Жеке клиникалық микробиологияның мақсаттары мен міндеттері


Ф КГМА 4/3-04/02
ИП № 6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДӘРІС
Тақырыбы : «Жеке клиникалық микробиологияның мақсаттары мен міндеттері. Клиникалык-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу әдістері. Патогенді және шартты-патогенді кокктар (стафилококктар, стрептококтар, менингококктар, гонококктар) . Патогенді анаэробтар».
Микробиология пәні
051101 «Мейірбике ісі»
Курс II
ұзақтығы 50 минут
Қарағанды 2009 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
«25» 02. 2009 ж. № 8 Хаттама
Кафедра меңгерушісі м. а., доцент м. а. Ахметова С. Б.
Тақырыбы :«Жеке клиникалық микробиологияның мақсаттары мен міндеттері. Клиникалык-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу әдістері. Патогенді және шартты-патогенді кокктар (стафилококктар, стрептококтар, менингококктар, гонококктар) . Патогенді анаэробтар».
Мақсаты: студенттерді жеке медициналық микробиология мақсаты және міндеттерімен, клинико-диагностикалық микробиологиялық зерттеулермен, патогенді және шартты-патогенді кокктармен, патогенді анаэробтармен, олардың тудыратын ауруларымен, олардың патогенезі, зертханалық диагностика принциптерімен және емімен таныстыру.
Дәріс жоспары :
1. Клиникалық микробиологияға кіріспе
- Бактериологиялық зерттеуге клиникалық материалдан сынама алу әдістері
- Іріңді-қабыну процесінің қоздырғыштарына жалпы сипаттама
- Патогенді және шартты-патогенді кокктар
- ІҚА тудыратын анаэробтардың жіктелуі.
- Патогенді анаэробты бактерияларға жалпы сипаттама.
Санитарлық және инфекциялық бөлімдерінен тәуелді медициналық микробиологияда жеке орында клиникалық микробиология бірнеше он жылдық бұрын дами бастап қазіргі кезде дамуын жалғастыруда.
20-ші ғасырдың екінші жартысынан бастап бактериялар эволюциясы мен олар тудыратын аурулар даму темпі тез өсті. Осы уақыт ішінде терапевтік және хирургиялық мамандықтан инфекционды емес клиникаларда инфекционды аурулар саны көбейді. Бул жағдайдың басты себебі химиотерапевтік препараттардың ретсіз, кең қолданылуының нәтижесінде шартты-патогенді микроорганизмдердің таралуы, ем практикасына сыртқы жабындылардың (тері және кілегейлер) тегістігін бузатын процедуралардың еңгізілуі болып табылады. Бул антибиотиктерге полирезистентті бактериялардың ауруханаішілік эковарлардың, ауруханаішілік созылмалы аралас инфекциялар мен сепсистердің ауырлығының өсуіне алып келді. Осының нәтижесінде клиникалық микробиология - инфекционды емес клиникада микробты аурулардың иммунитетінің, патогенезінің, этиологиясының микробиологиялық аспектілерінін зерттейтін, олардың профилактикасының, спецификалық терапиясының, лабораторлық диагностикасының әдістерін өндіретін және жасайтын медициналық микробиологияның бөлімі.
Клиникалық микробиологияның спецификасы - оның микробтардың бір тобын - шартты-патогенділерін зерттеуінде, аурулардың бір тобын - ауруханалық стационарларды зерттеуінде жатыр.
Осының қорытысында клиникалық микробиология есептері келесіде:
1/ Адамның инфекционды ауруларының патогенезі мен этиологиясында шартты-патогенді микроорганизмдердің биологиясын және ролен зерттеуде сондай-ақ оның денсаулығын сақтауда, себебі олар организмнің қалыпты өмір суретін өнімдері болып табылады;
2/ Инфекционды емес аурухана бөлімдерінде кездесетін микробты аурулардың профилактикасында, спецификалық терапиясында, микробиологиялық диагностикасында әдістердің жасалуы мен қолдануы.
3/ Микробтардың дәріге турақтылығын, дисбактериоздың, ауруханаішілік инфекциялардың микробиологиялық аспектілерінің мәселесін зерттеу.
4/ ЕПО-дағы антимикробты шаралардың жүргізілуін бақылау мен микробиологиялық негіздеу
Клиникалық микробиологияда қолданылатын әдістер: 1/ микроскопиялық - болжамдау әдіс; 2/ бактериологиялық; 3/ серологиялық - қосымша, үйткені шартты-патогенді микроорганизмдер АД титрінін көрінікті үлкейтпейді. Биологиялық және аллергиялық әдістерді қолданылмайды.
Патогенді және шартты-патогенді кокктар
Шар тәріздес микроорганизмдер - кокктар /kokkos/ табиғатта өте кең таралған. Олардың ішінде адамға патогенді, патогенсіз және шартты-патогенді түрлері кездеседі. S. aureus, Str. pyogenes, N. meningitides, N. gonorrhoeoa. Стафилококктар мен стрептококктар - политропты, олардың тіршілік етуіне қабілеті қалыптасқан. Сондықтан олар терінің, тері асты клетчаткасының, кілегейліқабықтарының қабынуын /фурункул, карбункул, абсцесс, панариций, мастит, конъюктивит, блефарит сияқты/, сүйек жүйесінің қабынуын /остеомиелиь/, ішкі органдардың қабынуы /пневмания, аппендицит, пиелонефрит, колецистит/, ми қабықшасының қабынуы /менингит/, перитонитті, сепсисті туғызады. Оның үстіне олар вирустік инфекциялардың тұмау, қызылша т. б. асқынуын, операциядан, босанудан кейінгі іріңдеулерін тудырады. Онымен бірге стрептококктар инфекциялық ауруларды тудыруы мүмкін - тілме, септикалық эндокардит, скарлатина, ревматизм. Гонококктар мен менингококктардың органотроптылығы белгілі - менингококктар менингококктық инфекцияны тудырады /менингит, менингоэнцефалит, менинглкоккцемия, менингококктық назофарингит, менингококктық тасушылық/, ал гонококктар - гонорея аурумен жаңа туған нәрестелердің бленнореясын тудырады.
Бүкіл патогендік кокктар ауруларды тудырғанда қабындырып іріңдетеді, сондықтан ауруды тудырушы кокктарды іріңді тудырушы кокктар деп атайды.
Стафилококктар
Алғашқы стафилококктарды фурункул іріңінен 1880 жылы Л. Пастер бөліп алған, ал оның негізгі қасиеттерін 1884 жылы Розенбах зерттеген. Micrococcaceae тұқымдастығына Staphylococcus туысында 20 - дан аса стафилококк түрлері бар. Патогендік - S. aureus, шартты-патогенді - S. epidermidis.
Морфологиясы мен физиологиясы
Стафилококктар - дұрыс шар тәрізді пішінді микроорганизмдер. Жұғынында олар бір-біреуден, екеу-екеуден және топтасып /жүзім шоғырына ұқсас/ орналасады. Қозғалыссыз, спора түзбейді, грам оң. Клеткалық қабырғасының құрамында глицерин тейхой немесе рибитол тейхой қышқылдар және А белок байқалады, осылар арқылы стафилококктарды ажыратады.
Қоректенуі бойынша хемоорганотрофтар, тотықтандыру және ашыту метобализм типтерімен, көмірсуларды аэробты және анаэробты жағдайда ыдыратады. Глюкозаны ыдыратқанда органикалық қышқылдармен ацетоин пайда болады, ол Фогес-Проскауэр реакциясының оң нәтижесін анықтайды. Глюкоза мен маннитті анаэробты жағдайда ыдырата алады. Стафилококктар неше түрлі клеткадан тыс ферменттерді түзеді: плазмокоагулаза, гиалуронидаза, протеаза, эстераза, лизоцим, фосфатаза, эндонуклеаза ж. т. б. Ақуыздарды, майларды, тіндерді белсенді гидролиздейді, желатинді сұйытады, нитратты қалпына келтіреді.
Тыныс алуы бойынша стафилококктар - факультативті анаэробтар. Етті-пептонды ортасында жақсы өседі, домалақ, шеті тегіс, агардың үстінде көтеріліп тұрады, пигменттелген (ақ, сары түсті) колонияларын түзеді. Стафилококктардың көбісі 15% NaCl немесе 40% өт бар қоректік орталарда өсе алады. Сұйық орталарды диффузды лайланып, тұнбаға түседі. Патогенді стафилококктар қанды агарды гемолиз түзеді. Өсу температурасы - 35-37 0 С, рН оптимумы 7, 0 - 7, 5.
Антигендер. Клетканың қабырғасындағы тейхой қышқылдары, пептидогликанның А белогы антиген болып саналады. S. aureus - та тағы капсульді антиген бар. Антигендері агглютинация, прециптация, тура емес гемагглютинация реакциясында анықтауға болады.
Токсигендік, патогендік. Патогенді стафилококктар альфа, бета, гамма - гемолизин, б-лизин, энтеротоксин - лейкоцидин және эксфоиатин сияқты токсиндерді бөліп шығарады. Химиялық табиғаты бойынша олар - белоктар. Токсиндердің әсері:
- Гемолизиндер - қандағы эритроциттерді ерітеді. Альфа - токсин жүрекке және жүйке жүйесіне әсер етеді. (S. aureus) .
- Лейкоцидин - лейкоцит пен макрофагқа әсерін тигізеді
- Эксфолиатин - бөртпелерді тудырады (тер импетигосы, скарлатинаға үқсас бөртпе, жаңа туған нәрестелерде пузырчаткасы) .
- Энтеротоксиндер - тамақтан болатын улануларды тудырады.
- Серотипі анықталған - А, В, С (С1, С2) Д, Е.
Стафилококктардың патогендік әсерінде клеткадан тыс ферменттердің маңызы зор. Қан плазмасының ұюын тудыратын коагуаза деген ферменті бар стафилококктар міндетті патогендік деп саналады. Фибринолизин қан ұйытқысын ерітеді, гиалуронидаза - гиалурон қышқылын ыдыратады.
Патогендік қасиетті А-белогы атқарады - Jg G- ның Fc - фрагментімен байланысып комплементті инактивациялайды, оның арқасында фагоцитарлық реакциясы әлсізденеді. А-белоктың комплементімен байланысуы тромбоциттерді бұзады.
Экология. Стафилококктар табиғатта кең таралған. Олар адам ағза терісінде және кілегейлі қабықтарында кездеседі. Стафилококктың әрбір түрі эковарларға бөлінеді. Мысалы: S. aureus - та 6 эковары бар - А, В, С, Д, Е, F. Олар адамда, шошқада, құстарда, ірі қара малда, қойларда, қояндарда, иттерде кездеседі. S. aureus-тің резервуары - стафилококктық инфекциямен ауырғандар және дені сау бактерия тасымалдаушылар. Ауру жұқтыру жағынан тыныс алу жолдарының жоғарғы жолдарының кілегейлі қабықтарында немесе тері үстінде патогендік стафилококк кездесетін адамдар қауіпті.
Резистенттік. Сыртқы ортаның факторларына төзімді. Жер топырағында ұзақ уақыт сақталады. Күн сәулелері бірнеше сағаттың ішінде жойып жібереді. 70-80 0 С дейін қыздырғанда 20-30 минутта жойылады, 3% фенол - 15-20 минутта, 1% хлорамин - 2-5 минутта жойылады. Стафилококктар бензилпенициллинге, жартылай синтетикалық пенициллиндерге, макролидтарға, стрептомицинге, левомицитинге, тетрациклинге, фузединге, ристомицинге, рифампицинге, нитрофуранды препараттарға сезімтал. Бірақ та стафилококктар арасында R - плазмидалар кең тараған, ол арқылы АБ -терге көпшілік - резистенттілік пайда болады. Сондықтан әрқашанда антибиотиктерге сезімталдығын анықтау қажет.
Иммунитет: Инфекциядан кейін қанда антитоксиндер анықталады. Анти - альфа - токсиннің байқалуы иммунитеттің тұрақтылығын сипаттайды.
Сақтандыру: Іріңді қабыну бар ауруларды ауруханада жеке бөлімге жатқызу. Бактерия тасымалдаушыларды уақытында анықтап, емдеу (лабораториялық тексеріспен) . Жаралағандарға гамма-глобулин немесе анатоксин енгізу. Босанатын әйелдерді анатоксинмен иммунизациялау.
Емдеуі: АБ, стафилококкқа қарсы Jg, плазма, анатоксин.
Стрептококктар.
Бергидің соңғы анықтамасында Streptococcaceae тұқымдастығына Streptococcus туысына стрептококктардың 21 түрі жазылған. Адам патологиясында ең маңыздысы S. pyogenes, S. pneumoniae. Шартты-патогендік түрі - S. faecalis.
Морфологиясы мен физиологиясы: Шар тәріздес немесе сопақша грам оң микроорганизмдер. Жұғында екеуден немесе тізбектесіп орналасады. Қозғалыссыз, кейбір түрлері (S. pyogenes) капсула құрайды. Хемоорганотрофтар метоболизмі ашыту типімен. Глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады. Қан немесе қан сарысуы . . . қосқан қүрделі қоректік орталарда өседі. 37 0 С температурада, рН - 7, 6-7, 8. Колониялары майда сұр немесе түссіз. Капсульдік стрептококктар мукоидты (шырыш) колонияларды түзеді. Сұйық қоректік орталарда тұнбалы болып өседі. Энтерококктар 40% өті бар орталарда өсе алады. Қанды агардағы өсуіне қарай 3 топқа жіктейді: 1. В-гемолитикалық - колония айналасында гемолиз мөлдір зонасын түзеді. 2. альфа - гемолитикалық - жасыл зонасын түзеді.
3. гемолитикалық емес
Стрептококктарды бір-бірінен көмірсуларды ыдырату, аргининді, эскулинді гидролиздеу, 40% өт бар ортада өсуіне, 6, 5% NaCl бар ортада өсуі бойынша ажыратады.
Антигендері: Полисахаридті антиген - субстанция С - арқылы стрептококктарды серотоптарға бөледі. (А, В, С, Д, Е, F) . Бұлардың ішінде сероварлары анықталады, мысалы: А-тобында М, Т, R-антигендері бар штамдары анықталған.
А-серотобындағы кейбір стрептококктарда қиылысқан антигендер кездеседі. Оларға қарсы антиденелер миокард және бүйрек ұлпасымен иммундық реакцияға түсіп, аутоиммундық ауруларды тудыруы мүмкін.
Токсигендік, патогендік: Адамға патогендік көбінесе А-серотоптық В-гемолитикалық стрептококктар (S. pyogenes) . Олардың патогендігі бөлетін токсиндеріне, клеткадан тыс ферменттеріне және клеткалық компоненттеріне байланысты. Түзетін токсиндері - О- және S- стрептолизиндер, лейкоциндер, цитотоксиндер, эритрогениндер. О- S- стрепто-лизиндер - эритроциттерді гемолизға ұшыратады, жүрекке әсерін тигізеді, цитотоксикалық қасиеті жоғары.
Лейкоцидин - полиморфты - ядролық лейкоциттерді ерітеді, жоғары вируленттігі бар штамдарымен бөлінеді.
Цитотоксиндер - оларға, мысалы үшін, нефритогендік токсин жатады, ол гломерулонефритті тудырады.
Эритрогениндер - скарлатинаны тудыратын стрептококктармен бөлінедә, эритроциттерді жояды.
Клеткадан тыс ферменттер - гиалуронидаза, стрептокиназа, протеиназа, дезоксирибонуклеаза, фибринолизин т. б. - стрептококктарға инвазивтік және агрессиялық қасиетін береді.
Патогендік факторларға тағы да М-АГ және капсуланы жатқызады, олар стрептококктарды антиденелердің әрекетінен қорғайды, фагоцитозды төмендетеді. М-АГ - стрептококктардың миндалиналарға жабысу мәнін атқарады, баспаларды тудыруға мүмкіндік жасайды.
Экология. Стрептококктар табиғатта кең таралған. 5 - экотобы байқалады - 1 адамға патогендік (S. pyogenes), 2 адамға және жануарларға патогендік, шартты- патогендік (S. agalatiae, S. faecalis), 3 шартты- патогендік (S. mitis S. salivarius), 4 жануарларға патогенді, 5 - сапрофиттер (S. lactis) .
Адам ағзасында стрептококктар ауыз қуысында, тыныс алу жоғарғы жолдарында, тер бетінде, ішекте кездеседі. Инфекция көзі - аурулар, бактерия тасымалдаушылар. Негізгі жұғу жолы - ауа арқылы.
Резистенттік. Стрептококктардың басым көпшілігі 56-60 0 С дейін қыздырғанда 30 минут шыдайды. Адамға патогендік стрептококктар (А-серотобы) топырақта, шаңда, заттардың бетінде бірнеше күнге дейін сақталады. Стрептококктар, энтерококктардан басқасы пенициллин қатарындағы антибиотиктерге сезімтал.
Иммунитет: Стрептококктық инфекция көзінде микробтарға жәнеолардың токсинмен ферменттеріне қарсы антиденелер пайда болады. Инфекциядан кейін пайда болған иммунитет тұрақты емес. Протективтік қасиет тек қана М-АГ қарсы антиденелері болады. Скарлатинадан кейінгі иммунитет тұрақты. Стрептококктық инфекциямен ауырғандар стрептококкқа тердің жоғары сезімталдығы байқалады (жоғары сезімталдықтың баяу типі) .
Сақтандыру: Скарлатина, стрептококктық баспаларды уақытында және дұрыс емдеу. Ревматизмнен сақтандыру шаралары. Ревматизм пайда болған кезде - жылына 2 рет (күз және көктемге қарсы) пенициллиндік профилактиканы өткізу керек.
Емдеуі: пенициллин қатарындағы АБ-тер.
Менингококктар. Морфологиясы мен физиологиясы :N meningitides Neisseriaceae тұқымдастығына Neisseria туысына жатады. 1887 жылы Вейксеьбаумен ашқан. Сақина тәрізді немесе сопақша пішінді болып келеді, грам теріс микроорганизмдер. Жұғында екеулеп (диплококктар) бір-біріне қарастырылған түрінде клетка ішінде (эндоцитобиоз) орналасады. Капсуласы бар. Қозғалыссыз, фимбриялары анықталған. Спора түзбейді.
Хемоорганотофтар, аэробтар. Цитохромоксидаза мен каталазасы бар. Дефибринделген қой немесе жылқының қаны бар немесе қалыпты қан сары суы бар орталарда өседі. Себуден кейін 18-20 сағаттан соң түссіз нәзік колониялар түзеді. СО 2 - нің жоғарыңқы қанықпасында менингококктар жақсы өседі. Оптимальді өсуі 30-38 0 С, рН - 7, 2-7, 4. Көмірсуларды ыдырату активтілігі төмен, глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады.
Антигенлері: Менингококктарда бірнеше антигендері бар. Капсулалық антигендері бойынша менингококктарды серотоптарға бөледі - А, В, С, Д, Х, У, Z, W - 135, 29 Е. Клетка қабырғасының сыртқы мембранасының белоктары бойынша менингококктар топ ішінде сероварларға бөлінеді, оларды сандармен белгілейді.
Токсигендік, патогендік: Менингококктардың қабырғасының липополисахариді эндотоксин болып табылады. Ол аурулардың қаны мен жұлын сұйығында байқалады, ауруының ауырлығы полисахаридтің қандағы мөлшеріне тығыз байланысты. Патогендік факторларына тағыда капсуласы (фагоцитозға резистенттік), фимбрияларда (эпителийге жабысуы) және ферменттерді (гиалуронидаза, нейраминидаза) жатқызады. Солардың қатарына сыртқы мембрананың белогы жатады.
Менингококк токсиндері адамды эндотоксикалық шокқа соқтыруы мүмкін. Токсиннің жоғары дәрежесі комплементтің С 2 , С 3 , С 4 фрагцияларды 2-8 есе азайтады, қан тамырларын бұзады. Сонда бөртпе пайда болады.
Экология. Менингококктық инфекциямен адамдар ғана ауырады. Инфекция көзі - ауру адам немесе менингококк тасымалдаушы. Жұғу жолы - ауа-тамшылық. Менингококктар мұрын жұтқыншақ кілегейлі қабықтарында дамиды. Адамдар арасында менингококк тасушылық кең таралған.
Резистенттілік. Сыртқы ортаның факторларына тұрақсыз - суыққа, құрғатуға өте сезімтал. Сондықтан аурулардан алынған материалды бірден қоректік ортаға егу керек. Қызуы 22 0 С төмен болса және 50 0 С дейін қыздырғанда менингококктар өледі, 3% карбол қышқылы менингококктарды тез жояды. Менингококктар пенициллин қатарының АБ-не, ттрациклинге, эритромицинге сезімтал.
Патогенез: Менингококктар мұрын жұтқыншақтың кілегейлі қабықтарына түскенде 10-15% кездерінде ғана қабынуын дамытуы мүмкін. Жергілікті менингококктық инфекцияға назофарингит пен пневмония жатады. Менингококктар қанға түскен кезде менингококкемия пайда болып, ақырында токсемияға ұшыратады. Сонда менингококктар ми қабықтарына өтіп менингит немесе менингоэнцефалитті тудырады. Генеральды формаларында менингококцемия, эндокардит, артрит, полиартрит, иридоциклит дамуы мүмкін.
Иммунитет: Генеральды формалардан кейін иммунитет тұрақты болады. Қан сарысуында спецификалық антиденелер байқалады - агглютининдік, бактерицидтік. Ауыруының ауырлығын Т-лимфоциттер мөлшерімен анықтайды (азаяды) .
Сақтандыру: Балалар мекемелерінде назофарингитпен ауырғандарды оқшаулау. Менингококктық инфекцияға күдіктілерді ауруханаға жатқызу. Эпидемиялық көрсеткіштері бойынша арнаулы сақтандыруды жүргізу (А және С серотобына қарсыменингококктық химиялық вакцинамен иммунизациялау) .
Емдеуі: Этиотроптық терапиясын жүргізу - пенициллин, левомицетин, рифампицин, сульфаниамидті препараттар.
Гонококктар. Гонококктар (N. gonorrhoeae) - Neisseriaceae тұқымдастығына Neisseria туысына жатады. Олар несеп-жыныстық жолдарының шұғыл іріңдік - қабынуын тудырады. Жаңа туған нәрестелерде көз бленнореясын тудыруы мүмкін. Алғашқы рет гонококктарды бөліп шығарған Нейссер 1879 жылы.
Морфологиясы мен физиологиясы: Гонококктардың формасы сопақша, жұғындысында жұптасып бір-біріне қарап орналасады (диплококктар), клеткалардың ішінде орналасады (эндоцитобиоз тән) . Грам теріс, қозғалыссыз, спора түзбейді. Фимбриялары бар.
Хемоорганотрофтар. Өсу жағдайын талап етеді. Қан немесе қан сары суы, асциттік сұйығы бар коректік ортада өседі. Аэробтар, бірақ СО 2 жоғарыңқы қанықпасында жақсы өседі. Өсу температурасы 30-38, 5 0 С. Асциттік ортада себуден 24-48 сағаттан соң гонококктар тегіс шеті бар жарқыраған колонияларды түзеді. Көмірсуларды ыдырату активтілігі төмен.
Антигендер: Толық зерттелмеген.
Токсигендік: Токсигендік қасиеті эндотоксинімен бағытталған (клеткалық қабырғасының липополисахариді) .
Резистенттілік: Сыртқы ортаның факторларына шыдамсыз. Құрғатқанда, 40 0 С -тан аса қыздырғанда сез жойылады. Күмістің нитраты, калии перманганаты гонококктарға әсер етеді. Гонококктар пенициллинге, ампицилинге, бициллинге, тетрациклинге, эритромицинге, канамицинге сезімтал.
Патогенез: Гонококктардың табиғи иесі адам. Ауру жыныстық қатынаста жұғады. Енген гонококктар фимбриялар арқылы несеп-жыныстық трактының эпителииіне жабысады. Фагоцитоз нәтижесінде гонококктар клеткалардың ішіне түседі. Кейбір жағдайларда гонококктық сепсис дамиды.
Иммунитет: Иммунитет пайда болмайды. Фагоцитоз аяқталмаған түрінде өтеді.
Сақтандыру: Жеке гигиенаны сақтау. Жалпы сақтық шараларды өткізу - инфекция көзін тауып емдеу.
Емдеуі: Пенициллин, тетрациклин, канамицин.
Іріңдік инфекциялардың лабораториялық диагностикасы.
Зерттелетін материал - ірің, жараның бөлінділері, мұрын жұтқыншақтың бөлінділері, қан, экссудат, қақырық, зәр, жұлын ми сұйықтығы.
Зерттеу әдістері:
- Бактериоскопеялық (менингококктық, гонококктық инфекцияларда - жетікті әдіс)
- Бактериологиялық - таза дақылын бөліп шығару, оны идентификациялау (ЖСА, КГА, Эндо, Сабуро, стерильдігін анықтау ортасы) . Гемокультураны бөлу үшін 10 мл қанды 100 мл-ға қантты немесе қан сарысулық сорпасына себеді.
Стафилококктарды фаготиптеу.
- Серологиялық - менингококктық инфекцияны анықтау үшін преципитация реакциясы, тура емес гемагглютинация реакциясы. Гонореяны анықтау үшін - КБР.
- Биологиялық - ақ тышқандарға материал арқылы инфекцияны жұқтыру.
ІҚА тудыратын анаэробтардың жіктелуі .
1. Грам теріс таяқшалар: Porphyromonas, Bacteroides, Prevotella, Fusobacterium
2. Грам теріс кокктар: Veillonella
3. Грам оң таяқшалар: Lactobacillus, Bifidobacterium, Propionibacterium, Actinomyces, Eubacterium
4. Грам оң кокктар: Peptococcus, Peptostreptococcus
5. Спора түзетін анаэробтар:
6. Клостридяи kloster- грек тілінен ұршық деген мағынаны береді : C. tetani, C. botulinum, C. difficile, C. sordellii, C. novyi, C. histoliticum, C. septicum, C. sporogenes, C. perfringens
Патогенді анаэробты бактерияларға жалпы сипаттама.
Аэробтарға және факультативті анаэробтарға қарағанда қатаң анаэробтар толық оттегі жоқ жерде немесе оның аз мөлшерінде ғана өмір сүреді. Бірақ олар басқалары сияқты табиғатта кең тараған. Олардың өмір сүретін жері - негізінен топырақтың терең бөлігі, тұрып қалған су, жануарлардың, құстардың, балықтардың және адамдардың ішектік трактісі. Анаэробтар органикалық және бейорганикалық заттар бар жерде және оттегі жоқ жерде тіршілік етеді. Олардың арқасында табиғаттағы зат алмасу, оның ішінде азот және көмірқышқыл газы алмасуы. Сонымен қатар анаэробтар адамның және жануарлардың ішек трактісінің негізгі бөлігін құрайды, олардың иммунитетінде және өмір сүруінде маңызды роль атқарады.
Қатаң анаэробтарды 2 негізгі түрге бөлеміз: спора түзетін және түзбейтін. Спора түзетін анаэробтар Clostridium тұқымдастығына, Bacillaceae туыстастығына, ал спора түзбейтін грамм теріс бактериялар Bifidobacterium тұқымдастығына, Lactobacillaceae туыстастығына жатады. Грамм оң( Microoccaceae және Streptococcaceae туыстастығы) және грамм теріс( Viellonelaceae туыстастығы) кокктар арасында да қатаң анаэробтар кездеседі.
Қатаң анаэробтарға сонымен қатар метан түзетін
Clostridium тұқымдастығына көп түрлер кіреді. Анықтау ыңғайлы болу үшін спора орналасуына және желатин ыдыратуына байланысты тұқымдастық 4 топқа бөлінген:
І. Споралар субтерминальды орналасқан
А. Желатин ыдыратпайды І топ 1-11 түрлер
В. Желатин ыдыратады ІІ топ 12-31 түрлер
ІІ. Споралар терминальды орналасқан
А. Желатин ыдыратпайды ІІІ топ 32-50 түрлер
В. Желатин ыдыратады ІV топ 51-56 түрлер
Арнайы орталар қажет ететін түрлер V топқа жиналған(57-61 түрлер)
Клостридиялардың тағы 36 түрі адамдардың клиникалық материалынан және 24 түрі ауру жануарлардан бөліп алынған. Бірақ олардың кейбіреулері ғана адам мен жануарларға патогенді болып есептеледі. Оларға келесі түрлер жатады: C. tetani - споралар терминальды орналасқан, желатин гидролиздейді; C. botulinum C. perfingens C. Novyi C. septicum C. sordellii C. histolyticum C. difficile C. sporogenes
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz