ЖЕМІС-ЖИДЕК, ЖҮЗІМ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕМІС-ЖИДЕК, ЖҮЗІМ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ
ОЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ

Жеміс-жидек және жүзім ағаштарында көптеген зиянды жәндіктер мен
аурулар болады. Алайда, бұлардың әрқайсысының келтіретін зияндары бірдей
болмайды; шамамен айтқанда жиырмаға жуық жәндіктер мен кенелердің
түрлерінен оншақты аурулардың түрлері тараған. Бұл зиянды жәндіктер мен
аурулар көбейе келе өсімдіктің өмірі мен өніміне тікелей қауіп туғызады.
Бұл тарауда негізгі зиянды жәндіктер мен аурулардың ең бастылары
суреттеліп, оларға қарсы күрес әдістері көрсетіледі.
Егіншіліктегі сияқты, бау және жүзім шаруашылығыңда да өсімдік
зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу үшін әр түрлі — механикалық,
биологиялық, агротехникалық, химиялық әдістер қолданылады. Күрестің әр
түрлі әдістерін қосарлап қолдана отырып, өсімдіктерді жәндіктер мен
аурулардың зияндауынан әрқашанда күн ілгері сақтап қалуға болады. Бау
шаруашылығында зиянды жәндіктерге қарсы күрес жургізудің агротехникалық
әдісін, егіншілікте қолданылатын әдіспен салыстырғанда мұның кейбір
ерекшеліктері бар.
Әр кезде есте сақтайтын жағдай, күзде ағаштарды қою әк ерітіңдісімен
майлау немесе әк ағаштарды күн көзінің күйдіруінен аман сақтап қана
қоймайды, сонымен бірге жоғарыда көрсетілген бірсыпыра зиянкестерді, сондай-
ақ алмұрт бүрге шіркейін, жапырақ жегіштерді, тағы басқаларды жояды.
Күзде қурап түскен жапырақтарды жинап жоюдың, қурап қалған және ауру
бұтақтарды дер кезінде қырқудың, арамшөптерге қарсы күрес жүргізудің
көптеген зиянкестер мен ауруларға қарсы күресте зор маңызы бар.
Жеміс баулары мен жүзімдіктерді күтудің агротехникалық әдістері тек
дер кезінде, кешіктірілмей жүргізілсе ғана зиянкестерді жоюда жақсы нәтиже
бере алады.
Жеміс ағаштарының жаңа шығып келе жатқан көктері мен отырғызылған
шыбықтардың, сондай-ақ жүзім шыбықтарының тамырлары зауза қоңыздары
личинкаларынан көп зәбір көреді. Әлі буыны қатпаған шыбықтардың
тамырларын, күздік көбелек, тағы басқа қоңыр көбелектер кеміріп зияндайды.
Жапырақтарын кейде әр түрлі жұлдызқұрттар мен көбелектер және қоңыз
личинкалары кеміріп, жеп қояды. Алайда бұл зияндар әдетте онша зор
болмайды. Әр түрлі жастағы жеміс шыбықтарының жапырақтары мен жас
бұтақтарына жапырақ шіркейі көп зиян келтіреді. Олар сонымен бірге
баулардағы ересек ағаштарға да зиянын тигізеді.
Баулар мен жүзімдіктерде зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жүргізу
ісіндегі басты-басты агротехникалық жұмыстардың кейбіреулерін сипаттайық.
Жерді күрекпен қопару. Жерді ерте көктемде қопару өрмекші кенелердің,
шие бізтұмсығының, құмырысқа шыбындардың, тағы басқа зиянкестердің едәуір
бөлігін жояды, өйткені олар жердің үстіңгі қабаттарында немесе жерге түскен
ағаш жапырақтары арасында қыстайды.
Ағаштардың қабықтарын тазарту. Алма жемісін жейтін жұлдызкұрттың 60-
80 проценті сидам сүрегі қабығы мен жуан тұлға бұтақтар қабықтарының
жарықтарында қыстайды. Қызыл кененің жұмыртқалары мен дара жібек
көбелегінің жұмыртқалары ағаш қабығының сыртында қыстайды. Сондықтан
ағаштардың қабығын тазартудың көптеген зиянкестерге қарсы күресте зор
маңызы бар. Біз ағаштардың қабығын тазартумен, оларды түрлі зиянкестерден
аластаймыз. Тазартылған қабықтар мен ағаштардан түскен қоқымдар
іштеріндегі зиянкестерімен бірге бір орынға жиналып өртеледі. Егер
бұлай болмаған күнде бұл зиянкестер көктем күндерінде тағы да ағаштарға
барып жабысады.
Көп жылдық тәжірибемізде дачада, жеке үй іргесі учаскесін
пайдаланылатын шаруашылықтарда, көптеген агротехникалық заңдылықты бұзудың
салдарынан өздеріне керекті өнімді ала алмай жүргендерін де жиі байқаймыз.

ЖЕМІС БАУЛАРЫНДА БОЛАТЫН КЕЙБІР ЗИЯНКЕСТЕР

Зауза қоңызы. Тұмсығында ұзын мұрттары бар, өсімдікпен қоректенеді.
Зауза қоңыздарының өте көп түрлерінің бар екендігі мәлім. Біз бұл жерде
олардың әрқайсысын жеке-жеке суреттеп жатпаймыз, өйткені олардың өмір
әрекеттері бір-біріне өте ұқсас және олардың барлығына бірдей қолданатын
күрес шаралары біркелкі болып табылады.
Әр түрлі зауза қоңыздары көктем айларында және жаздың бас кезінде
ұшып жүреді. Ұрғашы зауза қоңыздары шамалы ғана тереңдікте жер астында
жұмыртқалайды. Олардың жұмыртқаларынан зауза қоңыздарының личинкалары
шығады. Бұл личинкалар аппақ, жұмсақ тығыршықтай жұп-жуан болады, С әрпі
сияқты ішкі жаққа қарай екі ұшы иіліп жатады. Бұл личинкалар әр түрлі
өсімдіктердің тамырларымен қоректенеді, әсіресе жас ағаштардың жаңа
отырғызылған шыбықтарына зор зиян келтіреді, көбінесе өсімдіктің қурап
қалуына себеп болады.
Зауза личинкаларының кейбір түрлері екі жылға дейін, ал кейбір
ірілері төрт жылға дейін өмір сүреді. Жас шыбықтарды отырғызған кезде
олардың тамырларына гексахлоран себіледі. Гексахлоран топырақта өте көп
уақытқа дейін сақталады және ең аз дегенде бір жыл бойына жас өсімдікті
зауза құрттарының зияндауынан аман сақтайды. Жерді өңдеген уақытта көзге
түскен личинкалар мен зауза құрттарының жұмыртқаларын теріп алып жүру
керек.
Жапырақ биттері. Жапырақ биттердің көптеген түрлері бар. Жапырақ
биттері Қазақстанның барлық аудандарында өніп-өсіп келеді. Бұл биттер тез
өсіп, жапырақтар мен жас бұтақтарды сорады. Жапырақта жұмыртқа күйінде
қыстап шығады. Жапырақ биттері жылтыр, қара, сопақша жұмыртқаларын жаңа
шығып келе жатқан бұтақшалардың тамырына салады.
Жапырақ биті - ұсак құрт-құмырсқа делінеді. Оның денесінің ұзындығы 2-
3 миллиметрге дейін жетеді. Түсі күңгірт, көктен қараға дейін әр түрлі
болады. Жас кезінде биттердің қанатсыз түрлері де кездеседі. Жапырақ
биттерінің әлсіз жапырақтарды түйреп нәрін соратын тұмсықтары болады, бұл
тұмсықтармен жапырактарды, жас шыбықтарды, жемістерді түйреп, олардың нәрін
сорады.
Тіршілік әрекеті. Жапырақ биттерінің көп түрлерінің жұмыртқалары ғана
қыстап қалады, бұл жұмыртқаларды күзде ағаш бұтақтарына қанатты биттер
салып кетеді.

15-сурет.
а-тамырды кеміретін түркстан заузасы және оның ұрығы; б-алма биті,— қанатты
аналық түрі; в-қанатсыз бит аналығы және ұрық салмаған түрі; г-алма биті;
түскен бұтақ (сол жақта) және бау бұтақ (оң жақта); д-алманың қара күйесі;
е-ұрық салатын ұя, бұдан алма қара күйесі жұлдыз құртын шығарады; ж-ұяның
беті ашылды, оның ішіндегі қыстап шыққан жұлдыз құрт; з-алма қара куйесі
жұлдыз құртының қоректену түрі; сол жақта құрттың қауіп төндірген жері
(жапырақтың сызылған бөлігі), оң жақта құрттардың жарақаттанған жапырактағы
ашық көрінісі.

Көктемде жұмыртқалардан личинкалар жарып шығып, жас балауса
жапырақтарды сорады. Личинкалар өсіп, түлеп, өніп-өсуге бейімделеді. Өзінің
2-3 апталық өмірінде олар 20-40 личинка шығарады; 8-12 тәулікте өсіп
жетілген бұл личинкалар осындай жолмен көбейіп өсе береді. Бір жаз бойында
жапырақ биті 10-14 рет балалайды. Жапырақ биттері жас бұтақтарға қонып,
нәрін сорады. Ақырында жапырақтар қурап, жас бұтақтар бұралып қалады.
Жапырақ биттері түскен шыбықтар қурап қалады (15-сурет). Жапырақ
биттерінін, тәтті, жабысқақ нәжісі жапырақтардың ауа жұтуын қиындатады.
Жапырақтар бұл нәжістерге отырған шанмен баттасып, оларға күйе сияқты
саңырауқұлақтар өсе бастайды. Жапырақ биттеріне қарсы күрес, оларды алғашқы
байқаған кезде жүргізілуі керек.
Күзде личинкалардың кейбіреулері қанатты ұрғашы биттерге айналады да,
кейбіреулері еркек бит болып шығады. Олар кейіннен өзара жұптасады
(шағылысады), ұрғашылары жұмыртқа салады, сөйтіп ересек биттер өліп
жойылады да, жұмыртқалары қыстап қалады.
Күрес шаралары. Жапырақ биттері түскен өсімдіктерге аралас улар
бүркіледі: 4 процент сабын ерітіндісі (бір литр суға 40 грамм сабын) немесе
0,2 проценттік анабазин ертіндісіне сабынды екі есе артық қосып (бір литр
суға 2 грамм алабазин 4 грамм сабын) бүркіледі. Сондай-ақ темекі немесе
алабазин суын қолдануға болады.
Жапырақ биттерінің қаншалықты шығуына (пайда болуына) қарай, бір
маусымда бірнеше рет у шашу жүргізіледі.

ШЕКІЛДЕУІКТІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ

Алма зиянкестері. Жеміс ағаштарының ішінде алма ағашына жеміс
зиянкестерінің көп түрлері зиян келтіреді. Бұлардың ішінде ең қауіптісі
төменде суреттелетін жеміс зиянкестерінің жеті түрі болып табылады.
Алма күйесі. Алматы жеміс аймағында және Алматы қаласында алма күйесі-
алманың негізгі зиянкесі. Алма күйесі Шымкент пен Жамбыл облысының таулы
аудандарында да көп кездеседі.
Күйе - жұлдызқұрты жапырақтарды жеп, ағаштарды әлсіретеді, сөйтіп
жеміс өнімін азайтады; күйе жеген ағаштар келесі жылы да өнім бермейді.
Ересек күйе – кішкентай ғана көбелек (қанаттарының бір ұшынан екінші
ұшына дейінгі), ұзындығы 22 миллиметр. Алдыңғы қанаттарының үстіңгі жағы
ақ, әрбір канатында 18-25тен қара дақтары болады. Артқы қанаттары күлгін,
арт жақ ұшында кішкентай шашақшалары болады, артқы қанаттары дақсыз, бір
түсті келеді.
Көбелек жаздың орта кезінде алма ағашының бұтақтарына жұмыртқалайды;
көбелек жұмыртқаларын жұқа қабықшақ тәрізді қалқанмен орап тастайды.
Жаздыгүні жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттардың қалқаны болады, сол
қалқанның астынан шықпай қыстап қалады. Қалқанның көлемі 2-4 миллиметрдей
болады; әрбір қалқан астында 25-40 жұлдызқұрт қыстайды.
Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 15-20 миллиметрге дейін жетеді. Ересек
жұлдызқұрттар денесінің түсі – сарғыш-ақтан бастап қара сұрға дейін
келеді.
Долана көбелегі. Долана көбелегі Қазақстанның барлық аудандарында
кездеседі. Бауларда долана көбелегі көбінесе алмаға зиянын тигізеді, ал
жаппай көбейіп кеткен жылдары әр түрлі жеміс ағаштарының гүл шешектері мен
жапырақтарын да қажап жейді.
Бұл әр қанатының бір ұшы мен екінші ұшының аралығы 60-70 миллиметрге
дейін жететін, қанаттарында күңгірт тамырлары бар ақ көбелек (16-сурет).
Жұмыртқалары ашық сары, 12-14 қырлы, шөлмек тәрізді болады, долана көбелегі
жұмыртқаларын әр уақытта топтап салады. Жұлдызқұртының түгі сирек,
арқасында және бүйірлерінде үш қара жолағы және екі қызыл қоңыр жолағы бар,
басы мен аяқтары қара болады. Ересек жұлдызқұрттың тұрқы 45 миллиметрге
дейін жетеді. Қуыршағы буылдырыңқы қара нүктелі теңбілдері бар, ақсары
келеді, денесінің ұзындығы 20 миллиметрге дейін жетеді.
Тіршілік әрекеті. Кішкентай жұлдызқұрттар өрмекші торына оралған,
қурап қалған жапырақтар ішінде қыстап шығады, бұл жапырақтар күзде,
жапырақтары түсіп жалаңаштанып қалған ағаштардың бұтақтарында айқын көрініп
тұрады. Бұлар – долана көбелегінің қысқы ұялары, көктемде, жеміс бүршіктері
жарыла бастаған кезде жұлдызқұрттар оянып, өздерінің ұяларынан шығады,
ашылған бүршіктермен, сонан кейін жапырақтармен, гүл шанағымен және
гүлдермен қоректенеді, зиянкес аса көбейіп кеткен кезде ағаштардың
жапырақтарын мүлде жойып жібереді. Гүлдеу дәуірі аяқталғанға дейін
жұлдызқұрттар өсіп, алма ағаштары мен басқа ағаштардың немесе бұталардың
бұтақшаларына қуыршақтайды. Қуыршақтану дәуірі жарты айға созылады.
Июньнің орта шенінде, алма түйіндері үлкейген кезде қуыршақтардан
көбелектер ұшып шығады. Бұл көбелектер екі аптаға дейін ұшып жүреді. Сонан
соң жұптасып (шағылысқа түседі), ұрғашы көбелектер алма жапырақтарының
үстіне 40-90 данадан топтап жұмыртқалайды. 15 күннен кейін жұмыртқалардан
жұлдызқұрттар жарып шығып, олар сол бойда-ақ, жапырақтармен қоректене
бастайды. Олар 10-15 күн өмір сүреді, олардың заңдары онша байқала
қоймайды. Сонан кейін жұлдызқұрттар өздері жеген 2-3 жапырақты және өзін
қоса өрмекші тормен шырмап, осы қалпында ұйқыға еніп қыстап қалады.
Күрес шаралары. Долана көбелегінің ұялары күзде жапырақ түскеннен
кейін, қыста және ағаштар бүршік жара бастағанға дейін, көктемде ағаштардан
сыпырып алынып өртеледі. Көктемде жеміс бүршіктері жарыла бастаған кезде
ағаштар гүлдей бастағанға дейін долана көбелегі түскен ағаштарға
гексахлоран немесе ішек уы дәрілері белгілі мөлшерде бүркіледі.
Қанды алма шіркейі. Бұл шіркей тек алма ағаштарында ғана болады. Алма
шіркейі Алматы облысында кездеседі. Қазақстанның басқа облыстарында
кездеспейді. Қанды шіркейдің басқа шіркейлерден айырмасы оның денесін ақ
ұлпа жүн қаптап тұрады. Шіркейді сыққан кезде — қызыл қоймалжың қан шығады.
Сондықтан да оны қанды немесе жүндес шіркей деп атайды. Әдетте бұл шіркей
топ-топ болып жүреді, топтасып жүрген шіркейлер ағаш қабығына жабысқан
мақта сияқты болып көрінеді.
Тіршілік әрекеті. Шіркейлер ағаш қабығының жарықтарында және
жараларында, бұтақтардың сызаттарында өмір сүреді. Әсіресе ағаш діңінен

16-сурет.
а-долана көбелегі; б-жапырақтағы долана көбелегінің ұрықтары және ұрықтың
жеке түрі көрсетілген; в-долан көбелегінің жұлдыз құрты; г-көбелек – жалғыз
жібек құрты – аналық түрі; д-көбелек – жалғыз жібек құрты – аталық түрі,
жапырақтағы жалғыз жібек құртының бір түрі; е-бұтақтағы алма битінің қанды
түрі; ж-алма жемісіне түскен жеміс жегіш жұлдыз құрты; и-алмұрт бүрге
шіркейі; к-бүрге шіркей түскен алмұрт
шығатын өгей бұтақтарға әуес болады, алма ағаштардың тамыр жақтарында тіпті
тамырларына жабысып тіршілік етеді. Ересек қанатсыз ұрғашы шіркейлер мен
олардың жұмыртқалары да осы жерде қыстайды. Шіркей ерте көктемнен бастап
қыс түскенше бірнеше рет балалап, өте көбейгіш келеді. Шіркейлер ағаштың
және оның қабығының нәрін сорады, осының салдарынан бұтақтар буылдықтанып
ісіп кетеді, өсімдік әлсірейді, ал шіркейлер жабысқан тікше материалдар,
көбінесе отырғызуға мүлдем жарамсыз болып қалады.
Күрес шаралары. Бұл шіркейдің құпия өмір сүруі (жер астындағы ағаш
тамырларында болуы) және өніп-өскіштігі оған қарсы күрес жүргізуді қиындата
түседі. Бұған күрестің биологиялық әдісін қолдану жақсы нәтижелер береді.
Бұл үшін өте ұсақ паразит жәндік-афелинус қолданылады; мұның денесінің
ұзындығы 2,0 мм. Афелинус шіркей денесінің ішіне еніп жұмыртқалайды, оның
жұмыртқалары шіркей ішінде өмір сүріп, оның денесінен қоректенеді, сөйтіп
ақырында шіркей өледі. Афелинус бір жаз ішінде 7-9 ұрпаққа дейін көбейіп
үлгіреді. Сөйтіп шіркейдің 90 проценттен астамын жояды. Бұдан өзге тікпе
материалдарды — бромды металмен немесе цианды газ жіберіп фумигациялау
қолданылады.
Афелинусты қолдануды, сондай-ақ тікпе материалдарды фумигациялауды
Қазақ ССР Ауыл шаруашылық министрлігінің арнаулы баумен шұғылданатын
мамандары немесе оның карантин лабораториясы жүргізеді. Дачада, жеке үй
іргесіндегі учаскелерде әрбір адамның өздері жүргізуіне де болады. Күрес
шараларының комплексіне мыналар жатады:
а) жеміс бермейтін ағаштарға гексахлоран шашу; сонымен бірге ағаш
астындағы жерге де гексахлоран шашылып, сонан соң топырақ күрекпен
аударыстырылады;
б) ағаштың шіркей бар жерлерін мазутпен майлайды;
в) шіркей түскен ағаш тамырларына темекі қоқымын, әк немесе күл
себеді;
г) көк бұтақтарға сабын араластырған анабазин сульфат шашады (1 литр
суға 5 грамнан сабын араластырылады) немесе ДДТ, гексахлоран эмульсиясын
бүркейді.
Бауда қанды шіркейдің бар екендігін білген кезде бұл туралы дереу
аудандық РАПО-ға хабарлау керек.
Алма құрты. Алма құрты деп аталатын бұл зиянкес өте қауіпті. Бұл алма
құрты оңтүстік облыстарда көп кездеседі, ал Қазақстанның басқа бау өсіретін
аудандарында аз кездеседі.
Алма құрты қанатының бір ұшынан екінші ұшына дейінгі аралығы 20-22 мм
болатын ұсақ көбелек. Алдыңғы қанаттары көлденең қара ирек сызықтары бар,
көгілдір түсті қанаттарының жоғарғы жағында шағын қара теңбілдері болады.
Артқы қанаттары бір түсті қоңыр келеді. Жұмыртқасы жалпақ-домалақ болады,
жұлдызқұрттың басы қоңыр, өзі қызыл болады. Денесінің ұзындығы 15-20 мм
жетеді, куыршағы қарынының шет жағында 8 түйір қылшығы бар қызыл қоңыр
болады.
Тіршілік әрекеті. Оңтүстік аудандарда (Шымкент және оның оңтүстік
аудандарында) алма құрты 3 рет, Жамбыл, Алматы және Талдықорған
облыстарында 2 рет, солтүстік аудандарда 1 рет қана өніп-өседі. Алма құрты
жұлдызқұрт стадиясында алма діңдері қабықтарының жарығында қыстайды, бұл
жарықтарға жұлдызкұрттардың 70 процентке жуығы жиналады, қалған
жұлдызқұрттар жуан бұтақтар арасындағы ағаш қабығында қыстайды.
Көктемде жұлдызкұрттар куыршақтайды, ал алма ағаштары гүлдер кезінде
көбелектер пайда бола бастайды. Олар жеміс түйінінің үстіне барып
жұмыртқалайды. Жазда алма құрттарының көбелегі кәдімгі жеміс үстіне екінші
рет балалайды. Жұлдызқұрттар алма дәндерімен қоректенеді.
Күрес шаралары. Күзде немесе ерте көктемде ағаш дәндеріндегі және жуан
бұтақтардағы курап қалған қабықтарды мұқият тазартып алып тастау керек.
Сонда ғана қыстан қалған көптеген жұлдызқұрттар, ал көктемде көптеген
қуыршақтар қырылады. Ағашты тазартқаннан түскен қоқымдардың барлығын
түгелдей жинап өртеп жіберу қажет. Ағаш діндері мен жуан бұтақтарға қою әк
ертіндісін шашу немесе ағаш діңдерін әктеу керек. Алма құрттарының тіршілік
әрекеттерінен шығатын бұдан арғы күрес мынадай жолдармен жүргізіледі:
Алма ағаштарының гүлдері түскеннен бірнеше күн кейін, алма кұртының
көбелектері екі аптада жаңа түйіліп келе жатқан түйінге жұмыртқа салумен
болады. Осы кезде ағаштарға улы қоспаларды бүрку қажет. Бірінші бүрку —
алма ағаштарының гүлі түскеннен кейін, екінші бүрку 8-0 күн өткеннен кейін
жүргізіледі. Алма құртына қарсы қолданылатын у ретінде 1 литр суға қосып
есептегенде мыналарды пайдалануға болады: гексахлоран эмульсиясы—6-8 грамм,
әкпен араластырған кальций арсенатын—3 грамм, париж көгі—1-1,5 грамм және
әк 2-3 грамм (соңғы 2 уға 1-1,5грамнан анабазиин сульфат қосқан пайдалы).
Алғашқы у бүрку жеткілікті, мол болуға тиіс.
Гүлденгеннен 10-15 күн кейін алма ағаштары мен алмұрт ағаштарының
діңдерінде кенептен немесе ескі шүберектерден, олар табылмаған күнде,
сабаннан немесе шөптен белдік шөптер байлау керек. Бұл белдіктердің ені 12-
15 см болуға тиіс. Жіңішке шөп белдіктерінің пайдасы аз болады. Бұл
белдіктер астына жұмыртқалау үшін құрттар үймелейді. Әрбір 8-10 күн сайын
белдіктерді шешіп, оның астына жиналған жұлдызқұрттар мен қуыршақтарды
шелекке салып жинап әкетіп отыру қажет.
Егер бұл шаралар істелмесе белдіктер жеміс құрттарының көбеюіне
қолқабыс етеді. Әсіресе уланған белдіктердің пайдасы көп болады. Бұл
белдіктер гексахлоран эмульсиясына малынады (1 литр суға 20 проценттік 150
грамм эмульсияға батырылған белдіктер кептіріледі, сонан соң келесі күні
ағаш діңдеріне буылады). Бұл белдіктердің астына жиналған жұлдызқұрттар
бірте-бірте өледі, алайда дүркін-дүркін бұл белдіктерді де бақылап тұру
қажет.
Июль айының бас кезінде алма көбелектерінің екінші ұрпағы пайда
болады. Көбелектердің ұшуын үнемі бақылап отыру қажет. Алма көбелектерінің
жұмыртқаларынан бастап жаппай ұшып шыққанына дейін жоғарыда көрсетілген
уларды жеміс ағаштарына екі рет бүрку керек.
Бұл кезде бірден кенелерді де өлтіру үшін бүркілетін ерітіндінің әрбір
литріне 10-15 грамм күкірт қосылуға тиіс.
Алмұрт зиянкестері. Құрт-құмырсқалар алмаға қарағанда алмұртты едәуір
аз зияндайды. Алайда, оңтүстік облыстарының кейбір бауларында алмұрт бүрге-
шіркейі өте көп болады, ал кейде алмұрт жапырақтарын кілегейлі-
құмырсқалардың личинкалары зияндайды. Жапырақ биттері түскендігі анықталған
кезде әдеттегі қосынды уларды бүрку жолымен күрес жүргізіледі. Алмұрт
жемісін алма кұрты, жапырақтарын кейде жібек құрты, долана кебелегі де
зияндайды.
Алмұрт бүргешіркейі. Бұл бүргешіркейі тек алмұртқа ғана зиянын
тигізеді, алмұрт ағашының жапырағын жаппай түсіріп, өнімін шұғыл кемітеді.
Ірі бүргешіркейдің көлденең қара жолақты, бауыры сары болады, кеуде
жағында бес ұзынша жолағы бар, қанатты шіркейлерге аздап ұқсайды. Денесінің
ұзындығы 2-3 мм келеді. Личинкалар ұсақ жалпақ, қара-көк түсті болады,
бірнеше күннен кейін қанаты шыға бастайды.
Тіршілік ә р е к е т і. Бүргешіркейі 3-5 рет, ал Шымкенттің оңтүстік
жағында—5 ретке дейін балалайды. Ересек бургешіркейі алмұрт ағаш
бұтақтарының кәрі қабықтары астында қыстайды. Ерте көктемде, мартта оянып
жұптасады да (шағылысады) жаңа жарылып келе жатқан бүршіктерде
жұмыртқалайды. Бүргешіркейі өте балалағыш келеді. Бір ұрғашы бүргешіркейі
500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаны жарып шыққан личинкаларымен ересек
жеміс бүргешіркейі жапырақтарды сорады. Олар өз денесінен көптеген мыс
тәрізді жылтыраған тәтті қоймалжың сұйық зат бөледі, мұның өзі ағаш
жапырақтарын жылтыратын ағаштардан шық болып тамып тұрады. Алмұрт
жапырағы түсіп қалады да кейбір жемістер пісіп үлгере алмай көк қалпында
солады. Зиянкестердің, әсіресе екінші және үшінші буыны ерекше зиянды
келеді.
К у р е с ш а р а л а р ы. Ағаштарға 0,5 процентті анабазин қосылған 4
процент сабын ертіндісі (1 литр суға 40 грамм сабын, 4 грамм анабазин
араластырылады) бүркіледі.
Гексахлоранның бір проценттік суспензиясы (1 литр суға 10 грамм) екі рет
— бірінші рет ағаш жапырақтарыңда мыс тәрізді шықтар пайда болған кезде,
екінші рет 15—20 күннен кейін бүркіледі. Гексахлоран өнім жинаудан ең кем
дегенде 2 ай бұрын бүркілуге тиіс, бұлап болмаған күнде жемісті
гексахлоранның иісі шығып тұрады.
Ақ ұнтақ ауруы. Ерте көктемдс алмұрт агаштарының жапырақтары мен
бұтақтарында ақ ұнтақ пайда болады. Жапырақтар ширатылып, жас бұтақ қурап
қалады. Бұл ауру, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде көп тараған. Ауруды
қоздырушы құрт ағаш бүршіктерінде қыстап шығады. Сондықтан да ұнтақ шырын,
ағаш бүршіктері жарылған соң іле-шала пайда болады. Ақ ұнтақ
саңырауқұлақтың спорасының жиынтығы сияқты болады, солар арқылы бауға
жұқпалы ауру тарайды. Әсіресе, жас алмұрт ағаштары ұнтақ шықтан қатты
күйзеледі, ақ ұнтақ олардың соңғы жылғы бұтағың ғана жойып қана қоймайды,
алдыңғы жылдарғы бұтақтарын да құртып жібереді.
Аурудың қоздырушы құрттары ылғалды қажет етпейді, жарық күн сәулесінде де
жақсы өсіп жетіле береді.
Кү р е с ш а р а л а р ы. Ақ ұнтақ пайда болған кезде ауруға
шалдыққап бұтақтарды шырпу қажет. Шырпуды ерте көктемде бастап бүкіл өсу
дәуірі бойында жүргізуге болады.
Мұнан басқа ағаштарға гүлдеу алдында 0,5 грамдық әк-күкірт қайнатпасы
бүркіледі, сонан соң бұл ағаштар гүлдеп болғаннан кейін әрбір 7—10 күн
сайын есу дәуірі бойында қайталана береді.
Қара рак ауруы. Қара рак алмұрт ағашының қауіпті дерті. Бұл ауруды
коздырушы — грибок құрты. Ауруға ағаштың барлық органы түгелдей
шалдығады. Грибок құрты, кебінесе, күтімсіз баулардағы үсіген, құнарсыз
жерде өсірілген, тағы басқа сол сияқты нашар ағаштарда көбейетін болады.
Бұтақтары дұрыс шырпылмаған, яғни түбірлер қалдырылған, ағаш қабығы
сыдырылған, кесілген жерлері сапасыз сылынған, ағаш қабығына зиян
тигізілген, бұтақтары сындырылған, тағы сол сияқты күтімсіздікке ұшыраған
ағаштарда қара рактың өсіп көбеюіне қолайлы жағдай жасалады, өйткені
грибок споралары ағаш діңі мен бұтақтарына ағаш бойындағы жаралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕМІС БАУЛАРЫНДА БОЛАТЫН КЕЙБІР ЗИЯНКЕСТЕР
Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері
Жүзім - жүзім тұқымдасына жататын өсімдік
Қазақстанда Ауылшаруашылықтың дамуы
Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Жеміс дақылдарының классификациясы
Орташа деңгейдегі жеміс
Жеміс ағаштары
Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Пәндер