Тәрбие - жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі
Кіріспе
Қазіргі уақыттағы алда тұрған ең үлкен басты міндеттердің бірі –рухани
дүниесі мол, моральдық жағынан таза, жан-жақты дамыған адамдарды
тәрбиелеу. Бұл міндет мектеп мұғалімдерінің ғана емес, жұртшылықтың, соның
ішінде семьяның белсенді көмегімен шешіледі. Баланы тәрбиелеуге ата-ана
жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай
дейді: Баласы көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата-
анадан, екіншісі ұстазынан, үшінші құрбысынан. Солардың ішінде бала
қайсысын жақсы көрсе, сонысынан жұғады Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт
болса да, қаншалықты шаршап- шалдығып жүрседе, ата-ана бала тәрбиесін
ұмытпауы керек.
Тәрбие - жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі. Тәрбие
балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен даму дөрежесіне
лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру
үшін, тәрбиеші тәрбиенің құралдары мен өдістерін және формаларын
іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын ала
жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла
жүргізіледі. Сондыктан да тәрбиенін, ортадан айырмашылығы осындай
зандылықтарға байланысты.
Ата-аналарын балаларын мәдениетті, кішіпейіл, адал азамат етіп
өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы
керек.
Жеке адамды жан-жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы мәселелерді ең
алғашқы рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К.Маркс, Ф.Энгельс болды. Олар даму
заңдарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының мақсаты —
бақытты өмір сүріп, жан-жақты дамуына игілікті жағдай жасайтын жаңа коғамды
орнату керек деген қорытындыға келді.
1.1. Жеке адамның тәрбиесінің дамуы және қалыптасуы.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі
пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек
философтары Платон және Аристотелъ адамның дамуын алдын-ала тағдыр
белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл
болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Сондықтан олардың
пікірлері бойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып
туатын сияқты.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі —
преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен,
адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер
ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің
организмінде болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда
болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.
Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым қуалаушылық факторын
жетекші роль атқарады деп таниды. Америка психологы Эдуард Торндайк (1874-
1949) баланың дамуын геналарға байланысты, бала геналардың ерекше
батареясы, ондағы "гена саймандары" өзгермейді, олар баланың дене
қасиеттерін, ақыл-ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілейді, деп өз ойын
дәлелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыкқан тегіне байланысты деп
тұжырымдайды.
Америка философы, педагогы Джон Дьюи (1858-1952) өзінің даму теориясын
баладан туа пайда болған инстинкт және кабілеттерімен дәлелдейді. Дьюидің
пікірі бойынша, адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және
эмоциялар болады. Сондықтан Дьюи адам табиғатын тәрбие арқылы өзгерту
мүмкін емес дейді. Австрия дәрігері Зигмунд Фрей адам мінез-құлқының
қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне байланысты деп түсіндіреді.
Прагматиктік педагогика апологеттері және осы уақыттағы түрлі
философиялық ағымдар экзистенциализм, неотомизм т.б. жоғарыда айтылған
көзқарастарды қуаттай келіп, адамды әлеуметтік жағдайдан бөліп жеке
қарастырады. Экзистенциализм жеке адамның дамуын, оның өзін-өзі жетілдіруі,
бұған әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіндірсе, ал неотомизм даму
процесін діни идеалистік тұрғыдан, демек, құдай жаратқан адам жанының дамуы
діни тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді.
Сонымен, жоғарыда аталған және басқа да философтар мен педагогтар жеке
адамның дамуы мен қалыптасуындағы қоғамның ролін теріске шығарады.
Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екендігін
XVI және XVII ғ.ғ алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас
Mop және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі — жалпыға
бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр
түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп
өзінің бұл пікірін "Утопия" кітабында сипаттайды. Кампанелла адам баласының
дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты,
сондықтан тәрбие процесінде балалардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін
игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.
XIX ғасырдың басында қиялшыл социализмнің ілімін жасаушылар Ш.Фурье,
Роберт Оуэн және Сен-Симон балаларды жан-жақты қабілетті дамыту, яғни,
оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты
деп түсінді. Олар капиталистік қоғамды, ондағы тәрбие жүйесін батыл сынап,
жеке адамның жан-жақты дамуына толық жағдай жасау үшін, халықка білім және
тәрбие арқылы таптық қоғамды бейбітшілік жолмен жаңа қоғамға айналдыруды
арман етті.
Алғашқы гуманистер және социал-қиялшылдар адамды жан-жақты, жарасымды
етіп дамыту өндіріс құралдары мен жабдықтарына жеке меншіктік және адамды —
адам қанау жойылғанда ғана қамтамасыз етіледі деп тұжырымдады.

Даму — жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық
процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер жәнс өжет,
жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік,
белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады.
Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.
Баланың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен қасиеттер
пайда болады.
Мектеп балаларға терең және сапалы білім береді. Оларды жоғары
идеялық, адамгершілік көзқарас рухында тәрбиелеп, жан-жақты жетілдіреді,
осының нәтижесінде балаларда Отанға сүйіспеншілік, адал ниетпен оқып, еңбек
ету, ұжымдық сияқты болымды қасиеттер қалыптасады.
Даму және тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың
организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы
дамиды. Оларға организмнің өсіп-жетілуі, ақыл-ойының дамуы, мінез-құлқының
қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік
ортаның, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты.
Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені,
баланың сыртқы әсерді қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына байланысты.
Сондықтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі қайшылық туады. Бұл
дамудың қозғаушы күші.
И.П.Павловтың ілімі бойынша, даму — ішкі нерв жүйесі қызметінің және
сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал
етуі.
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік
орта, тәрбие т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық. Тұқым қуалаушылық — ұрпақтың ата-анамен биологиялық
ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден
қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ
нәрсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті,
бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалау
арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс
мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, алғашқы биологиялық
қажеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикалық
қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады.
Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым куалау жолымен берілуі өте сирек
кездесетін жағдай.
Соңғы жылдары әдебиет беттеріндегі генеалогиялық және статистикалық
деректерге қарағанда ата-аналарды және олардың балаларын ұрпақ бойынша
зерттеудің кейбір нәтижелері тұқым қуалау себептеріне байланысты
ұқсастықтардың болатындығын көрсетеді. Мысалы, атақты ұлы композитор Иоганн
Себастьян Бахтың ұрпағы 300 жылдың бойында 20-дан астам музыканттар берді.
Әрине, бұны бір жағынан үйелмен мүшелеріндегі табиғи мүмкіншіліктердің
(нышанның) болуына, ал екінші жағынан Бах үйелменіндегі музыкалық дәстүрге,
арнаулы музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Баланын, орталық нерв жүйесіндегі туа біткен ерекшеліктерін жоққа
шығаруға болмайды. Ғьлыми деректерге қарағанда, ми және сезім органдарының
құрылысы мен функцияларындағы кейбір айқын ерекшеліктер әр түрлі арнайы
қабілеттердің себепшісі. Мысалы, музыкаға дарынды адамдардың миынын,
қатпарларындағы ерекше цитоархитектоникалық аймақтарына нерв клеткаларының
жақсы дамығандығы байқалған. Ал музыка дыбысын ажырата алмайтын адамның
самай бөлігінде мұндай нерв клеткаларының топтануы болмайды. Әрине, бұдан
жеке адамның музыкаға қабілеті тіптен дамымай қалады деген ұғым тумайды.
Өйткені, адамның музыканы есту қабілетінің нашар болуы, оның фонетиканы
игеріп кетуіне теріс әсер етпейді.
Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымды генетика деп атайды. Адамда туа
бітетін қасиеттер (шартсыз рефлекстердің фондысы - денені тік ұстап жүру,
тілдің дамуы, ойлануға, еңбек етуге қабілеттілік, музыкаға бейімділік, тағы
да басқа іс-әрекеттері) нышан түрінде болады. Организмнің анатомиялық,
физиологиялық ерекшеліктерінің, демек қабілеттің дамуына қажетті табиғи
мүмкіншіліктерді нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды, оны қозғау және
дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Педагогика нәсілдік дене қасиеттері мен нышандардың ықпалын жоққа
шығармайды, бірақ оларды жеке адамның дамуына шешуші фактор деп
есептемейді.
Кейбір ғалымдар жеке адамның дамуы мен қалыптасуын тұқым қуалаушылыққа
байланысты, ал адамның жоғары қабілеттерін және талантын таңдаулылардың
(элитаның) жоғары нәсілдік үлесі деп қарастырады.
Орта. Адамның дамуы — күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және
әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта — бұл түрлі табиғат
жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Тропикалық ауа райы
жағдайында және ауа райы өте суық солтүстік аймақтарда тұратын халықтардың
тұрмысында және іс-әрекеттерінде елеулі айырмашылықтар болады.
Әлеуметтік орта жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын
қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі
жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырады.
Қоғамдағы адамнын дамуы табиғи, әлеуметтік орта мен адамның күрделі және
өзара әрекеттесуінің әсерінен адам өзінің іс-әрекеттері арқылы жұмыс
жағдайын, өзінің психикасын белсенділікпен өзгертеді.
Біздің елімізде адамның қалыптасуы әлеуметтік ортаны құрайтын шындық
жағдайларында жүзеге асырылады. Әлеуметгік орта мен мектептің ықпал жасауы
нәтижесінде дүниеге көзқарасы, құлықтык, эстетикалық және осы сияқты
болымды қасиеттері дамып қалыптасады.
Әрине, әлеуметтік орта адамның қалыптасуына жоспарлы түрде ықпал
жасамайды. Сондықтан ортада стихиялық жағдайлардың да болуы сөзсіз. Егер
адамның қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамның талабын
қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды
осы әлеуметтік ортадан жинайды.
Адамның дамып, жетілуіне қажетті мүмкіншіліктерді - нышанды табиғат
береді. Бірақ нышан өздігінен дамымайды, оның дамуына себепші болатын
факторлардың бірі — әлеуметтік орта. Егер бала әлеуметтік өмірден тыс
қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

Педагогика тарихында тәрбиенің ролін аса артық бағалаушылар да болды.
Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиетгерін
қалыптастырудағы тәрбиенін шешуші ролін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы
жетіледі деген сыңар жақ қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны
табиғатынан — ақ тақта сияқты тап – таза болады, сондықтан тәрбиеші нені
қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде Локк
тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, әлеуметтік орта мен тұқым қуалаушылық
факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.
В.Г.Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза ақ тақта
емес, оған өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазу құралына және сол
тақтаның өз сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары
бағалай келіп, адамның дамуына тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де
ескерген жөн деді.
Локк пен Белинский көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы
жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен,
кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының
тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертіп, жөндеуге болады деген жорамалды
ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту және оның таным қабілетін
дамыту мәселелерін педагогика таптық қоғамды жойып, жаңа демократиялық
қоғамды құрғанда ғана іске асыруға болады деп қарастырады.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына кажетті жағдайларды пайдалануы
тиіс. Осыған орай, тәрбиеші тәрбие арқылы баланын, түрлі іс - әрекеттерін
тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды
іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын
дамытады.
Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой -
өрісі кеңиді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы
қалыптасады.
1.2.Тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері
Мақсат категориясына қарама-қарсы категория — арман. Екеуінің бір-
біріне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын идеялық бейне
болуында. Ал айырмашылығы — осы бейнеге субъект қатынасының әртүрлілігі.
Арман - елестің немесе қиялдың субъектіге берер біршама қанағаттану
сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.
Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі
қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл
бейне субъекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып,
мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл
арада бейне-нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.
Арман субъекттің енжарлығынан келіп шығады, әркетсіздікке байланысты,
ал мақсат - іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша дүниеміздегідей
— бұл екі шекті құбылыс — арман мен мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман —
мақсат түзу үшін негіз, арман — мақсаттарды қайта қарастырып, үйлестіріп
отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа жетелейтін жаңа арманға
жол ашады. Мақсатқа жетудің жолы тұп-тұра болмақ емес, ол үшін талай
міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.
Міндет - бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет
нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы
нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда
болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс-әрекеттің жалпы нәтижесін
алуға жұмсалады. Іс-әрекеттің барысында субъект, әдетте, мақсат жөнінде
ойламайды, оның есінде тек міндеттері, өз іс-әрекетін сол міндеттердің
кезегімен шешілуі деп біледі.
Мақсаттың ұмыт болуы — жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеледі,
ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы,
бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат). Бірақ нақты
істерді (міндеттерді) орындау күйбеңімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді
ұмытты, соның салдарынан бақ ләззат беру сипатынан айрылды, яғни негізгі
мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттер (атызды дайындау, суғару,
күтім жасау — бәрі де) босқа кетті.
Мақсат болжау — мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану
нәтижесі.
Міндет - мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. Міндет көрер көзге
дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы,
педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын
тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен шығармауы тиіс, өмірде адамның
тұлғалық мазмұнын оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі
қалайды, - дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.
Кәсіптік еңбектің ажырамас бөлігі ретінде мақсат болжау мұғалімнің,
жоғары оқу орны оқытушысының қызметінің құрамды бөлігі. Осыдан, ертең
ұстаздық іске араласамын деген студент мақсат болжау проблемасының ғылыми
мағынасын, педагогикалық қызмет құрылымындағы мақсат болжаудың мәні мен
мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды әртүрлі негізде сараптауды жете
түсініп, игеруі міндетті.
Әрбір міндет өзінің орындалу сәтінде субъект үшін нақты бір мақсатқа
айналады да, ол мақсат өз кезегінде төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді
жүзеге әкеледі. Педагог жалпы мақсат бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып
үздіксіз міндетке, міндеттің мақсатқа өзгерісі мен ауысу аймағына тап
болды. Осыдан да, педагогикалық тәжірибеде түсініспестік орын алып келе
жатыр: нені мақсат, нені міндет деп танимыз?
Егер тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтің қадам сайын
алға қойып, әр сәт сайын шешіп отыратын әрекеттінің бәрі — міндеттер. Жалпы
мақсаттық бағдар назардан ғайып болып, педагог бір міндет бағытында жұмыс
істеп, ойлай бастағаннан, дәл осы міндет мақсат мазмұнына ие болып өзіне
қажетті ендігі міндеттерге ие болады.
Мұғалім сабақты дайындауда нақты сабақ "мақсатын" белгілейді, ал енді
осы мақсаттың өзі жалпы тәрбие мақсатының міндеті болып шыға келеді.
Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесі аталған көп "міндеттің" орындалу
құралына айналады: мәдени, саясат бойынша жасау қабілетін қалыптастыру,
адам бола білу қабілетін жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу
қабілетін түзу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірлік бағыт
қалыптастырып, өз тіршілігінің мазмұнын реттей алу қабілетін орнықтыру;
тұрмыстық міндеттерге дайындау: өмірлік еңбекке дайындық, отбасылық өмірге
дайындық, бос уақытын мазмұнды өткізуге дайындау, өзін шығармашылықпен
баулуға дайындау.
2. 1. Педагогикадағы бала тәрбиесіннің даму жолдары
Педагогика баланың дамуын өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп
қарастырады. Даму процестерінің қозғаушы күштері – ішкі қайшылық күресі.
Даму процесінің сан өзгерістері сапа өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы,
баланың даму процесінде мынадай заңдылықтарды байқауға болады: алғашқы
кезеңде бала тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөйлей білуіне, сөздік
қорына байланысты. Әрине, тілдің дамуы осымен аяқталып қалмайды, ол жетіле
түседі. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың айналадағы
адамдармен қарым – қатынасы кеңейіп, олардың сұрақтары мен сөздеріне түсіне
бастайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерінде
бірте – бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл –
ойы дамудың жаңа кезеңіне көшеді.
Даму — әр уақытта бірыңғай тұтас процесс. Оның кейбір ерекшеліктерін
атап көрсетуге болады. Организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп
жетілуіне байланысты. Ал, әр түрлі мүшелер (бастың көлемі, көкірек шеңбері,
қол – аяқ және т.б.) бірқалырты өсіп жетілмейді. Өйткені, организмнің өсу
қарқыны тұрақты емес. Сондықтан өсудің тездеу кезеңдері баяулау
кезеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады. Мысалы, жыныс
мүшесінің жетілу кезеңінде күшейеді, соңынан баяулай бастайды.
Баланың жоғары нерв қызметінің дамуы бас миының үлкен жарты шарлары
қабығының талдау және синтездеу қызметінің жетілуіне байланысты. Ми
қабығының талдау және синтездеу әрекеті қабылдау мен естің, қиял мен
ойлаудың т.б. негізгі механизмі болады. Осы нерв процестері (талдау,
синтез) арқылы бала өзінің мінез – құлқы мен қылығын табиғи және әлеуметтік
ортамен сәйкестендіру жолдарын іздестіреді. Жеке адам мен ортаның қатынасын
реттеуде екінші сигналдық система зор рөл атқарады. Жоғары нерв қызметі екі
сигналдык, системаға байланысты И.П.Павловтың айтуы бойынша тері, көз,
құлақ т.б. сезу мүшелері арқылы түйсіну, қабылдау, елестету жануарлар мен
адамға ортақ — бірінші сигналдық системаға, сөз, ойлау адам баласына ғана
тең екінші сигналдық системаға жатады. Заттар мен құбылыстардан тікелей
алынатын сигналдарды алмастыратын сөз. Сондықтан И.П.Павлов сөзді
сигналдардың сигналы деп атады. Екінші сигналдық система ойлау мен
сөйлеудің физиологиялық негізі. Сонымен бірге екінші сигналдық система
бірінші системамен өзара әрекеттесіп, ойлау іс – әрекеті және бақылаумен,
ес және сезіммен тікелей байланысты қызметтердің де физиологиялық негізі
болады.
Бала организмі мен нерв жүйесінің даму негізіңде, оның психикалық
қызметінің (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, тіл, зейін, сезім т.б.)
дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметтің негізгі механизмі мидың үлкен
жарты шарлар қабығының әрекеті болады. Психиканы айналадағы объективтік
шындықтың біздің нерв жүйемізде бейнеленуі дейміз.
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс - әрекеті болады. Мұндай іс -
әрекеті өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен
сипатталады. Жетекші іс - әрекеті — өсуші индивидтің мүқтаждарын
қанағаттандыру мен таным немесе психикалық процестерін қалыптастыруға
бағытталған іс - әрекеті.
Таным іс - әрекеттерінің процесінде жаңа мотивтер (ықылас, тілек және
т.б.) туады, баланың түсінігі мен ұғымы, білімі мен тәжірибесі артады,
ойлау операциясы да (талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жинақтау,
классификация) жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде бала ойлау
операциясы арқылы объективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай
білуге, адам баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талаптанады. Әрине,
бала өз бетінше жаңалық ашпайды, ол мұғалімнің, тәрбиешінің көмегімен
белгілі, зерттелген ғылыми мәліметтерді бағдарлама, оқулық және басқа да
әдебиеттер арқылы қабылдап, меңгереді.
Ойлау әрекеті негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы
қалыптаса бастайды, нақты ойлаудан (кіші мектеп жасындағы балаларға тән,
(абстракті ойлауға) жоғары сы-нып оқушылары кошеді. Сөйтіп, олардың ой -
өрісі кеңиді.
Таным психикалық процестерінің (түйсік, қабыддау, зейін, ойлау, сөйлеу
т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік,
мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық,
бақылағыштық, білуге құмарлық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты болымды
жақтары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz