Жемқорлық қоғамға қауіпті қылмыс

Жемқорлық қоғамға қауіпті қылмыс
Б.Д. Ерденбаев
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы
Сыбайлас жемқорлық ең қауіпті қылмыстардың бірі болып табылады. Оның ең
көп тараған түрі парақорлық – пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу
болып табылады. Бұл құбылыс мемлекетіміздің қарқынды дамуына кедергі
келтіруде. Елімізде жемқорлықтың етек алып кетуінің қауіптілігі ұлтты
моральдық жағынан аздырады, жұрттың мемлекетімізге, билік орындарына
сенбеушілігіне және құқық қорғау органдарының қызметін бағаламау, сияқты
көзқарастардың пайда болуына жол береді. Жалпы сыбайлас жемқорлық біздің
қоғамға көптеп белгілі. Онымен жұмыла күресу қажет. Бұл оңай іс емес. Бұл
қауіпті қылмыстың тамыры тереңде жатыр.
Сыбайлас жемқорлық – лауазымды адамның өз билігін асыра пайдаланып,
өзіне берілген құқықтарына қайшы іс-әрекеті. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген
түрлері лауазымды адам жасаған алдау-арбауға ұқсайды және мемлекеттік
билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады.
Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең
алдымен айтып өткендей шашпалық және парақорлық жатады. Бұл лауазымды
тұлғаның жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп,
соның өтеуі ретінде пайда табумен сипатталады. Қазіргі таңда пара берушіге
де заңды жолмен жазалауды күшейту қолға алынды.
Өз қызметін пайдаланып, мемлекет байлығын қажетіне жарату, ақ, адал
жандардың обал, сауабын аттап, имандылықтан жұрдай болу секілді бастапқы
нышандары сонау мүлік теңсіздігі пайда болған тұста-ақ қылаң берген
жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп-тамырын қуалап келсеңіз алаған
қолым береген деген ұстанымға саятын мұндай бақай есепшілік ертеден-ақ
көптеген мемлекеттерде орнығып қалған. Олардың бір бірінен айырмашылығы
тойымсыздық пен ашкөздіктің әр мемлекетте әр түрлі деңгейде екендігінде
ғана.
Адамзаттың ұшқыр ақыл ойы өзімен бірге үзеңгі қағыстырып қатар келе
жатқан жемқорлықты болдырмас үшін қандай тәсіл ойлап таппады дейсіз. Олар
жұрт күткендегідей нәтиже берсе жемқорлық ұғымы санадан сызылып, ол
әлдеқашан көнерген сөздердің қанжығасында кетер еді ғой. Керісінше бай мен
кедейдің аражігі ашылып, қоғамдағы қайшылықтар тереңдеген сайын, жұрт
сыйлаған лауазымды адамдардың қазына мүлкіне көз тігіп, сұғанақтық жасауы
тіптен асқынып бара жатқандай. Мемлекетімізде әлгіндей тобасын ұмытып,
мейманасы асқандарды тәубесіне түсіре қоятын заңымыз бар. Соған қарамастан
ел ырысының үстінен қалқып ішіп, сыбайласып жемқорлық жасау бір тыйылмай
келеді.
Заң талабын қанша жерден жетілдіріп, қатайттық деп көңіл
демдегенімізбен өкініштісі сол жемқорлықпен күрестің түпкі сипаты
өзгеріссіз қалды. Әлбетте егер заң талап тұрғысынан қарасақ қылмыстың үлкен
– кішісі , залалды – залалсызы болмайды. Десек те сыбайлас жемқорлық
сипатындағы қылмыстардың денін төменгі және орта буындағы лауазымды
тұлғалар жасап, жоғарыдағылар оған аттап баспайды десек кім сенер еді.
Жұрттың көзі соқыр емес, екпінінен ел жасқанатын басшының жазатайым заң
құрығына іліккенімен, іс насырға шапқан күннің өзінде де оның сот арқылы
ақталып немесе жай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz