Қазіргі уақытта Республикамызда оқушыларды тәрбиелеу



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қоғамымыздың ертеңгі болашағы — бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз
байланыста. Сондықтан оқушы жастарды тәрбиелеу ісінде оларды рухани
дамытуға баса назар аударғанымыз жөн. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты
мәселе — мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз - өзінің
өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіру. Рухани
даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Рухани дамыған
тұлғаның көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-
өзі дамыту, жетілдіру.
Қазіргі уақытта Республикамызда оқушыларды тәрбиелеу
iсiнде адамның ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге
байланысты істер жүзеге асуда. Халықтың дәстүр, рухани- мәдениет негізінде
жас ұрпақтың рухани-адамгершілiк тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін iске
асыру басты нысана болып тұр.
Тәрбие ісіндегі негізгі мәселе – оқушылардың тұлғааралық қатынасын
дамыту, әр адамның құндылығын, даралық ерекшелігін, сезімін, өзіндік баға
беруін қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінде баланың назарын өз өміріндегі
елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне баулу көзделеді.
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын
жоғарылату қажеттілігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Егеменді ел
болғаннан бері жас ұрпақты адамгершілікке,
парасаттылыққа, саналылықпен, жауапкершілік тәрбиесі арқылы жеке тұлғаны
қалыптастырудың сипаттарына: жауапкершілік, көздеген мақсатқа жету,
кісілігінiң қадір-қасиетін сақтау, сенімділік жатады.
Адамның жеке түлғалық касиеттерін жетілдіруі оның өзін-өзі құрметтеуіне,
өмірде табысқа жетуіне үлкен ықпалын тигізеді.
Оқу мен тәрбие — егіз. Ұстаздың тәрбие үрдісінде шешуші рөл
атқаратындығын барлығымыз жақсы білеміз. Ұлы педагог К.Д.Ушинский
"Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басылық өнегесіне
негізделген" — дегені белгілі. Ал ұлы ғұлама әл-Фарабидің жас ұрпаққа тәлім-
тәрбие беретін адамды өте жоғары бағалап, оны "мәңгі нұрдың қызметшісі" деп
атауы бекер емес. Бүгінгі жасөспірімдердің адам болып қаалыптасуында
мұғалімдер қауымының атқарар еңбегі орасан зор. Оларға болашақ ұрпақты
тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген.
Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейтіндігі
айқын. Бұл баланың сана-сезіміне әсер ету арқылы, ішкі жан-дүниесін оятудың
нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыру тәрбиенің
ең бірінші мiндеті. Тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана
етіп ұстау қажет. Себебі баланың көзқарасы оның күнделікті ісімен сәйкес
келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іске жоқ адамдар болып қана шығады.
Тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы касиеттерді бойына сіңіріп, өз
идеяларына ұқсауға ұмтылады, таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез-
құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір жасөспірімдер алғашқы кездескен
қиындыкта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған істі аяқсыз қалдырады.
Баласының жақсы қасиеттерге ұмтылған ниетін дер кезінде біліп қиын
психологиялық сәттерін байқап, оған қолдау көрсетiп
отырған отбасында қайшылық жағдайлар кездеспейді. Баланы имандылыққа
баулып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, ізгілік
сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру – әрбір отбасы мен мектептердің басты
парызы.
Дана ақын, халықтың ырысы "Құтты біліктің" негізін калаушы Жүсіп
Баласағүн - адамның мінез-құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады.
Адам — бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы
ісін қалдырып отыруы қажет. Ол үшін әр кез жаман қылықтан сақтанып,
адалдықпен жүріп-тұруы тиіс деген ойлары
бізге жақсы мәлім.
Ендеше жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды
жетiлген азамат етіп тәрбиелеу — қоғамы-
мыздың басты мақсаты. Рухани тәрбие, білім беру адам дамуының рухани
үйлесімділігін түсінуді қамтамасыз стсдi. Рухани тәрбиенiң адамның ізгілік,
имандылық ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін ізгілік
мұраттарға бағыттап, рухани көзқарастарын қалыптастыратындығын естен
шығармайық.

Зерттеудің мақсаты:

Қабылдау саласындағы адамдардың обьективтiк және субьективтiк
ерекшелiктерiн қарастыру.
Зерттеу мiндеттерi:
- Жеке адамның қабылдау саласындағы айырмашылықтарын талдау,
- Оқыту процесiнiң бала қабылдауын дамытудағы ролiн ашу.
Зерттеу обьектiсi:
Жеке тұлғаның психологиялық ерекшелiгi.
Зерттеу пәнi: Психология.
Зерттеу әдiстерi:
Ғылыми-әдiстемелiк оқулықтар, озат педагогикалық тәжiрибелер, баспасөз
және ақпарат материалдары т.б.
1 Бөлім. Жеке адамның қабылдау ерекшелігі – талдағыштар жүйесінің
комплекстік негізі.
1.1. Танымдық іс - әрекет барысында қабылдау процесінің маңызы.
Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста түйсіктер
арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Бейнелендірудің бұл екі түрі
сезімдік танудың тұтас процесiнің звенолары болып саналады. Олар өзара
ажырамастай байланыста, бірақ әрқайсысыныц өзіне тән өзгеше ерекшеліктері
бар.
Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге жүзеге
асады, бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер
арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы
зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы
мен қатынастарына тәуелді.
Түйсіксіз қабылдаудың болуы мүмкін емес. Дегенмен қабылдау құрамыыа
түйсіктен басқа адамның өткен тәжірибелері елес және білім түрінде енеді.
Қабылдау процесі жеке адамның басқа да психикалық процестері: ой (біз
алдымызда не тұрғанын аңғарамыз), сөз (қабылдайтын затты атаймыз), сезім
(қабылдайтын затпен белгілі қатыста боламыз), ерікпен (қабылдау процесін
белгілі дәрежеде ырықты ұйымдастырамыз) байланысты жүзеге асады.
Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі
сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады.
Қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады.
Осы арақатынас біздің мінез-құлқымыз бен іс-әрекетіміздің бағдарлау
қызметінiң негізі болып есептеледі. Қабылдаудың толықтығы мен дәлдігі
қоғамдық практика мен адамдардың тәжірибесіне, заттардың белгілері мен
қасиеттері жөніндегі жинақталған білімдерге тәуелді. Танымдық әрекет
барысында адам білім алып, оны тексереді, кеңейтеді, өз білімін қоғамға
белгілі білімдермен салыстырады.
Практика адам білімдерінің қайнар көзі болуымен бірге, игерілетін
білімдерге де өз өзгерістерін енгізедi.
Қабылдау бейнесiне әр кiретiн бөлiк тұтастықпен арақатынас арқылы ғана
мәнге ие болады және сонымен анықталады.
Кез келген қабылдау перцептивтік жүйенің, яғни біреу емес, бірнеше
талдағыштың қызметімен анықталады. Олардың мәні біркелкі бола бермейді,
талдағыштардың кейбіреуі жетекші болып табылады, енді біреулері зат немесе
құбылысты қабылдауды толықтырады. Мәселен, мұғалімді тыңдау кезінде есту
талдағышы жетекші болып есептеледі. Сонымен бірге оқушы мұғалімді көріп
отырады, оның класс тақтасындағы жұмысын қадағалайды, дидактикалық
материалды пайдаланады, ой қорытындыларын дәптеріне жазады, оқулықтағы
кажетті схемаларға зер салады. Есту талдағышы жетекшілік роль атқарған бұл
жағдайда көру, қимыл-қозғалыс, тері кинестезиялық және басқа талдағыштардың
қызметі жанданады да психикалық әрекет негізінен есту қабылдауы түрінде
болады.
Әрекет үшін түрлі, бірнеше талдағыш біркелкі қарқынмен жұмылдырылса,
қабылдаудың күрделі түрлерінің жарыққа шығуы байқалады. Мәселен,
телевизиялық сабақ кезінде немесе оқу кинофильмдерін көрсеткенде оқушыларда
көріп-есту қабылдауы пайда болады. Дене шынықтыру сабақтарындағы
жаттығуларды орындау үстінде көру-қозғалыстық күрделі қабылдау жиі пайда
болады. Музыкалық этюдтарды жаттап үйрену есту-қозғалыс қабылдаулары
қалыптасуының алғы шарты.
Қабылдаудың күрделі түрлерінде ең маңызды роль қимыл-қозғалыс үлесіне
тиедi. Мысалы, заттарды шолып қарағанда көз көп қимыл жасайды; сипап
қабылдауда қол қимылдары жетекшілік етеді.
Қабылдау қабылдайтын объектіге байланысты да түр-түрге бөлінеді.
Кеңістiкті, уақытты, қозғалысты, затты, сөзді, музыканы, адамды адамның
қабылдауы жайлы сөз қозғалады.
Қабылдаудың физиологиялық негізі — талдағыштар жүйесінің комплекстік
қызметі болып табылады. Рецепторларда болатын алғашқы талдау талдағыштардың
ми бөлімдерінің күрделі анализдік — синтездік қызметімен толықтырылады.
Кез келген жаңа затты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе, білім
негізiнде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процесінде бұрын
қалыптасқан уақытша байланыстардың кейбіреулері жанданып отырады. Соның
салдарынан шиеленісті де күрделі нервтік процестер пайда болады. Оның
құрамына әрекет үстіндегi комплексті тітіркендіргіштерден туған қозу мен
адамның осыған сәйкес тәжірибесінің уақытша нервтік байланысының жандануы
енеді.
Қаралған фактілердің физиологиялық негізі И. П. Павлов ашқан қатынасқа
деген рефлекс болады, Павлов белгілі құбылыстарды қабылдау кезінде
тітіркендіргіштердің сапаларынан гөрі олардың арасындағы қатынастар
ерекшелігінің сигналдық маңызы болатынын және сондықтан рефлекс көбіне
тітіркендіргіштер арасындағы жауап ретінде туатындығын тәжірибе жүзінде
көрсетті.
Адамның қабылдау процесінде екінші сигнал жүйесі маңызды міндет атқарады.
Ол адамға тән қабылдаудың мазмұнын анықтайды. Сөзбен ойлау арқасында адам
қабылдауы жануарлар қабылдауынан өзгеше. Ой қабылдау актісіне енеді,
қабылданатын зат сөзбен аталады. Екінші сигнал жүйесі қабылданатын затты
сөздік сигналға айналдырады, бірінщі сигналдық тітіркендіргіштердің
түсінікті болуына жол ашады, адамға тән қабылдауға ырықтылық сипат береді,
қабылдауды жеке адам белсенділігімен ұштастырады.
Қабылдау тұрақтылығы деп - өзгерген жағдайларға қарамастан заттың
кейбір қасиеттерінiң бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орынын
толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа
орай біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Көбіне
заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғымас қалпында бейнеленеді.
Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны
тұжырымдалады.
Қабылдау процесi тек тiтiркенуден ғана пайда болмай, субьектiнiң өзiне
де байланысты көрiнiс бередi. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам,
сондықтан қабылданған тұлға ерекшелiктерiмен сипатталады.
1.2. Психикалық процестердің өзгеруіне қарай, адамның болмысты қабылдау
ерекшеліктері.
Қарьм-қатынас процесінде әр адам өзара әрекеттес адамдардың есінде және
ұғымдарында сақталатын жас, жыныс, дене құрылыс, психологиялық
ерекшеліктері жиынтығымен жеке адам индивид ретінде ашылып
көрінеді. Бірлесіп атқаратын әрекет мақсаты, қарьм-қатынас
жағдайы, айналадағылардың мінез-қасиеттеріне қарай жеке
адамның әр ерекшеліктерінiң мәні әр қалай болуы және өзінше
бейнеленуі мүмкін. Байланыс (коммуникативті) қатынас про-
цесінде адамдардың сыртқы келбет ерекшеліктері олардың қылығы, әдеттері,
сөзі, эмоциялық жай-күйлері, әрекеттері т. б. бейнеленеді.
Адамның көңiл күйінің немесе өтіп жатқан психикалық про-
цестердің өзгеруіне қарай күрделі психикалық құралымдар да
үздіксіз кұбылып отырады. Әр жаңа құрылым мимика, пантомима, дауыс екпіні,
сөйлеу нақышымен сүйемелдене отырып, бас-
қа адам үшін сигналдық және хабарлық болып табылады. Қуа-
ну, түңілу, корқу, ашулану, үрейленулерді бейнелейтін мәнді
қимылдар адамның осы күйде екенін білдіретін снгнал болып
саналады. Бұл көріністер айналадағы адамдар үшін хабарлау-
шылық мәнімен бірге реттеушіліқ міндетін де атқарады. Серік-
тестер әр психикалық күйдің елеулі белгiлерін олардың көпте-
ген қосалқы көріністерінен ажырата отырып, белгілі психоло-
гиялық байланыстар жасауға ыңғайлана, мінез-құлықтарын өз-
герте бастайды.
Адамның адамды қабылдау ерекшеліктерін танып білуге ар-
налған зерттеулер, эмоциялық күйді танып ажыратуда бет әл-
пет өзгерісінің аса зор маңызы болатынын ерекше ескертеді.
Ым-ишара да мол хабарлаушылық мазмұнға ие. Оларға сүйе-
не отырып, адамның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігі
жөнінде пікір айта аламыз. Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір
қасиеттерін, мәселен, салақтықты, абыржушылықты, көлгірлікті т.б. ашып
көрсете алады. Адамның жүрісін байқау (ырғалуын, жылдамдығын,
өзгергіштігін, қадамның нықтығын, сылаңдығын) адамның психикалық күйі, іс-
әрекетінің түрі (теңізші, солдат, спортшы, биші) туралы қорытындылар
жасауға мүмкіндік береді. Сөйлеу ерекшеліктерін: сөйлеу жылдамдығы, сөз
тізбектерінің созылыңқылығы, сөйлем кұрастыру, көркем сөздер пайдалану,
жаргон сөздерді қолдану, дауыс екпіні, ескерту-түсіндірулер сөздегі қателер
т. б. қабылдау да көп мағлұмат береді. Сухбаттасқан адам сөйлеу стиліне
баға береді және ол сөйлеушінің өзі туралы жалпы пікірге келуге әсерін
тигізеді.
Адамның әрекетін, қимыл-қозғалысын, қылықтарын, қызметін бақылай отырып,
адамдар бір-бірі жөнінде алған өз әсерлерін ой елегінен өткізеді және iшкі
психологиялық мазмұнға терең үңіледі, жеке адамның ынта сезім, әдет, сенім,
мінез, қабылеттерін танып біледі.
Адамның қылықтарының сыртқы көріністері олардың ішкі мазмұнының бар шьм-
шытырығын ашып көрсете алмауы мүмкін. Сондықтан қарым-катынас жасау процесі
әңгімелесушілердің психологиялық күй-жайларының жай ғана бейнеленуі болып
табылмайды. Ол басқа жеке адамның адамды психологиялық тану процесіне
айналады. Қарым-қатынас процесі жеке адамның мінез-кұлқын жөнге салып
отырады.
Адамдардың барлығы бiркелкi қабылдай бермейдi. Мұнда топ адамға тән
типтiк өзгешелiктер де болады. Кейбiр адамдар қабылдау кезiнде заттың
өзiне, жеке тұрқына, сырт көрiнiсiне көңiл аударуға бейiм болады, олар
көргенiн баяндауды ғана мақсат етедi.
Мысалы: Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістанға саяхат күнделігінен .

“Ен даладағы тыныс-тіршілікті қабылдау”

Қатарынан тізіле шөгіп, күйіс қайырып жатқан түйелер бусанып зорға дем
алады, тершіген денелерінен сыздықтап көгілдір бу шығады. Бұталардың
арасында тұсаулы аттар әр шөптің басын бір шалып, қарғып оттап жүр. Батар
күннің қызыл арай сәулесіне бөленген осынау көріністердің баршасы _да
біртүрлі бір құлпырып, жайнап тұр; судың беті де, ағаштардың жапырақтары
да, ұшып-қонып жүрген қоңыздар мен шыбын-шіркейлер де - осылардың бәрі де
жалт-жұлт етіп, жүз құбылады.
Ыстық аптабы қайтып, мүлгіген табиғат та серги бастады. Мың-мыңдаған
түрлі-түрлі шыбын- шіркейлердің ызыңынан ауа ың-жың болып, тал арасында
сайраған шымшықтардың әні естіледі... Маңайдағы егіннен қиқу салған қаз бен
үйрек, бытпылдаған бөдене дауысы шығады.
Ендi бiреулер сол заттың мән- мағынасына көз жiбередi, қабылдағанын жан-
жақты түсiндiрiп берудi қажетсiнедi. Мысалы Ш. Уалихановтың күнделiгiнен
мағлұмат алуға болады.

Адамның бет әлпетін, бейнесін қабылдау

Туғолдайдың өзі бір дәу көзілдірік кисе де сықсиған көзі шала көретін,
қаршыға тұмсық, арық шал екен. Сәл қисықтау жаралған аузының үстіңгі ерні
құдды бір үшбұрыш тәрізді екі шеті екі езуіне тіреле төмен түсіп,
орта дені жоғары карай көтеріліп, шошайып тұр. Сол
ернінің үстінде қылтиып, бірнеше тал мұрты көрінді,
сүйірлеу келген кеуік иегін тақырлап қырып қойыпты.
Бірі көк, бірі қоңыр кішкентай тістері жараса құбылып,
ақсиып тұр. Жасына қарағанда өзі өте ширақ, тым
сөзуар жан екен... Когалдайы құба жүзді кісі, желке
жағы тақтайдай теп-тегіс боп жаралған жұмыр басы-
ның алдыңғы жағына біреу көз бен ауыз, мұрын са-
лып, арт жағына бұрымын жапсыра қойған тәрізді. Өзі
де әлденеден шошып, әлі есін жия алмай отырған
сияқты. Көздері күйзелген жанның көзіндей жайнай
түсіп, үй қабырғасында ілулі тұрған ескілікті сағаттың
әшекей мысықтарының көзіндей біресе оң жағына,
біресе сол жағына қарай ойнақшып, шарлап жүрді...
күжірейген желкесі бірігіп қалған қиярдай, не қарбыз-
дай болып көрінеді.

Осы айтылғанға орай бiрiншi топтағы адамдарды қабылдаудың баяндаушы
типiне, ал екiншiлерiн түсiндiрушi типке жатқызуға болады. Қабылдау
саласында адамдар обьективтiк және субьективтiк типтер болып та бөлiнедi.
Бiрiншi типтiң өкiлдерi заттар мен құбылыстарды дәл, айқын, ешбiр
қоспасыз, сол қалпында қабылдайды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды.Ал
субьективтi типтi адамдардың қабылдауында долбарлау, қиялдап жаңа образдар
қосу жағы басым болады. Мұндайда қабылданатын заттан гөрi адамның сезiм
күйлерi (үмiт, үрей, елжiреу, алдану т.б.) ерекше әсер ететiн болады.
Субьективтiк қабылдауды кейде қабылдаудың эмоциялық типi деп те атайды.

Қабылдау синтездiк (сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын үнемi
тұтастай қабылдап, бiрақ оның ұсақ-түйегiне жөндi мән бермейтiндер),
анализдiк (мұндайлар керiсiнше заттардың ұсақ-түйегiнен шыға алмағандықтан
, оны тұтастай қабылдауға шорқақ болады) типтер де кездеседi. Халық
осылардың бiрiншiсiн “Көрмес түйенi де көрмес” десе, екiншiсiн “Түймедейдi
түйедей” ететiндер дейдi. Қабылдаудың өмiрге өте икемдi типi – анализдiк-
синтездiк тип. Қабылдау саласындағы типтiк ерекшелiктер бұл айтылғандармен
ғана шектелмейдi. Сондай-ақ бұлардың қай-қайсысы да тұрақты, өзгермейтiнi
қажет емес. Тұрмыс, дағды - әдет, iс-әрекеттiң мақсаты мен мазмұны, адамның
жас және дара ерекшелiктерi т.б. белгiлi жағдайларда қабылдау саласындағы
типтiк ерекшелiктердiөзгерiске түсiрiп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытудың психологиялық-педагогикалық проблемалары
Ойды логикалық түрде дамыту
Мектептегі берілетін тәрбие
Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбиенің ролі
Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің маңызын анықтау
Адамгершілікке тәрбиелеуде діннің рөлі
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Бастауыш мектепте оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруда өлкетану материалын пайдаланудың жолдары
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп психологиясы
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
Пәндер