Жеке тұлға және мәдениет


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Жоспар

Кіріспе 3-5 бет

І. Тарау: Жеке тұлға және мәдениет

1. 1. Жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени теориясы

концепциялары6-12 бет

1. 2. Кеңестік кезендегі тұлғаның әлеументтенуіндегі мәдениеттін

ролі13-32 бет

ІІ. Тарау: Жеке тұлғаны ұлттық, рухани мәдениет арқылы

әлеументтендіру

2. 1. Рухани мәдениетті дамыту арқылы жеке тұлғаны

әлеументтендіру33-39 бет

2. 2. Қазақстан мәдени ошақтарының тұлғаның әлеументтенуіндегі

мәдени ролі40-57бет

Қорытынды 58-60 бет

Сілтемелер 61-63 бет

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жеке тұлғаның әлеуметтенуіндегі мәдениеттің ролі теорияларымен олардың негізгі тұжырымдамаларында ең басты өзекті болып саналатын жеке тұлға мәселесі тұлғаның қоршаған ортаға әсері ондағы оның маңызы болып саналса, міне осы жағдайды есепке ала отырып адамдарды әлеуметтендіру арқылы жеке тұлға санатына қосу болып табылады. Жеке тұлға болып қалыптасу үшін бірнеше элементтер мен қасиеттер жеке тұлға бойында болуы тиіс. Сондай-ақ жеке тұлға болып қалыптасумен қатар жеке тұлғаға қатысты қоғамның жауапкершілігін сездіру. Сонымен қатар адам қоғамның басты құндылығы ретінде әрқашанда қоғамда өзекті болып келген және өзектілігін жоймайды, әр кезде, әр түрлі көрініс береді.

Зерттеудің мақсаты мен объектісі: Жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени жағын зерттеуде басты объект адам болып табылады. Зерттегенде басты бүгінгі таңдағы жеке тұлғаның қоғамға қажеттігін дұрыс жеткізе отырып барынша тұлға болып қалыптасуға жағдай туғыза отырып, адамның тұлғаға дейінгі өтетін сатыларын ұғындыру арқылы тұлға болып тумайды, жеке тұлға болып қалыптасады деген пікірді қайта жаңғырту.

Зерттеудің деңгейі мен мазмұны: Бұл тақырып жалпы жоғарғы дәрежеде зерттелмеседе басқа ғылым сапалары мен бірлесе отырып көлемді түрде қарауға талпыныс жасадым. Дипломдық жұмысымды жалпы екі тарауға бөліп қарастырдым.

Алғашқы тарауда жалпы жеке тұлға түсінігінің мәнін жұртшылыққа түсінікті етуді көздесем келесі тарауда жеке тұлғаның әлеуметтенуіндегі мәдениеттің ролі, яғни тұлғаның қоғамда түсетін барлық қатынастағы көрінісі сөз болды.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: Жеке тұлғаның әлеуметтенуіндегі мәдениеттің ролі деп аталады. Мұнда тұлғаға қатысты берілген ғалымдардың тұжырымды ойлармен қоса, тұлғаның жалпы әлеуметтенуіндегі мәдениеттің ролі, қоғамның оған деген көзқарасына тоқталдым.

Десекте жеке тұлғаны оны қоршаған орта яғни қоғам қалыптастырады. Сондай-ақ тақырыптың өзектілігі сол ол өз кезегінде тек әлеуметтік тұрғыдан емес, әлеуметтанумен тікелей бірлесе отырып философия, педагогика, психология да зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ бұл жерде тек айтқымыз келіп отырғаны тұлға барлық жағдайлармен қатынаста отырып дамиды, әсіресе мәдениетпен. Айталық биологиялық, мәдени және географиялық жағдайлармен де байланысты. Тұлға бойында біліммен қоса мәдени құндылықтардың болуы да міндетті, мәдениеттен тыс білім алу қоғамға тікелей қауіп төндіреді. Қоғамды адамдар құрайды деп Сорокин айтқан пікірді қайта жаңғыртсақ. Онда ол қазіргі кездегі теориялық және саяси практикалық мәні өте жоғары өзекті мәселе. Олай дейтініміз қоғамдағы басты құндылық адам деп санасақ, оған қатысты мәселелер әрқашанда қоғамда өзекті болып келген және өзектілігін жоймайды. Жеке тұлға заман талабына сай қалыптасып, әр түрлі формада көрініс береді, оның қалыптасқан және әлі шырқау шегіне жетпеген жерлерін ғылым салалары зерттеуін тоқтатпақ емес. Адамның өмір сүруі мәселесі сияқты, тұлға мәселесі де маңызды. Оның алғы шарттары туралы емес, адамның өмір сүруі мен мәнділігінің тұтастығы мен қажетті байланысы туралы айтуға болады. Тұлғаға индивидуалдық өмір суру қажеттіліксіз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесінсіз мүмкін емес. Сонымен қатар оның мәні де оның өмір сүруінен тыс бола алмайды. Десекте тақырыпта тұлғаға байланысты бірнеше ойды жинақтай келе оның қалыптасуына әсер ететін факторларды іздедім, немесе керісінше оған кедергі келтіретін келелі мәселелердің бетін ашуға барынша талпындым. Дипломның алғашқы тарауында жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени теориясына берілген шетел ғалымдарының концепциялары жағына мән берумен қатар оған байланысты теорияларға тоқталдым. Қысқаша шолу жасайтын болсақ француз психологы Жан Плаже мен Сорокин, М. Вебер және 3. Фрейдтың бірнеше теорияларын қарастырдым. Екінші тарауда тұлғаның мәдени мәселесіне оның бойындағы қалыптасқан құндылықтарға қатысты жақтарды қарастырдым.

І. Тарау: Жеке тұлға және мәдениет

1. 1. Жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени теориясы концепциялары

Жеке тұлға проблемасы бір қатар ғылымда социологияның, философияның, психологияның, педагогиканың зерттеу обьектісіне жатады.

Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның субъектісі ретінде қарастырса, психология тұлғаны психикалық қасиеттер меп процестердің мінез-құлық, темперамент, қабілет, тағы басқа тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.

Әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың өзекті проблемаларының бірі ретінде зерттейді. Өйткені қоғамда болып жататын әлеуметтік құбылыстар процестердің себептерін, сондай-ақ жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады. [1; 16 б. ]

Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. Тұлға ұғымын «адам», «индивид» ұғымдарымен салыстырып анықтауға болады. Адам ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер, қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Яғни адамның жануардан, өсімдіктерден, заттан айырмасын атап көрсетеді.

Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара касиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз адамның табиғи биологиялық қасиеті ғана емес. Ол қоғаммен тығыз байланыстар, қатынастар негізінде қалыптасатын адамның мәні. Тұлға - бұл индивидтің дамуының қорытындысы, жемісі, оның қоғамдық жағдайлардағы көрінісі.

Адам - адам болып туылады, тұлға болып қалыптасады, яғни тұлға болып туылмайды. Адамды тұлға қылып қалыптастыратын қоғам, қоршаған әлеуметтік ортасы.

Егер жаңа туылған жас егіз баланы алып, оларды әртүрлі жағдайларда, мәселен, бірін Африкада, енді бірін Америкада өсірсе, онда бірдей индивидтерден әртүрлі тұлғалар қалыптасады. Өйткені олар әртүрлі ортада өсті, әртүрлі мәдени құндылықтарды бойына сіңірді. Тұлғаның қалыптасуы табиғи қасиеттеріне және қабылдау мүмкіндіктеріне негізделеді. [2; 58-59 бб. ]

Тұлғаның қалыптасуында басты орын алатын не нәрсе: тұқым қуалаушылық па, әлде тәрбие ме? Бұл мәселе бойынша ғалымдар бір пікірге келе алмауда. Кейбір зерттеушілер барлық нәрсе тәрбиеге байланысты деп есептейді. Олар «жаман оқушы жоқ, жаман оқытушылар бар» деген пікір айтады. Екінші бір зерттеушілер туа біткен қасиеттерге үлкен мән береді.

Тұлғаны қалыптастыратын қоғам, мәдени орта. Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.

Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай балалардың аңдар арасына түсіп қалып, солардын арасында өскендігі жайлы оқиғалар бар. Оларда адамдық қасиет қалмаған, аңдар сияқты өмір сүреді, төрт аяқтап жүреді, аңдар сияқты тамақтанады. Оларды кейін тауып алып, адамдар арасында өмір сүруге, сөйлеуге үйретуге ұмтылған әрекеттерден ешқаңдай нәтиже шықпаған.

Демек адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамдық орта. Бірақ, бұдан адамның биологиялық, психологиялық жақтары маңызды емес деген пікір тумауы керек. Анығында адамның өлшемі үш түрлі:

  1. Биологиялық
  2. Психологиялық
  3. Әлеуметтік

Биологиялық өлшем - бұл адам организмінің түр бейнесі, құбылысын және формаларын, оның атқаратын қызметін ми, жүйке жүйесін; т. б. қамтиды.

Психологиялық өлшем - бұл адамның ішкі жан-дүниесін, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесін қамтиды. Мысалы, адамның құмарлығы, жек көру, сүю, мақтаныш, қорлану, күйініш, наразылық, ойлау еркі мен сипаты, темперамент, т. б жатады.

Әлеуметтік өлшем - адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады. Сондықтан тұлғаның әлеуметтік өлшемі әр қоғамда әр түрлі болады. [3; 56-57 бб. ]

Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:

1. Тұлғаны қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар
жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын.

2. Әлеуметтік қатынастардың және іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.

Сонымен қорыта келгенде жаңа туылған сәби тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:

1. Биологиялық - генетикалық дамудың алғышарттары;

2. Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда-мәдени орта болады.
Әлеуметтік ортамен жас сәби әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек.
Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби жан-жақты дами алмайды.

Жоғарыда тұлға туралы біраз сөз қозғадық. Тұлға дегеніміз жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты терең жетілген адам. «Тұлға» адамның әлеуметтік сапасын білдіреді, адам тұлға болып қоғамда, яғни әлеуметтік ортада қалыптасады деген болатынбыз. Енді қоғам тұлғаны қалай калыптастырады деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Тұлға әлеуметтену процесі арқылы қалыптасады. Әлеуметтену - бұл өмір сүру үшін қажетті білімдерді, нормаларды, мәдени құндылықтарды меңгеру болып табылады. Адам туылғаннан өмірінің соңына дейін әлеуметтену процесінен өтеді. Біз тұлғаны әлеуметтік орта қалыптастырды деген болатынбыз. Осы арада әлеуметтік орта деген не? Соған қысқаша тоқталайық. Әлеуметтік ортаға ата-анамызды, достарымызды, туысқандарымызды, әріптестерімізді, әртүрлі іс-әрекет жасағанда қарым-қатынасқа түсетін адамдарды жатқызуға болады. Біз күнделікті өмірде айналамыздағы адамдар тарапынан әлеуметтенеміз. Сөйлеуді, жазуды, өзімізді ортада қалай ұстап, қалай жүріп-түру керек екендігін үйренеміз. Мектептерге, әртүрлі курстарға бару арқылы білім аламыз, көп нәрселерді үйренеміз. Ортаға бейімделу де әлеуметтенуге жатады. Бала туылған кезінен бастап жанұясында тәрбиеленеді, яғни жанұяда әлеуметтенеді. Өсе келе балабақшаға, мектепке барады, онда да көп нәрсені үйреніп білім алады Одан кейін жоғары оқу орнына түседі немесе жұмыс істейді, мұнда да білімін тереңдетеді, қасындағы достарына бейімделеді. Осылай әлеуметтену жалғаса береді. Адамға қартайған шағында зейнеткерлік өмірге байланысты туындаған жағдайларға бейімделуге, кейбір іс-әрекеттерге дағдылануға тура келеді. Яғни әлеуметтену процесі үздіксіз жүре береді. Әлеуметтену ұғымы мен қатар әлеуметтендіру деген ұғым бар. Әлеуметтену - бұл үйрену, білім алу, тәрбие алу, меңгеру, бейімделу болса, әлеуметендіру - бұл үйрету, білім беру, тәрбиелеу, меңгерту, бейімдеу болады. Жоғарыда айтқанымыздай алғашында ата-анасы, содан соң мүғалімдер, достар, жұмыс ұжымы, т. б. әлеуметтендіреді.

Адам әлеуметтену процесін өту арқылы қоғамдағы тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып өзі жаңа сапа, қасиетке, тұлғалыққа ие болады. [4; 74-75 бб. ]

Әлеуметтендірудің нақтылы жолдары болады. Олар:

а) іс әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.

ә) қарым-қатынас, бұл - адамдардың бір бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қатынастарда болуын талап етеді.

б) өзіндік сана-сезімді дамыту, бұған ми және жүректің өз бетінше қызмет етуі жатады.

Әлеуметтендіруді жүзеге асырушыларды «әлеуметтендіру агенттері» деп атаймыз. Жанұядағы әлеуметтендіру агенттеріне - ата-ана, туыстар жатады. Сондай-ақ оқу орындары, армия, полиция мемлекет, БАҚ, т. б. және осы мекмелерде жұмыс істейтіндер әлеуметтендіру агенттері болып табылады.

Француз психологы Жан Пиаже тұлға дамуының бірнеше сатыларын көрсетті. Ол ойлауды үйрену процесін зерттеді.

  1. Туылғаннан - 2 жасқа дейінгі кезең. Сенсомоторлы саты деп атады. Бұл кезде балалар қоршаған ортадағы заттардың үлгісін көп уақытқа есте сақтап қалу мүмкіндігі қалыптасады. Мұны кез-келген бала күтуші (няня) дәлелдейді. Кішкентай бала ата-анасы біржаққа кеткенде шыңғырып жылайды, ал жарты жылдан соң күліп тұрып қол бұлғап шығарып салады.
  2. 2-7 жас аралығы алғашқы операционалды деп аталады. Бұл кезде балалар символдар мен олардың мәнін ажыратуды үйренеді. Бұл кезең басында олардың құмнан тұрғызған үйінділерін біреу бұзса олар ренжиді, өйткені ол үйінділер олардың өз үйлерінің символы, ол үйінділерді үйіміз деп түсінеді. Ал кезең соңында олар символ мен затты ажыратады.
  1. 7-11 жас аралығы нақты операциялар сатысы. Бұл кезде балалар ойланып іс-әрекет жасауды үйренеді. Бұған дейін олар ойланбай тек қолымен істеген болса, енді ойланып істейді. Егер бұл кезеңде балаларға қатарынан жатқан алты ағашты көрсетіп, көп ағаштың ішінен осындай көлемде ағаш ал десең, олар қиналмай алады. Ал бұл жастан кіші жастағы бала әр ағашты біртіндеп алып қатар ағаштардың қасына бір-біреуден қояр еді.
  2. 12-15 жас аралығы Бұл соңғы саты формальды операциялар деп аталады. Бұл кезде жасөспірімдер логикалық және математикалық тапсырмаларды шеше алады, өнегелік проблемаларды ойлайды, болашақ туралы толғанады. Ары қарай дамуы осы сатыда меңгерген ақылы мен дағдыларына байланысты болады. Міне Жан Пиаже тұлға дамуын 4 сатыға бөліп осындай мысалдармен түсіндірді. [5; 248-250 бб. ]

Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдылылығын, оның қоғамның басқа мүшелерінен бастапқы айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқым қуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі. Бірақ биологиялық факторды есепке алуымыз қажет, себебі біріншіден ол әлеуметтік қауымдар үшін шек құрайды (кішкентай балалардын әлсіздігі судың астында ұзақ тұра алмау мүмкіндігі, биопогиялық қажеттіліктің бар болуы), екіншіден биологиялық факторлардың көмегімен әрбір адам тұлғасынан индивидуалдылықты жасайтын қабілеттіліктің, мінез-құлықтың шексіз көптүрлілігі жасалады. [6; 147 бб. ]

Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер физикалық қоршаған ортаға жеке тұлғаның дамуында үлкен рөл берді. Атақты социолог П. Сорокин 1928 ж. Басылған бірнеше еңбектерінде Конфуций, Аристотель, Гиппократтан бастап, қазіргі кезеңнің географы Элдиот Хантинттонға дейінгі көптеген ғалымдардың теорияларын кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тәртібіндегі топтық ерекшеліктер негізінен ауа райындағы географиялық ерекшеліктер мен табиғи ресурстардағы ерекшеліктермен анықталады. Ғалымдардың бұл тобына философ Г. В. Плеханов пен Л. Н. Гумилевты да жатқызамыз. Бұл зерттеушілер жасаған теориялар ұлттық сананы ақтау үшін негіз болып табылады, бірақ жеке тұлғаның дамуына физикалық факторлардың шешуші әсерін ақтай алмайды, шындығында ұқсас физикалық және географиялық жағдайда жеке тұлғаның әртүрлі типтері қалыптасады және керісінше жеке тұлғаның ұқсас топтық белгілері қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында дамиды.

Осыған байланысты, физикалық орта әлеуметтік топтың мәдени ерекшеліктеріне әсер ете алады, бірақ оның тұлғаның жеке қалыптасуына әсері шамалы.

Мәдениет. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысыңда тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді. [7; 327 бб. ]

Американ зерттеушісі К. Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. (мода терминінен алынған) . Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді.

Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшеліктік категориясы, жеке тұлға болады. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім (анықталған тұлғалық үлгілермен) . Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда болады. [8; 176 бб. ]

Яғни жеке тұлғалардың қалыптасуына биологиялық факторлары және жеке әлеуметтік топтағы жалпы мәдени үлгі үлкен әсер етеді. Сонымен қатар тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық тәжірибе және индивидуалды тәжірибе болып табылады. Бұл факторлар жеке тұлғалардың әлеуметтендіру процесінде толық бейнеленеді.

Адамдардың қоғамға енуі әртүрлі әлеуметтік қауымдар, қабаттар, топтар
арқылы жүреді. Адам әлеуметтік жүйелердің элементі болып қана

қоймайды, сонымен қатар өзі өзінің көптүрлілік құрылымымен

күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.

1. 2. Кеңестік кезендегі тұлғаның әлеументтенуіндегі

мәдениеттін ролі

Адам өмірі нақты тарихи-әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдайларын өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.

Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесіне барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт-бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани-этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмірі, осыдан, әр мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі құндылықты ниет-себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады. [23; 43-45 бб. ]

Тұрмыс-салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделікгі күйбеңнен аса алмайды, осыдан мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай, өміршеңдігі кемиді, рухани-адамгершілік талаптары тарылады.

Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс - ауытқулар оның өзіндік "Менін" танымаудан, объективті мәнді жеке басының құнды тараптарын сезіне алмаудан келіп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткіші - оның өз жағдайын басқара алу және әрекет-қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге икемдестіре білу дәрежесі.

Жеке адам мотивтері

Адам әрекетке келтіруші күш-қажетсіну. Болмысты бейнелеудің жоғары формаларына не адамды әрекетке келтіруші нысандар - саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнектелуі мүмкін. Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив - бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттікті қанатағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде мотив - шындыққа сай зандылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет (мотивация) қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (КГ. Агеева) . Қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық - әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты. [24; 91 б. ]

Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, оның нәтижесіне жетумен адам келесі әрекетке қамтылады, іс-әрекет барысында мотив өзгеруі мүмкін және керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған іс-әрекет арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әртүрлі болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Америка этнологиясындағы психологиялық бағыттар
Ұйымдық және корпоративтік мәдениет мәселесі
Этнопсихологияда жеке тұлғаның эмоционалды-танымдық сферасы тіл және мәдениет
Тұлға және мәдениет әлеуметтануы
Массалық, элитарлық мәдениеттің қазіргі мәдениеттегі көрінісі
РУХАНИ МӘДЕНИЕТ ТИПТЕРІ
Тілдік санадағы мәдениет ұғымы
Кәсіпорында корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері
Интеллектуалды даму деңгейі
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz