіне (субъектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан
байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да,
ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам (иңдивид) болып саналады. Осындай
ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік
қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке
адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық
өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-
әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық синаттары сомдалады, қадір-
қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қаеиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-
әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл
әрекеті оның мінез-құлқынан, ниеттілегі мен бағыт-бағдарынан айқын
байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен. іс-әрекет
түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді.
Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық
ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады.
Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен
ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады,
Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам
бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін
білдіретін қасиеттер —темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді
басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адамдар
жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін
құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктер, де әлеуметтік ортада дамып
жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның
әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз.
Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты
бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды.
Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай
тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай-ақ, мұндай, тұ-рақты қасиеттер жеке
адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам
бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа
сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше бай-қалатын екі түрлі
ерекшелік бар. Оның бірі—әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық
сипаттар. Бұл —-адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық
мәселе. Екіншісі — сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты
азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды
деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып
қарастырылады. Биологиялык фактор — адамға туа берілетін табиғи анатомиялық
және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор — адамның дамып
жетілуіне тіршілік ортасына, қоғамның, тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы
екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады.
Адамның өзіңдік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-
әрекет түрі — оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-
мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз банланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы
жайында психологияда әр алуан көзқарастар пікірлер бар. Соның бірі —
Австрия ғалымы 3, Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті
әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне
байланысты дейді. Адам мұндай ннстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өн
бойындағы күш-қуаттық сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін
өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-кұлқын саналы
түрде басқарады. Алайда, 3.Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның
белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, Эдип
комплексі дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың
Эдип патша атты шығармасының сарынын уағыздайды.
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, 3. Фрейдтің адам
бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін
дәлелдеп беруінің өзі — айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік
әрекеттін қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін
көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық басылымдардағы сөз мәдениетінің жайы
Жаңа медиа және ақпараттық мәдениет
Ақпарат құралдарының жасөспірімді тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Педагогикалық құзырлық түсінігі
Электрондық басылымдардың ерекшелігі
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенудегі гендерлік айырмашылық
Абайдың өлеңдерді аударғандағы аудармашылық таланты
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Пәндер