Жеміс дақылдары
Мазмұны
Кіріспе
1. Шекілдеуік жемісті дақылдары
(айва, алма, алмұрт, долана)
2. Сүйекті жеміс дақылдары
(шие, өрік, шабдалы)
3. Жидекті дақылдар
(таңқұрай, қарақат, жүзім)
4. Жаңғақты жеміс дақылдары
(талшын, исаңғат, бадам)
5. Цитрус жеміс дақылдары
(апельсин, мандарин, лимон)
6. Субтропикті жемісті дақылдар
(инжир)
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Адамзат ежелден-ақ дәнді дақылдар мен майлы белокқа бай өсімдіктермен
және көкеністермен қатар жеміс ағаштарына да көп көңіл бөліп отырған.
Оларды шама-шарқы жеткепше зерттеп, пайдалыларын іріктеп қолға баулуға
тырысып бақты. Археологиялық жұмыстардың, нәтижелеріне жүгінсек, адамдар
жеміс ағаштарын тас дәуірінен бастап, яғни осыдан 6000 жыл бұрын өсіре
білген. Әрине, ол кездегі алманың жабайы алмадан айырмасы шамалы болған.
Бірақ, содан бері адам еңбегінің арқасында оның әртүрлі кереметтей дәмді,
әсем, әнімді сорттары жасалып шығарылды. Басқа жeміс-жидек түрлері де
пайда болып адамзаттың кәдесіне жарауда. Осы тарауда ең басты, кең тараған,
пайдалы, мәденилендірілген жеміс ағаштарына тоқталып, олардың қасиеттері
мен маңыздылығына шолу жасамақпыз.
Европаға алма Грециядан әкелінді деп есептелінеді. Біздің дәуірімізге
дейін 4 ғасыр бұрын, Теофраст жеміс ағаштары жайлы ең алғашқы еңбек жазып,
онда сол кездегі кең тараған жеміс ағаштарына шолу жасаған. Осыдан екі
ғасыр кейін римдік оқымысты Катон, кейінірек Варрон, Колумелла, Плиний
сынды сол заманның озық ойшылдары алманың 36 түрлі сорттарына жан-жақты
сипаттама беріп, бұдандастыру тәжрибесін жазып қалдырды. Біртіндеп алма осы
жерлерден Батыс Европаға таралды. Бірақ, ол кезде алманы тек діни
орталықтарда ғана өсіретін әдет басым еді. Себебі, бұл орталықтар мәдениет
пен өнер және ғылым мен білім орталықтары қызметін атқаратын.
17 ғасырдың басында алманың 60-қа жуық сорттары белгілі болды.
Олардың ішінде штеттиндік қызыл, ақ кальвиль, қызыл қысқа аяқ, жұлдызды апи
және басқа сорттар бар еді. Осылардың кейбірі осы кезге дейін өсіріледі.
Бүгінде алманың 10 мыңға жуық сорттары бар. Ресейде алманы 10—11
ғасырлардан бастап өсіреді. Әсіресе, 1051 жылдардағы Ярослав Мудрыйдың
Киевтегі алма бағы ерекше болатын. 14-ші ғасырлар жазба ескерткіштерінде
Москва мемлекетінің бағы, ал 16-шы ғасырдағы дара әдеби-ғылыми туынды
Домостройда алма және оның күтімі жайлы жан-жақты деректер келтірілген.
18 ғасырдың екінші жартысында әйгілі бағбан А. Т. Болотов өзінің 8
томдық еңбегінде алманың Тула губерниясындағы 600 сортына сипаттама берді.
Ал, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында И. В. Мичурин мәдени жеміс
ағаштарының қалыптасуы мен дамуына өзінің ұланғайыр үлесін қосты. Ол тек
өзінің жаңа сұрыптау әдісін ұсынып қана қоймай, жаңадан 350-ге жуық жеміс
ағаштарының сортын шығарды. Тек соның арқасында Ресейдің кейбір ауа райы
қаталдау аудандарында жеміс ағаштарын өсіруге мүмкіндік туды.
Сортына байланысты алма жемісінде 5—15% қанттың түрлері, 0,3 – 1,3%
органикалық (алма, лимон) қышқылдары, 1,3% клетчатка, 0,4% белок және А, В,
С витаминдері мол. Сонымен қатар, алма жемісінде адам организміне өте қажет
темірдің сіңімді қосылысы бар. Ол қанның сапасын, мөлшерін арттыратыны сол
Алма атамыз заманынан белгілі. Сол себепті болса керек адам күніне 1—2
алма жеп тұрса, ол адам дәрігердің кім екенін білмес еді — деген сөздін
қалыптасуы. Сақтауын білсе алманы бес жылдың өніміне дейін жеткізуге
болады.
Адам алмадан алуан түрлі тағам түрлерін жасап үйренген. Былай
пайдаланғаннан басқа, алмадан шырын, компот, қайнатпа, джем, пюре,
мармелад, пастила, шарап т. б. пайдалы азықтық тағамдар жасайды.
Жеміс дақылдары
Жеміс дақылдары — жемісі, жидегі, жаңғағы үшін қолдан өсірілетін
өсімдіктер тобы. 32 ботаникалық тұқымдастан 200-ге жуық жеміс дақылдар
белгілі. Олар биологиялық (ботаникалық тегі) формалары жағынан мынадай
топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір
сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай,
т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.).
Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай
шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік,
шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген,
т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті
(апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.),
тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Жеміс дақылдары әр түрлі
ботаникалық тұқымдасқа жатады.
Қазақстанда жеміс дақылдарының 95%-ін раушан гүлділер тұқымдасы
құрайды. Еліміздің оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жеміс дақылдарынан алма,
алмұрт, жүзім, шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б. өсіріледі. Ал солтүстік,
орталық, шығыс аймақтарда қарақат, тұшала, долана, т.б. өседі.
1. Шекілдеуік жемісті дақылдары
АЛМА АҒАШЫ
(ЯБЛОНЯ — MALUS)
Шамамен осыдан 11 —12 ғасырлар бұрын, қазіргі Алматы қаласыыың тау
беткейінде, Арасан мен Аюлы өзендерінің түйіскен жерінде Алма атты атамыз
ғұмыр кешсе керек. Ол бағбаншылық пен емшілікті ту етіп, өз өмірінде елеулі
еңбекпен еліне орасан зор қызмет етіпті. Бәлкім, Алматы, Алмалы деген
атаулар сол, біртуар бабамыздың ерен еңбегінің куәсі ретінде бүгінгі таңға
дейін жеткен де болар. Алма атамыз алманың құлжа, жазбақ, тасалма, саржұрт,
қызылтаң, сарсағым, түйедақ, айбақ, күнбақ, шыбыр, шидем, шөкке, түрен,
мөңке деген түрлерін өсірген. Саржұрт деген алманың сары ауруға қарсы ем
болатынын, алманың адам денесі мен сүйегін қатайтып, жақсы әсер ететіндігін
айқындаған. Алма жеп өскен балалардың денсаулығы жақсы, бойы сұңғақ
болатынын атап кеткен жөн.
Соныменен қатар, Алма ата әртүрлі ауруды емдеуге 1,5 мың өсімдікті
пайдалана білген деседі. Бұл деректерді біз Қазыбек Тауасарұлының Түп-
тұқианнан өзіме шейін деген кітабынан (89—91 беттер) алғанымызды ескерте
кеткенді жөн көрдік.
Бұның барлығын, біздің қазаққа алманың бидай дақылы секілді өте бір
жақын, қадірлі, қасиетті өсімдік екенін тағы да бір атап өту үшін айтып
отырмыз. Бұл деректер, совет дәуірінде қалыптасқан — қазақтарда бұрын
жартымды мәдениет те, ғылым мен өнер де болмаған, — деген сыңаржақ ұғымға
күйрете берілген соққы деп түсінген абзал.
Дүниежүзінде алманы 3 млн. гектар жерге өсіріп, одан жыл сайын 11 млн.
тонна өнім алынады. Алма ағашы орта есеппен 30—50 жыл, ал кейбір алма
ағаштар 70—100 жыл өсіп, өнім береді. Әдетте алма ағашы отырғызғаннан соң
5—7 жылдан кейін жеміс сала бастайды. Бұл күтімге, жер, ауа-райы
жағдайларына және оның сортына байланысты болады. Адамзаттың алмамен
айналысқанына көп ғасырлар өтсе керек. Оны ертедегі Египет
ескерткіштеріндегі таңбалар да паш ете алады. Сол замандағы мифологиялық
шығармаларда алманың сан рет қайталануы да оның өте көне мәдени өсімдік
екенін аңғартса керек. Алатау баурайы әртүрлі алма ағашына толы. Бұл,
аталмыш өсімдіктің осында пайда болып, қалыптасқанын және алманың мәдени
түрге айналуына ықпал еткендігінің бұлтартпас кепілі деуге негіз бола
алады.
Алма (яблоня-Malus). Туыстың құрамында солтүстік ендіктің негізінен
қоңыржай климатты елдерде өсетін отыздай түрі бар.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ағаштар мен
бұталардың 10 түрі, ал, Қазақстанда 6 түрі кездеседі.Табиғи өсімдіктер
қауымдастығында ең көп кездесетін түрлер мыналар : орман алмасы (яблоня
лесная-M.sylvestris). Ол бұрынғы одақтас мемлекеттердің европалық
бөліктеріндегі жалпақ жапырақты ормандарда, Шығыс алмасы (яблоня восточная-
M.orientalis) Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарында,
Сиверси алмасы (яблоня сиверси-M.siversi) –Орта Азиямен Қазақстанның таулы
және өзен жағалық ормандарында өседі. Бұл түрлер кейде таза алма ағашынан
тұратын тоғай түзеді. Орта Азияның тауларында өсетін, алмадан тұратын бай
орманның өндірістік маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді
және оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар. Недзведский алмасы
(яблоня Недзвецкого-M.nedzwetzkyana) аса сәнді, оның сабақтары және
жемістерінің жұмсақ бөлігі (етженді бөлігі) антоцианды түсімен
ерекшеленеді. Алма ағашының барлық екпелі сорттарының күрделі комплексі үй
алмасы (яблоня домошняя-domestica) деген атпен топтастырылады. Алма ағашы
– ең көп таралған жеміс дақылы. Барлық жемісті желектің 80 процентін алма
бағы алып жатады. Алма ағашынан терілген жас алма тағамға пайдаланылады,
оларды кептіріп, жібітеді, одан шырын, компот, повидло, мармелад
дайындайды.
Жемістерінің пісу мерзіміне байланысты алманың жаздық, күздік және
қыстық сорттары болады. Жаздық сорттың (Папировка, Белый налив) жемістері
шілде, тамызда, күздік сорттың (Коричное полосатое, Осеннее полосатое,
антоновка, Боровинка) жемістері қыркүйекте пісіп жетіледі, қыстық
сорт(Апорт, Репет симиренко,пеин шафранной) жемістерін ағаштан қыркүйекте
теріп алады. Қыстық сорт жемістері көктемге дейін тамаша сақталады. Күтімі
жақсы болса, алма бағының бір гектарынан 200 центнерден астам жеміс алуға
болады.
Алма ағашы айқас тозаңданғыш өсімдік. Жемісі түйін салу үшін гүлі басқа
сорттың тозаңымен тозаңданады. Сондықтан алма бағында бір мезгілде гүлдеп
жеміс беретін ең кем дегенде өзара тозаңданатын үш түрлі сорт болуы тиіс.
Алма ағашын телу арқылы вегетативті көбейтеді. Сортына және телітушіге
байланысты алма ағашының биіктігі 4-10 метрге дейін жетеді. Сиверс
алмасы Тарбағатайдан Батыс Тянь - Шанға дейінгі тауларда кеңінен таралған.
Беткейлерде, өзен аңғарларында, кейде көп мөлшерде, әсіресе Іле және Жоңғар
Алатауларында , таза алмалы құрай өседі. түрлер теңіз деңгейінен 3000м
дейін көтерілед. Ағаш ортаңғы биіктікте (8м дейін) қоңырлау сұр қабықты
және бас жағы жалпақ. Жапырағы ірі, жалпақ қандауырша , сабағы түкті.
Гүлдері ірі (диаметрі 6 см-ге жетеді), ақшыл күлгін немесе ақ шатыр
тәрізді шашаққа жинаған. Аталықтарының саны көп , тозаңдану жәндіктердің
көмегімен жүреді. Сәуір мамырда гүлдеп , шілдеден қыркүйекке дейін жеміс
береді . Алмалардың бес - екі тұқымды ұялары қатты қабыршақпен бөлінген.
Түр үлкен өзгергіштігімен ерекшеленеді, әсіресе көлемі, түсі , пішіні және
жемістерінің дәмімен. Жемісті өте көп береді. Бір гектар алма орманынан
бес- он тоннаға дейін жеміс жинауға болады.
АЛМҰРТ НЕМЕСЕ НӘК (ГРУША —PYRUS)
Алмадан кейінгі кең тараған жеміс ағашы алмұрт. Оны Қырымда, Кавказда,
Украинада, Өзбекстан меп Қазақстанда және Ресейде, Молдавияда, Грузия мен
Әзірбайжанда едәуір өсіреді. Алмұрт Батыс Европаға, Америкаға кең тараған
өсімдік.
Алмұрт жемісінде 7—13% қант және аздаған органикалық қышқылдар бар.
Органикалық қышқылдардың аздығынан алмұрт алмадан тәттілеу болады. Алманы
қалай пайдаға асырса, алмұртты да дәл солай пайдаланады. Алмұрттың да
шипалық қасиеттері мол. Алмұрт ағашынан кейбір музыкалық аспаптар жасағуа
болады.
Алмұрттың шығу тарихы жайлы әртүрлі көзқарас бар. Кейбір ғалымдар,
алмұрттың отаны Орталық Европа деп есептеп, оған мынадай дәлелдер
келтіреді. Біріншіден, алмұртты Грецияда біздің жыл санаудан 1000 жыл бұрын
өсіре білген десе, екінші әйгілі Теофрасттың еңбектерінде алмұрттың мәдени,
жабайы түрлері жан-жақты сипатталып, оны өсірудің, бұдандастырудың тиімді
тәсілдері келтірілген. Үшіншіден, Грецияның оңтүстігіндегі Пелопоннес
түбегін Алмұрттың отаны (алмүрттың елі) деп атаған.
Бірақ, соңғы кезде мәдени өсімдіктердін үздік білгірлерінің бірі П. М.
Жуковскийдің тұжырымдамасы бойынша алмұрттың мәдени түрлерінің отаны Кавказ
таулары деп есептелуде. Оның ойынша, алмұрт осы жерден алдымен Жерорта
теңізі жағалауларына, Батыс Европаға таралған. Ал, Қытай мен Жапонияда
моден н алмұрттың екінші шығу орталығы болған.
Бүгінде алмұрттың 5000-ға жуық әртүрлі сорттары белгілі.
БЕЖЕ (АЙВА-CYDONIA)
Мәденилендірілген беже көбінде бұта (2 м), немесе ағаш (8 м) болып келеді.
Жемісі сары түсті, жұмыр. Жаңа жиналған жемістік шырыны аз, қышқыл, ауызды
уылдырады. Бұл жемістегі әр-түрлі органккалық қышқылдардың көптігінен
осылай болады. Онда әсіресе, лимон қышқылы өте көп (0,2—0,3%). Қанттың
мөлшері 8—12%-ке жетеді. Жемісті ұзақ сақтағанда, ол жұмсарып шырыны
артады.
Жабайы беже Каспий теңізінің Әзірбайжан мен Дағыстанға қарасты
жағалауларында көптеп кездеседі. Беженің мәденилендірілген түрлері Жерорта
теңізі жағалаулары мен Батыс Европа елдерінде, Америкада, Қытай мен
Жапонияда кең тараған. Сондай-ақ бежені Кавказда, Кіндік Азияда, Ресей мен
Украинаның оңтүстік аудандарында да едәуір мөлшерде өсіреді.
Беже жемісінен өте дәмді қайнатпа (варенье), компот, мармелад т.б.
тағамдар жасайды. Соңғы кезде бежеден лимон қышқылын өнеркәсіптік жолмен
алу көзделуде.
П. M.Жуковскийдің ізденістеріне сай, мәдени беженің ең алғаш шыққан отаны
Кавказ таулары болса керек. Бұл жерден беже біздің жыл санауымыздан 2,0—1,5
мың жылдар бұрын Кіші Азияға, ал кейінірен Грецияға тараған. Мұнда осы беже
жемісі үшін Юнона, Венера және Минерва секілді Құдайлардың арасында өзара
келіспеушілік пен қақтығыстар болып тұрғаны сол замандағы аңыздардан
белгілі. Грециядан беже Римге жеткізілген. Плиний сол кездің өзінде беженің
алты түріне сипаттама беріп үлгерген.
Беже Ресейдің оңтүстігіне Кавказдан әкелінген, ал оған дейін ол Кіндік
Азияға жетіп үлгерсе керек. Осы жерден беже алдымен Согдианаға (Тәжікстан),
одан әрмен Қырым мен Украинаға тараған деп есептеледі.
2. Сүйекті жеміс дақылдары
ШИЕ МЕН ТӘТТІ ШИЕ (ВИШНЯ И ЧЕРЕШНЯ — CERASUS JUSS)
Шиенің 150-ге жуық түрлері бар. Олар Шығыс Азияның субтропигінде,
Американың солтүстігінде, Орта Азия елдерінде, сондай-ақ Ресейде едәуір
тараған. Дегенмен, мәдени шиенің шығу тарихы — басы ашылмаған мәселе. Шие
палеолит дәуірінен келе жатқан өсімдік. Яғни ол қоғамның қалыптасуына дейін
пайда болған. Теофтрасттың жазбаларында шиенің толық сипаттамасың
кездестіруге болады. Плиний Римге шиені Грециядан әкелінген деп жазып
қалдырған. Жоғарыда аталған Домострой кітабында Сильвестер шиені өсіру
тәсілдерін жазып калдырған. Ол кезде шиені тек патшалар үйінде немесе діни
орталықтарда ғана өсіретін болған.
Батыс Европаға шие 16-шы ғасырдың аяғында тарала бастаған. Ресейге ол
Киевтен әкелінген. Кезінде Ю.Долгорукийдің тікелей қатысуымен шиені
Москвада өсіре бастаған еді. Бүгінде шиенің бірнеше сорттары жасалып,
солтүстікке қарай таралып барады. Ол қазір Вологда мен Екатеринбург
денгейіне жетті. Уакытында И.В. Мичурин шиенің 25 жаңа сортын шығарып, жан-
жаққа таратып жіберді. Сөйтіп, ол шиенің де мәдени түрленуіне өз үлесін
косты.
Шие жемісінің құрамында сортына байланысты 7—17% қант, 0,8—2,4%
органикалық қышқылдар, 1%-ке жуық азотты қосылыстар, 0,27% клетчатка және
едәуір мөлшерде аскорбин қышқылы, яғни С витамині бар. Шиедегі органикалық
қышқылдар мен илік заттар оған өзіндік жағымды қымызек дәм береді. Осы
себепті шиені сол күйінде де, компот пен варенье жасап та кең пайдаланады.
ҚАРА ӨРІК НЕМЕСЕ АЛХОР
(СЛИВА — PRUNUS)
Европа, Азия, Америка бақтарында жиі кездесетін жеміс ағашы. Ол Кавказда,
Қырымда, Украинада, Белоруссияда, Орта Азия республикаларында, Молдавия мен
Ресейде т.б. жерлерде жақсы өсіп, мол өнім береді. Осы кезде қара өріктің
2000-нан астам сорттары бар. Соның ішінде қайсыбірі суыққа өте төзімді
болып келеді. Мысалы, уссури өрігі 50 градустық аязды көтере береди.
Қара өріктің жемісі піскенде, ол өте дәмді, шырыны тіл үйіреді. Себебі
онда 9—16% қант, органикалық қышқылдар мен басқа да пайдалы қосылыстар көп.
Қара өрікті әртүрлі жолдармен пайдаға асырады. Кептірілген қара өрік
дастарханға ерекше көрік беретін таңсық ас ессптеледі. Онда әртүрлі
минералды заттар көп.
И.В. Мичурин қара өрікпен де көп айналысып, оның 13 жаңа сортын
шығарып, тұтынуға ұсынған.
Қара өріктің шығуы мен таралуы жете әрі жан-жақты зерттелген. Мәдени
қара өріктің жабайы тегі жоқ. Ол алша мен қарақаттың (терн) табиғи буданы.
Бұл будан Кавказ тауларының бір қолайлы қолтығында пайда болған.
Ал енді, осы қара өріктің шығуына тікелей қатысы бар қарақат
табиғатта өте кең тараған жабайы бұта. Оның жемісі суық шалмай тұрып өте
қышқыл, жеуге келмейді. Ал, бір суықтан соң өте дәмді де пайдалы жеміске
айналады. Құрамында аскорбин қышқылы мен илік заттар мол. Қарақатты
сұрыптай келе И.В. Мичурин оның да бірнеше мәдени сорттарын жасап шығарған
болатын. Солардың ішінде Терн сладкий, Терн десертный деген сорттары өте
сапалы және кең тараған қарақаттар.
Қара өрік жайлы деректерді біздің дәуірімізден 600 жыл бұрынғы
қолжазбалардан кездестіруге болады. Яғни бұл да өте ерте пайда болған
мәдени өсімдік деген сөз. Сол заманда ақ, қара өрікті адамдар Грецияда,
Римде көптеп өсіріп өз қажеттеріне жаратқан. Европаға қара өрікті 17-ші
ғасырда Азиядан әкелген. Шамамен осы уақытта ол Ресейге де тарала
бастаған.
АЛША, мәдени қара өріктің пайда болуына себепкердің бірі. Жабайы және
мәдени алша Кавказда, Кіндік және Кіші Аазияда, Молдавия мен Украинада,
Балқан тауларында кең тараған өсімдік. Алшаның биіктігі өсу ортасына
байланысты 3—10 метрге дейін жетеді. Жемісі көздің жауын алатындай әсем де
дәмді келеді. Оның құрамында 10% қант, 1,5—4,0% органикалық қышқылдар,
пектин заттары және көп мөлшерде аскорбин қышқылы бар. Алша — өте жоғары
өнімді жеміс ағашы. Оның әр түбінен 300кг жеміс жинауға болады. Алшаны да
басқа жемістер секілді тағам ретінде пайдаланады. Алшаға қара өрікті,
шабдалыны, сары өрікті (абрикос) теңілеген өте тиімді. Алшасы бар бау-
бақшада өнімнің көп болатыны анықталды. Бұл, әсте, оның тозаңдатқыш қанатты
жәндіктерді үйіргіштігінен болса керек. Алшаның да отаны қара өрік секілді
Кавказдың тау қолтықтары деп есептеледі.
САРЫ ӨРІК (АБРИКОС — ARMENIACA)
Бұл жылы ортаға бейім, тез өсетін және мол өнім беретін жеміс ағашы.
Сары өрік Памир-Алан, Тянь-Шань тауларының күнгей жылы
қуыстарында біздің жыл санауымыздан әлдеқайда бұрын мәденилендірілген
өсімдік. Кезінде оны арабтар Жерорта теңізі жағалауларына жеткізген соң
ол әрі қарай Европаға және Ресейге тарап кеткен. Жемісі сүйек пен оны
қаптап тұрған шырыны мол еттен тұрады. Сүйектің ішінде
майға бай дәні бар. Сүйекті қаптап тұрған еттің өте тәтті болатын себебі —
онда 27% қант және алма, лимон, аскорбин қышқылдары көп. Сонымен қатар
крахмалға, илі және минерлды заттарға толы. Әсіресе калийге
бай. Сондықтан дәрігерлер оны жүрегі ауыратын адамдарға көп
қабылдауды ұсынады. Сары өріктің қою сары түске боялып тұратын себебі, онда
каротин көп. Ал каротиннің организмде А витаминіне айналатынын жоғарыда
айтқанбыз. Ол өсу процесін реттеп, көздің көру қабілетін арттырады.
Кептірген сары өрікте (курага) қант пен темір, калий мол болатындықтан,
оның қаны аз немесе қан ауруларымен сырқат адамдарға пайдасы көп.
Ал енді сары өріктің дәніне келетін болсақ, онда 30—50% жоғары сапалы
май бар. Сондықтан да сары өріктің тағамдық маңызы өте жоғары.
Мәдени сары өріктің отаны Шығыс Азия, дәлірек айтсақ Қытай мен Тянь-Шань
тау қолтықтары. Дағыстанда да оның қосалқы шығу орталығы бар болса
керек.
Мәдени сары өріктің шығуына ертедегі тәжіктер көп улес қосқан. Олар
арнайы сұрыптаудың нәтижесінде бұл өріктің небір кереметтей түрлерін шығара
білген. Мысалға, олар сары өріктің ағаш басында тұрып кебетін түрін
сұрыптау арқылы шығарған. Бұл жерге төгіліп қалмайтын, өте тиімді өрік түрі
болған. Сонымен қатар тәжіктер сары өрікті қант орнына пайдаланған. Ол
үшін, тағы да сол сұрыптау арқылы оның қантқа бай түрін шығара білген.
ШАБДАЛЫ (ПЕРСИК -PERSICA)
Шабдалы жылуды сүйетін, шөлге төзімді бұта немесе ағаш түрінде өседі.
Шабдалының жемісі оның сортына, өскен ортасына байланысты әртүрлі — майда,
ірі немесе орташа, салмағы 20—400 г аралығында болады. Олар бір-бірінен тек
салмағы бойынша ғана емес, соныменен қатар түсі, дәмі, иісі, шырындылығы
т.б. қасиеттерімен ерекшеленеді.
Шабдалы жемісінде 6— 15%-ке дейін әртүрлі қант, әсіресе сахароза көп, онда
лимон және алма қышқылдары да тең мөлшерде болады. Дәнінде 45—56%-ке
дейін жоғары сапалы кеппейтін май бар. Оның сапасы сары өрік (абрикос)
дәнінінің сапасына пара-пар. Шабдалының асханалық және консервілік сорттары
болады. Қонсервілік сорттар аса шырынды болмауы шарт. Оның сүйегі етінен
жеңіл арылатын, қайнатқанда езілмейтін, пектинге бай болғаны дұрыс.
Шабдалы жемісін ас қорытуды реттегіш қасиетіне байланысты, асқазан,
ішек ауруларына қарсы пайдаланады. Ал шабдалы жапырағынан жасалған қайнатпа
тұнбасын бас ауру мен ревматизмгe қарсы қолданады.
Шабдалының мәдени түрінің шығуы әлі басы ашылмаған мәселе. Ол жайында
жазба деректер қалмаған. Кезінде шабдалы-персик Персиядан яғни Ираннан
шыққан деген көзқарас басым болған. Бірақ, Декандоль оны теріске шығарды.
Қалай дегенмен, шабдалының жабайы түрлері Қытайда шоғырланған деген ауызша
деректердің жаны бар болса керек. Бүгінде мәдени шабдалының отаны Қытай
екендігін ғалым мамандар бірауыздан қуаттауда.
ДОЛАНА (БОЯРЫШНИК — CRATAEGUS)
Бұл мыңға тарта туыстықтан тұратын өте үлкен тұқымдастық. Олардың
басым көпшілігі (800) Америкада кең тараған. ТМД елдерінде долананың 40-қа
жуық түрі өседі. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны қан қызыл долана. Сыртқы
пішіні — бұта немесе ағаш тәріздес, биіктігі 4—5 метр болып қалады.
Негізінен, онымен қала көшелерін, парктер мен демалыс орындарын
безендіреді. Долана сыртқы ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына өте
төзімді, ол бұтағанды, күзегенді жақсы көтереді.
Долананың жемісі өте дәмді, оның құрамында 10% қант, 0,5 % алма
қышқылы, 30 % аскорбин қышқылы, көп каротин бар. Жемісті қызыл түске бояп
тұрған да осы каротин. Долананың жемісі секілді жапырағы мен гүлі де жүрек
және қан айналымы ауытқуына қарсы пайдаланатын шипалы касиеті бар.
Долана әртүрлі жолдармен көбейе береді. Дәні мен шыбығы немесе тамыры
арқылы көбейіп өсу аясын кеңейтеді. Кезінде И.В.Мичурин доланаға шетенді
теліп, шетеннің гранатная деген жақсы сортын шығарған, болатын.
Долана Орта Азия мен Шығыс Кавказда кең тараған өсімдік. Бұл жерлерде
оны едәуір мөлшерде өсіріп, жемісін кең түрде пайдаланады. Әр жеміс
ағашынан 20-30 кг өнім алуға болады. Оны Италия мен Испания және Алжирде де
өсіреді.
4. Жаңғақты жеміс дақылдары
Бадам немесе түкті өрік
(Миндаль – АMYGDALUS)
Шабдалыға ұқсас бұта немесе ағаш, шөлге, аптап ыстыққа төзімді.
Жемісі ірі, сүйектің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz