ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЕКІНІНІ БӨЛІМ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТ

Ү тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

§1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік.

§2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы.

§3. Жеке тұлғаның бағыттылығы.

§4. Жеке тұлғаның қалыптасуы.

§5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі.

§1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік

Адам - бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.

Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағыңда қолданылады. Жеке тұлға - бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нөтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықган да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мұм кін емес.

Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялык ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.

Жеке тұлға тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т. б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны

Жеке адам - қоғамдық дамудың кайраткері, қоғамда белгілі жағдайда түратын саналы индвид және белгілі қоғамдық рөлді атқарады.

Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің түрақтыльиы. Жеке тұлғаның психикалық кәрністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы түрақтылығы анық байқалады.

Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуедділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікгі білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моралдік сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Соңдықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге" бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, оруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасадьн, тәрбиеленеді.

Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптегенжәне жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.

Психологияның басқа ғылымдымдардан ерекшелігі (философия, этика заң ғылымдары және т, б) жеке тұлғаның руханн бейнесің, оның қылықтары мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психологаялық ерекшелікгерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның, қалыптасу және даму үрдісін зерттейді . . . :

§2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы

Кез-келгенқұбылыс сияқты өмірі белгілі құрылымнан түрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге тандамалы қатынасы, Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды

Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін атқарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуі соған сәйкес еріктік және эмоциялық көңіл-күйдің көтерілуіне алып келеді, ол өз кезегімен интеллектуалдық іс-әрекеттің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады.

Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мұм кіншілігін айқындайды және белнлі бір іс-әрекетті нөтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А. С. Пушкинде ақындық өнер үстемдік етті, бірақ ол өзін тарихшы және талантын суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М. Ю. Лермонтов туралы да айтуға болады. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді.

Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас кәрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын

Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп кәрсетуге болады. Оларға ең алдымен моралдік, екіншіден - ерік-жігер сапалары жатады олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық; міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді Сондықтан да моралдік ерік-жігер сапаларын мінездің негізін құрайды деп айта аламыз.

Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда мен деген ұғымды білдіреді. "Мен" - жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.

Психикалық үрдістер - психикалық құбылыстардың әртүрлі түрлерінде шындықты динамикалық тұрғыда бейнелеу. Психикалық үрдістер жеке тұлғаның шындықпен байланысын қамтамасыз етеді. Олар арқылы жеке тұлғаның қасиеттері қалыптасады. Ұйымдасқан қасиеттер өз кезегімен үрдістің жүруіне әеер етеді. Мәселен, түйсіктер үрдісінде нақтылы сенсорлық қасиеттер және одан әрі түйсіктердің сандық, сапалық сипатын анықтайтын жеке тұлғаның тұтас сенсорлық құрылымы қалыптасады. Теориялық және практикалық міндеттерді шешу үрдісінде жеке тұлғаның ерік-жігер құрылымы қалыптасады.

Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты эмоциялық реақцияңың таңдауына әкеледі.

Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері бұл индивидтерге тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі сандық-салалық деңгейін қамтамасызетегін түрақты құрылым.

Психикалық үрдістердің жүру сипаты, қасиеттердің кәрінуі жеке тұлғаның психикалық белсенділігінің жағдайына байланысты

Психикалық қалып дегеніміз жеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсіңкі белсенділігі түрінде кәрінетін психологиялық іс-әрекеттің түрақты деңгейін айтады. Кез-келген оқиғаны бейнелеу - күрделі құбылыс: Ол өз құрамына біршама үрдістерді кіргізеді; түйсіну мен қабылдау, қайта жаңғыру, ойлау сезім және т; б. қоғамдық және жеке мәні бар ықпал мен ой түйінін түсіну, соған сәйкес сезім туғызады, оның сипатына қарай жеке тұлғаның жалпы белсенділік деңгейін төмендетеді немесе арттырады. Психикалық іс-әрекеттің қалыптасқан деңгейі белгілі бір уақытқа жалғасуы сақталады.

Барлық кейінгі психикалық белсенділігі пайда болған жағдайға сәйкес жүріп отырады.

Психикалық қалып сыртқы және ішкі жағдайлардың себептеріне байланысты, бірақ оның динамикасы мен сипаты жеке тұлғаның қасиетіңе байланысты. Мәселен, жүйке қызметі ынжық типтегі адамдарда психикалық жалпы қозғалғыш типтегі адамдармен салыстыртанда түрақты келеді. Кейбір адамдардың атына жасалған сын-ескершелер олардың күш-жігерін жұмылдырады, сын-ескертпелерден қорытынды шығаруға ұмтылады, ал осындай сын-ескертпелер кейбіреулердің белсенділігін әлсіретеді, депрессивтік психикалық жағдайдың пайда болуына алып келеді. Осындай жағдай мінез-құлқының жағымсыз қасиеттеріне (әркөкірек, өзімшіл, өзін басқадан жоғары ұстайтын) ерік-жігері әлсіз, сезімнің ерекшелігіне байланысты

Демек, жеке тұлғаның психикалық құрылымы өте күрделі, жан-жақты және сан қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке тұлғаның дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар әрбір жеке тұлғаның құрылымы салыстырмалы түрде түрақты. Әрбір адам түрақтылық пен өзгермелікгің бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен өзі болуға, икемділік кәрсетуге, өмір салтын сол жағдайларына сай жүргізуге көмектеседі.

§3. Жеке тұлғаның бағыттылығы

Жеке тұлғаның негізн сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.

Белсенділік- жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамда белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау түрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытталады.

Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде түрғын үйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, соны мен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтарды бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз.

Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен сөздік қарын-қатынас қажеттілні, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және үнқағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады.

Адам табиғи қажеттілігі - адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге үшырады және күрделене түсті.

Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілні болып табылады. Тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге итермелейді.

Қажеттілік - бұл өмір сұрудің нақты жағдайларына төуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік

Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. Тек қана қажеттілік адамды белгілі бір бағытта әрекет етуге итермелейді.

Қажеттілік бұл-өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік-жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі. Қажеттшік жалпы түрде байқалады.

Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз.

Түрткілер - қажеттіліктің нақты көрінуі.

Түрткілер (мотивтер) - бұл қажеттіліктерді қанағаттан-дырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты кәрінуі болып табылады.

Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін дұрыс түсіну қажет. Түрткілер бір-біріне онда іске асатын қажеттіліктердің түріне; аумағына іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері оқу әрекетің түрткілері) байланысы ерекшеленеді.

Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болын бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетеді.

Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу -бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсеңді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуте, адамды терең білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді.

Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, түрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады.

Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына қарай анықталады (техникаға , химияға, спортқа, өнерге, суретке, шахматқа т. б. қызығу) . Мазмұны жағынан әртүрлі қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де қоғамдық және жеке мүддер дұрыс ұштасқанда жағымды бағаланады, басқалары жағынмыз бағаланады (өздерінің ұсак сезімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты) .

Жан-жақты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шекісулі және тұйықталған қызығу ғана болады.

Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүс қарастырады, зерттеу нысанын терең пайымдамайды.

Түрақты қызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-әрекетінде мәнді рөл атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бекітілген ерекшеліктері болып табылады) және түрақсыз қызығулар салыстырмалы түрле қысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады.

Адам түрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді және тез суыпқалады.

Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта бір жүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденістер коздерін қанағатандыруға итермелейтін қызығуды айтады. Бейжай қызығулар - осындай іс-әрекеттің түрнеріне итермелейтін қызығуларды айтады.

Сонымен қатар тура және жанама қызығулар болады. Тура қызығулар білімнің немесе іс-әрекеттің белнлі бір саласында мазм үнымен пайда болады.

Жанама қызығулар - нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысана мен, адам қызығуымен (мәселен, мектеп оқушысы үшін математикаға қызығуы, оның сүйіп айналысатын авиомоделдеу ісімен) байланысты. Жеке тұлғаның қылығы моралдықтүрткілермен борыш сезімінен, қоғамдық тапсырмалармен реттеледі және анықталады. Адам қылығының моралдік түрткілері идеалдарда байқалады.

Моралдік немесе адамгершілік идеал - бұл адамның өз іс-әрекеті мен қылығының үлгісі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгі болатын адамдар аз болған жоқ. Қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық қайраткерлер ғылымда академик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т. б. есімдерін ерекше атауға түрарлық. Жеке тұлғаның кылығының негізгі түрткісі сенімдер болып табылады.

Сенімдер - бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жеке тұлғаның мақсатты қажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түрінде байқалатын қажеттіліктер мазмұны - бұл қоршаған дүние табиғат пен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды (философиялық, эстетикалық, этикалық, ғылыми-жаратылыстану және т. б. ), ол адам-дүниетанымы болып карастырылады.

Ұмтылу - мінез-құлық түрткілері (мотивтер), онда қажеттілік түрінде аңғарылады, қазіргі жағдайда берілмеген, бірақ жеке тұлғаның арнайы ұйымдасқан іс-әрекетінің нөтижесі түріңде жасалуы мұм кін. Ұм тылу түріңде берілген қажеттілік ерекше ұйымдасқан іс-әрекех арқылы қанағаттандыра алмайды, бұл түрткілер категориясы ұзақ мерзімге жеке тұлғаның белсенділігін қолдауға қабілеггі.

Мәселен, бір топ студент қайықпен серуенге шығу туралы жоспар жасап, пайда болған ұм тылу нәтижесінде жоспарды іске асыруда өзінің іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, сол жоспарды орындауда студенттер әртүрлі- даярлық жұм щстарын жүргізеді. ұмтылу әртүрлі психологиялық түрде іске асады.

Барлық түрткілер туралы айтқанымызда (қызығу, сендіру, ұмтылу) ең алдымен олар саналы, мақсатты түрде сипатталады. Басқа сөзбен айтқанымызда, адамда ол пайда болғаңда, өзіне-өзі есеп береді, іс-әрекетке итермелейді, оның қажеттілігінің мазмұны болып табылады. Сонымен қатар бұл категорияға түрткілердің барлығы кіре бермейді. Адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарының ерекше саласына саналы емес талпынулар жатады . Саналы емес талпынуларды психологияда зерттеу XX ғасырдың 20-30-жылдары қолға алынды.

Ұстаным мәселесі, ұстаным теориясының біздің елімізде негізінен грузин психологы Д. Н. Узнадзе және оның әріптестері негізін салған болатын.

Ұстаным дегеніміз қажеттілікті қанағаттандыруға белгілі дәрежеде даярлықты айтады.

Ұстаным - бұл белгілі бір іс-әрекетке жеке тұлғаның саналы емес талішну дайындығы, оның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруы мұм кін.

Д. Н. Узнадзе зерттеуі бойынша ұстаным орталық жүйке жүйесінде пайда болады және оның перифериялық бөлімінің қызметінің жемісі болын есептелмейді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының мұғаліміне ұстанымын жатқызуға болады: ұстаным мұғалімнің кез-келген тапсырмасын мүлТіксіз орындау даярлығы түрінде аңғарылады. Қоғамдық өмірдің әртүрлі деректері бойынша ұстанымдар (оқиғаларға, адамдарға және т. б. ) жағымды болуы да (ауру дәрігердің барлық айтқандарын дөл орындауы, оны емдеген доктордың ұстанымын басшылыққа алуы), жағымсыз болуы да мұм кін.

§4. Жеке тұлғаның қалыптасуы

Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту және тәрбелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психикалық сапалар мен үрдістердің қозғаушы күштері не?

Психология тарихында бұл мәселені шешуде екі бағыт қалынтасты: биогенетикалық және социогенетикалық.

Биогенетикалық бағыттың түсіңдіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады.

Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша, адам табиғатынаң эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліхтеріне бейімділік анзгартып ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді. (біреулер қылмыб істеуге бейшкеледі, кейбіреулер үйындастырушыйық қабілетке бейімділік аңғартады және т. б. ) . Адамдарда табиғатынан ігсихикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны; психикалық даму кезендері және оның пайда болу тәргібі алдык ала анықталады: Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады .

Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Социогенетиктер

биогенетиктер сияқты даму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімделушілік қызметін ескереді. Егер де социогенетикалық тұжырымдаманың айтқанына жүгінсек, онда мынадай мәселе түсініксіз болып қалады, неге бір әлеуметтік ортада әртүрлі адамдар қалынтасады, оның себебі неде?

Сонымен, биогенетикалық та, социогенетикалық тұжырымдама да жеке тұлғаның дамуы заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық та, социогенетикалық та психикалық дамудың қозғаушы күштерін анықтауға қабілетті емес.

Жеке тұлғаның дамуы туралы шет елде қабылданған белгілі теориялардың қателігі жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалау мен органың мәнін түсіңдіруде емес, онда жеке тұлғаға әртүрлі ықпалдарды механикалық түрде тұжырымдайды, ол "ойыншық" ретінде қарастырыладъг. Соған сәйкес жеке тұлғаның белсеңділігі жоққа шығарылады.

Жеке тұлғаның белсенділігі түрткілер жүйесі арқылы адамдарды іс әрекетке итермелейтін қажеттіліктер жиынтығымен байланысты. Қажеттіліктер тәртіп бойынша, пайда болғаннан кейін тез арада қанағаттандырылмайды.

Оны қанағаттандыру үшін материалдық құралдар қажет, іс-әрекетке, білімге, ептілікке және т. б. жеке тұлғаның белплі даярлық деңгейі қажет.

Жеке тұлғаның психикалық дамуының қозғаушы күштері адамның өзгермелі іс-әрекетіндегі қажеттікктермен және қанағаттандырудың шын мұм кіншіліктерінің арасыңдағы қарама-қайшылықта анықталады

Жеке тұлғаның қалыптасуын тұқым қуалау мен ортаның негізгі факторлар ретіндегі рөлін жоққа шығаруға

болмайды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжым психологиясы мәселесі
Пайдакүнем қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
Қылмыскердің тұлғасының ұғымы және қылмыстық мінез – құлықтың ерекшеліктері
Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы
Жеткіншектердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда психологиялық фактор
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Студенттік топтың сипаттамасы және оны зерттеудің психологиялық әдістері
Әлеуметтанудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Педагогикалық - психологиялық ғылыми әдебиеттерде тұлғаның қалыптастуындағы адамгершілік мәселесінің зерттелуі
Қарым қатынас - қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz