Ата-аналарға кеңес



1.Бесінші сынып ата.аналарға арналған жиналыс;
2.4.сыныпта құрдастарымен қарым қатынас;
3.АТА.АНАЛАРҒА АЙТАРЫМЫЗ...

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ата-аналарға кеңес
Ата-аналарға кеңес.

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны - отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие - күрделі үдеріс. Тәрбие отбасынан басталады деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы - бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек.
Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.
Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді.

Бесінші сынып ата-аналыран арналған жиналыс

10-11 жастағы оқушылардың даму ерекшеліктері.10-11 жас кезеңі төменгі мектеп жасынан ересектікке өтуімен сипатталады. Кез келген өтпелі кезең сияқты оның өзіндік ерекшеліктері бар және оқушылар мен ата аналары сияқты мұғалімдер үшін де белгілі бір қияндықтармен байланысты.
Бұл кезеңде баланың психикасында айтарлықтай өзгерістер өтіп жатады. Оның теориялық пәкәрә дами бастайды, өйткені жаңа білім, қоршаған әлем жайындағы жаңа ұғымдар бұрыннан қалыптасқан тұрмыстық түсінігінен өзгертеді. Ойлаудың жаңа деңгейінің дамуы негізінде барлық қалған психикалық процестерде қайта құру пайда болады, яғни Д.Б. Эльконин атап өткендей қапер ойға, ал түйсік ойлауға айналады. Көптеген зерттеулер ойлаудың дамуы балаларда рефлексияның олардың өзге психикалық өмірін түсінуге, өзіне деген қатынастың қалыптасуына, одан әрі дамуына мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Нәтижесінде, балада өзіндік көзқарастар, пікірлер дами бастайды.
Танымдық сала бұрынғысынша жетекші сала ретінде өрістейді. Анағұрлым байыпты талаптар оқушылардың ақыл ойы және тілдік дамулырына ұсынылады: логикалық операциялырдың дағдылары, оқу білімін жүйеге келіру, зерттелетін ұғымның мағынасын түсіну, ауызша сөздің сауаттылығы және мазмұндылығы. Төменгі мекеп жасының аяғына таман оқушыларда өзге жаңа құрылулар қалыптасуы тиіс: психикалық процестің еркіндігі, өзін өзі жөнге келтіру қабілеті.
Оқу қызметі қызметтің басқа түрлерімен толықтырылады, және олардың барлығы оқушылардың психикалық дамуына ықпалын тигізеді. Бұл жағдайда оқу қызметі: негізгі болып қала береді және тұлғаның уәждемелік саласының мағынасын анықтауда жалғастырылады. Орта мектепте оқытудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата - аналардың педагогикалық білімі балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасын психологиялық қолдау
Ата - аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының функциялары
Педагог психологтың ата - аналарымен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны
Психологиялық кеңес жұмыстары
Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Пәндер